» Материалы за Январь 2023 года

Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы. 30 қаңтар - 3 ақпан

Автор: admin от 30-01-2023, 15:52, посмотрело: 34

0

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  

Мектепалды даярлық 

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі        30– 31   қаңтар  1-3 ақпан  2022-2023 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі

30-қаңтар

Сейсенбі

31-қаңтар

Сәрсенбі

1-ақпан

Бейсенбі

2-ақпан

Жұма

3-ақпан

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің  толық аты - жөнін  атап сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту, бүгінгі ауа райы туралы балалардың ойын білу

Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен кеңес , әңгімелесу

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата –анамен  әңгімелесу. Ата –аналармен қарым –қатынас мәдениетін орнату. Күн тәртібін сақтауға дағдылану.

Ата-аналармен әңгіме:    Ата- аналарға балаларын таңертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға     баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс- әрекеті, кітаптарды қарау және  басқалар)

«Менің балабақшам» 

Суреттер әлеміне саяхат

«Пішіндерді орналастыр және суретін сал» ойыны

Мақсаты: Пішіндерді ұяшықтарға түстеріне және көлеміне сәйкес орналастырады. Дөңгелек пішінді мүсіндеу.

«Өз үйін тап» ойыны

Мақсаты: үлкен – кіші ұғымдары туралы түсінік беру.

«Өз орнын тап» ойыны

Мақсаты: түстерді тануға үйрету.

Үстел -үсті ойыны пазл: «Үйшік құрастыр»

Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Ертеңгілік жаттығу

                 Таңғы жаттығу кешені № 10

 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі-ҰІӘ)

Жер-Ана, сағанмыңалғыс,

Сыйлайсыңбізгеқуаныш.

Жазда, күзде, қыста да,

Көркемсің көктем тұста да!

Көк аспанда күнкүлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын.

Көк аспанда күн күлсін,

Ұл қолында ту жүрсін.

Қыз қолында гүл жүрсін,

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.

Жарқырап,күн де ашылды

Айналаға гүл шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлыкүн! Бізсүйкімдібаламыз

Армысың шапағатты Күн-Ана!

Армысың қайырымды Аспан-Ана!

Армысың мейірімді Жер-Ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша  ҰІӘ

                                                                      1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

1.Сөйлеуді дамыту

Ә.Дүйсенбиевтің "Қаңтар" өлеңін жаттау

           Қаңтар

Лебі мұздай ызғарлы, Алып келді қыс қарды. Қысқы түндер ұзарды, Ұзақ күндер қысқарды. Аяз сүйіп қарсы алған, Жердің аппақ тұлғасы. Басталады қаңтардан, Қыс айының ортасы

Жапалақтап – жалпақ, үлкен қарлардың көп жаууы.

Қыс туралы мақал-мәтелдер:

1. Қысына қарай – көктемі, Диқанына қарай – егіні. 2.Қар жауды деп қуанба, Артынан келер аязы.

3.Қыс қамыңды жаз ойла.

Дидактикалық ойын:

«Дауыссыз дыбыстарды анықта».

Ойын шарты: «Қаңтар» өлеңіндегі «мұздай», «ызғарлы», «қарлы», «түндер», «ұзарды»,

«қысқарды» сөздерінің ішінен дауыссыз дыбыстарды педагогтің көмегімен табу. Мысалы:

«мұздай» сөзіндегі «д» дыбысы – дауыссыз дыбыс. «Ызғарлы» сөзіндегі «з» дыбысы – дауыссыз дыбыс.

Дәптермен жұмыс: Дәптердегі №21 тапсырманы орындау

1..Сауат ашу негіздері

Дидактикалық ойын «Жалпы атауын айт»

1.Тəрелке, құмыра, кесе, шанышқы – ... (ыдыстар)

2. Карамель, ирис, шоколад – ... (кəмпиттер)

3. Басбармақ, балаң үйрек, ортан терек, кішкене бөбек, шылдыр шүмек – ... (саусақтар)

4. Күрте, пальто, тон, плащ – ... (киім)

5. Тымақ, қалпақ – ...(баскиім)

Дидактикалық жаттығуы «Тиісті белгіні көтер»

Ойын шарты: Балаларға жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды араластырып айтады, балалар жуан дауысты дыбысты айтқанда, сары түсті дөңгелекті, жіңішке дауысты дыбыстарды айтқанда,қызғылт сары дөңгелекті көтереді.

Дидактикалық ойын: «Буынды қос»(доппен)

Ойын шарты: Балалар, шеңберге тұрайық. Мен буынды айтып, бір балаға допты лақтырамын, бала

допты ұстап алып, бір немесе бірнеше буынды қосып, сөзді жалғастырады. Кім дұрыс айта алмаса немесе тез буынды айтпаса, айыбын өтейді. Мысалы:( ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла).

Ойынды өзгертуге болады.

Ойын жаттығуы «Кəне, тауып көр»

Ойын шарты: Балалар мен сендерге сөз, буын, дыбыс айтамын, сендер алдарыңдағы сызбадан мен не айтсам, соны дыбыс па, сөз ба, буын ба анықтап, сызбасын көтересіңдер.

Мысалы:

[р], -ба-, аққала, ар-, ос- , қа-, [е], [т], [к], та-, ен-, ар-, алма, сабақ, жаңа, дə-, мы-, мон-, [г],

[ш], сөз, көз, бала, жа-, үс-,ші-, то-, ки-, [з], [и], са-, ша- , ет, елік, блезік, күнбағыс, ұр-, ын-,

лек-, діз-, тик-, қыш-, дол, қол, бол, сал, мал, тау, қы-, тық-, ем-, ек-,іс-, діз-, ік-.

Дəптермен жұмыс

1. Суретте бейнеленген заттарды ата. Буынга бөл. Тиісті сызбамен қос.

2. Суреттерге қара. Ө дыбысы бар сөздерді ата. Өгіз, көл сөздеріне дыбыстық

талдау жаса.

1.Сөйлеуді дамыту

Ә.Дүйсенбиевтің "Қаңтар" өлеңін жаттау.

           Қаңтар

Лебі мұздай ызғарлы, Алып келді қыс қарды. Қысқы түндер ұзарды, Ұзақ күндер қысқарды. Аяз сүйіп қарсы алған, Жердің аппақ тұлғасы. Басталады қаңтардан, Қыс айының ортасы

Жапалақтап – жалпақ, үлкен қарлардың көп жаууы.Қыс туралы мақал-мәтелдер:

1. Қысына қарай – көктемі, Диқанына қарай – егіні. 2.Қар жауды деп қуанба, Артынан келер аязы.

3.Қыс қамыңды жаз ойла.

Дидактикалық ойын:

«Дауыссыз дыбыстарды анықта».

Ойын шарты: «Қаңтар» өлеңіндегі «мұздай», «ызғарлы», «қарлы», «түндер», «ұзарды»,

«қысқарды» сөздерінің ішінен дауыссыз дыбыстарды педагогтің көмегімен табу. Мысалы:«мұздай» сөзіндегі «д» дыбысы – дауыссыз дыбыс. «Ызғарлы» сөзіндегі «з» дыбысы – дауыссыз дыбыс.

Дәптермен жұмыс: Дәптердегі №21 тапсырманы орындау

1.Сауат ашу негіздері

Дидактикалық ойын «Жалпы атауын айт»

1. Уық, кереге, шаңырақ, текемет – ... (киіз үй құралдары).

2. Сырға, білезік, сақина – ... (зергерлік бұйымдар).

3. Асық ату, Ханталапай, Алтыбақан, Ақсүйек, Көкпар, Бəйге – ... (ұлттық ойындар).

4. Ірімшік, май, құрт, айран – ... (сүттен жасалатын тағамдар).

5. Тұсаукесер, бесікке салу, шілдехана – ... ( ұлттық салт- дəстүрлер). 1. Уық, кереге, шаңырақ, текемет – ... (киіз үй құралдары).

2. Сырға, білезік, сақина – ... (зергерлік бұйымдар).

3. Асық ату, Ханталапай, Алтыбақан, Ақсүйек, Көкпар, Бəйге – ... (ұлттық ойындар).

4. Ірімшік, май, құрт, айран – ... (сүттен жасалатын тағамдар).

5. Тұсаукесер, бесікке салу, шілдехана – ... ( ұлттық салт- дəстүрлер).

Дидактикалық жаттығу: «Тиісті белгіні көтер»

Педагог жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды араластырып айтады, балалар жуан

дауысты дыбысты айтқанда қара түсті дөңгелекті, жіңішке дауысты дыбыстарды айтқанда қызыл түсті дөңгелекті көтереді.

Мысалы: (а, ө, о , і, и, ұ, ы, ə, е, у, э, ү).

Дидактикалық жаттығуы: «Белгі бер»Балалаларға ұяң (д) дыбысын басқа дыбыстармен араластырып айтады, балалар(д) дыбысын естігенде, қол шапалақтап, дыбыс берулері керек. [А, Б, Д, Т, Р, Б, Л, Д, Ш, Г,

Д, Б, К, Д У, Д, С, Д, Ч, Б, Д, Я, Ы, Ф, Д, Б, З, Д, Й, Д, Ц, Д, Б.] Сол сияқты басқа да

дыбыстармен ойнатса болады.Дидактикалық жаттығу: «Кім зейінді?»

– Балалар, алдарыңа көк түсті төртбұрыш, үшбұрыш, көк, сары жəне қызыл

дөңгелектерді алыңдар. Мен сендерге қатаң дауыссыз дыбысты айтсам, көк төртбұрыштыны,

үнді дауыссыз дыбысты айтсам, көк үшбұрышты, ұяң дауыссыз дыбысты айтсам, көк, жуан

дауысты дыбысты айтсам, сары, жіңішке дауысты дыбысты айтсам, қызыл дөңгелекті

көтересіңдер.

Мысалы: « а-, -й-,-ц-,-у-,-к-,-е-,-н-,-г-,-ш-,-щ-,-з-,-х-,-ф-,-ы-,-в-,-а-,-п-,-р-,-о-,-л-,-д-,-ж

Дəптермен жұмыс

1. Салт дəстүрлердің қандай түрі бейнеленген? Дауыссыз дыбыстан басталатын

сөздерді ата. Буынға бөл.

2. Дыбыстық талдау жаса.

1.Сауат ашу негіздері

Дидактикалық ойын-жаттығу: «Жалауша»

Ойын шарты: қандай да бір дыбысты айтады, егер дыбыс дауысты болса, балалар қызыл

жалаушаны, егер дыбыс дауыссыз болса, көк жалаушаны желбіретеді.

Дидактикалық жаттығу: «Тиісті белгіні көтер»

Жаттығу шарты: жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды араластырып айтады, балалар жуан

дауысты дыбысты айтқанда сары түсті дөңгелекті, жіңішке дауысты дыбыстарды айтқанда қызыл дөңгелекті көтереді.

Дидактикалық ойын: «Бірінші дыбысты қайтала»(доппен).

Ойын шарты: бірінші дыбысын анығырақ етіп, қандай да бір сөзді айтып, допты балаларға

лақтырады, балалар бірінші дыбысты қайталап допты, кері лақтырады. (Ойынға барлық бала қатысады.) Мысалы: рррадио(р), уууылдырық(у), ааалма(а), қққасқыр(қ),

мммақта(м), қққияр(қ), сссағат(с), қққыс(қ), ааалжапқыш(а), тттышқан(т), сссазан(с),

өөөшіргіш(ө), жжжұлдыз(ж), жжжастық(ж), дддиректор(д), жжжарық(ж),

шшшұлық(ш), мммектеп(м), уууыз(у), тттиін(т), қққолшатыр(қ), бббақа(б), ииит(и), т.б

Дидактикалық жаттығу: әЖуан дауысты дыбысты тапә

–Ойын шарты:Балалар, жуан дауысты дыбыстан басталған сөзді естісеңдер, бір рет шапалақ ұрыңдар.

Мысалы: гүл, жүзім, алма, қатық, апорт, от, пима, Ұлбала, қайшы, ұл, ыдыс, оқтау,

аққу, əтеш, тауық, Ұлжан, көбелек, ымырт, Алпамыс, айна, етік, қарлығаш, ұлу, жүген,

түйе, ұста, ожау, тамаша, алмұрт, ірімшік, сыпырғыш, Олжас, жылан, отын, алақан 

Дəптермен жұмыс

1. Суретке қара. Сызба бойынша үш сөйлем құра.

2. Дыбыстық талдау жаса.

Үзіліс:   Затты лақтыру мен қағып алуға арналған ойындар «Допты қуып жет»    

Тынымсыз Тіл туралы ертегі жаттығулары:

Сыйқырлы айнаға қарап отырып, араның масаның , шегірткенің, жыланның дыбыстарын салып көр. Осы дыбыстарды Тынымсыз Тіл ұнатады ма соны байқа.

Ағайынды аралар.

Ағайында арарармыз,

Еңбек үшін жаралғанбыз.

-з-з-з-з-з

Шырын іздеп күні бойы

Гүл бақшаны аралаймыз

-з-з-з-з-з

(Үш саусағыңды түйістіріп, ұшып жүрген араларға ұқсат, әрбір екі жолдан кейін аралардың ызылдағанын сал.)

Жаман ара

Қалмай ұшып соңынан,

Ара қуды Мұратты.

-з-з-з-з

Шағып алып қолынан,

Досымызды жылатты.

-у-у-у-у

(Араның дауысы мен баланың ара шаққандағы дауысын сал)

Ойын: «Допты қуып жет» 

Мақсаты:  Балаларды ептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Тәрбиешінің берген белгісін мұқият тыңдай білуге үйрету. 
 Ойынның шарты: 
 
Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады.
 Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. 
Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.

                                                                                                                                     2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

2.Математика негіздері

Ойын жаттығуы.

«Пішінге ұқсас зат».  

Жұптық жұмыс. Ойын шарты:Үстелдерде пішіндердің:дөңгелек,үшбұрыш,шаршы, тіктөртбұрыш жинақтары салынған хатқалта жатыр. 

Кез келген бала хат қалтадан пішінді шығарып,оны атайды,ал екінші бала қоршаған ортадағы осындай пішіндегі затты атайды.

Одан кейін рөлдерімен ауысады.

«Шын немесе жалған» дидактикалық ойыны 

Ойын шарты:зат пен форманы атайды. Мысалы, «доп дөңгелек», «қорап доп тәрізді». Егер мәлімдеме дұрыс болмаса,онда балалар қолын айқастыра көкірегіне қояды немесе бастарын шайқайды. Егер дұрысболса – қол шапалақтайды.

Дәптермен жұмыс

1,2,3,4-тапсырмаларды орындау

«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. 

35-беттегі № 55 тапсырманы орындау

.

2.Қазақ тілі

Сөздік ойын: «Жалғасын тап». Үлестірмелі материалдардың көмегімен сөйлемді толықтырады. 

Таңертең ... (тұрамын). 

Бетімді ... (жуамын). 

Тісімді ...

(тазалаймын). 

Жаттығу ... (жасаймын). 

Шашымды ... (тараймын). 

Киімімді ... (киемін). 

Балабақшаға ... (барамын).

Дидактикалық ойын: «Мен бес сөз білемін». Берілген тақырып бойынша 5 сөз құрайды. 

Ойын: «Мен не істегенімді айтпаймын, көрсетемін». Балаларға жаттығу жасау, тамақ ішу, ән айту, билеу, сурет салу, ұйықтау дегендерді қимылмен көрсетеді, балалар не істегенін айтады.

Жұмыс дәптерімен жұмыс. 

1.Суретке қара. Сұраққа жауап бер. Арман таңертең не істеді?

2.Көркем әдебиет 

Жұмбақ 

Қардай аппақ, мамықтай жұмсақ. Ол не?  (Мақта)

Мақта-жұмсақ, аппақ болады. Мақтадан киім дайындайды, көрпе жасайды. Бүгін біз мақта туралы  Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Бір уыс мақта» деген қызықты əңгімесін мәнерлеп оқимыз

Дидактикалық ойын: «Біздің  көңіл - күйіміз» 

Мақсаты:     балаларды  суреттегі  бет- әлпет     бойынша  ым  мен     мимикаға  байланысты  көңіл     күйді  ажырата білуге  үйрету. 

Көңіл  күйді  білдіретін     сөздерді  дұрыс  айтқызу. 

Шарты:  бет- әлпеттің  мимикасына  қарап,     көңіл күйді  білдіретін  сөздерді     бөліп  айтады. Сөйлем  құрайды,     әр  түрлі  көңіл     күйді  білдіретін  сәттерді     салу. 

Күліп     тұрған  бала 

Ренжіп     тұрған  бала 

Аузын  ашып  тұрған     бала .Аузын  томпайтып  тұрған     бала т,б  суреттер 

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» 

Ойын шарты: екі шырша қойылады. Балалар екі топқа бөлінеді. Шыршаны өздері жасаған ойыншықтармен, қағаз қолшаммен (фонарик) безендіру. Жылдам безендірген топ жеңімпаз атанады

Дәптермен жұмыс

1.  1.Суретті қара. Ертегінің жүйесін сурет бойынша баянда.Ертегі кейіпкерлерінің қимыл-əрекетін жəне эмоциясын келтір. 

2.Жұмбақты шеш

2. Қоршаған ортамен танысу

Балаларды «Саңырауқұлақтар» тақырыбындағы кеспелі суреттерді құрастыруға шақырады, ойын барысында саңырауқұлақтарға сипаттама береді.

АҚ САҢЫРАУҚҰЛАҚ — қалпағы қоңыр, дөңгелек, сабағы жауан болады. ҚАЙЫҢҚҰЛАҚ — негізінен қайың ағашының түбінде өседі, қалпағы дөңгелек, қара- қоңыр түсті, сабағы жіңішке, биік болып өседі.

ТЕРЕКҚҰЛАҚ — қалпағы қызыл, сабағы биік болады. ТҮЛКІШЕК — түсі сары, сабағы аласа, қалпағы иілген.

ТОМАРҚҰЛАҚ — ақшыл-қоңыр түсті саңырауқұлақ, сабағы жіңішке, жиегінде

«жағасы» бар, «отбасымен» топтасып өседі.

Бірінші топ: «Саңырауқұлақты қалай дұрыс жинаймыз?» тақырыбында жасалған сызбалық суретпен жұмыс істейді.

Екінші топ: «Саңырауқұлақ кімгеқажет?» суретімен жұмыс істейді.Геометриялық фигуралар бейнеленген карточкалардың көмегімен бірнеше топқа бөлінеді; өтіп жатқан тақырыпқа қарай, гүлдер мен жануарлардың атауына қарай. Пышақпен кесу қажет. Қолмен жұлуға болмайды. Улы саңырауқұлақтарды алуға болмайды. Себетке мұқият салу керек. Саңырауқұлақтармен бұландар, тиіндер, құстар, кірпілер, шырыштылар, ұлулар, бақалар қоректенеді. Оларды адамдар да жейді.

Әліппе-дəптермен жұмыс.

2.Көркем әдебиет 

Жұмбақ

Бұрап қойған сағаттай,     

Айғайлайды таң атпай.     (Əтеш)  

Жолбарысқа ұқсайды, 

Тек тышқанды ұстайды.  (Мысық) 

Өзі айлакер, өзі бір қу, 

Жүрген жері айғай-шу.  (Түлкі) 

Орыс халқының «Мысық,әтеш және түлкі»

Ертегісін мәнерлеп оқу

Ертегінің өлеңнен айырмашылығы – ертегіні ойдан, қиялдан шығарады. 

«Сиқырлы қапшық»
 Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. 
 Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. 
 Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады. 

Дидактикалық ойын

«Мен қандаймын»

Ойын барысы: Балаларға     сұрақ қойылады сәйкесінше балалар сол сұраққа жауап береді

–  Сен қандай баласың? (Мен əдепті баламын.)

  • Арман, сен қандай баласың? (Мен жақсы баламын.) т.б.

Дəптермен жұмыс: 

1.Ертегінің мазмұнын сурет бойынша баянда.Ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі? 

Мысықтың, əтеш пен түлкінің дауысын жəне жүрісін сал. 

2.Қай аң жасырынғанын тап. 

                                                                                                                         Үзіліс: 

Саусақ ойындары

Ойын:Су толтыру.

Мақсаты:Қол ептілігін дамыту,ас ішкенде қалай отырып,қасықты қалай ұстайтынын,ыдыстар қалай тұратынын үйрету.

Керекті құралдар:шұңқыр қасық,шұңқыр тәрелке мен күрешке.

Мазмұны: Үстел үстіне шұңқыр ыдысқа су құйып қоямыз.Одан кейін 1-ші тәрбиеші өзі көрсетеді.Ыдыстағы суды қасықпен алып,ақырын төгіп алмай күрешкеге құямыз.Осы іс-әрекет бірнеше рет қайталанады.

Саусақ ойыны: Жүретін саусақтар.

Мақсаты:Саусақтарын жүргізе отырып,саусақты шынықтыру және заттарды атау үшін логикалық есін ұлғайту.

Керекті құралдар: Суреттері бар кітапшалар.

Шарты: Суреті бар кітапшаны алып,ішін ашып,ішінде балалар білетін деген суреттерді парақ бетінде саусақтарды  жүргізе отырып (2 саусақпен),суретті нұсқап оның атын сұрайды.балалар жауап береді.Сол ереже бойынша қайталанады.

Дидактикалық ойын:

«Домино»

Мақсаты: «Баланың көліктер жайлы білімдерін дамыту, пысықтау. Сәйкес көлікті тауып дұрыс атату, оның атқаратын қызметімен таныстыру.

Ойын шарты: Суреттері сәйкес келетін карточкаларды біріне қатарлап тізіп қою, кім бұрын барлық карточкаларын қояды, сол жеңіп шығады.

Қажетті құралдар: Бірдей қос суреттер, әртүрлі көліктер бейнеленген көлімдері 5×6см карточкалар.

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет              

3.Қоршаған ортамен танысу

«Тізбек» ойындық жаттығуы

Біздің үйімізге нан қайдан келді? (Дүкеннен.)Ал, дүкенге қалай түсті? (Наубайханадан.) Наубайханада не істейді? (Нан пісіреді.) Нанды неден пісіреді? (Ұннан.)Ұнды неден істейді? (Бидайдан.) Бидай қайдан алынды? (Сабақтан.)

Бидай сабағы қайдан шықты?(Егіс алқабында өсірілді).

Әліппе-дəптермен жұмыс. «Тұқым» ойыны:

Ойын шарты: музыка қосады, балаларға өздерін жерге себілген кішкентай тұқым ретінде сезінуді ұсынады. Кішкентай тұқым қараңғы, ызғар, жұмсақ жерде жатыр. Күн бойын жылытқандай болды, жаңбыр жауды. Содан соң тұқым ісініп, жарылды.Ішінен құлақтанып кішкентай өскін шықты (балалар қолдарын жоғары көтереді). Сабақ жерді жарып шығып, күнге қарай талпынып өсе бастады(балалар орындарынан тұрады). Жел ары-бері шайқады. Сонда да өсе берді. Біраз уақыт өтіп, ол сабаққа айналды. Қара бидай тұқымынан шыққан сабақ қандай болады? (Қара бидай сабағы). Бидай тұқымынан шыққан сабақ қандай болады? (Бидай сабағы) Сұлы тұқымынан шыққан сабақ қандай болады? (Сұлы.) Сабақтың өсіп, дамуына не қажет? (Күн, жаңбыр және адам қолдары.)

«Тағы кім?» ойыны

Ойын шарты: Тізбекті әрі қарай жалғастырады: наубайшы нан пісіреді, тағы кім пісіреді? (Ана, әже, әпке).

3. Математика негіздері

Ойын жаттығуы.

«Пішінге ұқсас зат».  

Жұптық жұмыс. Ойын шарты:

Үстелдерде пішіндердің:дөңгелек,

үшбұрыш,шаршы, тіктөртбұрыш жинақтары салынған хатқалта жатыр. 

Кез келген бала хат қалтадан пішінді шығарып,оны атайды,ал екінші бала қоршаған ортадағы осындай пішіндегі затты атайды.

Одан кейін рөлдерімен ауысады.

«Шын немесе жалған» дидактикалық ойыны 

Ойын шарты:зат пен форманы атайды. Мысалы, «доп дөңгелек», «қорап доп тәрізді». Егер мәлімдеме дұрыс болмаса,онда балалар қолын айқастыра көкірегіне қояды немесе бастарын шайқайды. Егер дұрысболса – қол шапалақтайды.

Дәптермен жұмыс

1,2,3,4-тапсырмаларды орындау

«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. 

35-беттегі № 55 тапсырманы орындау

3.Математика негіздері

Топтық жұмыс. «Не өзгерді?» ойыны 

Ойын шарты:үстелінде бірнеше зат жатыр. Балалар бір-біріне қатысты заттардың қалай орналасқанын есте сақтайды. Содан кейін олар көзін жұмады, осы кезде бір немесе екі заттың орындарына ауыстырады. Балалар көзін ашып,қандай өзгерістер болғанын, заттар бұрын қайда тұрғанын және қазіргі тұрған жерін айтады. 

Балаларды заттардың бір-біріне қатысты орналасуын сипаттайтын сөздерді пайдалануға ынталандырады. Мысалы, қоян мысықтың оң жағында тұрды, ал қазір оның оң жағындатұр,т.б. 

Топпен жұмыс: Санамақ арқылы балалар топқа бөлінеді.Балалардың әрқайсысында өрнекті сурет (алаша) бар.     

Ойын жаттығуы. «Өз өрнегің туралы айтып бер». 

Ойын шарты:Балалар пішіндерді қарап,олардың орналасуын атауы тиіс. 

Мысалы:оңжақтағы жоғарғыбұрышта – дөңгелек,солжақтағы жоғарғы бұрышта шаршы,сол жақтағы төменгі бұрышта –сопақша, оң жақтағы төменгі бұрышта – тіктөртбұрыш, ал ортада үшбұрыш орналасқан.

Аз қимылдайтын ойын «Сиқырлы қозғалыстар»     

Ойындыбөлмеде де, даладада өткізуге болады. Еденге ұяшықтарды сызадынемесе оларды арқаннан салады

(сызықтарды түрлі-түсті жұқа изолентамен желімдейдіжәне т.б.). 1-2 баланы белгілі  бір ұяшықтарға қояды. Жоғарғыжәне төменгі жағын шартты түрде белгілейді.Тапсырма

ны осы балалардың қолына бередіжәне қалған балалар тексере алатындай етіп тақтаға іліп қояды. Бала маршрутта көрсетілгендей қадамдар жасайды. Егер бала дұрыс қозғалса, бүкіл топ қолын шапалақтайды. 

Дәптермен жұмыс

1,2,3,4-тапсырмаларды орындау

 «Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. 

58-беттегі №2 графикалық диктантты орындау

3. Қазақ тілі

Ойын: «Сиқырлы қоржын». ( Ішінде кесе, қасық, тәрелке). 

Балалар таныс заттарды атайды, сұрақтарға жауап береді. 

Қандай кесе? Неше кесе? Түсі қандай? Қандай қасық? Қандай тәрелке? (Үлкен, кішкентай). 

Дидактикалық ойын: «Қайтала, көрсет». 

Ойын барысы: Балаларға киім түрлері мен суреттері беріледі.

Айтылған киімді қайталап суретін тақтаға іледі

Жұмыс дәптерімен жұмыс. 

1.Суретке қара. Сұраққа жауап бер.

3.Шығармашылық іс-әрекет

Балаларға «Алдар-Көсе мен бай» ертегісін мәнерлеп оқу

Түрлі-түсті қағаздармен жұмыс жасау

Дидактикалық ойын: “Қандай пішін жетіспейді?” 

Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.  

Шарты: Түрлі суреттер беріледі. Ол суреттердің жетіспейтін  жерлерін  толықтырып, сәйкес пішіндерді 

түстері бойынша тауып орналастыру. 

«Фотоаппарат» ойыны.Ойын шарты:Сұрақтарға жауап беріп суреттерді тақтаға ілу

1)Жан-жағына алақ-жұлақ етіп келе жатқан аң? 

2)Апанында ұйықтап жатқан аң?

3) Ағаштың басында жаңғағын кеміріп отырған сүйкімді аң?

4)Аяғының ұшымен, білдірмей жүріп, қулығын асырып жүретін аң?  Балалар шығармашылығы

                                                                            Үзіліс:   .   

«Гүлдерді күтеміз»ойыны

Мақсаты:балалардың табиғатты рухани бағалау мәдениетін, гүлдерді дұрыс күтіп-баптау, яғни суару, қопсыту дағдыларын қалыптастыру. Гүлдердің түрлерін (көпжылдық, біржылдық, пияз тұқымдас, шөптекті, тұқымдас гүлдерді) ажырата білуге үйрету. Гүлдер сұлулық белгісі екенін, оларды күтіп-баптап, қамқорлыққа алу керектігін түсінеді.

Ойын шарты: гүлдерді екіге бөлу,дала гүлдерін газонның қасына іліп,ал бөлме гүлдерін үйдің қасына қою , суреттер бойынша әнгімелету.

Қимылды ойын:«Ту».

Мақсаты: Топтағы қарым-қатынасты нығайту.

Ойынның шарты:   Балалар 3-4 топқа  бөлінеді.Әр  топтың     ортасында 1 бала   ту  ұстап     тұрады. Тәрбиешінің     бұйрығы  бойынша ойыншылар  жан-жаққа     жүгіріп,  көздерін   жұмып     тұрады. Тәрбиешінің     бұйрығы  бойынша  ту     ұстаған  балалар  орындарын     ауыстырады. Тәрбиеші «Өз     туларыңды  табыңдар»  дегенде     ойыншылар өз  туларына  қарай     жүгіреді.  Қай  топ тез     жиналады, сол топ  жеңеді.( Тулардың  түстері  әр түрлі болу  керек)

Қимылды ойын:

«Шұңқырдағы  қасқырлар»

Мақсаты:  Балаларды  шапшаңдыққа, жылдамдыққа  баулу.

Ойынның шарты:Алаңның     ортасында  ұзын  шұңқыр     салынды.(1-1,5 метр)Шұңқырдың     ортасында  екі  қасқыр     тұрады.  Қалған  ойыншылар ешкі болады. Ешкілер алаңның  бір     жақ  шетінде  үйлерінде     тұрады.Тәрбиешінің  бұйрығы  бойынша     ешкілер  үйлерінен  шығып,     шұңқырдан  секіріп  өтіп,     жайылымға  барады.  Қасқырлар     шұңқырдан  шықпай  ешкілерді     ұстап алу  керек. 

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

. 4.Дене шынықтыру

«Аңшылар із кеседі» – жерге жорғалау мен таяқты әртүрлі қалыпта ұстап жүру, жүгірумен алмастыру. 3 тізбекке қайта сап түзеу. Аң ізімен келе жатқан аңшының қимылдарын жасайды. Дала кезіп жүгіреді. Тынысын қалыпқа келтіреді де, әртүрлі қимылдарды Педагогтің нұсқауымен орындайды. Қысқа найзаларын (таяқтарды) алып, жаттығулар жасайды.

1.Сапта арақашықтықты сақтап, таяқпен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларын орындайды (№2). Екі тізбекке, бір қатарға сап түзеп тұру. Педагогтің айтқандарын бұлжытпай орындауға тырысады.

Бүкіл жаттығулар кешенін орындап біткенше арқасын түзу ұстауға тырысады. Таяқшалардан жол салып келесі жаттығуларды жасауға дайындалады.

Негізгі қимыл жаттығуларын ойын тапсырмалар түрінде орындайды. (Екі команда бір мезетте бастайды).

Біріншіде таяқшалардан аяқты жоғары көтеріп аттап өтеді. Қолдарын белге қояды. Екіншіде көзді жұмып өтіп көреді. Таяқшаларды баспауға тырысады.

«Ең епті аңшы кім екен?»

Аяқтарын саннан 90°-қа жоғары көтеріп таяқшалардан тепе-теңдікті сақтап жүріп өтеді. Таяқшаларды оңынан-солынан айналып жүгіріп өтеді. Таяқшаларды баспай, бірақ жақын жүгіруге тырысады.

40 см биіктікке көтерілген таяқшалардан аттап, жүгіріп өту.Бауырымен жорғалау: ішті жерге тигізіп, шынтаққа сүйеніп жерден 40 см көтерілген қатар- қатар таяқшалардың астынан жорғалап өту.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Аңшылар мен қояндар»

Қозғалып бара жатқан нысананы «ату» кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады.Ойыншылар «аңшылар» мен «қояндарға» бөлінеді. «Аңшылар» сызықтың сыртына тұрады, ал «қояндар» сызықтардың ортасына тұрады. «Аңшылар» доппен «қояндарды» атып алуға тырысады. «Оқ тиген» қояндар ойыннан шығады. Барлық қояндарды атып алған соң командалар орнын ауыстырады.

4.Музыка

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Көңілді балалар» литва халық әуені (өңдеген Т. Ломова).Балалар шеңберде жүріп, музыкаға ілесіп қимылдар жасайды.

Музыка тыңдау: «Вальс» (Қ.Шілдебаев).

Балаларға Қ. Шілдебаевтың суретін көрсетіп, оның өмірі туралы қысқаша мәлімет беру.«Вальс» – би музыкасы, көбіне ол музыкаға жұптасып билейді.Ән айту: «Айнала ақша қар» (И. Мамақов).Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев).Балалар музыкаға ілесіп қоянның қимылдарын үйренеді, «шөп жұлу», «үрку»,«айбат көрсету» секілді қимылдарды үйренеді.

Ойындар, хороводтар: «Көлеңке» (К.Қуатбаев).

Ойын шарты: Балалар шеңбер бойымен тұрады.Топ ішінен бойы ұзын бір бала және бойы аласа бір баланы таңдап алады. Бойы қысқа баланың «көлеңке» болатынын түсіндіреді.Яғни, әнді айта жүріп, бойы ұзын бала қандай қимыл жасаса, «көлеңке» соның қимылын шатаспай қайталауы тиіс. Ойын шарты бұзылса, айып ретінде тақпақ немесе ән орындап береді.

Музыкалық аспапта ойнау: «Тамшылар» румын халық әні (өңдеген Т.Попатенко).

4.Дене шынықтыру

Сырықтар жерде жатыр.Қол  жаттығуларын  орындай     отырып,  шеңбер  бойымен     «құрықтарды» аттап жүру.      3-4 баладан жүруге болады.

Аяқты саннан 90° көтеріп, аяқты алдымен ұшына, сосын өкшеге түсіріп қою. Ырғақпен, қолды еркін ұстап, кідіріспен тыныс алып жүгіру.Негізгі жаттығуларды орындау үшін 4 тізбекке сапқа тұру.

Ұзын ағашпен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Өз қимылын басқа балалармен үйлестіреді. Қолдарын шынтақтан бүгіп, жаттығулар кешені біткенше арқаны тік ұстауға тырысады.

Текшелер мен сырық (ұзын ағаштармен) орындалатын негізгі қимылдарды орындау.

Қауіпсіздік ережелерін еске саламыз: бір-біріне қарама-қарсы жүруге болмайды.

Секірулер: сырықты жалғыз аяқпен секіріп, ілгері қарай айналып жүру. Секіргенде аяқтың басымен итеріліп, аяқтың басына қайта түсу.

«Ең сақ кім екен?»

Текшелерге   көтеріп      қойылған сырықтардың астынан   түрлі әдіспен (шынтақтап жорғалап, еңбектеп, шалқалап жатып) залдың бір жағынан екінші жағына дейін өту.Түрлі әдіспен (шынтақтап жорғалап, еңбектеп, шалқалап жатып) залдың бір жағынан екінші жағына дейін өтеді. Сырықтың биіктігіне қарай тиімді әдісті таңдайды.

40

см

20

30

см

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Лақтыр-қағып ал». (10 рет) Допты лақтырып, қалаған тәсілмен қайта қағып алады.Допты кеудесіне қыспай, екі қолдап қағуға тырысады. Допты жерге құлатпаған жеңіске жетеді.

4.Музыка

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Көңілді балалар» литва халық әуені (өңдеген Т. Ломова).

Балалар шеңберде жүріп, музыкаға ілесіп қимылдар жасайды.

Музыка тыңдау: «Вальс» (Қ. Шілдебаев).

Балаларға Қ. Шілдебаевтың суретін көрсетіп, оның өмірі туралы қысқаша мәлімет беру.

«Вальс» – би музыкасы, көбіне ол музыкаға жұптасып билейді.

Ән айту: «Айнала ақша қар» (И. Мамақов).

Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев).

Балалар музыкаға ілесіп қоянның қимылдарын үйренеді, «шөп жұлу», «үрку»,«айбат көрсету» секілді қимылдарды үйренеді.

Ойындар, хороводтар: «Көлеңке» (К. Қуатбаев).

Ойын шарты: Балалар шеңбер бойымен тұрады.Топ ішінен бойы ұзын бір бала және бойы аласа бір баланы таңдап алады. Бойы қысқа баланың «көлеңке» болатынын түсіндіреді.Яғни, әнді айта жүріп, бойы ұзын бала қандай қимыл жасаса, «көлеңке» соның қимылын шатаспай қайталауы тиіс. Ойын шарты бұзылса, айып ретінде тақпақ немесе ән орындап береді.

Музыкалық аспапта ойнау: «Тамшылар» румын халық әні (өңдеген Т. Попатенко).

4.Дене шынықтыру

1.Сапқа және тізбекке бір-бірден тұрады, тізбекпен жүру; тізені жоғары көтеріп жүру; тоқтамастан баяу қарқынмен жүгіру (1,5 минут).

Тыныс алу жаттығуы

«Біз спортпен айналысамыз, сондықтан жылдам өсеміз» – қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру – тыныс алу.«Күннен-күнге бойымыз өсіп барады» – қолды төмен түсіріп, барлық табанмен еденге түсу– дем шығару.

Сап түзеп залдың бір шетінен қарама-қарсы жаққа жүру.

Екі-екіден тізбекке, сапқа тұрады, қарама-қарсы жаққа жүреді, жүгіреді, адымдарын байқап басады, бір-біріне кедергі келтірмеуге тырысады.

Жаттығуды орындағанда әуеде бейнелеуге саусақпен жүргізіп, сурет салып көмектесу.

Коорданацияны дамыту жаттығулары: «Көз-қол»

1.«Көздерімен атыс» оңға – солға, жоғары – төмен (6 рет).

2.көздерімен сағат тілімен 6 шеңбер, сағат тіліне қарсы 6 шеңбер салу.

3.1–9 сандарын көздерімен жазу.

4.Көздерімен көлденең 6 сегізді жазу.

5.Көздерімен сағат тілімен 6 үшбұрыш, сағат тіліне қарсы үшбұрыш салу.

6.Сағат тілімен көздерімен үшбұрыш, шаршы, шеңбер салу, сағат тіліне қарсы сол фигураларды салу.

«Желпуіш саламыз»

айнала қозғалып, бұрылады.Шаңғының ұшын 180

«Тоннель».

Алаң бойымен бағандарға байланған бауларды түрлі биіктікте тартып қою. Осы баулардың астымен өткенде биіктігіне байланысты әртүрлі әдісті пайдаланатынын ескеру керек.

Балалардың қажетті арақашықтықты, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын қадағалау керек.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Ақшақарлар мен тентек жел» (тыныс алу гимнастикасын орындау)

Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 

Серуен

Бақылау: Бұлтты бақылау.

Мақсаты: Қыста аспанды сұрғылт бұлт басады, бұлттың салдарынан қар  жауады т.б. түсіндіру.  Зәулімде тұрағы                                                     Тіреусіз тұрады.(Бұлт).

Еңбек: Көшедегі қар жинаушы машинала-

рдың жұмысын бақы

лау.Мақсаты: Қар тазалаушы машиналардың адам үшін пайдасының     зор екендігін  

айту.Еңбекті дәріптей білуге үйрету.

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.Күніне талай жерге кетер кезіп,  Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт

Мақсаты: Балаларға бұлт туралы түсінік қалыптастыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту.

Қим.ойын: «Мені қуып жет».

Мақсаты: Шапшаңдыққа үйрету. Денені ширату арқылы денсаулықты     нығайту.                 

Бақылау: Мұзды бақылау.

Мақсаты: Мұзды көрсете отыра сипаттау. Қыс мезгілінде  өзендер мен   көлдердің бетін мұз басатындығы жөнінде түсінік беру.

Еңбек: Тайғанақ жерге құм себу.

Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Өздеріне беріл

ген тапсырманы      тия-

нақты орындауларын қадағалау.

Жаңа жыл туралы тақпақ жаттату.

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда-жаңа нұр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар  бала жүр.

Мақсаты: Еске сақтау қабілетін дамыту, сөздерді қатесіз дұрыс айтуға үйрету.

Ойын: «Тышқан мен мысық».

Мақсаты: Шапшандыққа, жылдам шешім  қабылдауға үйрету.

Бақылау:Ауа-райын  бақылау. 

Мақсаты: Ауа-райын  бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау. 

Еңбек: «Таза алаң». 

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу. 

Ойын: «Қасқыр мен қаздар». 

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру. 

Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи».

Бақылау: Мұздақты бақылау.

Мақсаты: Мұздақтың пайда болу жолын түсіндіру, мұздақтан абай болып жүруге       үйрету.

Еңбек: Ағаш түптеріне қар үю.

Мақсаты: Еңбекқорлыққа үйрету. Жалқаулықтан аулақ болуға  шақыру.             

Жеке жұмыс:   Жұмбақ жатттату“

Отқа жанбас,                                      Суға батпас” (мұз)

 Мақсаты: Мұз туралы түсінік беру. Жұмбақ жаттату 

  арқылы сөздік қорын  молату. 

  Есте сақтау қабілетін дамыту.

 Қимылдық ойын: «Қазан».

 Мақсаты: Бірлесіп ойнауға шақыру. 

  Балалардың көңілдерін көтеру.

Бақылау: Күнді бақылау.

 Мақсаты: Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі.  Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру.               Еңбек: «Қыс қызығы». 

Мақсаты: Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу, қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің  еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: 

Ақ сандығым ашылды,                                   Ішінен жібек шашылды.

                                       (Күн)

Мақсаты: Балаларға жұмбақтарды жаттата отырып, тіл байлықта-

рын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Қимылды ойын: «Айгөлек».

Мақсаты:  Денені шынықтыру, шапшан-

дыққа , ептілікке баулу.

 Балалардың үйге қайтуы

 Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз. 

Категория:

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы. 23-27 ҚАҢТАР

Автор: admin от 23-01-2023, 15:47, посмотрело: 50

0

                                              Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы   

Мектепалды даярлық 

Балалардың жасы    5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі       23– 27  қаңтар    2022-2023 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі

23-қаңтар

Сейсенбі

24-қаңтар

Сәрсенбі

25-қаңтар

Бейсенбі

26-қаңтар

Жұма

27-қаңтар

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің  толық аты - жөнін  атап сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту, бүгінгі ауа райы туралы балалардың ойын білу

Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен  кеңес , әңгімелесу

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата –анамен  әңгімелесу. Ата –аналармен қарым –қатынас мәдениетін орнату. Күн тәртібін сақтауға дағдылану.

Ата-аналармен әңгіме:    Ата- аналарға балаларын таңертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға  баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс- әрекеті, кітаптарды қарау және  басқалар)

Қимылды ойын «Ұшты-ұшты»   Мақсаты: Балаларға әуеде ұшатын заттарды ажырата алуға үйрету. Қоршаған ортамен таныстыру

Сюжеттік ойын       «Мен дәрігер боламын» Мақсаты: Балалар бір -бірімен ойнау арқылы өздерін дәрігер сезіне алады.                               Сөйлеуді дамыту

Үстел-үсті ойын       «Әдемі үйшік» Мақсаты:Балалар өз еріктерімен  үйшікті  құрастыра алады  Құрастыру

Сюжеттік ойын «Шаштараз» Мақсаты:Балалар ойын арқылы шаш қиюшының еңбегін түсінеді.                     Көркем әдебиет 

Дидактикалық ойын «Сандар тізбегі»             Мақсаты: Сандарды тура және кері санай білуге үйрету                  Математика негіздері

Ертеңгілік жаттығу

                 Таңғы жаттығу кешені № 10

 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі-ҰІӘ)

Д/ойын:«Ғажайып қоржын»

Мақсаты:Балаларды заттарды қолдарымен, сипаптиісті қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.

қажетті құралдар: Ғажайып қоржын. Балалар санына сәйкес, таныс ойыншықтар.

Д\ойын«Бұл қай кезде болады»

Мақсаты:Баланың жыл мезгілдері жайлы білімдерін тиянақтау пысықтау тиісті белгілерін атату, тілдерін жетілдіру, танымдылықтарын, ұстамдылықтарын дамыту.

Қажетті құралдар: Жыл мезгілдеріне байланысты 3-4 сурет 

Д/ойын:« Өз жұбыңды тап»

Мақсаты:Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілеттерін пысықтау.

Қажетті құралдар:

Цифрлар бала санына 

Д/ойын:«Қателесіп қалма?».

Мақсаты: Жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың күннің әр түрлі мезгілінде не істейтін туралы біліктерін нығайту.

Қажетті құралдар:

текше

Д/ ойын:

«Гүл шоғын құрастыр».

Мақсаты: Бақшада, далада, орманда өсетін гүлдерді дұрыс тауып, аттарын есте сақтауға үйрету.

Ойынның ережелері.Гүлдің кімге арналғанын, Қайда өсетінің және қалай аталатынын көрсету.

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша  ҰІӘ

                                                                      1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

1.Сөйлеуді дамыту

Ойын-жаттығуы «Сұрақ жауап»

1)Қазір жылдың қай мезгілі?2)Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

3)Қардың түсі қандай?

4)Қар қайтіп жауады?

5)Қыс мезгілінде неше ай бар?

Сергіту жаттығуы

Қыс сөзіне дыбыстық талдау жасау

Қ-дауыссыз дыбыс

Ы-дауысты дыбыс

С-дауыссыз дыбыс

Дидактикалық ойын:

«Қай мезгілде ойнаймыз?»

Ойын шарты: Шаңғы, асық, шана, доп, хоккей, секіргіш жіп суреттеріне қарап, қай мезгілде ойнайтынын айту.

Дәптермен жұмыс

1.Сауат ашу негіздері

«Артығын тап» ойыны.

Ойын шарты:Балалар сөздер арасынан артық сөзді табады

1. Қыс, көктем, жаз, күз , үз. (үз)

2. Жел, жаңбыр, қар, боран, қуыршақ, бұршақ. (қуыршақ)

3. Шаңғы, коньки, шана, ана. (ана)

4. Əке, ана, ата, əже, аға, таға. (таға)

5. Таңқурай, құлпынай, бүлдірген, күлдірген. (күлдірген)

Дидактикалық ойын-жаттығу: «Жалауша»

Ойын шарты:Балаларға  дыбыстар айтады, егер дыбыс дауысты болса, балалар қызыл жалаушаны, егер

дыбыс дауыссыз болса, көк жалаушаны желбіретеді.

Дидактикалық жаттығуы: «Сөзді аяқта»

Ойын шарты: Балаларға сөздің ең соңғы буынын айтпай аяқталмаған сөздер айтылады. Балалар соңғы буынды қосып сөзді табады.

Мысалы: аққа...ла, ба..ла, ба..нан, бан..тик, асқа..бақ, сə..біз, домбы..ра, қам..шы,

балмұз..дақ, аялда..ма, дəріха..на, емха..на, балабақ..ша, бағдар..шам, қалам...сап, қыза..нақ,

бұл..ақ, көзілді..рік, тоңазт..қыш, тер..ек, ша..тыр, ал..қа

Дəптермен жұмыс

1. Жыл мезгілдерін ата. Қазір жылдың қай мезгілі? Күз, қыс, көктем, жаз сөздерін

қатыстырып, сөйлем құра. Сызбасын сыз.

2. Суреттерді ата. Буынға бөл.

3. Дыбыстық талдау жаса.

1.Сөйлеуді дамыту

Ойын-жаттығуы «Сұрқақ жауап»

1)Қазір жылдың қай мезгілі?2)Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

3)Қардың түсі қандай?

4)Қар қайтіп жауады?

5)Қыс мезгілінде неше ай бар?

Сергіту жаттығуы

Қыс сөзіне дыбыстық талдау жасау

Қ-дауыссыз дыбыс

Ы-дауысты дыбыс

С-дауыссыз дыбыс

Дидактикалық ойын:

«Қай мезгілде ойнаймыз?»

Ойын шарты: Шаңғы, асық, шана, доп, хоккей, секіргіш жіп суреттеріне қарап, қай мезгілде ойнайтынын айту.

Дәптермен жұмыс

1.Сауат ашу негіздері

«Артығын тап» ойыны.

Ойын шарты:Балалар сөздер арасынан артық сөзді табады

1. Қыс, көктем, жаз, күз , үз. (үз)

2. Жел, жаңбыр, қар, боран, қуыршақ, бұршақ. (қуыршақ)

3. Шаңғы, коньки, шана, ана. (ана)

4. Əке, ана, ата, əже, аға, таға. (таға)

5. Таңқурай, құлпынай, бүлдірген, күлдірген. (күлдірген)

Дидактикалық ойын-жаттығу: «Жалауша»

Ойын шарты:Балаларға  дыбыстар айтады, егер дыбыс дауысты болса, балалар қызыл жалаушаны, егер

дыбыс дауыссыз болса, көк жалаушаны желбіретеді.

Дидактикалық жаттығуы: «Сөзді аяқта»

Ойын шарты: Балаларға сөздің ең соңғы буынын айтпай аяқталмаған сөздер айтылады. Балалар соңғы буынды қосып сөзді табады.

Мысалы: аққа...ла, ба..ла, ба..нан, бан..тик, асқа..бақ, сə..біз, домбы..ра, қам..шы,

балмұз..дақ, аялда..ма, дəріха..на, емха..на, балабақ..ша, бағдар..шам, қалам...сап, қыза..нақ,

бұл..ақ, көзілді..рік, тоңазт..қыш, тер..ек, ша..тыр, ал..қа

Дəптермен жұмыс

1. Жыл мезгілдерін ата. Қазір жылдың қай мезгілі? Күз, қыс, көктем, жаз сөздерін

қатыстырып, сөйлем құра. Сызбасын сыз.

2. Суреттерді ата. Буынға бөл.

3. Дыбыстық талдау жаса.

1.Сауат ашу негіздері

Дидактикалық ойын «Жалпы атауын айт»

1.Тəрелке, құмыра, кесе, шанышқы – ... (ыдыстар)

2. Карамель, ирис, шоколад – ... (кəмпиттер)

3. Басбармақ, балаң үйрек, ортан терек, кішкене бөбек, шылдыр шүмек – ... (саусақтар)

4. Күрте, пальто, тон, плащ – ... (киім)

5. Тымақ, қалпақ – ...(баскиім)

Дидактикалық жаттығуы «Тиісті белгіні көтер»

Ойын шарты: Балаларға жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды араластырып айтады, балалар жуан дауысты дыбысты айтқанда, сары түсті дөңгелекті, жіңішке дауысты дыбыстарды айтқанда,қызғылт сары дөңгелекті көтереді.

Дидактикалық ойын: «Буынды қос»(доппен)

Ойын шарты: Балалар, шеңберге тұрайық. Мен буынды айтып, бір балаға допты лақтырамын, бала

допты ұстап алып, бір немесе бірнеше буынды қосып, сөзді жалғастырады. Кім дұрыс айта алмаса немесе тез буынды айтпаса, айыбын өтейді. Мысалы:( ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла).

Ойынды өзгертуге болады.

Ойын жаттығуы «Кəне, тауып көр»

Ойын шарты: Балалар мен сендерге сөз, буын, дыбыс айтамын, сендер алдарыңдағы сызбадан мен не айтсам, соны дыбыс па, сөз ба, буын ба анықтап, сызбасын көтересіңдер.

Мысалы:

[р], -ба-, аққала, ар-, ос- , қа-, [е], [т], [к], та-, ен-, ар-, алма, сабақ, жаңа, дə-, мы-, мон-, [г],

[ш], сөз, көз, бала, жа-, үс-,ші-, то-, ки-, [з], [и], са-, ша- , ет, елік, блезік, күнбағыс, ұр-, ын-,

лек-, діз-, тик-, қыш-, дол, қол, бол, сал, мал, тау, қы-, тық-, ем-, ек-,іс-, діз-, ік-.

Дəптермен жұмыс

1. Суретте бейнеленген заттарды ата. Буынга бөл. Тиісті сызбамен қос.

2. Суреттерге қара. Ө дыбысы бар сөздерді ата. Өгіз, көл сөздеріне дыбыстық

талдау жаса.

                                                                                   Үзіліс:   

Қимылды ойын:

« Күн мен түн » 

Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.

Ойын мазмұны: 

Балалар бірі « Күн», екіншісі « Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір-бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші « Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма-кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.

Қимылды ойын:« Көги-гөк » 

Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Ойын мазмұны: Тақпақ айтып, бір қызды « кемпір» етіп сайлайды. Қалғандары қаз болады. « Кемпір» шетке шығып тұрады, басқа ойыншылар қаздай тізіліп, бірінің соңынан бірі ұстап:

Гөк, гөк, көги көк,

Гөк, гөк, көги гөк.

Гөк, гөк, көги гөк,-деп қаздың жүрісіне еліктей ақырын оң мен солға шайқалып, « кемпірдің» қасына келеді.

Бірінші келген балаға беріп: « Жоғалтпаңдар!»-деп тапсырады.

Балалар айнала жүріп, қайтадан қаздай тізіліп « кемпірге» келеді.

« Кемпір»

Әлгің қайда?

Қалды сайда!-деп сұрайды.

Балалар бәрі бірдей.

Әлгің қайда?-

Қалды сайда!-деп жауап береді. Олай болса сендердің біріңді алып қаламын, деп « кемпір» балаларға бас салады. Балалар тізбегін жазбай қаша жөнелуі керек. Қолға түскен біреуін « кемпір» қасына алып қала береді. Ойын барлық балаларды түгел ұстап болғанша қайта жалғаса береді.

Қимылды ойын:

« Аққу-қаздар »

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.

Ойын мазмұны: Алаңның бір шетіне қаздар тұратын үй белгіленеді, қарсы шетіне бақташы тұрады. Үйдің бір жақ бүйірінде қасқыр тұратын үңгір болады. Алаңның қалған жері жайылым болады. Бақташы қаздарды жайылымға қуып шығады, олар жайылып жүреді.

Бақташы: Қаздар, қаздар, қаңқылдап,

Барасыңдар қай жаққа.

Қаздар: Айна көлі жалтылдап,

Жатқан жасыл аймаққа.

Бақташы: Біздің жерге түсе кет,

Түсіп сусын іше кет.

Қаздар: Сіздің жерге түсеміз

Түсіп сусын ішеміз.

Бақташы: Болсын онда жол жайлы!

Қаздар: Бізге ол жаққа болмайды,

Жолды тосып тұр сұр қасқыр.

Бақташы: Олай болса, қалаған,

Жақтарыңа бар аман.

Қаздар қанаттарын жайып, жайылым арқылы үйлеріне ұшады, ал қасқыр үңгіршек жүгіріп шығып, оларды ұстауға тырысады. Ұсталған қаздар қасқырдың үңгіріне қарай жүреді. Бірнеше рет жүгірістен кейін қасқырдың ұстаған қаздарфын санайды. Ойын 3-4 рет қайталанады.

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

2.Математика негіздері

Ойын жаттығуы: «Кім биік, аласа немесе тең» 

Балалар,кімнің бойы биік, кімнің бойы аласа,кімнің бойы бірдей екенін қалай білесіңдер?

Топтың жартысына жұптасып тұруды ұсынады. Топтың екінші жартысы жұптарды салыстырады;одан кейін балалар орын алмастырады.

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірімізге жақын немесе бір-бірімізге арқамызды тақап тұрамыз. 

демонстрациялық материалмен жұмыс

Дәптермен жұмыс 

1,2,3,4-тапсырмаларды орындау

«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. 

14-беттегі № 18 тапсырманы орындау

2.Қазақ тілі

Дидактикалық ойын: «Не көріп тұрсың?» 

– Қуыршақтың дене мүшелерін атаймыз. 

Мынау – басы. Мынау – қолы. Мынау – аяғы. Бұлар – дене мүшелері.

Дидактикалық ойын: «Біздің  көңіл - күйіміз» 

Мақсаты:     балаларды  суреттегі  бет- әлпет     

бойынша  ым  мен     мимикаға  байланысты  көңіл     күйді  ажырата білуге  үйрету. 

Көңіл  күйді  білдіретін     сөздерді  дұрыс  айтқызу. Шарты:  бет- әлпеттің  мимикасына     қарап,  көңіл күйді  білдіретін     сөздерді  бөліп  айтады. Сөйлем  құрайды,     әр  түрлі  көңіл     күйді  білдіретін  сәттерді     салу. 

Күліп     тұрған  бала 

Ренжіп     тұрған  бала 

Аузын  ашып  тұрған     бала. Аузын  томпайтып  тұрған     бала т,б  суреттер

Дидактикалық ойын «Қайтала, көрсет». 

Балаларға киімдердің атауларын жекеше, көпше түрде және олардың түр-түстерін атайды. Балалар сөздерді қайталап, сөзге сәйкес суретті көрсетеді. 

Мысалы: көйлек, көйлектер, сары көйлек, қысқа жең жейде.

Тақпақты жаттау

Не үшін? 

– Екі көзің не үшін керек? 

– Жақсыларды көру үшін. 

– Екі қолың не үшін керек? 

– Елге көмек беру үшін. 

– Құлақ деген не үшін керек? 

– Ақыл-кеңес тыңдау үшін. 

(Қадыр Мырза Әли)

Жұмыс дәптерімен жұмыс

1.Суреттерге қара. Дене және сезім мүшелерінің атқаратын қызметіне қарай сөйлем құра.

2.Көркем әдебиет 

Ертегі- əдеби жанрдың бір түрі екенін естеріне түсіру. Ертегі ойдан, қиялдан туады.

Орыс халқының «Алтын балта» ертегісін мәнерлеп оқу

«Бөлшектерінен тап» ойыны

Ойын барысы:Балаларға кез-келген аң құсқа байланысты сөздер айтады.Балалар ол қандай аң немесе құс екенің табады.

1. Көз, ауыз, желбезек – ... (балық)

2. Бас, қанат, аяқ – ... (құс)

3. Құлақ, көз, жал – ...  

(жылқы)

4. Бас, мүйіз, сақал – ... (ешкі) 

Дидактикалық ойын

«Не істеу керек?»

Ойын шарты:

Сұрақтарға жауап алу арқылы балаларды әдептілікке жетелеу.

Дәптермен жұмыс

1.  1.Суретті қара. Ертегінің жүйесін сурет бойынша баянда.Ертегі кейіпкерлерінің қимыл-əрекетін жəне эмоциясын келтір. 

2.Жұмбақты шеш

2. Қоршаған ортамен танысу

Дидактикалық ойыны.

«Қайсысы артық?» Ойын шарты:жыл мезгілінің атауын атайды: «Күз». Содан соң жылдың әртүрлі мезгілдерінің өзіне тән белгілерін атап көрсетеді (құстар оңтүстікке ұшып кетеді; бәйшешектер гүлдейді; ағаштардың жапырағы сарғаяды; үлпілдеген ақ қар жауады).

Әліппе-дəптермен жұмыс.

«Сиқырлы қапшық»
 Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. 
 Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. 
 Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады. 

«Үйдің есігін жабайық»
 Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. 
 Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері. 
 Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну. 

2.Көркем әдебиет 

Жұмбақ 

Қардай аппақ, мамықтай жұмсақ. Ол не?  (Мақта)

Мақта-жұмсақ, аппақ болады. Мақтадан киім дайындайды, көрпе жасайды. Бүгін біз мақта туралы Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Бір уыс мақта» деген қызықты əңгімесін мәнерлеп оқимыз

Дидактикалық ойын: «Біздің  көңіл - күйіміз» 

Мақсаты:     балаларды  суреттегі  бет- әлпет     бойынша  ым  мен     мимикаға  байланысты  көңіл     күйді  ажырата білуге  үйрету. 

Көңіл  күйді  білдіретін     сөздерді  дұрыс  айтқызу. 

Шарты:  бет- әлпеттің  мимикасына  қарап,     көңіл күйді  білдіретін  сөздерді     бөліп  айтады. Сөйлем  құрайды,     әр  түрлі  көңіл     күйді  білдіретін  сәттерді     салу. 

Күліп     тұрған  бала 

Ренжіп     тұрған  бала 

Аузын  ашып  тұрған     бала 

Аузын     томпайтып  тұрған  бала т,б     суреттер 

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» 

Ойын шарты: екі шырша қойылады. Балалар екі топқа бөлінеді. Шыршаны өздері жасаған ойыншықтармен, қағаз қолшаммен (фонарик) безендіру. Жылдам безендірген топ жеңімпаз атанады

Дәптермен жұмыс

2.  1.Суретті қара. Ертегінің жүйесін сурет бойынша баянда.Ертегі кейіпкерлерінің қимыл-əрекетін жəне эмоциясын келтір. 

2.Жұмбақты шеш

                                                                                                                         Үзіліс: 

Қимылды ойын:

« Шарлармен алмасу »

Мақсаты:Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.

Ойын мазмұны: 

Балалар орындықтарда дөңгеленіп отырады. Тәрбиеші қатар отырған екі балаға бір-бірден шар береді де ары қарай басқаларға ауыстырады ( біреуі оңға, біреуі солға ұсынады ). Шарлар бір-бірімен екі жақтан кездескенде балалар « Соқтығысты» деген сөзбен оларды соқтықтырады. Одан кейін балалар орындарынан тұрып, дөңгелекті айналып, қарсы жаққа барады, қалғандары орындықтарынан тұрып: « Жүгірдік, жүгірдік...,» деп дауыстайды. Балалар өз орындықтарына жүгіріп келіп: « Ол шарды басқа балаларға береді де ойын қайталанады.

Бұл ойынды даладағы сазды алаңда өткізуге болады, онда балалар көк шөптің үстінде отырады

Қимылды ойын: 

« Кішкене өзен арқылы »

Мақсаты:

Балаларды қырағылыққа, байқампаздыққа үйрету,бірлікке,татулыққа тәрбиелеу

Ойының шарты: 

Ойынға бір топ (6-8 адамнан) бала тартылады. Алаңда бір-бірінен 1,5-2м қашықтықта екі сызық сызылады. Бұл өзен.

Ойнаушылар сызықтың жанында-өзеннің жағасында тұрады. Олар өзеннен анық сызылған дөңгелектер арқылы аяғын суламай, тастан-тасқа секіріп өтуі керек. Дөңгелектердің арасының қашықтығы балалардың оларға бірінен-біріне секіре алатындай болуы керек. Өзеннен қатарынан 2-3 бала өтеді, ал қалғандары тәрбиешімен бірге оларды бақылап тұрады. Секіре алмай, аяғын сулап алғандары оны күнге кептіруге кетеді-орындыққа отырады. Кейін олар ойынға қайтып араласады, тәрбиеші оларды қалай болса да мақтап, жағаның екінші жағына өтуге көмектеседі.

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет              

3.Қоршаған ортамен танысу

Балаларды 3 топқа бөліп тапсырма береді:

Бірінші топтағы балаларға матаны зерттеуді ұсынады.

Екінші топтың жұмысын қағазды зерттеу бағытында ұйымдастырады.

Үшінші топ металмен жұмыс істейді.

Әліппе-дəптермен жұмыс.

«Тағы не істейді?» ойын-жаттығуы

Ойын шарты: балалар заттың іс-әрекеттерін немесе қасиетін атап көрсетуі тиіс.

1.Үйрек суда жүзе алады,тағы не істейді? 

2.Сүңгиді, жерде жүреді,ұшады, барылдайды.

3.Мысық тышқан аулайды, одан басқа тағы не істей алады?

4. Бетін сипалайды, пысылдайды, мияулайды, серуендейді, ұйықтағанды жақсы көреді.

5. Күн жарық сәуле шашады. Тағы не жарық шашады?

6.Қалта шам, шам, көліктің шамы...

Дидактикалық ойын: «Ойлан да аяқта» 

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, сөйлеу барысында қолдануларын қалыптастыру. 

Тілдің грамматикасын дұрыс сақтауын қалыптастыру, сөйлеу іскерліктері мен сөздік 

қорын байыту.  

Шарты: Берілген сурет бойынша тәрбиеші сөздерді айтад, ал  балалар аяқтайды. 

Қарға  ұшады,ал ат ...(шабады) 

Ит үреді, ал қарға...(қарқылдайды) 

Жылан жорғалайды, ал балық...(жүзеді) 

Қасқыр ұлиды, ал қой...(маңырайды) 

Түйе боздайды, ал жылқы...(кісінейді) 

Лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)         

3. Математика негіздері

«Мені таны» ойыны

Ойын шарты:Балаларға жұмбақ оқылады.Балалар жұмбақтың жауабын суретте бейнеленген фигуралар арқылы табады

1.Сен маған мұқият қара, Менің үш қабырғам, 

Үш бұрышым, үш ұшым бар. (Үшбұрыш.) 

2. Сопақша да емеспін, Үшбұрышқа дос емеспін, Тікбұрышқа аға болам, 

Шаршы деген мен болам.  (Шаршы.) 

3. Денемнен бұрыштар табылмайды, Бірақ көп нәрсе бір маған ұқсайды: Әртүрлі табақтар, Легендер, медальдар. Олар адамдарға өте керек, Атым менің   (дөңгелек). 

4. Менен де бұрыштар таппайсың, 

Дөңгелекке аз ғана ұқсаймын, Екі жағымнан қысыңқырап, 

Екі жағымнан сәл созыңқырап.  (Сопақша.) 5.Мына шелекке қара – Қақпағы мен түбі бар, 

Екі дөңгелекті қосқан –     Бір фигураны алған. (Цилиндр.)     6.Бұл дене доп болып секіреді, Қарбыз болып домалайды, 

Толықсыған ай болып күлімдейді, 

Күн болып жарқырайды. Ол қалай аталады? (Шар.) 

Демонстрациялық материалмен жұмыс

Дидактикалық ойын

«Бұл неге ұқсайды?»  Ойын шарты:Қоршаған ортадан дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, текше, шар, цилиндрге ұқсайтын заттарды атаңдар.

Дәптермен жұмыс

1,2,3,4-тапсырманы орындау

«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. 

22-беттегі № 30 тапсырманы орындау

Тақпақ жаттау. 

Сырттан келіп үнемі, 

Сабынмен қол жуамын. 

Сүлгімен сүртемін, 

Айнаға қараймын, 

Шашымды тарақпен тараймын. 

Мен ұқыпты баламын.

Дыбыстық жаттығу (айнамен қайталау). 

Қ-қ-қ-та-за-лық-ты сүй-е-мі-із - тазалықты сүйеміз. 

Ү-ү-ү-ү- сү-үл-гі- сүлгі.

Дидактикалық ойын

«Кім жылдам»

Ойын барысы: балалар суреттер берілген қыз бен жігітке киімдерді топтастырып, киім үлгісіне атау береді. Жасау уақыты: 1-2 минут

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта» 

– Тазалықты....... (сүйеміз) . 

– Сабын, жөкемен...... (денемізді жуамыз). 

– Сүлгімен..... (денемізді сүртеміз). 

– Тарақпен .... (шашымызды тараймыз). 

Жұмыс дәптерімен жұмыс

1.Жұмбақтарды шеш. Жауаптарды суреттерден тауып, жұмбақтарға қос. 

2. Заттарды ата. Олар не үшін керек? Сөйлем құра.

3.Шығармашылық іс-әрекет

«Аяулы әже» әнің тыңдау

Балаларға еңбек қауіпсіздігі жəне жеке гигиена ережелерін сақтау туралы ескерту жасау

Түрлі түсті қағаздармен жұмыс жасау:

Балалар ою-өрнекті бастырып қиюды үйренеді

Саусақ жаттығуы: Бес саусаққа бұйрық. 

Бас бармағым – батырым, бар ғой сенің ақылың. 

Сұқ саусағым батылым, барлық саусақ жақының! 

Ортан қолым – алыбым, ағасысың бəрінің! 

Аты жоқ қол – көкешім, қалай бөлек кетесің? 

Шынашағым – бөпешім, қашан сен ер жетесің? 

Барлығыңа бұйрығым: жиналмапты үй бүгін, 

Босқа ойнап жүрмеңдер, кəне, жұмыс істеңдер! 

                                                                                                                                 Үзіліс:   .   

Тіл дамытуға арналған жаттығулардың мақсаты:

Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету, тілін дамыту

Шалқан: Шалқан үлкен болып өсіп қалған екен. Оны көрген атай: «О...о...о!» деп таң қалды. Кәне, бізде айтып

Жыланның ысылы: Жылан қалай дыбыстайды?

Ыы.. ....Ыс – с – сссс

Жүгіруге арналған ойын:  «Қайда жасырылғанын тап»

Мақсаты:

Балаларды қырағылыққа, байқампаздыққа үйрету,бірлікке,татулыққа тәрбиелеу

Ойының шарты: Балалар бөлменің бұрышында тұрады.

Тәрбиеші жалаушаны тығатынын айтады. Балалар теріс қарап көзін жұмады,тәрбиеші жалаушаны тығып қояды да «болды» ,деген де балалар жалаушаны іздейді.Тапқан бала жалаушаны тығады.Ойын 2-3 рет қайталанады.

Жүгіруге арналған ойын: «Мысықтар мен балалар»
 
Мақсаты:Берілген белгіні дұрыс тыңдай білуге, ойын ойнағанда қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге, топпен ойнауды ойнай білуге үйрету. Ептілікке,алғырлыққа тәрбиелеу.
 
Ойынның шарты:Балалардың жартысы мысықтар болады, ал жартысы олардың иесі болады. Мысықтар баспалдақта отырады, олардың иелері жүрелерінен алаңның екінші жағында отырады. 
 Тәрбиеші сүт кімге керек деп сүт құйғандай болады.Балалар «кис-кис», деп шақырады.Мысықтар жақындаған да балалар алаңның екінші жағына қашып шығады. 
 
Ойын 2-3 рет қайталанады.

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

4.Дене шынықтыру

«Дегелек» ойыны.

Тізелерін аздап бүгіп, иығын аздап алдыға еңкейтіп, қолдарын төмен салбыратып, алдыға қарап тұрды. Тізесін бүккен бір аяғын көтереді де, шаңғыны көлденең ұстап, кідіріс жасайды

«Дуал саламыз!» ойыны

Шаңғымен оң жаққа, сол жаққа сүйем қадамдар жасап жүреді.

Бірнеше заттарды айналып, арасымен шаңғыны сырғыта жүріп өту.

 «Мұқият бол!» ойыны

Балалардың барлығы Педагогтің белгісіне мұқият қарап, сәйкес қимылдар жасайды. Жасыл жалау көтерілсе – жүреді, қызыл көтерілсе – шұғыл тоқтайды.

Мимикалық жаттығулар

1.Маңдайын жиырып, қабағын көтереді, босатады. 1 мин маңдайын жап-жазық етіп ұстауға тырысады.

2.Қабағын түйіп (ашуланып), қасын босатады.

3.Көздерін бақырайтып (қорқып), көздерінің үстін қайта босату (жалқаулану).

4.Танауын керіп (бір иісті сезгендей демін ішіне тартып), демін сыртқа шығарып, босаңсу.

5.Көздерін қысып, жұмып, қайта босаңсу.

6.Көздерін сығырайту, қайта босаңсу.

7.Үстіңгі ернін көтеріп, мұрнын жиыру, қайта босаңсу.

4.Музыка

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (Е. Андосов).

Балалар марш музыкасымен шеңберде жүріп, аяқты нық басып, бойды тік ұстап, тізені жоғары көтеріп, қолды сермеп, ырғақпен жүреді.

Музыка тыңдау«Көңілді балалар әні» (Б. Дәлденбай). Композитор Б. Дәлденбайдың суретін көрсету.

Балалардан әннің не туралы айтылып отырғанын сұрау.

Ән айту: «Қыс келді» (Б. Жұмабекова).

Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев).

Балалар музыкаға ілесіп қоянның «шөп жұлу», «үрку», «айбат көрсету» секілді қимылдарын үйренеді.

Ойындар, хороводтар: «Кешікпе» орыстың халық әуені (өңдеген М. Раухвергер).

Ойын шарты: 1-4 такт. Балалар әр бағытта жүгіреді.

5-6 такт. Орындарында тұрып, алақандарын шапалақтайды.

7-8 такт. Соңғы аккордқа дейін орындықтарға отырып үлгеру үшін, өз орындарына жүгіреді.

Музыкалық аспапта ойнау: «Тамшылар» румын халық әні (өңдеген Т. Попатенко).

4.Дене шынықтыру

Қол жаттығуларын шеңбер бойымен жүріп келе жатып орындау.

2 мин баяу қарқынмен, аяқты өкшеден бастап басына қарай қойып, қолды еркін ұстап, жүгіру. Тыныс алуды қалыпқа келтіру.

Тыныс алу жаттығулары

1.Бастапқы қалып – еденге аяқты айқастырып отыру. Арқаны тік ұстап, қолдарын жоғары көтергенде терең тыныс алып, иіліп, алға қарай қолдарын түсіргенде дем шығару.

2.Бастапқы қалып – сол қалып. Қолдарын жоғары созып, терең тыныс алады. Төмен түсіргенде маңдайы мен қолдарын еденге тигізіп, дем шығарады.

3.Бастапқы қалып – сол қалып. Қолдарын иық деңгейінде алдыға немесе екі жаққа түзу созып, алақанын төменге қарату. Тыныс алғанда сол қолдың басын жоғары көтеріп, оң қолдың басын төмен түсіру. Дем шығарғанда керісінше сол қолдың басын төмен, оң қолдың басын жоғары қозғалту.

4.Бастапқы қалып – сол қалыпта балалар екі қолын екі жаққа жұдырығын түйіп, басбармағын шошайтып созады. Тыныс алғанда бас бармақты баяу жоғары, дем шығарғанда төмен қаратады.

Биіктікке секіру.

Жүгіріп келіп, биіктікке (20 см) секіреді. Белгіленген жерге келгенде жүгіріс пен аяқпен итерілуді ұйлестіре білу керек.

Екі аяқты бірдей созып барып екпінмен шапшаң итерілуге тырысады. Қолмен сермеп көмектеседі.Жүгіріп екпін алған соң кідірмей кедергіге келгенде екі аяқты бүгіп барып қайта жазып итеріліп секіреді.

«Тақия тастау»

Көлденең нысанаға асықты 3 м қашықтықтан лақтыру. «Қолын түзеп жазып барып, төменнен лақтыру» тәсілін қолданады.

Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу.

Қиғаш қозғала отырып өрмелеп, арқаннан ұстап салбырап тұрады.Жаттығу жеке-жеке орындалады.

«Аламан» қимыл-қозғалыс ойыны.

Бір-бірден тізбекке тұрып, әр ойыншы алдыңғы ойыншының белінен ұстайды. Бастаушы тізбектің ең басындағы ойыншыға қарап тұрып, оңға, солға ұмтылып, ең соңғы ойыншыны ұстап алуға тырысады.

4.Музыка

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Көңілді балалар» литва халық әуені (өңдеген Т. Ломова).

Балалар шеңберде жүріп, музыкаға ілесіп қимылдар жасайды.

Музыка тыңдау: «Вальс» (Қ. Шілдебаев).

Балаларға Қ. Шілдебаевтың суретін көрсетіп, оның өмірі туралы қысқаша мәлімет беру.

«Вальс» – би музыкасы, көбіне ол музыкаға жұптасып билейді.

Ән айту: «Айнала ақша қар» (И. Мамақов).

Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев).

Балалар музыкаға ілесіп қоянның қимылдарын үйренеді, «шөп жұлу», «үрку»,«айбат көрсету» секілді қимылдарды үйренеді.

Ойындар, хороводтар: «Көлеңке» (К. Қуатбаев).

Ойын шарты: Балалар шеңбер бойымен тұрады.Топ ішінен бойы ұзын бір бала және бойы аласа бір баланы таңдап алады. Бойы қысқа баланың «көлеңке» болатынын түсіндіреді.Яғни, әнді айта жүріп, бойы ұзын бала қандай қимыл жасаса, «көлеңке» соның қимылын шатаспай қайталауы тиіс. Ойын шарты бұзылса, айып ретінде тақпақ немесе ән орындап береді.

Музыкалық аспапта ойнау: «Тамшылар» румын халық әні (өңдеген Т. Попатенко).

4.Дене шынықтыру

Бір-бірден тізбекпен жүру, ирек жолмен жүру, тізені жоғары көтеріп жүру, көзді жұмып 4 м жүру, жіңішке жол, жуан жолмен жүру, жануарлардың ізімен жүру.

2 мин. үздіксіз баяу жүгіру.

Тыныс алуды қалыпқа келтіру.

1.Мұрынмен дем алып, ауызбен шығару;

2.Қысқа шұғыл дем алып – демін созып өте баяу шығару;

3.Баяу, созылмалы тыныс алу – қысқа, шұғыл дем шығару;

4.Ауа жіңішке ағыспен шығатындай етіп, баяу созылмалы дем шығару;

5.Жұлқып дем шығару;

6.Мұрын арқылы баяу тартып, терең тыныс алу, демін кідірте отырып, шығарғанда ауа санап болғанша жететіндей етіп, 1–10 дейін санау.

7.Арақашықтықты сақтай отырып, таяқтармен жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Негізгі қимылдар айналмалы жаттығуларын жасау.

«Ептілікке жаттығамыз!»

Ұзын орындықпен жүру (ені – 25 см, биіктігі – 30 см), жүріп келіп орта тұсында айналадағылардан өтіп кету.

Тепе-теңдік сақтап ұзын орындықпен жүріп, жаттығулар орындау. Орта тұсында құрсаудан-құрсауға өтіп, модульден айналып, жүгіріп қайтып келеді. Құрсаудан өткенде басы мен аяғын тигізбей жұмыр жиналуға тырысады.

«Тепе-теңдікті сақтауға жаттығамыз!»Жоғары жағы 40 см көтерілген көлбеу тақтайға жүгіріп шығып-түседі.Бірінші көлбеу тақтаймен төменнен жоғары қарай жүгіріп шығып, екінші тақтайдан биіктен төменге қарай жүгіріп түседі.

Командаға қайтып келеді.

«Мергендер», «Таяқтастау» (нысанаға дәл тигіз).2 метр қашықтықтан тік нысанаға дорбаларды ату. Бастапқы қалыпқа келу. Кішкентай дорбаларды қолды жоғары алға сермеп лақтырады.

Нысананың дәл ортасына тигізуге тырысады. Алдымен оң қолмен, сосын сол қолмен орындайды.

Серуенге дайындық

.

Серуен

Бақылау: Бұлтты бақылау.

Мақсаты: Қыста аспанды сұрғылт бұлт басады, бұлттың салдарынан қар  жауады т.б. түсіндіру.  Зәулімде тұрағы                                                     Тіреусіз тұрады.(Бұлт).

Еңбек: Көшедегі қар жинаушы машинала-

рдың жұмысын бақы

лау.Мақсаты: Қар тазалаушы машиналардың адам үшін пайдасының  зор екендігін  

айту.Еңбекті дәріптей білуге үйрету.

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.Күніне талай жерге кетер кезіп,     Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт

Мақсаты: Балаларға бұлт туралы түсінік қалыптастыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту.

Қим.ойын: «Мені қуып жет».

Мақсаты: Шапшаңдыққа үйрету. Денені ширату арқылы денсаулықты     нығайту.                 

Бақылау: Мұзды бақылау.

Мақсаты: Мұзды көрсете отыра сипаттау. Қыс мезгілінде  өзендер мен   көлдердің бетін мұз басатындығы жөнінде түсінік беру.

Еңбек: Тайғанақ жерге құм себу.

Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Өздеріне беріл

ген тапсырманы   тия-

нақты орындауларын қадағалау.

Жаңа жыл туралы тақпақ жаттату.

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда-жаңа нұр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар  бала жүр.

Мақсаты: Еске сақтау қабілетін дамыту, сөздерді қатесіз дұрыс айтуға үйрету.

Ойын: «Тышқан мен мысық».

Мақсаты: Шапшандыққа, жылдам шешім  қабылдауға үйрету.

Бақылау:Ауа-райын     бақылау. 

Мақсаты: Ауа-райын     бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау. 

Еңбек: «Таза алаң». 

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу. 

Ойын: «Қасқыр мен қаздар». 

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру. 

Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи».

Бақылау: Мұздақты бақылау.

Мақсаты: Мұздақтың пайда болу жолын түсіндіру, мұздақтан абай болып жүруге    үйрету.

Еңбек: Ағаш түптеріне қар үю.

Мақсаты: Еңбекқорлыққа үйрету. Жалқаулықтан аулақ болуға  шақыру.             

Жеке жұмыс:   Жұмбақ жатттату“

Отқа жанбас,                                      Суға батпас” (мұз)

 Мақсаты: Мұз туралы түсінік беру. Жұмбақ жаттату 

  арқылы сөздік қорын  молату. 

  Есте сақтау қабілетін дамыту.

 Қимылдық ойын: «Қазан».

 Мақсаты: Бірлесіп ойнауға шақыру. 

  Балалардың көңілдерін көтеру.

Бақылау: Күнді бақылау.

 Мақсаты: Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі.  Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру. 

 Еңбек: «Қыс қызығы». 

Назад Вперед