» Материалы за Май 2023 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 
 

2022-2023 оқу жылы бойынша С. Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясының ата-аналар және қамқоршылық кеңес мүшелері алдындағы мектеп директоры Л. Н. Нусипкожаеваның қорытынды есебінің хаттамасы

Автор: admin от 18-05-2023, 16:41, посмотрело: 32

0

Хаттама №

« Сәдуақас Серкебаев атындағы  мектеп-гимназия»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Кеген ауылы                                                                                         18.05.2023ж

« Сәдуақас Серкебаев атындағы  мектеп-гимназия » мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық  кеңесінің жиналысы болып өтті.

Қатысуға тиіс:  9

Қатысқаны:   9

Күн тәртібінде:

1.Мектеп директорының 2022-2023 оқу жылындағы   атқарылған жұмыстарға есебі.                                                              Л.Н.Нусипкожаева

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры төмендегі атқарылған жұмыстарға тоқталды.

1-слайдҰстаздық –жоғары  және  аса   тұлға  ретінде   қалыптасуында  мектеп   баға  жетпес  рөл   атқаратыны    белгілі. Елдің  әлеуметтік-экономикалық  дамуы    мектеп  қабырғасында   берілетін   білімнің  сапасына,  ұстаздың   шәкірт   бойында   қандай   құндылықтарды   сіңіргеніне  тікелей   байланысты.

2- слайд    Бүгінгі   күні  мектебімізде   1-11 сынып   аралығында  811 оқушы   мектеп қабырғасында білім алады.   Оның    ішінде  65  оқушы   мектепалды  даярлықта  оқиды. Сынып   комплектісі 40, үйден оқитын бала саны -5

3- слайд  2022-2023 оқу жылындағы 1-2-3 тоқсандардағы білім сапасына   тоқталсақ  мектеп бойынша І тоқсанда  білім   сапасы-60,1,   ІІ тоқсанда-61,2 пайыз   1 % пайыз, ІІІ тоқсанда-67,7 пайызды құрап,   айырма 6,5 % пайызға артты, 4 тоқсан болжам бойынша 70% жету  мүмкіндігіміз   бар.

4 слайд     Сыныптар бойынша сапа төмендегідей:

2 сыныптар бойынша – сапа 80.2%, үлгерім 100%

3 сыныптар бойынша – сапа 72.1%, үлгерім 100%

5 слайд

4 сыныптар бойынша – сапа 72.9%, үлгерім 100%

5 сыныптар бойынша – сапа 64.9%, үлгерім 100%

6 слайд

6 сыныптар бойынша – сапа 70.7%, үлгерім 100%

7 сыныптар бойынша – сапа 69.6%, үлгерім 100%

7 слайд

8 сыныптар бойынша – сапа 56 %, үлгерім 100%

9 сыныптар бойынша – сапа 60.6%, үлгерім 100%

8 слайд

10 сыныптар бойынша – сапа 70 %, үлгерім 100%

11 сыныптар бойынша – сапа 70.2%, үлгерім 100%


9 слайд

Биылғы оқу жылында 11 сыныпта -40  оқушы  білім алады.

ҰБТ – ге дайындау мақсатында ,бүгінгі күнге дейін 9 мектепішілік  тест алынып,қорытындысы шықты.

10 слайд

Аудандық тест нәтижесі бойынша ортақ балл – 56,7,  математикалық сауаттылық – 8,8 балл, оқу сауаттылығы – 13,2 балл, Қазақстан тарихы – 8,5 балл, математика – 17,2 балл, физика – 16 балл, химия – 10 балл, биология – 19,7 балл, география – 19,4 балл, дүниежүзі тарихы – 17,2 балл, құқық – 10,6 балл, ағылшын тілі – 13,7 балл.

11 слайд

2022-2023 оқу жылында білім алушылар Ұлттық біріңғай тестілеу тапсыру үшін мамыр, маусым айларына толық 100 пайыз тіркелді.


12 слайд

Халықаралық «Әл-Фараби-2023» олимпаиадасынан химия пәнінен ІІІ дәрежелі дипломға  11 сынып білім алушылары  Дүйсенбай Арлен марапатталса, Айдар Баян география  пәнінен ІІ дәрежелі дипломға,  Жұмағожа Олжас  химия пәнінен ІІ дәрежелі дипломға,   Жұмағожа Мирас  дүниежүзі тарих  пәнінен ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болып, ректорлық грант иегерлері атанды.

13 слайд

Мектепте  «PISA-2022» Халықаралық зерттеуіне білім алушыларды дайындау мақсатында   жұмыстар  атқарылды.

Ағымдағы жылдың 17 қараша күні мектептен 50 бала   «PISA-2022  зерттеуіне қатысты.

Әдістеме ісі бойынша

14 слайд

Мектебімізде   96  мұғалім  жұмыс    жасайды.  Оның  ішінде    зерттеуші  27,  сарапшы   19, модератор  27,  санатсыз 23   мұғалім  бар.   9 әдістемелік  бірлестік   құрылып,  жоспарға  сәйкес жұмыстар  атқарылады.

15 слайд

Мектепте   әдістемелік  жұмыс  ҚР   Білім және Ғылым министрлігінің 2007 жылғы  29 қарашадағы №583 бұйрығымен  бекітілген   Ережесі  негізінде құрылды Мектепте  мұғалімдер мен  әдістемелік   кеңестер  өткізіліп,  күн тәртібінде мұғалімдерге  түрлі    қолдаулар   көрсетілетін  шаралар өткізілді. Әр бірлестік  бойынша   онкүндіктер  жоспарланып,   білім   сапасын  көтеру  мақсатында   түрлі шаралар өтті.

16 слайд

Тарих  пәнінің  мұғалімі    Жұмаш  Сұлтан  21   желтоқсан  күні   мұғалімдер арасында   мектепішілік   «Жыл  пән  мұғалімі» өткізіліп,   Бас жүлдені   иеленді. Бастауыш  сынып мұғалімі  Төкен Эльмира  І орынды   иеленді. Көркем еңбек   пәнінің  мұғалімі   Үсенова   Гүлзира , дене  мәдениетінің  мұғалімі   Смағұлов  Жандос , ағылшын  тілі пәнінің   мұғалімі  Тәкен  Жанар   ІІІ орынды  иеленді.

17-18  слайд

Педагогтар   жұмыс  тобының, шет тілдер мұғалімдерінің  әдістемелік  бірлестік отырыстарында   өзінің   педагогикалық  тәжірибесін  тарату   нысандарын  белсенді  пайдаланады, қала  және   облыс  деңгейінде   шеберлік   сыныптарын  өткізді.


Тәрбие саласы бойынша

19 слайд

«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық», Отбасы-бақыт мекені» республикалық акциясы барысында мектебімізде тәрбие сағаттарымен ата-аналар жиналысы өткізілді.

20 слайд

Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Алматы облысы білім басқармасының 20.09.2022 жылғы № 908 –н  бұйрығы «Алматы облысы білім басқармасының  Кеген ауданы  бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 20.09.2022 жыл №128 бұйрығын басшылыққа ала отырып даярлық 1-11 сынып оқушылардың қайтар жолдағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша ата-аналар жиналысын өткізіліп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды.

Кеген аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары полиция капитаны Молданиязов Самат, полиция аға лейтенанты  Дайынбеков Марат  қызметкерлерімен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

21 слайд


Алматы облысы Денсаулық сақтау басқарамасының «Қос қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігінен мамандарымыз келіп 9, 10. 11 – сынып оқушларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Қос қанат Жетісу» бірлестігінен келген маман Сырлыбаева Анель Хамитовна Азимжанова Шырын Ержановна Дүйсен Альбина Үсенқызы  кездесу   өткізді. Мектеп психологтары Шаймухаева Ләйля мен Оспанжан Айзада қыздарымызға құрбыларына немесе аналарына айта алмаған ойларын «Эффект бабочки» әдісі арқылы қыздарымыз өз ойлары мен сұрақтарын қойып, ой қорытындылады.

22слайд

Спорттық  жарыстарда   мектеп  оқушылары  Республикалық, облыстық, аудандық  жарыстарға қатысып, жүлделі  орындарға   ие болды. Мектебімізде  әр  спорт   түрлерінен  үйірмелер  жүргізіліп,   оқушылар  түрлі  секцияларға   қатысады.

23 слайд

Оқушылардың Отанын  сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін  тарихын  білуде «Менің   отаным Қазақстан, «ҚР  Менің  Отаным» тағы басқа Жаңа  Қазақстандық   патриоттық  сезімдері  дамытылады.


24-25 слайд Бала құқығы

Бала  құқығы   -асыл  қазына.Мемлекет  әрбір   баланың  қауіпсіз  өмір   сүруін  қамтамасыз етеді.Өз міндеттерін  білген, азаматтық  мемлекеттік құқықтардың  не екендігін түсіндіру мақсатында   құқықтық   сауаттылықтары  арттырылады.

26 слайд

«Бейбіт күннің батырлары» 10 сыныптар арасында ,«Тұғыры биік  тәуелсіздік» тақырыбында  спорттық жарыстар өткізілді /волейбол,  стол теннис, баскетбол, тоғызқұмалақтан дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері

27 слайд

Өзін-өзі басқару ұйымы   2022 жылдың қыркүйектің 17 жұлдызында біз Болашақ өзін өзі басқару ұйымының мүшелері атандық.Парламент мүшелері:

Мектеп президентіБарманқұл Әділет

Вице-президент: Жұмабек Айым

Премьер министр: Қанатқызы Айя

Еңбек министрлары: Жеңіс Сабина, Жансерікқызы Сымбат

Білім министрлары: Нұрболат Ғазиза, Бейсенбай Аяжан

Мәдениет министрлары: Қайратқызы Алтынай, Ақай Аяла

Ақпарат министрлары: Қайсарқызы Анель, Қазыбек Ақнұр

Тәрбие министрлары: Қырғызжанқызы Нұрай, Құсайын Нұршат

Қыздар ұйымының жетекшілері: Жумалиева Іңкәр, Нұрақын Медина

Ұлдар ұйымының жетекшілері: Оразхан Заңғар, Ауталып Ерзат

Спорт министрі: Сабыр Хасболат

28 слайд

Ұйым жетекшілері әр апта сайын 1-11 сыныптар арасында тексеру жұмыстарын жүргізіп отырды. Мақсаты:

  1. Мектеп оқушыларының мектеп формасын қадағалау;
  2. Мектеп мүлкінің сақталуын қадағалау, кабинеттердің тазалығы;
  3. Оқулықтардың дұрыс күтілуін қадағалау, күнделіктердің толтырылуын қадағалау.

29 слайд

11 қарашада әлеуметтік педагогтар ұсынысымен,мектеп әкімшілігінің қолдауымен «Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.Жәрмеңкеге 9-10 сынып оқушылары атсалысты.Жәрмеңкенің басты мақсаты: әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларымызға қол ұшын созу.

30 слайд

химия-биология апталығында «Жаратылыстану ғылымы 21 ғасыр төрінде» атты интеллектуалды ойын өтті. Ойынға 8-9 сынып оқушылары қатысып, 8 «ә» сынып оқушылары жеңіске жетті.

31 слайд

«Еркеназ» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен және Болашақ өзін- өзі басқару ұйымының атсалысуымен «Өнерліге өріс кең» атты тақырыпта 6-9 сыныптар арасында Би жарысы өтті.

Байқау нәтижесі:Бас жүлдені 9-сынып қыздары “Қазақ биі”

Бірінші орын :7”ә”сынып қыздары “орыс,хорезм”биі

Екінші орын:8-сынып “Испан биі”

Үшінші орын: 7-сынып “қазақ биі”

6”в “-сыныбы “Жас бишілер”номинациясын

6”а”-сыныбы “Ең үздік өнер” номинациясын

6”б”-сыныбы “Үздік хореография”

6”ә”-сыныбы “Ең үздік костюм”номинациясын иеленді.


Жоғарғы сынып оқушыларының сұранысымен  «Әртүрлі кейіпкерлер»  тақырыбында би кеші өткізілді.


32 слайд

«Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінің қолдауымен мектепшілік үйірмелер ашылды.

33 слайд

Нактырақ айтсақ: «Эрудит»-білімділер үйірмесі,жетекшісі:мектеп президенті Барманкул Адилет

34 слайд

«Қызықты кітап» үйірмесі, жетекшілері: білім министрлері Бейсенбай Аяжан, Нұрболат Ғазиза

35 слайд

«Адал ұрпақ»- еріктілер үйірмесі, жетекшілері: еңбек министрлері Жансерікқызы Сымбат, Жеңіс Сабина

36 слайд

«Шабыт»-театр үйірмесі, жетекшісі: вице-президент Жұмабек Айым

37слайд

Мектеп ішінде «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы құрылған, жетекшісі – Әділбеков Тілекжан. «Жаңа Қазақстан  – жаңа жастар» тақырыбында ұйымдастырылған аудандық Жайдарман ойындарында «Шағала» жайдарман тобы 2 орын иеленді, сонымен қатар С.Серкебаев атындағы мектеп-гимназия директорының кубогы ойнатылып 1-ші орынға 11 сынып «Өзіміз ғой» жайдарман тобы, 2-ші орынға  10 сынып «F4» жайдарман тобы, 3-ші орынға 7 сынып «Шағала» жайдарман тобы ие болды.

38 слайд

«SS» интеллектуалды пікірталас клубы жұмыс атқарады, жетекшілері – Жұмаш Сұлтан, Қызайбай Әйгерім.

Облыстық «Ұлттық пікірталас» ойындарына қатысып, «Мағжан сенген жастар» фракциясы ұлттық нақыштағы үздік топ атанып, «Эрудит» фракциясы 1/8 финалға өтті.

39 слайд

5 желтоқсан Еңбек министрлерінің бастауымен «Жылы жүрек-жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымдылық акциясына 10 сынып оқушылары атсалысты.

40 слайд

ФИМ, яғни физика, информатика, математика онкүндігінің жабылу салтанатына орай вице-президенті,білім министрлері және информатика пәнінің мұғалімі- Әділбеков Тілекжанның ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында «Қызық екен!» интеллектуалды ойыны өтіп, 9 «а» сынып оқушылары жеңіске жетті.

41 слайд

Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай «Біз - Тәуелсіздік ұландарымыз!» атты мерекелік кеш өтті.

42 слайд

жалпы 0-5 сыныптар арасында жаңа жылдық қойылым, 6-11 арасында би кеші ұйымдастырылды.


43 слайд

Кеген ауданының бас имамы – Сығаев Асқар, Кеген аудандық маслихат хатшысы – Нұғыманов Алмасбек, Кеген жастар ресурстық орталығының бас маманы – Чукенов Әділеттің ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өткізіліп, мектеп оқушылары өздерін толғандырған сұрақтарымен бөлісіп, жауаптарын алды.

Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровпен 10-11 сынып оқушылары арасында Аудандық мәдениет үйінде кездесу өтті.

Кеген Аудандық полиция бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция лейтенанты Бейсенов Руслан Қызайбайұлымен 10-11 сынып ұлдарымен «Өз қауіпсіздігім бәрінен жоғары!» тақырыбында кездесу өткізілді.

44 слайд

Мектепшілік «Жігіт сұлтаны – 2023» байқауы өткізіліп, нәтижелері төмендегідей:

Бас жүлде Желдібай Алихан

1-інші орын Кеңесжан Дінмұхаммед

2-нші орын Елтікбай Мейіржан

3-інші орын Нұрахмет Бекзат

45 слайд

6-9 сыныптар арасында Мектеп аруы – 2023 байқауы өткізіліп, нәтижелері төмендегідей:

1-інші орын 9 сынып оқушысы Баймолда Айым

2-нші орын 8 сынып оқушысы Сәлім Баян

3-інші орын 9 сынып оқушысы Қуатбекқызы Ақбота

46 слайд

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына орай «Дариға жүрек» атты ақынды еске алу кеші өтті. Бұл кешке мектебіміздің өнерлі де, талантты оқушылары қатысып, өнерлерімен көрермендерді тамсандырды.

47 слайд

Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы аяулы ұстаздарымызбен ардақты аналарымыздың да мерекелерін ескерусіз қалдырмады. 10-11 сынып оқушылары өздерінің жылы лебіздерімен, ізгі ниеттерімен ұстаздарымызды құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бейінді ісі

48 слайд

«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»  деп Питер Клайн айтқандай балалардың дарындылығын дамытуда мектебімізде дарынды балалардың ғылыми қоғамы жұмыс жасайды.

49-50 слайд

Ғылыми қоғамның жылдық жұмыс жоспарына сай ұстаздар пәнге қызығушылық білдірген, дарынды балалармен жеке бағдарлама әзірлей отырып, халықаралық, республикалық, облыстық байқауларға білім алушыларды қатыстыруда.

51 слайд

Атап айтқанда, қыркүйек айында ағылшын тілі пәні мұғалімі Алипбаева Бинур Алипбековнаның жетекшілігімен 10- сынып оқушылары Барманкул Адилет, Нурболат Ғазиза, Жансерікқызы Сымбат   Халықаралық «FLEX» орта білім саласындағы білім алушылармен алмасу бағдарламасына қатысты. Іріктеу қорытындысы бойынша білім алушылар Америка Құрама штаттарындағы  мектептерде білім алу, тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне ие болады.

52-53 слайд

Республикалық «Дарын» ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысып 10 сынып оқушысы Ауталып Ерзат            3-орын,  информатика пәнінен 10 сынып оқушысы Бейсенбай Аяжан 3-орын, математика пәнінен 9 сынып оқушысы Әлдибек Толғанай қатысып 3-орынды иеленді.

54 слайд

Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының  «Пән олимпиада» жарысының облыстық кезеңінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11- сынып оқушысы Мамыткавыл Нұрбек 3-орын иеленді.

55 слайд

8-сынып оқушыларына арналған республикалық «IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңіне 3 оқушымыз қатысып, Ерғалиұлы Бірлік облыстық кезеңнен      1-орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алып отыр.

56 слайд

7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне қоғамдық – гуманитарлық пәндер бойынша оқушылар қатысып, тарих пәнінен 7 - сынып оқушысы Нұрахмет Бекзат 3-орын, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 8 - сынып оқушысы Ерғалиұлы Бірлік 3-орынды иеленді.

57 слайд

Кенгуру халықаралық математикалық онлайн-конкурсына биылғы жылы 76 оқушы қатысты. Жалпы 65 оқушылар жүлделі І,ІІ,ІІІ –орындарды иеленді. І-орын иеленген оқушылар саны -7.

58 слайд

Республикалық Ақбота зияткерлік олимпиадасынада 32 білім алушы қатысып,     26-сы жүлделі 1,2,3, орындарды иеленді.

59 слайд

Халықаралық   «Әл-Фараби – 2023» олимпиадасына 11-сынып оқушылары қатысып, Айдар Баян 2-дәрежелі, Дүйсенбай Әрлен 3-дәрежелі, Жумагожа Олжас 2-дәрежелі, Жумагожа Мирас 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.


Қорыта келе, ең маңызды да, құнды білім өзіндік шығармашылық ізденіспен ғана келеді. Біздің ұстаздарымыз бен шәкірттеріміз үнемі ізденіс үстінде. Әр жыл сайын білім алушылардың талабын, қызығушылығын арттырып, бірлескен жұмыстар жүргізуде.


Кітапхана

Білім беру   сапасының  басты  көріністерінің  бірі   білім  беру  нәтижелері, оған  қол жеткізу- баланың, отбасының, мұғалімдердің  және  жалпы   білім беру  жүйесінің  бірлескен   күш  жігерінің  нәтижесі .

Республикалық «Оқуға   құштар мектеп» жобасы   жалғасын  табуда.

Бұл  жоба  жаңа   кітаптың  тұсаукесері-  ұсыныстары, балалар мен  олардың   ата- аналарына арналған   Google  нысандарындағы  кітаптар   бойынша   онлайн –викториналар, театрландырылған  онлайн –көрсетілімдер,  квест  ойындары, интерактивті  ойындар, онлайн  шоулар, медиа- журналдар , туған жерлерге  онлайн  экскурсиялар   және  кітапхана, «Қалам  сынағы»-   оқушылардың  әдеби   шығармашылығын  әдеби   кейіпкелермен  арт- кездесу , кітапханада  20 минуттық  кітап   оқу  тағы басқалар  жүргізіліп   келеді. Мобильді  көрмелер  (QR-   код  арқылы  кітап   оқу) мектеп  буккроссингтері  жұмыс   істейді. «Кітапханаға  сыйлық» акциялары  өткізіледі,  бұл   мектеп  кітапханаларының  қорын    көркем  және  танымдық   әдебиеттермен  толықтырылған   мүмкіндік   береді. Президент ұсынған міндетті 100 кітаптің  52-сі бар, оқушылар алып пайдаланып отыр. Мектеп кітапханасы   бөлімінде биылғы жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейін оқырмандар саны

60 слайд

Биылға 2022-2023 оқу жылында «Алматы», «Атамұра», «Мектеп»,  «Express publishing Oxfond» баспаларынан қабылдадық. Оқушылар түгелдей оқулықтармен қамтылды. Жетіспеген оқулықтарды, Жаңабаев,  Бейсембетов, А.Нүрпейісов мектептерінен әкелдік.

Кітапханаға   оқырмандар  есебінде мектептің барлық  оқушылары, мұғалімдері, ата- аналары  тартылды.

Мектеп кітапханамызда 5,5 әдеби кітап қоры бар.115 –ке  артты.

61 слайд

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына орай  «Мен өмірі   жырлау  үшін келгенмін» тақырыбында кітап көрмесі.

1 наурыз Алғыс айту күніне орай бұрыш  және кітап көрмесі жасалынды.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ана» деген тіршіліктің тірегі» атты кітап көрмесі.

62 слайд

22 наурыз Ұлыстың үлы күні мерекесіне арнап «Наурыз-берекем, Наурыз- мерекем» атты кітап көрмесі мен арнайы бұрыш жасалынды.

12 сәуір Ғарышкерлер күніне  орай «Ғарышқа жол салған қыран қазақ» тақырыбында кітап көрмесі қойылған.

63 слайд

7 мамыр- Отан қорғаушылар күні мен қатар келген 9-мамыр Жеңіс күніне 78   жыл толуына байланысты дөңгелек стол жүргізілді.

1-11 сынып бойынша оқулықтардың күтіміне, тазалығына рейд жүргізілді. 25  мамырдан бастап кітаптарды жинап өткізу туралы сынып жетекшілеріне ескертілді.

64-67 слайд

Жаңа түскен газет- журналдарды  жинақпен тізіп отыру, библиографиялық жұмыстар оқырман формуляры бойынша жұмыс оқырмандар өткізген кітапты қабылдау, сөреге қою, сонымен қатар 1-5 сыныптар бойынша   оқулық күтіміне, тазалығына рейдтер жүргізіп отырылады. Бүгінгі  күні алдағы   2023-2024 жаңа оқу жылына әр сынып жетекшілерінен сұраныс  қабылдануда.


Әлеуметтік педагог

68 слайд

.Ең бірінші кезекте әр сыныптың,  мектептің әлеуметтік паспорты жасалды. Көп балалы  отбасылар - 335, толық емес отбасылар  - 98, аз қамтылған отбасылар – 35, ата – ана қамқорлығынсыз қалған – 1,мүмкіндігі шектеулі балалар – 12, АСП- 20 отбасын құрады.

69 слайд.

Мектебімізде мемлекеттік білім беру қорынан әлеуметтік санаттағы 270 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Оның сыртында 10 балаға жеке кәсіпкер Жолдалина Маржан демеушілік жасап отыр.   2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп асханасы балаларды ыстық тамақпен қамтып отыр.  Мектеп асханасы әкімшілік тарапынан  үнемі бақылауда  және   асхананың санитарлық талапқа сай болуын бракеражды комиссия мүшелері қадағалап актілер үнемі толтырылып отырады.

70 слайд

Тамыз айынан бастап   республикалық  «Мектепке жол » акциясы басталды. Акция үздіксіз үнемі жүргізіліп отырды.  Акция аясында аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетілді. Жеке кәсіпкерлер «Ынтымақ» және «Аяла» дүкендері қайрымдылыққа белсене ат салысты. «Ынтымақ» дүкені азық – түлікпен және мектеп формасымен, «Аяла» дүкені оқу – құралдарымен көмектесті. Сонымен қатар сынып жетекшілерде азық – түлікпен қамтасыз етті.

71 слайд.

«Үміт қоры» әлеуметтік санаттағы 10 балаға қыстық етікпен және 4 отбасына көмірмен көмек көрсетті.

72 слайд.

« Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» атты  мектеп ұжымының, мектеп оқушыларының  ат салысуымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.  Жәрмеңкеден жиналған қаражатқа аз қамтылған отбасының 2 баласына қыстық етік алып берілді.

73 слайд.

Сонымен қатар   үйден оқитын оқушылар бізде үнемі бақылауда, зерттеу актілері толтырылып, жұмыстар үздіксіз жүргізіліп отыр. Үйден оқитын оқушыларға сабақ беретін пән иелерімен үнемі байланыс жасап, баланың сабаққа деген ынтасын, денсаулығын бақылауда ұстап отырамыз.

74 слайд.

Мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Катиетова Жанардың демеушілігімен әлеуметтік санаттағы  25 балаға жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.    Жалпы мемлекеттік білім беру қорынан әлеуметтік санаттағы  жартылай жетім отбасынан 43 балаға жаңа жылдық сыйлықтар берілді.

75 слайд.

«Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты: балалар өз құқықтарын, өз міндеттерін,  бала құқықтарына байланысты заңдарды білу үшін жүргізіледі.

76 слайд.

«Зорлық – зомбылыққа жол жоқ »   тақырыбында  оқушылардан жабық  сауалнамалар алынды. Сауалнама нәтижесінде жұмыстар жүргізілді. Сауалнаманың негізгі мақсаты: мектеп оқушылары арасында әлім – жіттік орын алмауын алдын алу.

77 слайд.

«Зорлық – зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында  «Қарқара» газетіне мақала жарық көрді.

78 слайд. Жыл бойында сәтсіз отбасыларды, аз қамтылған отбасыларды, өгей ата – анамен тұратын отбасыларды аралап, жұмыстар жүргізіліп, зерттеу актілері толтырылып отыр.

79 слайд.

Мектебімізде  41 оқушы   Алматы облысы Қонаев қаласындағы «Бәйтерек» спорттық сауықтыру лагеріне барды. Аудандық қорғау қоғамдық кәсіподақ бірлестігі және 2 оқушыға, жеке кәсәпкер Жолдалина Маржан  3 балаға жазғы сауықтыру лагеріне демеуші болды.

80 слайд.

Мектебімізде әлеуметтік санаттағы отбасыларға мемлекеттен оқу жылынының басында яғни тамыз айында 32500 тенге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді. Қамқоршылық кеңестің мүшелерінің алдында 150 өтініш түсіп, 115  балаға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау белгіленді.

81 слайд.

Жеке кәсіпкер Жолдалина Маржанға мектеп әкімшілігі атынан, әлеуметтік санаттағы балаларға демеушілік жасап, өз тарапынан қолдау білдіріп отырғаныңызға ерекше алғыс білдіреміз.

82 слайд.

Инклюзия саласын ұйымдастыру бойынша қыркүйек аралығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға терең педагогикалық диагностика жүргізу мақсатында оқу бағдарламаларына сәйкес дидактикалық материалдар, оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау формалары (форма 2а, 2б) мен бланкілері дайындалды.Арнайы педагогикалық диагностикаға ОПМПК қорытындысы бар 11 оқушы және мектеп мұғалімдері мен  (7-форма) бойынша  сынып жетекшінің сұранысы бойынша 3 оқушы қосылды. Барлығы 14 оқушы арнайы педагогикалық диагностикадан өткізілді. ОПМПК қорытындысы және терең педагогикалық диагностика нәтижесінде 11 оқушыға бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары әзірленді.

83-Слайд.

Білім аушылармен арнайы маманның түзете дамыту жұмыстарын жүргізіліп қорытындысы шығарылды. Жеке және бейімделген оқу бағдарламаларына сәйкес жеке және топтық сабақтардың Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес түзете-дамыту сабақтары жүргізілді.

84-слайд .

Логопедтің  тізіміне  тіркелген оқушылар саны 15. Логопедтің  көмегін   қажет  ететін  мектепшілік   оқушылар  саны   11,   ал  4 оқушы  ОПМПК – ның   жолдамасымен  отырған  оқушылар.

85-86 слайд.

Осы 15 оқушының  ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету , тілдік моториканы қалыптастыру және дамыту . Дыбыстау бұзылыстарын түзету фонематикалық қабылдауды қалыптастыру, дамыту сөйлеу тілінің кемшіліктерін жою лексико -грамматикалық  жағын жететілдіру жұмыстары жүргізілді.

87-88- слайд.

Логопед сөйлеу тілі жалпы дамымаған фонетика- фонематикалық жетіспеушілік , тұтықпа дене дамы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстар жүргізілді. Логопед маманның жұмыстарында тіл кемшіліктерін ұсак қол моторикасын логикалық ойлау қабілетін сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін тексеруге арналған құрал жабдықтар айналар, тақталар, әдістемелік іс- қағаздары көрнекіліктер пайдаланылды. Сомен қатар қолдың ұсақ моторикасына жаттығулар, мозайкамен жұмыстар,суреттер бояу, ілгек қадау және күнделікті тыныс және артикуляциялық жұмыстар жүргізіледі.


Психология бағыты


89-Cлаид

ПСИХОДИАГНОСТИКАЛЫҚ бағыт бойынша 1-сынып оқушыларының бейімделуі бойынша жұмыстар жүргізілді. 1-сынып оқушыларынан тіл  анықтығы, түстерді  ажырата алу, пішіндерді ажырату, қабылдауын анықтауға арналған психодиагностикалық жұмыстар жүргізіліп, оқушылармен жұмыс  әр оқушымен жеке әңгімелесу арқылы  орындалды. Сонымен қатар, баланың отбасындағы қарым қатынасы мен эмоционалдық күйін анықтау мақсатында түзету дамыту «Отбасы суреті» әдістемесі

1-сыныппен жүргізілді.


90-Слаид

2- сынып оқушыларымен   мінез –құлқын, баланың еркін зейін даму деңгейін анықтау мақсатында «Графикалық диктант» пен баланың отбасындағы қарым- қатынасы мен эмоционалды көңіл- күйін анықтау мақсатында «Менің отбасым» әдістемесі алынып, суреттер жинақталды. Графикалық диктанттың мониторингі жасалынды. 2- сыныпта жалпы саны – 62 оқушы.

3-сынып оқушыларынан эмоциялық күйі, ерік өрісін зерттеу үшін

«Психогеометриялық» тест алынды. 4 сынып оқушыларынан  «Социометрия»

әдісі  алынып қорытыланды.

91-Слаид

5- сынып оқушыларын орта буынға бейімделуі бойынша жұмыстар жүргізілді.

Н.Г Лусканованың  «Оқу мотивациясын анықтау» сауалнамасы  «Пәнге

қызығушылық»  психогеометриялық тест,сауалнамалар алынып, мониторинг

жасалынды. 5-   сыныпта жалпы саны – 77 оқушы.

92-Слаид

11-сынып оқушыларымен «Климовтың дифференцианалды  диагностикалық» сауалнамасы, «Реактивті  және тұлғалық қобалжу анықтау» тесті  «Сіздің ағашыңыз қандай»  , мінез-құлқын анықтауға  арналған тест, «Депрессияға бейімсіз бе?» тесті, Басса Даркидің эмоциялық тесті жүргізілді.


93-Слаид

7-11 cыныптардан мектепшілік әлімжеттік  және отбасы зорлық –               зомбылығына байланысты  жасырын сауалнамалар жүргізіліп қорытынды бойынша  зорлық –зомбылыққа ұшыраған балалар анықталмады.

94-Слаид

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ  бағыт бойынша; Мектептерге арналған жасөспірімдік аутодеструктивтік профилактикалық бағдарламасы ( аналардан  рұқсат қол хат алу), жұмыстары жүргізілді. Қазан айында PISA халықаралық зерттеу бойынша тест алынып, PISA қатысатын оқушылардың сенімділігін арттыру, іштегі үрейден арылту мақсатында «Сенімділік кілті» атты тренинг өткізілді.

11-сыныптармен «Болашақ мамандық» туралы қиялдайық, 9-сыныптар бойынша «Болашақ мамандықтан менің көретінім» «Сенімділік күш береді»тренингі өткізілді.

Өзара қарым –қатынасты  жақсарту үшін   6,8,10 сынып оқушыларымен. «Ондай   болу мүмкін емес» 3-5 сынып   оқушыларының  танымдық  процестерін   түзету үшін  «Әңгіме құрайық», «Ғажайып сөйлемдер», « Мүсін» ойын жаттығулары   өткізілді. Қарым –қатынасты   дамыту мақсатында 5-9 сынып  оқушыларыңмен Эмоциямен жұмыс ойын жаттығулары жүргізілді..

95 слайд

5 сынып оқушыларымен  «Мен өзімнің ойымша», «Мен басқаның көзімен», «Жағымды жағдай», «Түрлі жағдай» тақырыптарында тренингтар өтілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  «Сен өз құқығыңды білесің бе» « Жас өспірімдерді қылмысқа итермелейтін не?»,  «Мен зорлық –зомбылыққа қарсымын», «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» тақырыптарында түзету дамыту жұмыстары жүргізілді.

96 Слаид

Жалпы ата–аналар жиналысында «Ата- анамен бала арасындағы қарым қатынас?», «Ата –ана махаббаты», «Қазіргі қоғамдағы ата-ана» , «Баланың бас ұстазы – ата -ана»  тақырыбында  баяндама оқылып тренингтар өтіліп психологиялық кеңестер берілді.

ПСИХОКОРРЕКЦИЯЛЫҚ бағыт бойынша

Жыл бойы   «Ерекше бақылауда» тұрған  балаларымен ,психокоррекциялық жұмыс,жеке және сұраныс бойынша жұмыс,диагностика нәтижесі бойынша барлық сыныптар бойынша жұмыстар жүргізілді.


АӘжТД


97 слайд

Білім алушылардың алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында аудандық, облыстық жарыстарға қатыстыруда.

Атап айтқанда, Республика күніне және ҚРҚК 30 жылдығына орай мектеп оқушылары арасындағы аудандық әскери-қолданбалы спорт ойындарында С. Серкебаев командасы ІІІ орынға ие болды.

98 слайд

Төкен Қажынәби 11-сынып оқушылары арасындағы аудандық «Сардар» кешенді олимпиадасында ІІ орын иеленіп, Қонаев қаласында өткен облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

99 слайд

Мектеп оқушылары арасындағы аудандық «Алау» әскери-спорттық байқауында С. Серкебаев командасы ІІ орын иеленіп, 7 сынып оқушысы Байғайып Алихан «Үздік АК-74 қаруын құрастырушы» номинациясына ие болды.

100 слайд

Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жылдығына орай мектеп оқушылары арасындағы аудандық «Жас мерген - 2023» ойындарында С. Серкебаев командасы ІІІ орын иеленді.

101 слайд

Мектеп оқушылары арасындағы аудандық «Айбын» әскери-спорттық байқауында С. Серкебаев командасы ІІ орынға ие болып, облысқа жолдама алды.

102 слайд

Өскелең ұрпақты жан-жақты дамыту және табиғи техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға дайындау, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын алу және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған командалық «Жас құтқарушы» слетінде «Жас қыран» командасы І орын иеленіп, облысқа жолдама алды.

Білім беру саласын дамыту жолындағы адал қызметпен өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім, отансүйгіштікке, рухани биік тұлға тәрбиелеудегі зор еңбегі үшін Аубакиров Еркін Әрібжанұлы Алматы облысының білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды.


Қорытынды  сөз:

«Сондықтан   ұстазға   жүктелетін    міндет ауыр»  деген   салиқалы    сөзге  біздің  ұстаздар   қауымы  үлкен  жауапкершілікпен  қарап,   әрқашан  өскелең  ұрпаққа   саналы  тәрбие мен  білім   беру, тынбас еңбек  пен  үздіксіз   ізденіс   жолында   шығармашылық   білімін  шыңдай  бермек. Шәкірттерін  сарқылмас   білім нәрімен   сусындатып  отырған   жаңашылдыққа, шығармашылыққа  жаны құштар   тәуелсіз   еліміздің    ұлағатты  ұстаздары  арқасында    алтын  ұямыздың   тұғыры   биік,   абыройы  асқақ    болатынына  сенімдімін. Тарихқа  бай  киелі   қара  шаңырағымызда  оқитын   мектебіміздің  білімді,  дарынды   шәкірттерімен  шығармашылығы  жоғары, беделді  ұстаздары   көбейе  берсін!

Сөйлеушілер: Кеңес мүшесі Асқаров Бақтияр  сөз алып, мектеп директорының есебіне қанағаттанатынын айтып өтіп, кейбір мәселелерге өз пікірін білдірді.Жетім, жартылай жетіп, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға барынша көмек көрсету және мектептің материалдық базасын нығайтуға  демеушілер тарту керектігін айтып өтті.

Кеңес мүшелері атынан Б.Жүнісов  сөз алып, мектеп директорының есебіне қанағаттанатынын айтып өтіп,құрылған кеңестің жұмысын алдағы уақытта  мектепке демеушілерді көптеп тарту керек екенің айтты.

Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап талқылай келе қамқоршылық  кеңесінің жиналысы  қаулы етеді.

Қаулы:

  1. Мектеп директоры Л.Н.Нусипкожаеваның 2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісі бойынша атқарылған жұмыстарға жасаған есебі ескерілсін.
  2. Қамқоршылық  кеңес мүшелерінің талап тілектерін ескеру мектеп директоры Л. Нусипкожаеваға және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Абжанбаев Қ, Д. Молдахынов, оқу ісінің орынбасары Ж. Умбетжановаға тапсырылсын.
  3. Жұмыс жоспарын іске асыруда, барлық ұйымдастыру жұмыстарын жолға қою кеңес мүшелеріне және қамқоршылық  кеңесінің төрайымы Г. Мұқановаға тапсырылсын.


Хатшы:                       А. Нарынбаева





Категория: