» » Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы. 26-30 ЖЕЛТОҚСАН

 
 
 

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы. 26-30 ЖЕЛТОҚСАН

Автор: admin от 26-12-2022, 15:48, посмотрело: 44

0

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы 

Білім беру ұйымы

Топ:Мектепалды даярлық

Балалардың жасы: 5-6 жас

Жоспардың құрылу кезеңі:   26-30 желтоқсан  2022жыл


Күн тәртібі

Дүйсенбі

26-желтоқсан

Сейсенбі

27-желтоқсан

Сәрсенбі

28-желтоқсан

Бейсенбі

29-желтоқсан

Жұма

30-желтоқсан

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі күймен қарсы алу.Балалар үшін жайлы жағдай жасау.Балаларға тәрбиешінің толық аты-жөнін атап сәлемдесуді үйрету.Баланың бүгінгі көңіл күйі туралы сұрау.


Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру 

Балалардың көңіл-күйі,денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.



Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалар арасында достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру,үстел үсті ойындары.

Өнер орталығында сурет салу,суретті кітапшаларды бояу.

Құрастыру материалдарымен құрастыру ойындары,кітаптар қарау.

Табиғат бұрышындағы еңбек.

Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау.

Балалармен жеке жұмыс.


Таңертеңгі жаттығу

Желтоқсан  айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені.Жалпы дамытушы жаттығулар,қимыл белсенділігі,ойын әрекеті. 

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Балалардың сезінген әсерлерімен бөлісу,жаңалықтарды білу,бірлескен жоспарларды,мәселелерді талқылау,қызығушылықтары

 бойынша әрекет түрін таңдау,ережелер туралы келісу және т.б.

                                                                      1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекет

1.Сөйлеуді дамыту

Міндеті: Ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Таудай биік боламыз

Шыршадай жасыл жайқалып, Көңіл күйді ашамыз.Нұрын төккен әлемге,Күн боп шуақ шашамыз. Ақ қайыңдайтербеліп, 

Мөлдір судай ағамыз.

Қыран құстай самғаймыз, Таудай биік боламыз.

Балаларға М.Төрежановтың «Біз де ойнаймыз» әңгімесін таныстырады.

Дидактикалық ойын: «Берілген дыбысқа сөзді ата».

Ойын шарты: балаларға бір сөз айтылады, сол сөз қандай дыбыспен аяқталса, ойынды жалғастырушы бала сол дыбыстан басталатын жаңа сөз айтуы тиіс. Ойын осылай жалғасын табады.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі тапсырма бойынша

орындалады.


1.Сауат ашу негіздері

Міндеті: Сөйлем ұғымымен таныстыру, екі-үш сөзден тұратын сөйлем құратып,

сөйлемдегі сөздерді ретімен айтқызып үйрету

«Кері әрекет» ойыны

1. Асан кірді, анам ... (шықты)

2. Анам құйды, Марат ... (төкті)

3. Айгүл жинады, Айсұлу... (шашты)

4. Əкем келді, ағам... (кетті)

5. Атам ашты, əжем... (жапты) 

«Кім шапшаң сөйлем құрайды?» дидактикалық ойыны

Балаларға(көбелек, көлік, тарақ, кітап, қоян т.б.) суреттерді көрсетеді. Балалар суретке

байланысты 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрайды.

«Сөз ойла» дидактикалық жаттығуы

Балалар -та буынынан басталатын сөздер ойлайды.Мысалы:

Тарақ, тамыз, тал, табыс, тап, тапқыр, таңкы, тау, тауық, таутеке,тазы,тамызық, таға, тақылдақ, таң т.б.

-ба буынынан басталатын сөздер ойлайды.Мысалы: Балық, батпақ, бақа, бағдат, бақ, бақбақ, бақыр, Бағжан, байғазы, байлық, базар,Базаргүл, балшық т.б. 

-са буынынан басталатын сөздер ойлайды.Мысалы: Сағыз, сабын, салт, Самал, сарай, сары, сай, самал, сал, сауық, сауыншы, сатушы,

сауап, сауықшыл,т.б.

Дəптермен жұмыс Суреттерде кімдер бейнеленген? Балалар не істеді? Сөйлем құра. Үзік сызықтарды бастыр.

1.Сөйлеуді дамыту

Міндеті: Ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту.


Таудай биік боламыз

Шыршадай жасыл жайқалып, Көңіл күйді ашамыз.Нұрын төккен әлемге,Күн боп шуақ шашамыз. Ақ қайыңдай тербеліп, Мөлдір судай ағамыз.Қыран құстай самғаймыз, Таудай биік боламыз.


Балаларға М.Төрежановтың «Біз де ойнаймыз» әңгімесін таныстырады.

Дидактикалық ойын: «Берілген дыбысқа сөзді ата».

Ойын шарты: балаларға бір сөз айтылады, сол сөз қандай дыбыспен аяқталса, ойынды жалғастырушы бала сол дыбыстан басталатын жаңа сөз айтуы тиіс. Ойын осылай жалғасын табады.


Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі тапсырма бойынша орындалады.



1.Сауат ашу негіздері

Міндеті:Сөйлем сызбасымен таныстырып, 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрауды

үйрету

«Бөлшектерінен тап» ойыны

1. Көз, ауыз, желбезек – ... (балық)

2. Бас, қанат, аяқ – ... (құс)

3. Құлақ, көз, жал – ... (жылқы)

4. Бас, мүйіз, сақал – ... (ешкі) 

«Жоғалған дыбысты тап»дидактикалық ойыны

Балаларға суреттерді көрсетіп бір дыбысы жоғалған сөз айтылады, балалар  сол жоғалған дыбысты орнына қойып қайта айтады.

Мысалы: көгерші...(н), балмұзда...(қ), домбыр...(а), қасқы...(р), шырш...(а), банк...(а),

шеле...(к), арб...(а), сегі...(з), уылдыры...(қ), күнбағы...(с), монш...(а), кіта...(п), журна...(л),

үсте...(л), орынды...(қ), баспалда...(қ), мекте...(п)

«Дұрыс көрсет» дидактикалық ойыны

Балаларға қандай да бір дыбыстың сөздің басында, ортасында, соңында кездесетін мысал келтіреді. Егер дыбыс сөздің басында тұрса, қызыл

жалаушаны,

соңында тұрса, көк жалаушаны, ортасында тұрса, екі жалаушаны да көтереді.Мысалы: -қ дыбысы: (қасқыр, қамыс, асқабақ, бақ, мақта, қымбат, ақылды, барлық,

бақа, балық, қаймақ, қант, лақ, қылыш, қоңыз, қораз, дақ, аңқау, қанат, қарлығаш, сауысқан,

аққу, таңқурай, домалақ, кемпірқосақ, қаз, жастық, батпақ, қымыз, қаңылтыр, құймақ,қоңыр, қол, қорап, тоқ т.б.)

-т дыбысы: (тор, тоқылдақ, отыр, теп, кет, жат, тамақ, қақпа, қатық, торсық, от,тотықұс, кептер, трактор, темір, терең, кактус, шахмат, тау, тазы, трамвай,троллейбус, автобус, тарақ, тон т.б.) 

«Сөйлемді толықтыр» дидактикалық ойыны

Ойын шарты: балалар педагогтің бастаған сөйлемін өз ойларымен жалғастыру керек.

Бəрін жасап қоятын (ол кім?) – (пысық).

Тышқанның жауы – (мысық).

Əжем иірді – (ұршық).

Шəуілдеп үрді – (күшік).

Ең қу аң – (түлкі).

Үсті ине – (кірпі).

Қол жуғышта ілулі – (сүлгі). 

Дəптермен жұмыс

Сызбаны сурет бойынша түсіндір. Сөйлем мен сөздің сызбасын анықта. Сызбаға байланысты сөйлем құра. Үзік сызықтарды бастыр. «Әтеш» сөзіне дыбыстық талдау жаса. «Əтеш» сөзінде 2 буын, 4 дыбыс бар.

Ə – жіңішке дауысты дыбыс, қызыл түспен белгілейміз.

Т – қатаң дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз,

Е – жіңішке дауысты дыбыс, қызыл түспен белгілейміз.

Ш – қатаң дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.



1.Сауат ашу негіздері

Міндеті:Сөздерді қатыстырып, белгілі ретімен сөйлем құрай алу жəне сөйлемдегі

бірінші, екінші, үшінші сөздерді ретімен айта алу дағдыларын бекіту

«Жалпы атауын ата» ойыны 

1. Құлпынай, таңқурай, қарақат – ... (жидектер)

2. Түймедақ, қызғалдақ, раушан – ... (гүлдер)

3. Көбелек, қоңыз, маса, құмырсқа – ... (жəндіктер)

4. Сиыр, ешкі, қой, жылқы – ... (малдар)

5. Күн, түн, таңертең, кеш – ... (күн уақыты) 

«Тиісті түсті көрсет» дидактикалық ойыны

Балаларға  дыбыстарды айтады: а, б, у, о, и,с, п, р, л, д, ф, ж. Балалар тиісті түсті көтереді,егер дыбыс дауысты болса, қызыл, ал дыбыс дауыссыз болса, көк фишканы көтеру керек. 

«Сөз айт, тез айт» дидактикалық ойыны Балаларды үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа дауысты дыбыстардан басталатын

сөздер, екінші топқа қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын, үшінші топқа ұяң жəне үнді

дыбыстардан басталатын сөздер айтуға тапсырма беріледі. Сөз айтқан командаға жалауша беріп отырады. Ойын соңында жеңімпаз команда анықталады.Мысалы: дауысты дыбыстардан басталатын сөздер: алма, ана, арна, ай, алқа, ауыз,

орындық, от, Омар, он, оң, ол, ыдыс, ымырт,ірімшік, ілгіш, үтік, үй, үйшік, үлкен, өрмекші,

өшіргіш, уық, уыз т.б. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер: қаймақ, қалта, қазан, қоңыз, қора, қап,қатық, құй, қасқыр, қоқыс, таң, ферма, шаш, сабын, хат, циркуль, щетка, картоп, парта,

сағыз т.б.

Ұяң жəне үнді дыбыстардан басталатын сөздер: бақа, вагон, гараж, ғарыш, доп,

жаңбыр, зəкір, лақ, мақта, нағашы, радио, суық, гүл, балық, май, литр, жұлдызқұрт,

жұдырық, жұмыртқа, дақ, Дана т.б. 


«Сөйлемді жалғастыр» дидактикалық ойыны

Ойын шарты: Балалар сөйлемнің басын айтады,  балалар сөйлемді аяқтау керек.

Мысалы:

Балалар бақта жүгірді.

Атам шалғымен шөп шапты.

Анам сиыр сауды.

Ағаштың түбі – қалың қар.

Аю қыста ұйықтайды.

Малдар жайлауда жайылды.

Балалар доп ойнады.

Үсен мəшинені жуды.


Дəптермен жұмыс

1. Суреттерді қара. Əр сурет бойынша сөйлем құра. Сызбасын сыз.

2. С дыбысының орнын анықта. Сөздің басында болса – бірінші

бөлікті, ортасында болса – екінші бөлікті, соңында болса – үшінші бөлікті көк түспен боя.


                                                                        Үзіліс  :   Затты лақтыру мен қағып алуға арналған ойындар «Допты қуып жет»   

Тынымсыз Тіл туралы ертегі жаттығулары:

Сыйқырлы айнаға қарап отырып, араның масаның , шегірткенің, жыланның дыбыстарын салып көр. Осы дыбыстарды Тынымсыз Тіл ұнатады ма соны байқа.

Ағайынды аралар.

Ағайында арарармыз,

Еңбек үшін жаралғанбыз.

-з-з-з-з-з

Шырын іздеп күні бойы

Гүл бақшаны аралаймыз

-з-з-з-з-з

(Үш саусағыңды түйістіріп, ұшып жүрген араларға ұқсат, әрбір екі жолдан кейін аралардың ызылдағанын сал.)

Жаман ара

Қалмай ұшып соңынан,

Ара қуды Мұратты.

-з-з-з-з

Шағып алып қолынан,

Досымызды жылатты.

-у-у-у-у

(Араның дауысы мен баланың ара шаққандағы дауысын сал)


 

Ойын: «Допты қуып жет» 

Мақсаты:  Балаларды ептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Тәрбиешінің берген белгісін мұқият тыңдай білуге үйрету. 
 Ойынның шарты:
 
 
Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады.
 Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек.
Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.


2 - ұйымдастырылған іс-әрекет


2.Математика негіздері

Міндеті:Топтарда заттардың тең және тең емес санын анықтауға,санау және топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс қорытындылау; талдау, салыстыру, қарапайым тұжырымдар жасауға үйрету; 10-ға дейін санауды; заттарды белгілі бір ерекшелігіне қарай топтастыруды бекіту.     

Балалар тақтаға ілінген платкатқа  

қарап,

 

сол және оң жақтағы суреттерді салыстырады.Қай жақта көп немесе қай жақта аз? Қалай теңестіруге болады?

Дәптермен жұмыс 

1тапсырманы орындау үшін суреттерді қарау керек. Қай топтағы заттардың арасына «=» белгісін қоюға болады?

«Сонша жина» дидактикалық ойыны

Балалар топқа бөлінеді.Әр топтың үстелінде біртекті заттар жиынтығы бар (текшелер,«Лего»бөлшектері,геометриялық фигуралар,бұршақтар,қыстырғыш немесе басқа материалдар)

Балаларға  1-ден 10-ға дейінгі сан жазылған карточканы көрсетеді, балалар сол санға байланысты  заттарды жинайды

Дәптермен жұмыс: 1,2 тапсырмаларды орындау. Заттарды біріктіру

«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. 

 18-беттегі № 25 тапсырманы орындау



2.Қазақ тілі

Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын және сөйлеу мәдениетін дамыту. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.Балаларға «Саяхатшы» ертегісін мәнерлеп оқу. 

Орманмен Қоян қашқанда, Сәбізі түсіп қалады. Бара жатқан Қасқырға Түлкі тауып алады. «Жей салар ем мұны мен Ішіме бірақ жаға ма? Құттықтап туған күніңмен, 

Берейін Қасқыр ағама», –Деп Түлкі сары сәбізді Қасқырға сәндеп ұсынды. 

Ол суға оны ағызды, 

«Қайтем, – деп, – былғап тісімді». 

Судан Мысық тауып ап, Тастауға оны қимады. Түлкінің туған күнінде 

Сәбізді оған сыйлады. 

«Қайтем – деп, – мұны», – таңданды, 

Мысыққа Түлкі шамданды. 

Лақтырған Түлкі сәбізді,Қуанып Қоян тауып алды. 

Ертегі мазмұны бойынша әңгіме жүргізу: 

1. Ертегі ұнады ма? 

2. Ертегідегі кейіпкерлерін ата. 

3. Қоян нені жоғалтты? 

4. Сәбізді нелер тауып алады?

Дәптермен жұмыс:

1. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың? Суретін сал. 

2. Суретке қара. Жасырынған заттарды тап. Ата. 


2.Математика негіздері

Міндеттері: Затты бірнеше тең бөлікке бөлуге үйрету, осы бөліктерді атауға,бүтін мен бөліктерді

салыстыру; талдау, қарапайым тұжырымдар жасау; белгілі бір бағытта үзік сызықтармен сызуды және бояуды үйрету; бүтіннің тең

бөліктерінің атауларымен таныстыру: «жарты», «төрттен бір бөлік», «үштен бірбөлік».  

Балаларға шаршылар, дөңгелектер, сопақшалар, тіктөртбұрыш геометриялық фигуралар таратылады. Одан кейін тақтаға геометриялық пішіндердің бөлшектерінен құрастырылған жапсырманы іледі.Балалар жапсырманы талдап,пішін бөліктерінің атауымен танысады. 

 


«Дөңгелекті құрастыр» ойыны (практика жүзінде) 

Балаларға шаршының бөліктерін түсіндіру 1.Шаршының жиектерін сәйкестендіріп екіге бүктейді,бұл «жарты»

2.Шаршының     жиектерін сәйкестендіріп төртке бүктейді,бұл «ширек»

3.Шаршыны теңдей екіге кессе,бұл «тіктөртбұрыш»

Осыдан кейін тақтаға 

бүтін және жарты шаршының суреті 

ілініп,


балалар жарты көппе әлде бүтін көппе сұрағын талқылайды.


Дәптермен жұмыс:

1,2,3,4 тапсырмаларды орындау. Фигураларды теңестіріп, суреттерді аяқтап бояу.


«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. 

17-ші беттегі № 23-ші тапсырманы орындау

2.Қоршаған ортамен таныстыру

Байланыс құралдарының қазіргі замандағы рөлімен таныстыруды жалғастыру арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.   



«Сымсыз телефон ойыны»

Бастаушы бір баланың құлағына бір сөз айтады, ол бала жанындағы балаға сыбырлап, басқаларға естіртпей жеткізу керек. Осылай сөзді өзгертпей келесі балаға айтады. Ең соңғы бала естіген сөзді дауыстап айтады, егер сөз өзгерген болса, кім қандай сөз естігенін қайталап айтып, сөзді кім өзгертсе, сол бала айыпты болады. Айыбын тақпақ не өлең айтып өтейді.


Балаларға жұмбақтар жасырылады

1.Бар екен бір терезе ғажап үйде Кино болар терезеден күнде-күнде (телевизор)

2.Айтқан сөзді сыбырлап осы жерде      Естіп алар бір құлақ алыс елде 

(телефон)

 3. Жазуы бар ақ парақ қанат қақты,      Жеткізеді əлемдегі жаңалықты 

(газет)

Теледидар, телефон, газет  байланыс құралдарына жатады. Əлемнің алысжақын елдерінен жеткізілетін жаңалық, хабарларды тарататын құралдар ақпарат құралдары деп аталады.


Демонстрациялық материалмен жұмыс


Балаларға компьютердің алдында көзі қызарып, шашы жалбырап, түсі бұзылып отырған бала суретін көрсетеді.

Балаларға ескерту жасалып,компьютерде ұзақ отыру зиян екенің түсіндіреді. Ешқашан компьютер алдында 10–20 минуттан артық отырмаңдар!

1.Компьютер  зиянды сəуле  шығарады. Ол зиянды  сəуле сендердің денсаулықтарыңның нашарлануына əкеліп соғады. 

2.Үнемі компьютерге тесіліп қарап отырғандықтан, көздеріңнің көру қабілеті төмендейді. 

3.Ұзақ уақыт компьютермен əуестену кішкентай балалардың компьютерге тəуелділігіне əкеп соқтыруы мүмкін.


 Дəптермен жұмыс  

Суреттерге қара.

Байланыс құралдарының жанындағы дөңгелекті жасыл түспен боя. 

Сыңарын тап. Сызықпен қос.

Байланыс құралдарының қазіргі замандағы рөлімен таныстыруды жалғастыру арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.   


2.Көркем әдебиет 

Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.     

Өлең – əдеби жанрдың бір түрі екенін естеріне түсіру. Өлең сөз адамның жан  тебіренісін əсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді Сағи Жиенбаевтың «Жаңа жыл келді» өлеңімен танысамыз 

Жаңа жыл да келеді  

Бізге қарай жылыстап. Өлең де əзір, əн де əзір, Ойын да əзір, бəрі əзір. 

Кел, Жаңа жыл, біздерге, 

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл! 


Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» 

Ойын шарты: екі шырша қойылады. Балалар екі топқа бөлінеді. Шыршаны өздері жасаған ойыншықтармен, қағаз қолшаммен (фонарик) безендіру. Жылдам безендірген топ жеңімпаз атанады. 


Дəптермен жұмыс: 

Суретте балалар не істеп жатыр? Əр балаға ат қой, олардың немен айналысқанын əңгімеле. 

Жаңа жыл мерекесі қалай тойланады? 

Жұмбақты шеш. 

Жасыл ине киімім, Жайлаймын тау биігін. 

Жаңа жылды тойласаң, 

Төріндемін үйіңнің.  (Шырша) 



Үзіліс:

Саусақ ойындары

Ойын:Су толтыру.

Мақсаты:Қол ептілігін дамыту,ас ішкенде қалай отырып,қасықты қалай ұстайтынын,ыдыстар қалай тұратынын үйрету.

Керекті құралдар:шұңқыр қасық,шұңқыр тәрелке мен күрешке.

Мазмұны: Үстел үстіне шұңқыр ыдысқа су құйып қоямыз.Одан кейін 1-ші тәрбиеші өзі көрсетеді.Ыдыстағы суды қасықпен алып,ақырын төгіп алмай күрешкеге құямыз.Осы іс-әрекет бірнеше рет қайталанады.


Саусақ ойыны: Жүретін саусақтар.

Мақсаты:Саусақтарын жүргізе отырып,саусақты шынықтыру және заттарды атау үшін логикалық есін ұлғайту.

Керекті құралдар: Суреттері бар кітапшалар.

Шарты: Суреті бар кітапшаны алып,ішін ашып,ішінде балалар білетін деген суреттерді парақ бетінде саусақтарды  жүргізе отырып (2 саусақпен),суретті нұсқап оның атын сұрайды.балалар жауап береді.Сол ереже бойынша қайталанады.


Дидактикалық ойын:

«Домино»

Мақсаты: «Баланың көліктер жайлы білімдерін дамыту, пысықтау. Сәйкес көлікті тауып дұрыс атату, оның атқаратын қызметімен таныстыру.

Ойын шарты: Суреттері сәйкес келетін карточкаларды біріне қатарлап тізіп қою, кім бұрын барлық карточкаларын қояды, сол жеңіп шығады.

Қажетті құралдар: Бірдей қос суреттер, әртүрлі көліктер бейнеленген көлімдері 5×6см карточкалар.


3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет


3.Қоршаған орта таныстыру

Байланыс құралдарының қазіргі замандағы рөлімен таныстыруды жалғастыру арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.   

«Сымсыз телефон ойыны»

Бастаушы бір баланың құлағына бір сөз айтады, ол бала жанындағы балаға сыбырлап, басқаларға естіртпей жеткізу керек. Осылай сөзді өзгертпей келесі балаға айтады. Ең соңғы бала естіген сөзді дауыстап айтады, егер сөз өзгерген болса, кім қандай сөз естігенін қайталап айтып, сөзді кім өзгертсе, сол бала айыпты болады. Айыбын тақпақ не өлең айтып өтейді.

Балаларға жұмбақтар жасырылады

1.Бар екен бір терезе ғажап үйде Кино болар терезеден күнде-күнде (телевизор)

2.Айтқан сөзді сыбырлап осы жерде      Естіп алар бір құлақ алыс елде 

(телефон)

 3. Жазуы бар ақ парақ қанат қақты,      Жеткізеді əлемдегі жаңалықты 

(газет)

Теледидар, телефон, газет  байланыс құралдарына жатады. Əлемнің алысжақын елдерінен жеткізілетін жаңалық, хабарларды тарататын құралдар ақпарат құралдары деп аталады.

Демонстрациялық материалмен жұмыс

Балаларға компьютердің алдында көзі қызарып, шашы жалбырап, түсі бұзылып отырған бала суретін көрсетеді.

Балаларға ескерту жасалып,компьютерде ұзақ отыру зиян екенің түсіндіреді. Ешқашан компьютер алдында 10–20 минуттан артық отырмаңдар!

1.Компьютер  зиянды сəуле  шығарады. Ол зиянды  сəуле сендердің денсаулықтарыңның нашарлануына əкеліп соғады. 

2.Үнемі компьютерге тесіліп қарап отырғандықтан, көздеріңнің көру қабілеті төмендейді. 

3.Ұзақ уақыт компьютермен əуестену кішкентай балалардың компьютерге тəуелділігіне əкеп соқтыруы мүмкін.

Дəптермен жұмыс  

Суреттерге қара.

Байланыс құралдарының жанындағы дөңгелекті жасыл түспен боя. 

Сыңарын тап. Сызықпен қос.



3.Математика негіздері

Міндеті:Топтарда заттардың тең және тең емес санын анықтауға,санау және топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрысқорытындылау; талдау, салыстыру, қарапайым тұжырымдар жасауға үйрету; 10-ға дейін санауды; заттарды белгілі бір ерекшелігіне қарай топтастыруды бекіту.     

Балалар тақтаға ілінген платкатқа  

қарап,

 

сол және оң жақтағы суреттерді салыстырады.Қай жақта көп немесе қай жақта аз? Қалай теңестіруге болады?


Дәптермен жұмыс 

1тапсырманы орындау үшін суреттерді қарау керек. Қай топтағы заттардың арасына «=» белгісін қоюға болады?


«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. 

 18-беттегі № 25 тапсырманы орындау




3.Көркем әдебиет

Әңгіменің мағынасын интонациямен мазмұндауға жетелеу. Көркем тілдік дағдыларды қолдана білуін бекіту.     Əңгіме – əдеби жанрдың бір түрі. Əңгіменің басқа жанрлардан ерекшелігі – болған оқиғаны қысқа баяндайды.     Максим Зверевтің «Орман емшілері» əңгімесімен танысамыз.   Əңгіме мазмұны бойынша сұрақтар: Авторы кім?

Əңгіме не туралы? Тоқылдақ ағашта не істеді? Ағаштың қабығынан не төгілді? Ойыңды ортаға сал. Орман шымшықтары не істеді?Шымшықтар тоқылдаққа қандай көмек көрсетті? Орманды зиянды жəндіктерден не қорғайды?

Ойын-жаттығу: «Қыстап қалатын жəне ұшып келетін құстар». 

Мақсаты: балаларды қыстап қалатын құстар мен жыл құстарын айыра білуге үйрету. 

Балалардың сөйлеу тілін белсендіру.   

Материал: қыстап қалатын құстар мен жыл құстары бейнеленген иллюстрациялар.   Сипаты:балалар екі топқа бөлінеді, бірінші топ жыл құстары бейнеленген суреттерді, ал екінші топ қыстап қалатын құстар бейнеленген суреттерді жинайды. Ойыннан кейін жыл құстары панно түрінде орналастырылады

Дəптермен жұмыс: 

Жұмбақты шешСуретте қай құс жасырынған? Боя. Ұйқасын тап. 



3.Қазақ тілі

Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Үлгі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.

«Дыбыстық жаттығу»

Қ-қ-қ-қ -Ақ-қ-ша-қ-қар- Ақшақар 

Қ-қ-қ-қ- сый-лық-қ- сыйлық.


Балалармен жаңа жыл туралы әңгіме құрастырады. 

Қыста Жаңа жыл мерекесі болады. Мерекеге Аязата мен Ақшақар келеді. Аязата мен Ақшақар балаларға сыйлықтар әкеледі. Балалар мерекеде ән айтып, тақпақ оқиды, ойын ойнайды.

Дәптермен жұмыс:

Суретке қара. Қандай мереке бейнеленген? Мерекеге кімдер келді? Әңгіме құра.Шыршаны безендіреміз. Ойыншықтардың суретін сал. 



3.Шығармашылық іс-әрекет

Қыс мезгілінің ерекшеліктері  туралы түсініктерін кеңейту; дайын үлгісімен жұмыс істеу жəне жырту əдісі арқылы бейнелер мен сюжетті толықтыруға үйрету. Қайшыны, желімді ұқыпты пайдалану дағдысын бекіту.Қыс мезгілінің ерекшеліктері  туралы түсініктерін кеңейту; дайын үлгісімен жұмыс істеу жəне жырту əдісі арқылы бейнелер мен сюжетті толықтыруға үйрету. Қайшыны, желімді ұқыпты пайдалану дағдысын бекіту

Е. Өтетілеуұлының «Қыс қызығы» өлеңі

Аппақ көше, бар дала, 

аппақ ой мен қыраттар, 

Ақ шатырлы қар қала, 

ақ жамылып тұр бақтар. Аулада ойнап шулайды, 

қар лақтырып балалар, Сырғанақта зулайды,

шаңғышылар, шаналар. 

Жыл мезгілінің бəрі де жақсы. Əр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері бар. Қысқы табиғат бейнеленген суреттерді қарастыру.

қысқы орман суретін салуға тапсырма беру.

Балаларға жапсырудың жолдары мен техникасын түсіндіреді. Алдымен қысқы ормандағы ағаштарды қиып аламыз. Ақ қағазды ұсақтап жыртып қар жасаймыз. Қиып алған бөлшектерді  орнына жапсырамыз. 


Үзіліс:  


«Гүлдерді күтеміз»ойыны

Мақсаты:балалардың табиғатты рухани бағалау мәдениетін, гүлдерді дұрыс күтіп-баптау, яғни суару, қопсыту дағдыларын қалыптастыру. Гүлдердің түрлерін (көпжылдық, біржылдық, пияз тұқымдас, шөптекті, тұқымдас гүлдерді) ажырата білуге үйрету. Гүлдер сұлулық белгісі екенін, оларды күтіп-баптап, қамқорлыққа алу керектігін түсінеді.

Ойын шарты:гүлдерді екіге бөлу,дала гүлдерін газонның қасына іліп,ал бөлме гүлдерін үйдің қасына қою , суреттер бойынша әнгімелету.

 

Қимылды ойын:«Ту».

Мақсаты: Топтағы қарым-қатынасты нығайту.

Ойынның шарты:   Балалар 3-4 топқа  бөлінеді.Әр  топтың     ортасында 1 бала   ту  ұстап     тұрады. Тәрбиешінің     бұйрығы  бойынша ойыншылар  жан-жаққа     жүгіріп,  көздерін   жұмып     тұрады. Тәрбиешінің  бұйрығы  бойынша     ту  ұстаған  балалар     орындарын  ауыстырады. Тәрбиеші «Өз  туларыңды  табыңдар»     дегенде  ойыншылар өз  туларына     қарай  жүгіреді.  Қай     топ тез  жиналады, сол топ  жеңеді.( Тулардың  түстері     әр түрлі болу  керек)


Қимылды ойын:

«Шұңқырдағы     қасқырлар»

Мақсаты:  Балаларды  шапшаңдыққа, жылдамдыққа  баулу.

Ойынның шарты:Алаңның     ортасында  ұзын  шұңқыр     салынды.(1-1,5 метр)Шұңқырдың     ортасында  екі  қасқыр     тұрады.  Қалған  ойыншылар ешкі болады. Ешкілер алаңның  бір     жақ  шетінде  үйлерінде     тұрады.Тәрбиешінің  бұйрығы  бойынша     ешкілер  үйлерінен  шығып,     шұңқырдан  секіріп  өтіп,     жайылымға  барады.  Қасқырлар     шұңқырдан  шықпай  ешкілерді     ұстап алу  керек. 


4  - ұйымдастырылған іс-әрекет


4.Дене шынықтыру

Отырған күйде допты екі   қолмен бастан асыра лақтыруға үйрету. Доп ұстаған қолды бастан асыра артқа жіберіп, доптың траекториясы алдыға, жоғары дұрыс ұшу үшін,бүгілген қолды түзу ұстап, допты лақтырушеберліктерін (машықтарын) қалыптастыру

Африка – ыстық ел. Онда арыстан, маймыл, керік, піл т.б. көптеген жануарлар тіршілік етеді. Түрлі түсті құстар өте көп. Бегемоттар мен қолтырауындар да бар.Африка, Африка, Ғажайып ел!Африка, Африка, Ыстық ел!

Африка, Африка, Тәтті банандар! Өйткені Африкада жыл бойы жаз!

«Континентті зерттейміз»

Аяқтың ұшымен қолды жоғары көтеріп жүру; қолды екі жаққа созып, өкшемен жүру; қолды белге қойып, табанның екі шетімен жүру. Қарқынды өзгертіп тізбекпен жүгіру. Тыныс

алуды қалпына келтіру.

«Ыстық елдің жануарлары»:

Қол-қол – мынау – қолтырауын. (Балалар ұйықтап жатқан қолтырауынды салады). Мот-мот-мот – пайда болды бегемот. (Ауыздарын кең ашып, бегемот сияқты жүреді.) Ке-ке-ке – мойны ұзын керік. (Керік сияқты аспанға созылады).

Пі-пі-пі – су шашады піл. (Піл сияқты су шашады: ұрттарын толтырып, су бүркіген сияқты қимылдайды.)

Май-май-май – маймылды қара, пай-пай! (Секіріп жүрген маймылды салады).

Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау

«Кокостармен ойнаймыз» Отырған күйде допты екі қолмен бастан асыра лақтыруға үйрету. Доп ұстаған қолды бастан асыра артқа жіберіп, доптың траекториясы алдыға, жоғары дұрыс ұшу үшін, бүгілген қолды түзу ұстап, допты лақтыру шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыру.Доптың артынан залдың сол немесе оң жағынан жүгіріп барып алып келіп, сапқа тұрады. Допты сол қолмен лақтырады.

«Қи қоңыз» ойын-жаттығуы

Арақашықтықтары бір-бірінен 80 см болатын кегельдер арасымен іші толтырылған доптарды домалатып алып жүруге жаттықтыру. Саусақтармен допты жеңіл қозғап алып жүру шеберліктерін (машықтарын) жетілдіру, ұсақ-қол моторикасын дамыту. Белгіленген жерге жеткен соң, орындарына жүгіріп қайтып келеді.

«Жолбарыстар жемтігін аулауға шықты»

Білек және тізелерімен таянып еңбектеу шеберліктерін (машықтарын) бекіту, қол мен аяқ қозғалысын үйлесімді қозғау қабілеттерін жетілдіру. Заттар арасымен еңбектейді. Қолмен аяқты үйлестіріп қозғайды. Заттарды құлатып кетпеуге тырысады.

«Кім алысқа секіреді?» ойын-жаттығуы.

Екі сапқа тұрады. Екі аяқтарымен бір мезгілде итеріліп секіреді. Қолдарын ширақ сермейді. Барынша алысқа секіруге тырысады.

Алдымен топ болып секіру (алдымен итеріліп, сонан соң аяқтарын түзу алдыға созу) шеберліктерін (машықтарын) бекіту


4.Музыка

Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату. Қолмен музыка бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы- төменгі қозғалысын ажырату, әнмен шеңберді айналып жүру.Ойын арқылы балаларды ұйымшылдыққа баулу.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Шеңберге тұр» 

(Л. Бетховен). Көңілді әуен ырғағына сәйкес шеңбер бойында – шырша айналасында би қимылдарын орындау

Музыка тыңдау: «Қыс» (А. Вивальди, үнтаспа).

Балалардан музыкадан алған әсерлерін сұрау, ойларын ортаға салып, бөлісу.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу

Ән айту:

«Ақша қар» 

(К. Қуатбаев).

Дауысқа күш түсірмей, табиғи дауыспен орындауға үйретуді жалғастыру.

Билер:

«Ұлпақарлар биі» («Вальс» П. Чайковский, үнтаспада,

«Билеп үйренейік» жинағынан). Биді әрі қарай билеуді жалғастыру, қимылдарды синхронды түрде біркелкі жасауға талпындыру.

«Жылдам құрастыр» ойыны

 Музыка аяқталғанша бөлшектерден суреттерді құрастыру.




4.Дене шынықтыру

Іші толтырылған допты алысқа бір қолмен лақтыруға үйрету: қолды алдыға, жоғары созып, ширақ сермеп, доптың ұшу траекториясын дұрыс беру және бастапқы қалыпқа қайтадан тұра білу шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыруІші толтырылған допты алысқа бір қолмен лақтыруға үйрету: қолды алдыға, жоғары созып, ширақ сермеп, доптың ұшу траекториясын дұрыс беру және бастапқы қалыпқа қайтадан тұра білу шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыру


«Пойыз» ойын-жаттығуы

Ирелеңдеп жүгіру: жүгіру қарқынын және бағытын өзгертіп жүгіреді.


«Ұшақтар» ойын-жаттығуы: АфрикаАфрика, Африка, ғажайып ел! Африка, Африка, ыстық ел!  Африка, Африка, тәтті банандар! Өйткені Африкада жыл бойы жаз! Ұшақтың ұшуын салады: қолдарын екі жаққа созып қалқиды, солға, оңға, төмен иіледі, жоғарыға созылады.

Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау:Арктика.

Арктикада аяз. Жиі қарлы боран соғады. Аппақ аю мекендейді.

Іші толтырылған допты алысқа бір қолмен лақтыруға үйрету: қолды алдыға, жоғары созып, ширақ сермеп, доптың ұшу траекториясын дұрыс беру және бастапқы қалыпқа қайтадан тұра білу шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыру.Доптың артынан залдың сол немесе оң жағынан жүгіріп барып, алып келіп, сапқа тұрады. Допты сол қолмен лақтырады.

Азия (Эверестке шығу)

Эверест – дүниежүзінің ең биік шыңы.Гимнастикалық қабырғаның бір сатысынан екінші сатысына диагональ бойынша адымдап өту, өрмелеуді бекіту.  

Антарктида

Антарктидада жыл бойы қыс болады. Пингвин – оның мекені.

«Пингвиндер» ойын-жаттығуы

Екі тіземен допты қысып алып жүру. Екі топқа бөлінеді. Екі топ екі тізбек болып тұрады. Бастаушы балалар екі тізе ортасына допты қысып, белгіленген жерге екі аяқпен секіріп барып, кері жүгіріп келіп, тізбектің соңына тұрады. Ойын осылай жалғаса береді.

«Қайықта» ойын-жаттығуы 

Аустралия

Үнді мұхитын жүзіп өтіп, Аустралияға жеттік.Ғажайып материк Кел, досым, көрелік. Қалталы аңдар –Тиін, егеуқұйрық, кенгуру Коала деген аю және бар.«Кенгуру» ойын жаттығуы. 

Екі тізенің ортасына допты қысып секіруге жаттықтыру, өзін-өзі қадағалай білу шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыру.

Бірінші сапта тұрған ойыншылар екінші саптағыларға допты тізелерінің ортасына қысып секіріп барады. Допты түсіріп алмауға тырысады


4.Музыка

Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату. Қолмен музыка бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы- төменгі қозғалысын ажырату, әнмен шеңберді айналып жүру.Ойын арқылы балаларды ұйымшылдыққа баулу.


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Шеңберге тұр» (Л. Бетховен). Көңілді әуен ырғағына сәйкес шеңбер бойында – шырша айналасында би қимылдарын орындау


Музыка тыңдау: «Қыс» (А. Вивальди, үнтаспа).

Балалардан музыкадан алған әсерлерін сұрау, ойларын ортаға салып, бөлісу.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу


Ән айту:

«Ақша қар» 

(К. Қуатбаев).

Дауысқа күш түсірмей, табиғи дауыспен орындауға үйретуді жалғастыру.


Билер:

«Ұлпақарлар биі» («Вальс» П. Чайковский, үнтаспада,

«Билеп үйренейік» жинағынан). Биді әрі қарай билеуді жалғастыру, қимылдарды синхронды түрде біркелкі жасауға талпындыру.


«Жылдам құрастыр» ойыны

 Музыка аяқталғанша бөлшектерден суреттерді құрастыру.


4.Дене шынықтыру


Тізбекпен жүру,жүгіруге,

құрсаудан-құрсауға өтуге жаттықтыру.Ойын түрінде

эстафета.Бір-бірден тізбекке тұру.Жылдамдығы мен бағытын өзгертіп жүгіру.Түзету жаттығуларын орындау.

Спорт пен мәре сызықтары.

-Айдахар

-Жолақтарға аттап секіру

-Жүрдек пойыз

-Өткел

-Құрсаудан өту

Қимыл қозғалыс ойыны.

Мүсін.Күлкі сыйла ойын жаттығуы

Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.


Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 


Серуен

Желді бақылау

Мақсаты: желдің  бағытын  қалай, нелерарқылы анықтауға болатынды-ғын,баяу, жылдам сөздерінің  мағнасын  түсіндіру

Сұрақ:

-  Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады? 

- үй мұржаларынан шыққан түтіннен,

- қағаздың ұзыншалау кішкентай кескінділерінен

- орамалдардың қозғалысынан  анықтап білуге болады. 

Көркем сөз

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр – жерге жауған нұр. 

Қимылды ойын: «Әткеншек» 

Мақсаты: алғашқыда асықпай, сонан соң тез айналып жүгіру.

Еңбек:алаңшаны көркейту үшін түрлі-түсті мұз кесінділерін дайындап қою.

Аула сыпырушы еңбегімен танысу

Мақсаты: аула сыпырушының қыс кезіндегіеңбегі, оның жұмысы туралы балалардыңтүсінігін толықтыру. Бағбандардың еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу. 

Тапсырма: «Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңілдетсем» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру. 

Тақпақ:

Қолынакиіп қолғапты, 

Ауланы ағай сыпырды. 

Тазалап қарды мұздарды, 

Бәрімізге олжол ашты. 

Қимылды ойын: «Сауықшылар»(қысқы спорт ойындары.) 

Жеке жұмыс: «Кім алысқа секіреді?» Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. 

Жаңылтпаштар: 

Қаңтар айы болды, күн суытты 

Қалың қар жауды, боран соқты. 

Жапалақтап ақ     қар  жауды 

Еңбек: аула сыпырушыға балабақшаның ауласын сыпруға көмектесу

Мұз сүңгісін бақылау.
 Мақсаты: балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру. Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға беріп, қортынды жасай білуге үйрету.

Тапсырма: «Сүмелек мұз» тақырыбына сурет салу.

Сұрақтар:

Сүмелек мұз жөнінде не айтуға болады?

Ол қандай? Сәбіз сияқты

Сүмелек мұз қай жерде, қалай пайда болады?

Күнгей жақта ма, әлде терістік жақта ма?

Олар қайдан пайда болады?

Осыдан қандай қортынды жасауға болады?

Көркем сөз:

Көл бетінде жатыр айдын – мұзойнақ,

Қыстың өзі жасағандай бізді ойнап,

Шаңғы теуіп жарысамыз желменен,

Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап.

                                      Мұзафар Әлімбаев

Қимылды ойын: «»Үйсіз қалған қоян

Мақсаты: ойынның тәртібін сақтай отырып, секіріп алға жүгіру.


Қайың ағашын бақылау.      (Қиялдау)
 Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылау.

Балаларды табиғаттың қорғаушысы болуға тәрбиелеу.

Тапсырма: ағаш туралы суреттер бойынша шығармашылық әңгіме құрастыру. Әр балаға суреттер таратылады.

Көркем сөз

Ағаштар тұр жүдеп,

Жапырақ сәні енеді.

Соғады жел үдеп,

Қыстың кеп сәлемі. 

Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау.

Мақсаты: балаларға ағаштың түбін қармен жабудың сырын, пайдасын түсіндіру.

Қимылды ойын: «Біз көңілді баламыз»

Жеке жұмыс: «Жұмбақты шеш» сюжетті ойын ойнату.

Жұмбақ:  

Жазда жатсаң көлеңкесінеалады,

Қыста жақсаң, жаның рахат табады.

                                                          Ағаш


Алаңдағы ағаштарды бақылау

Мақсаты: балалардың ағаштарды қыс кезінде қалпын анықтап, білімін толықтыру.

Тапсырма: «Таңғажайып ағаштарды безендіреміз» тақырыбына сурет салу.

Ағаштарды сыртқы түсінен, түрінен, бұтақтарынан қалай орналасуынан танып, айыруға үйрету.

Балаларды табиғатқа қамқоршы болуына тәрбиелеу.


Сұрақтар:

1.   Жапырақсыз ағаштарды қалай атаймыз?

2.   Жапырақтар неге күзде түсіп қалады?

3.   Ағаштар бір біріне немен ұқсас?

4.   Ордың айырмашылығы қандай?


Дидактикалық ойын: «Сөзбен суреттеп айт» ағаштың түрін таны.

Қимылды ойын: «Ордағы қасқыр»

Мақсаты: секіруге, затты лақтыруға жаттықтыру.

Еңбек: ағаштардың түбін қармен жабу.

Мақсаты: қар ағаштың түбін аяздан қорғайтынын балаларға түсіндіру. Балаларды табиғатқа қамқоршы болуына тәрбиелеу.

Жеке  жұмыс: шаңғымен жаттығулар жасау: екі аяқпен кезек-кезек оңға, солғааңдағы ағаштарды бақылау

Балаларды үйге қайтару

Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке     келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 

Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 

Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.


Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке     келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.












Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.