» Материалы за Май 2019 года

Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қамқоршылық кеңесінің жылдық есебі 2018-2019 оқу жылы

Автор: serkebaev147896 от 23-05-2019, 07:00, посмотрело: 612

4 Хаттама №4
« Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
13.05.2019ж
«Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп » мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесінің жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиіс: 9
Қатысқаны: 9
Күн тәртібінде:
1.Мектеп директорының 2018-2019 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға есебі.
Л.Н.Нусипкожаева
2. 2018-2019 оқу жылындағы мектепке қарастырылған қаражат есебі.
Қ.Күмісбекова
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры төмендегі атқарылған жұмыстарға тоқталды. 2018-2019 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды. 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қол жетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.Мемлекеттік даму бағдарламасында көрсетілген индикатор бойынша мектебімізді үстіміздегі жылдың қорытынды білім сапасы 62% және 2018-2019 оқу жылында 70% көрсетуі керек. Біз межелеген мақсатқа жету үшін әлі де біраз бірлескен жұмыстар атқаруымыз тиіс. Мемлекеттік даму бағдарламасын орындау мақсатында мектебімізде үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыстар жасалып, мектепішілік бақылау жоспары бойынша әрдайым білім сапасы назарға алынып, мониторинг жасалуда. Мектебіміз бойынша 1 тамыз -30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу барысы бойынша іс-шарасы жасалып ұжымға, ата-аналарға ,оқушыларға таныстырылып бекітілді. Мектепке әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына толық қайта есеп тізбесі жасалды. Мектепте 2 жетім оқушы бар. Жартылай жетім - 46 оқушы. Толымсыз отбасы баласы -49 оқушы. Аз қамтылған отбасы балалары -60
оқушы, 217 көп балалы оқушылар тізімі жасалды. Шекаралық аумақ бойынша мектеп мұғалімдері бөлінген үгітшілер 23 көше . Көше бойынша оқушылар есепке алынуда. Жағдайы келмейтін, қанғыбастыққа салынған оқушы жоқ. Барлық оқушының жағдайы анықталып тексерілуде. Акция барысында оқушыларға керекті оқу құралдары, мектеп формасымен қамту кәсіпкерлер және мұғалімдердің көмегімен ұйымдастырылды . Мөлтек аудан бойынша рейд ұйымдастырылып, рейд барысында қоғамдық орындар,малды ауылдар,базар маңдарында тексеру жүргізілді, дәлелсіз себептермен мектепке тартылмай қалған балалар анықталған жоқ. «Мектепке жол» акциясы негізінде «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен қайырымдылық акциясы өтілді. Мектеп ұжымы қаржылай көмек жинады. Жетім, жартылай жетім, аз қамтылған 23 оқушыға -135000 теңгеге мектеп формасы мен оқу құралдары берілді. Кәсіпкер Жадыра апай 16 баланы оқу формасымен қамтамасыз етті. Мектеп кітапханасына жыл басында келген оқулықтарды алып, штемпельдеп, есепке алып, сынып жетекшілерге таратып береміз. Бірінші кезекті аз қамтылған отбасы балаларына беріледі. Биыл өкімет есебінен 7771711 теңгенің 5388 дана оқулықтар 11 баспадан келді. Психопрофилактикалық жұмыстарға келсек емтиханға оқушыларды дайындау мақсатында «Мен мамандық әлеміндемін» тақырыбында, «Болашақ мамандық туралы қиялдайық», «Өзімнің менімнің құпиясы», «Болашақ мамандықтан менің көретінім», «Дене тіліндегі» мамандығы немесе мамандық туралы бір де бір сөз айтылмайды, «Мамандық туралы сіздің пікіріңіз», «Мен барлығын жасай аламын», «Еш проблема жоқ», «Өмір құндылықтары туралы әңгімелесейік», «Кедергіні жеңу», «Маған сәт-сапар тілеңіз!», ойын-жаттығулар өткізілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған аудандық білім бөлімінің есепшісі Қ.Күмісбекова төмендегі мәселелерді айтып өтті.Міндетті білім беру қорына былтыр 2018 жылы барлығы 3661000 теңге қарастырылды, 507000 жазғы сауықтыруға жұмсалды,17000 экскурцияға, 3137000 ыстық тамаққа жұмсалды. 2019 жылға барлығы 4427000 теңге қарастырылған, жазғы сауықтыруға 550000, ыстық тамаққа 3977000 теңге қарастырылған 83 балаға. Былтырғы жөндеу жұмыстарына 235707 теңге бөлінді.
Сөйлеушілер:Кеңес мүшесі Э.Оңғарбекова сөз алып, мектеп директорының есебіне қанағаттанатынын айтып өтіп, кейбір мәселелерге өз пікірін білдірді.Жетім, жартылай жетіп, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға барынша көмек көрсету және мектептің материалдық базасын нығайтуға демеушілер тарту керектігін айтып өтті.
Кеңес мүшелері атынан С.Досымбеков сөз алып, мектеп директорының есебіне қанағаттанатынын айтып өтіп,құрылған кеңестің жұмысын алдағы уақытта мектепке демеушілерді көптеп тарту керек екенің айтты. Сонымен қатар мектептің жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржы мөлшерінің аздығын айтып есепшіге сұрақ қойды.Сұрағына қанағаттанарлық жауап алынды.
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап талқылай келе қамқоршылық кеңесінің жиналысы қаулы етеді.

Қаулы:
1. .Мектеп директоры Л.Н.Нусипкожаеваның 2018-2019 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға жасаған есебі ескерілсін.
2. Аудандық білім бөлімінің есепшісі Қ.Күмісбекованың 2018-2019 оқу жылындағы мектепке қарастырылған қаражат есебі ескерілсін.

3. Жұмыс жоспарын іске асыруда, барлық ұйымдастыру жұмыстарын алға қою кеңес мүшелеріне және қамқоршылық кеңесінің төрайымына тапсырылсын.

Хатшы: М.Уржигитова

Категория:

Қамқоршылық кеңесінің жылдық есебі 2018-2019 оқу жылы

Автор: serkebaev147896 от 23-05-2019, 07:00, посмотрело: 814

1 Хаттама №4