» Материалы за Ноябрь 2018 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қамқоршылық кеңесінің қыркүйек-қараша айларында атқарған жұмыстарына есебі

Автор: serkebaev147896 от 29-11-2018, 00:20, посмотрело: 639

2 Хаттама №
« Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
19.11.2018ж
«Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп » мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесінің жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиіс: 9
Қатысқаны: 9
Күн тәртібінде:
1. Мектеп директорының 2018-2019 оқу жылы қыркүйек – қараша айында мектепте атқарылған жұмыстарға есебі
Баяндама: Мектеп директоры Л.Нүсіпқожаева
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры Л.Нүрәліқызы мектебіміз бойынша 728 оқушы білім алуда. 1 тамыз -30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу барысы бойынша іс-шарасы жасалып ұжымға, ата-аналарға ,оқушыларға таныстырылып бекітілді. Мектепке әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына толық қайта есеп тізбесі жасалды. Мектепте 2 жетім оқушы бар. Жартылай жетім - 46 оқушы. Толымсыз отбасы баласы -49 оқушы. Аз қамтылған отбасы балалары -60 оқушы, 217 көп балалы оқушылар тізімі жасалды. Шекаралық аумақ бойынша мектеп мұғалімдері бөлінген үгітшілер 22 көше . Көше бойынша оқушылар есепке алынуда. Жағдайы келмейтін, қанғыбастыққа салынған оқушы жоқ. Барлық оқушының жағдайы анықталып тексерілуде. Акция барысында оқушыларға керекті оқу құралдары, мектеп формасымен қамту кәсіпкерлер және мұғалімдердің көмегімен ұйымдастырылды . Мөлтек аудан бойынша рейд ұйымдастырылып, рейд барысында қоғамдық орындар,малды ауылдар,базар маңдарында тексеру жүргізілді, дәлелсіз себептермен мектепке тартылмай қалған балалар анықталған жоқ. «Мектепке жол» акциясы негізінде «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен қайырымдылық акциясы өтілді. Мектеп ұжымы қаржылай көмек жинады. Жетім, жартылай жетім, аз қамтылған 23 оқушыға -135000 теңгеге мектеп формасы мен оқу құралдары берілді. Кәсіпкер Жадыра апай 16 баланы оқу формасымен қамтамасыз етті. 3 сынып оқушысы Сакен Талғат , 5 «ә» сынып оқушысы Камалжан Абдіхамит, 3 «ә» сынып оқушысы Хакімжан Елнұр, 4 сынып оқушысы Құрманғали Ақниет, Абу Ақжол, Сапарғали Жансая, Бекен Ұлжаз, Ерғанатұлы Ержанат, Талғатқызы Айару ,Ершат Ақмейір, Жұмаділ Балжан, Бақытжанқызы Ақниет, Өміржан Айкен, Халықұлы Нұржан, Қаржау Қарақат, Мұқай Айым, Нығымет Шоқан, , Тарпаңбай Лашын, Сәкен Жарқын ,Халықұлы Бақыт, Жайшыбай Тимур ,Жайшыбай Әмір, Нұрбосын Дәулет. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалқаев Еркінбек бір оқушыны толық оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Досымбеков Сабыр бір оқушыға мектеп формасын алып берді. Жиналған қаражаттан 3 «ә» сынып оқушысы Жайшыбай Аяулым,4 «ә» сынып оқушысы Хакімжан Елнұр оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.5 сынып оқушысы Камалжан Әбдіхамит қысқы аяқ киіммен қамтамасыз етілді.Мектеп мұғалімі Құрақбаева Әсем 4 «б» сынып оқушысы Сакен Жарқынға 5 мың теңгеге оқу құралдарына көмектесті. 2 «г» сыныбында Тоқтанбай Даниярға 2000 теңгеге көмек көрсетілді. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 74-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға ( жалға алуға) беру» қағидасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы №717 бұйрығы бойынша,сонымен қатар «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері туралы 18.01.2017 № 27-н бұйрығын негізге ала отырып 2018-2019 оқу жылында «Жалпы міндетті оқу қорынан бөлінген қаражатқа аз қамтылған жартылай жетім,жетім,толық емес жанұяға ыстық тамақ 03.09.2018 ж күнінен бастап мектеп жанындағы буфетті жалға алушы Утежанова Ләззат 63 (алпыс үш) баланы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр.Тамаққа пайдаланатын азық түлік сапасын, азық түлік дәмін, пайдалы жағын тексертіп тұру апталық ас мәзірін қадағалап отыру, мектеп мейірбикелеріне міндеттелінген.Мектеп әкімшілігіне ыстық қоғамдық тағамдарды ұйымдастыру туралы мәліметтерді сынып жетекшілер анықтама беріп отырады.1-11 сынып оқушылары арасында тұлдыр жетім бір бала бар. Оқушылардың асханаға баруына арнайы кесте жасау, қадағалау,демалыс үзілістерін сақтау сынып жетекшілерге міндеттелінген. Үнемі қадағаланып отырады. Мектеп асханасында тоңазытқыш, электроплитка жұмыс істеп тұр. 70 балаға жететін ыдыстармен қамтамасыз етілген.




Сөйлеушілер: Қамқоршылық кеңесінің төрайымы З.Нұрмұханқызы мектеп директорының есебіне қанағаттанарлық деп баға берді сонымен қатар мектептің материалдық жағына көңіл бөлу керектігін атап өтті. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Б.Асқаров мектеп директорының есебіне қанағаттанарлық деп баға берді. Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап талқылай келе қамқоршылық кеңесінің жиналысы қаулы етеді.
Қаулы:
1 Мектеп директорының 2018-2019 оқу жылы қыркүйек – қараша айында мектепте атқарылған жұмыстарға есебі ескерілсін
2 Қамқоршылық кеңесінің жұмысын жандандыру, мектепке демеушілер тарту кеңес мүшелеріне міндеттелінсін.

Хатшы: М.Уржигитова








Категория:

 

Қамқоршылық кеңесінің жұмысы

Автор: serkebaev147896 от 29-11-2018, 00:08, посмотрело: 658

2 Хаттама №1
« Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
03.09.2018ж
«Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп » мемлекеттік мекемесінің ата-аналар комитетінің жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиіс: 39
Қатысқаны: 29
Күн тәртібінде:
1.Мектепте қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің құрылуы жайлы
Н.Дүзбаева
2. Қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің құрамын сайлау.
Д.Молдахынов
Тыңдалды:
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша , яғни мектептегі қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің құрылуы жайлы осы мектептің ата-анасы Н.Дүзбаева сөз алды. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде мектепте міндетті түрде қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің құрылуы туралы керектігін атап айтты. Құрылған кеңестің негізгі жұмысы мектептегі аз қамтылған отбасының балаларына қажетті көмектермен қамтамасыз ету керектігін көрсетті. Кеңестің негізгі мақсаты - міндетті білім қорынан бөлінген қаржыға аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларға көмек көрсету және ата-аналар тарапынан мектептің материалдық базасын нығайтуға демеушілер тарту екенін атап айтты.
2.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған мектептің ата-анасы С.Тұманшиев білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің жалпы ережелеріне сәйкес кеңес құрамы ең кемі тоғыз адамнан болады.Сонымен қатар олар мынандай адамдар болуы шарт кеңес мүшелерінің саны тақ ,бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ болуы керек. Менің ұсынысым мына төмендегідей ата-аналардан құрылсын.
1.З.Нұрмұханқызы
2.Н.Дүзбаева
3.С.Тұманшиев
4.Г.Көбенова
5.С.Досымбеков
6.Э.Оңғарбекова
7.И.Ахметова
8.Б.Асқаров
9.М.Уржигитова
Сөйлеушілер: 2 «г» сыныбының ата-аналар комитетінің төрайымы Э.Нұртаева сөз алып, мектепте қамқоршылық кеңес жүйелі түрде жұмыс атқаруы тиіс. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде , білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің жалпы ережелеріне сәйкес кеңес құрамы ең кемі тоғыз адамнан болады.Менің ұсынысым аттары аталған кеңес мүшелері сайлансын.
6 «б» сыныбының ата-аналар комитетінің төрайымы Г.Талдыбаева сөз алып менің айтайын дегенім, мектептің материалдық техникалық базасын жаңартуға да, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына жиналған қаражат есебінен көмек көрсету. Менің ұсынысым аттары аталған кеңес мүшелері сайлансын.
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап талқылай келе ата-аналар комитеті жиналысы қаулы етеді.
Қаулы:
1.1 2018-2019 оқу жылына мектепте қамқоршылық кеңесі құрылсын.
1.2 Қамқоршылық кеңесінің жұмысын жандандыру, мектепке демеушілер тарту кеңес мүшелеріне міндеттелінсін.
1.1 Мектепте 2018-2019 оқу жылына жаңа құраммен кеңес 9 адамнан құрылсын.
1.2 Кеңеске жоғарыдағы ата-аналар енгізілсін.

Хатшы: М.Уржигитова


Хаттама №2
« Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
04.09.2018ж
«Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп » мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесінің жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиіс: 9
Қатысқаны: 9
Күн тәртібінде:
2. Қамқоршылық кеңесінің міндеттерін айқындау.
И.Ахметова
2. Мектепте қамқоршылық кеңесінің төрайымын және хатшысын сайлау.
Б.Асқаров

Тыңдалды:
1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша , яғни мектептегі қамқоршылық кеңесінің құрылуы жайлы осы мектептің ата-анасы И.Ахметова сөз алды. Сөз барысында мектепте қамқоршылық кеңесінің құрылғандығы жайлы және оның міндеттері туралы айтты. Құрылған кеңес мектептегі аз қамтылған отбасының балаларына қажетті көмектермен қамтамасыз ету керектігін көрсетті. Кеңестің негізгі мақсаты - міндетті білім қорынан бөлінген қаржыға аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларға көмек көрсету және ата-аналар тарапынан мектептің материалдық базасын нығайтуға демеушілер тарту екенін атап айтты.
2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған мектептің ата-анасы Б.Асқаров мектепте қамқоршылық кеңес жүйелі түрде жұмыс атқаруы тиіс. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде , білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің жалпы ережелеріне сәйкес қамқоршылық кеңесінің құрамы төмендегідей болып ұсынылды:
1. З.Нұрмұханқызы- комиссия төрайымы
2. М.Уржигитова – қамқоршылық кеңесінің хатшысы.

Сөйлеушілер:
Кеңес мүшесі Э.Оңғарбекова сөз алып, осы кеңестің атқаратын жұмыстарына жоспар жасап, құжаттарды ережеге сәйкес ретке келтіру керектігін айтып өтті. « Қазақ халқы қашанда жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халық. Сондықтан бүгін құрылып отырған кеңестің мақсаты мектептегі оқушыларды зерттеп, жетім, жартылай жетіп, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға және мектептің материалдық базасын нығайтуға мектеп тарапынан, демеушілер тарапынан көмек көрсету. Міндетті білім беру қорынан бөлінген қаражатқа керекті киім – кешек алып тарату және тоқсанына 1 рет қайырымдылық акциясын ұйымдастырып оқушыларды қамтамасыз ету. Сонымен қатар кеңес мүшелері демеушілік жасайтын адамдар санын ұлғайту керек, қамқоршылық кеңесінің ұсынылып отырған төрайымы мен хатшысының өз орындарына лайықты екеніне келісемін деді кеңес мүшесі.
Кеңес мүшелері атынан С.Досымбеков сөз алып, құрылған кеңестің жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта да демеушілеріміздің көбейіп, аз қамтылған, жетім , жартылай жетім оқушылардың санын азайту керектігін айтты. Қамқоршылық кеңесінің құрамына келісетіндігін айтып өтті.
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап талқылай келе қамқоршылық кеңесінің жиналысы қаулы етеді.

Қаулы:
2. Мектептегі қамқоршылық кеңесінің төрайымы З.Нұрмұханқызы, және қамқоршылық кеңесінің хатшысы болып М.Уржигитоваға берілген ұсыныс ескерілсін.
3. Жұмыс жоспарын іске асыруда, барлық ұйымдастыру жұмыстарын алға қою кеңес мүшелеріне және қамқоршылық кеңесінің төрайымына тапсырылсын.

Хатшы: М.Уржигитова






1- қосымша
Бұйрық № 20
28.09. 2018 ж

« Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі қамқоршылық кеңесінің сапалық құрамы
№ Аты-жөні Туылған жылы,айы,күні Жұмыс орны Байланыс телефондары
1 З.Нұрмұханқызы - комиссия төрайымы 13.04.1957 ж Зейнеткер ұстаз 87778118990
2 М.Уржигитова - хатшы
31.10.1983 ж Аудандық мұражай қызметкері 87006851883
3 С.Тұманшиев - мүшесі 14.03.1965 ж Жұмыссыз 87714705473
4 Г.Капенова - мүшесі 07.11.1971 ж Кәсіпкер 87753384231
5 С.Досымбеков- мүшесі 02.02.1951 ж Зейнеткер 2-24-45
6 Э.Оңғарбекова - мүшесі 08.10.1971 ж Кәсіпкер 2-12-81
7 И.Ахметова - мүшесі 18.01.1978 ж Аудандық кітапхана басшысы 87056002080
8 Б.Асқаров - мүшесі 12.07.1974 ж Кәсіпкер 87770267455
9 Н.Дүзбаева - мүшесі 01.06.1980 ж Кәсіпкер 87758814789



Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: З.Нұрмұханқызы







2- қосымша
Бұйрық № 20
28.09. 2018 ж

« Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018-2019 оқу жылындағы қорғаншылық кеңесінің жұмыс жоспары
№ Жүргізілетін жұмыстың мазмұны Мерзімі Жауапты адам
1 Сынып жетекшілердің зерттеу жұмыстары бойынша сыныптағы жетім, жартылай жетім,көп балалы,аз қамтылған отбасы балаларын анықтап, тізімдерге алуын қадағалау 06.09.2018 ж Кеңес мүшелері
3 «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру Жылына екі рет Кеңес мүшелері
4 Аз қамтылған отбасы балаларының үйлерін аралап,жағдайларымен танысу. Жылына бір рет Кеңес мүшелері
5 Жетім,жартылай жетім балаларды әр түрлі шараларға қатыстыру;
3.Жазғы сауықтыру шараларына тарту Жыл бойы Кеңес мүшелері
7 Міндетті оқу қорынан бөлінген қаражаттан аз қамтылған отбасының балаларын киімдермен қамтамасыз етуін қадағалау Жылына бір рет Кеңес мүшелері
8 63 оқушыны мектеп жанындағы асханадан тегін тамақтануын қадағалау. Айына бір рет Кеңес мүшелері
9 Жазғы сауықтыру кезінде 4 оқушыға тегін тынықтыруды ұйымдастыру Маусым Кеңес мүшелері
12 Мектептің материалдық техникалық базасын жаңартуға демеушілер тарту. Жылына екі рет Кеңес төрайымы және мүшелері
13 Қарттар күніне орай ұйымдастырылатын
«Біз қасыңдамыз!» акциясына қатысу.
-Қамқоршылар күніне ұйымдастырылатын іс
шараларға қатысу.
-Құқық бұзушылықтың алдын алу
жұмыстарының кеңесі отырысына қатысу. ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылатын іс- шараларға қатысу
Үнемі
Кеңес мүшелерінің отырысын өткізу Тоқсанына бір рет Кеңес төрайымы және мүшелері
14 Мектеп директорының есебін тыңдау Жылына екі рет 03.09.2018 ж
19.11.2018 ж Кеңес төрайымы және мүшелері


Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: З.Нұрмұханқызы



















« Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі
Қамқоршылық кеңес жұмысының
2017-2018 оқу жылында атқарған жұмысының есебі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынуымен 2017 жылдың 04 қыркүйек күні сағат 18.00-де мектепте өткен Республикалық ата – аналар жиналысында қамқоршылық кеңес ережелерімен ата–аналар таныстырылып, кеңес құру туралы шешім қабылданды. Шешімді іске асыру мақсатында қыркүйек айынан бастап Қамқоршылық кеңес жұмысы ұйымдастырылды.
2017-2018 оқу жылы бойынша мектептің қамқоршылық кеңесі оқу-тәрбие үрдісінің жақсаруын арттыруға, мектептің іс-шараларын ұйымдастырып қатысуға, өзін-өзі басқару жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 06 қыркүйегінде № 49-1 бұйрығымен құрылды. Кеңес құрамына 9 адам сайланды.
Олар: 1.З.Нұрмұханқызы - комиссия төрайымы,зейнеткер ұстаз
2. М.Уржигитова – хатшы, аудандық мұражай қызметкері
3.С.Тұманшиев - мүшесі
4.Г.Көбенова – мүшесі, кәсіпкер
5.С.Досымбеков- мүшесі зейнеткер
6.Э.Оңғарбекова - мүшесі кәсіпкер
7.И.Ахметова - мүшесі аудандық кітапхана басшысы
8.Б.Асқаров - мүшесі кәсіпкер
9. Н.Дүзбаева - мүшесі кәсіпкер
2017 жылдың қыркүйек айындағы отырысында Кеңес мүшелерінің міндеттері, атқаратын қызметі түсіндіріліп, бөлініп берілді. Сонымен қатар, бірінші отырыста қамқоршылық кеңес мүшелері білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен таныстырылды. Мектептің әр түрлі ішкі және сыртқы қоғамдық жұмыстарына да әрқашан араласып, мектеп ұжымымен тығыз байланыста болды. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы барысында аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындауда өз көмектерін көрсетті. Дәстүрлі түрде өткізілетін мектепішілік іс-шараларға кеңестің қосатын үлесі зор. Оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақтың дұрыс ұйымдастырылуын да қадағаладық. Қамқоршы күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қамқоршы ата-аналарды арнайы түрде шақырылды. Жаңа оқу жылының І жарты жылдығында Қамқоршылық кеңес келесі іс-шараларды өткізуге ат салысты, тоқсандық ата – аналар жиналыстарына қатысты, қыркүйек айында өткен «Бойжеткен» қыздар жиналысына қатысты, қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Біз қасындамыз!» акциясына қатысты, қамқоршылар күніне ұйымдастырылған іс - шараларға қатысты,құқық бұзушылықтың алдын алу
жұмыстарының кеңесі отырысына қатыстық. ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылатын іс - шараларға қатысты. Желтоқсан айында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен бұқаралық - спорттық жарысқа қатынасты. Мектепішілік «Жаңа жыл-2018» мерекесіне тартылып, ат салысты,профилактикалық кеңес отырыстарына қатысты, жазғы сауықтыру кезінде 4 оқушыға тегін тынықтыруды ұйымдастырды, Қамқоршылық кеңестің 2 отырысы өтті.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: З.Нұрмұханқызы

















Категория: