» » Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы. 12-15 ЖЕЛТОҚСАН

 
 
 

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы. 12-15 ЖЕЛТОҚСАН

Автор: admin от 12-12-2022, 15:29, посмотрело: 40

0

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы 

Білім беру ұйымы

Топ:Мектепалды даярлық

Балалардың жасы: 5-6 жас

Жоспардың құрылу кезеңі:   12-15 желтоқсан  2022жыл

          Күн тәртібі   

Дүйсенбі

12-желтоқсан

Сейсенбі

13-желтоқсан

Сәрсенбі

14-желтоқсан

Бейсенбі

15-желтоқсан

Жұма

мереке

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі күймен қарсы алу.Балалар үшін жайлы жағдай жасау.Балаларға тәрбиешінің толық аты-жөнін атап сәлемдесуді үйрету.Баланың бүгінгі көңіл күйі туралы сұрау.



Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру 


Балалардың көңіл-күйі,денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.



Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалар арасында достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру,үстел үсті ойындары.

Өнер орталығында сурет салу,суретті кітапшаларды бояу.

Құрастыру материалдарымен құрастыру ойындары,кітаптар қарау.

Табиғат бұрышындағы еңбек.

Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау.

Балалармен жеке жұмыс.

Таңертеңгі жаттығу

Желтоқсан айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені.Жалпы дамытушы жаттығулар,қимыл белсенділігі,ойын әрекеті. 

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық




Балалардың сезінген әсерлерімен бөлісу,жаңалықтарды білу,бірлескен жоспарларды,мәселелерді талқылау,қызығушылықтары

 бойынша әрекет түрін таңдау,ережелер туралы келісу және т.б.               






- ұйымдастырылған іс-әрекет


1.Сөйлеуді дамыту

«М» – «Н» дыбыстарын салыстыру.Кейбір дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы ұқсастықтар мен айырмашы

лықтарды ажырата білуге баулу.Бұл екі дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар.«М» 

дыбысының дұрыс артикуля

циясы: Ерін бір-біріне қатты тиеді, кішкене тіл төмен түсіп, демнің мұрын арқылы шығуынан жасалады.Ма-ма-ма – қыс деген бұл шалма. Ма-ма –ма – апорт тәтті алма. «Н»дыбысының дұрыс артикуляциясы:Ерін сәл ашылып, жіңішкерген тіл үстіңгі тістердің түбіне тиеді.«Н» дыбысыкездесетін сөздерге мысалдар айту.

Дидактикалық ойын:

«Суретті жалғастыр». Дәптермен жұмыс.


1.Сауат ашу негіздері

Буындардан сөз құрауға үйрету. Сөздерді буынға бөлу, буын санын ажырата алуға жаттықтыру. Өткен тақырыптарды «Сұрақ-жауап» əдісі арқылы

қайталау.Дауысты дыбыстар деген не? Дауысты дыбыстар қалай белгіленеді? Дауыссыз дыбыстар деген не?Дауыссыз дыбыстар қалай белгіленеді? Буында неше дауысты дыбыс

болады? Дауысты дыбыссыз буын болады ма?Дауысты дыбыстың өзі буын буын құрай алады ма?Қандай дыбыстар буын құрайды? Артикуляциялық жаттығу жасау.Қадыр Мырза Әлидің өленінен «болады» немесе «болмайды» деп сөйлемді аяқтайсыңдар.Күйші болуға ... (болады),Биші болуға ... (болады),Ерке болуға ... (болмайды).Серке болуға ... (болмайды),Пысық болуға ... (болады).Кішік болуға ... (болады),Əкім болуға ... (болады).Ақын болуға ... (болады),Маман болуға ... (болады).Жаман болуға ... (болмайды), «Буынға бөл»дидактикалық жаттығуы. Буынға бөлуге болатын сөздер: күй-ші, би-ші, пы-сық, кі-ші, ə-кім, а-қын, ма-ман. Ғажайып сəт. Жұмбақтар.Кір қоқысты сүймейді,Сыртқа қуып сүйрейді.(Сы-пыр-ғыш)Жіп-жіңішке денесі,Ортасында шегесі.(Қа-рын-даш)

Екі аяқты бірізді,Адам мініп жүргізді.(Ве-ло-си-пед)Екі басты айдаһар,Бəрін қырып жояды.Екі аяқпен жер тіреп,

Қағазды жеп қояды.(Қай-шы) Шайнасаң жағың талады, Тісіңнің кірін алады.(Са-ғыз)Қабат-қабат қаттама,Ақылың болса аттама.(Кі-тап) «Жоғалған буын»дидактикалық ойыны.

 Бір буынды айтады, балалар жалғастырып, келесі буынды табады те -(геш), те -(рек), те -(мір), те -(сік), те -(тік).ор -(та), ор -(ман), ор -(ақ).өр -(мек), өр -(кеш), өр -(ле), өр -(мек-ші) «Буынды қос» дидактикалық ойыны.

Дəптермен жұмыс.

Суреттердегі заттарды ата. Буынға бөл.Графикалық жұмыс Штрихта.Үзік сызықтарды бастыр.


1.Математика негіздері

«бүтін және бөлік» туралы ұғым қалыптастыру.Бөлік

терден бүтінді құрастыруға және бүтінді бөліктерге бөлуге үйрету. «+», « – » таңбасы мен таныстыру.

Қызғылтсары шеңберді алып екіге бөлеміз.Әлия апельсин

ді екіге бөлді. Әр бөлікті

қалай атауға болады?

(жарты)Ал егер біз екі жартыны бір-біріне біріктірсек, не болады? (Бүтін апельсин    болады.)

Пицца немесетәтті(пирог)

 нанды жарты немесе төрт бөлікке кесуге ұсынады. Бөліктерден бүтінді қалай жасауға болады?

(Біріктіру арқылы.)

бөліктерден бүтінді  алу үшін бөліктерді біріктіру немесе қосу қажет.

Дәптермен жұмыс:1,2,3,4 тапсырамалардыорындау.

Дидактикалық ойын: «Қай сан жоғалды?». «Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. 33-беттегі № 51 тапсырманы орындау


1.Сауат ашу негіздері

Үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Сəйкес қызыл жəне көк түсті фишкалармен дыбыстарды белгілей алу қабілеттерін,

зейіндерін дамыту. 

«Артығын тап» ойыны:Ара, өрмекші, маса, көбелек, аю. (аю)Тауық, əтеш, үйрек, қаз, сауысқан. (сауысқан)Мысық, түлкі, аю, қасқыр. (мысық) Колғап, көйлек, шалбар, етік. (көйлек)Май, шай, нан, қант, қасық. (қасық) Өткен тақырыптарды «Сұрақ-жауап» əдісі арқылы қайталау. 

Дауысты дыбыстар деген не? Дауысты дыбыстар қалай белгіленеді?Дауыссыз дыбыстар деген не?Дауыссыз дыбыстар қалай белгіленеді?Буында неше дауысты дыбыс болады? сөзге дыбыстық талдау жасауды ең бірінші берілген сөзді білуіміз керек. Сөзде неше буын, неше дыбыс бар екенін анықтауымыз керек.Сөздегі дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін анықтау.Дауысты дыбыстар

дың жуан, немесе жіңішке екенін анықтау керек.Дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді екенін анықтау керек.Жұмбақ. 

Аяз қысып,Өрнек сызып,Терезені торлайды.Қарға омбығып,

Бет домбығып.Сырғанап балалар ойнайды./Қыс/

Қыс сөзіне дыбыстық талдау жасайық.Қыс сөзінде 1 буын,3 дыбыс.Қ-дыбысы дауыссыз,қатаң дыбыс көк түсті дөңгелекпен белгіленеді.Ы-дыбысы- дауысты,жуан дауыс,қызыл түсті дөңгелекпен белгіленеді.С-дыбысы-дауыссыз,қатаң дыбыс.

Көк түсті дөңгелекпен белгіленеді.Дәптермен жұмыс




                                                                                                                                          Үзіліс  :   

Сюжетті-рөлді ойын:

Тақырыбы: «Экологтар.Бағбандар»

Мақсаты: Қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік шабыттарын мадақтау, ойын сюжетіне байланысты шағын топтарға бөлу, тіл этикетін дамыту.Экологтар жұмысының ізгі бағыттағы жұмыстары және оның табиғатты қорғаудағы, әлеуметтік мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Жағдаят: Объектыны таңдау, Картамен жұмыс, бақ орнататын жерді таңдау

Экологиялық паспортарды қарау;Эклогиялық жағдайларды зерттеу

Айыппұл төлету;Экологиялық жағдаятарды түзету жұмыстары;Суретке түсіру,

суретке түсірудің бұзылуы, суретшімен кездесу.

өсімдіктерді бейнелеу.



Тақырыбы: «Зертеушілер»

Мақсаты: Ойнатылытын ойынын этапатарынын біліктілігін бекіту. Зерттеуге керекті заттар мен құрал-жабдықтарды ,сонымен қатар заттар ауыстырушыларын табуға үйрету .Рөлдерге бөлініп ,бөлінген рөл бойынша әрекет ету әдетін қалыптастырып . Зерттеу жұмысшыларының жұмысы қызықты әрі қиын екенін түсіндіріп .Ойындық диологты моделдеуге үйрету.

Жағдаят: 

Зерттеу обьектісін тандау;

Зертхананы құру ;

Проведение опытной работы;

Фотоға түсіру , аралық нәтижелердің түсірілімі;байқау нәтижелерін жұрналға жазу; ғылыми кеңес;зерттеу нәтижесін шығару.


Сюжеттік ойын: Тақырыбы:«Дәмхана. Макдоналдс. Пиццерия» сюжетті – рөлдік ойын

Мақсаты :

Азық-түлікпен жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбегі жайында түсініктерін молайту. Балаларға рөлдерге бөлініп,сол рөл бойынша әрекет етуге үйрету,өздеріне керекті нәрсені құруға үйретіп ,балалардын мейрімділік қарым-қатынасын орнату .Балаларға ойында қоршаған ортадан алған білімдерін көрсете білуге үйрету .

Жағдаят:

Үстелді таңдау;

Ас мәзірімен танысу;

Тапсырысты қабылдау ;

Тапсырысты орындау;

Менеджермен жұмыс (шағым,алғыстар);

Тапсырысқа төлеу;

Үстелді жинап ,ыдыс аяқ жуу.


2 - ұйымдастырылған іс-әрекет


2.Математика негіздері

«бүтін және бөлік» туралы ұғым қалыптастыру.Бөлік

терден бүтінді құрастыруға және бүтінді бөліктерге бөлуге үйрету. «+», « – » таңбасы мен таныстыру.

Қызғылтсары шеңберді алып екіге бөлеміз.Әлия апельсин

ді екіге бөлді. Әр бөлікті

қалай атауға болады?

(жарты)Ал егер біз екі жартыны бір-біріне біріктірсек, не болады? (Бүтін апельсин    болады.)

Пицца немесетәтті(пирог)

 нанды жарты немесе төрт бөлікке кесуге ұсынады. Бөліктерден бүтінді қалай жасауға болады?

(Біріктіру арқылы.)

бөліктерден бүтінді  алу үшін бөліктерді біріктіру немесе қосу қажет.

Дәптермен жұмыс:1,2,3,4 тапсырамалардыорындау.

Дидактикалық ойын: «Қай сан жоғалды?». «Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. 33-беттегі № 51 тапсырманы орындау


2.Қазақ тілі

Алған білімдерін тиянақтау сөздік қорларын жаңа сөздер

мен толықтыру, мақал-мәтел, жұмбақ жаттау дағдыларын қалыптастыру. І айналым мақалын жалғастырады Отан – оттан да ... (ыстық) Жақсы – ... (өнеге) Отан ... т.б .ІІ айналым: жұмбақ жасыру.Өскен жері бау-бақша, Күрең қызыл шіркін-ай,

Жидектің аты – ... (құлпынай) Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? (Күзде). Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы. Қыста қардан туатын, Тауып көрші, сен оны. (Аққала) Тікірейіп құлағы. Менен бұрын тұрады. Керіліп, созылып, Беті-қолын жуады. Бұл не? (Мысық) Көп отырып, шаршадық, Қозғалуды аңсадық. 

Билегіміз келеді, Әдемілеп ән салып. Би: «Қуыр-қуыр Қуырмаш» ІІІ айналым: Жаңылтпаштарды  қайталау.

Доп теп, Дөп теп. Жағажайды жағалай, Жүгіреді Қамажай. Пай-пай-пай, Жайылып жүр тай. Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай. Үш кіші ішік піштім, Бес кіші ішік піштім, Неше кіші ішік піштім?Дәптермен жұмыс.


2.Көркем әдебиет

Әдеби шығармадағы қоғамдық өмір оқиғалары туралы түсінігін дамыту. Тілдік ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту. Қазақстанның жері үлкен, табиғаты бай, көп ұлтты, егемен мемлекет. Еліміздің мақтана алатын мемлекеттік рəміздері бар. Ол – Туы, Елтаңбасы, Гимні. Біз – тəуелсіз елдің бақытты ұландарымыз. «Тəуелсіз Қазақстан» өлеңін мəнерлеп оқу. Сөздік  жұмыс: тəуелсіздік – еркіндік, теңдік, егемендік деген мағынаны білдіреді еркіндік – ешкімге тəуелді емес, еркін ел теңге – біздің ұлттық төлақшамыз Өлең мазмұны бойынша сұрақтар: Өлең қалай аталады өлең ұнады ма? 

Өлеңде не туралы айтылған? Еліміздің қандай рəміздері бар? «Тəуелсіздік» деген сөзді қалай түсінесің? Дəптермен жұмыс:

2.Қоршаған ортамен таныстыру

Қазақ халқының салт-дəстүрлері туралы білімдерін кеңейту.

Сурет арқылы «Бесікке бөлеу», Тұсаукесер»,  «Ашамайға отырғызу» рəсімдері  туралы əңгімелесу.Салт-дəстүр дегеніміз – белгілі бір рəсім, əртүрлі жағдай

ларға арналған ұлттық мағынадағы елеулі кезең

дер. Демонстрациялық материалдармен жұмысСуреттерге назар аудару және суретте не бейнеленгенін баяндау. «Бесікке бөлеу» ойыны бесікке қуыршақты жатқызып, бөлейді, тербетеді. Бесік жырын айтады: Əй-əй бөпем, əй бөпем, Əн айтайын бал бөпем. «Бесікке бөлеу» кішкентай бала үшін өте маңызды. Баланың сымбатты, денесі түзу болып өсуі үшін, ата-бабаларымыз баланы бесікке бөлеген. «Тұсаукесер» дəстүрі Бесікте жатқан бала өсті, қаз-қаз басып жүре бастады. «Енді көп құламай тез жүріп кетсін», –  деп, баланың тұсауын кеседі. «Адал, шыншыл бала болсын», – деп, тұсауын «ала жіппен» кеседі. Қазақ халқында «Біреудің ала жібін аттама» деген мəтел бар. Ол «Ешқашан өтірік айтпай, ұрлық жасамай, үлгілі, өнегелі азамат болып өссін»  дегенді     білдіреді. «Ашамай».  Жаңағы кішкентай бала өсіп, 5–6 жасқа келді. Үлкендер оған жеке тай атап, ашамай (тайға арналған кішкентай ер-тоқым) істетіп, қамшы өріп, «Сен азамат болдың» деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға əсем ашамай ерттеп, баланы тайға мінгізіп, жүргізеді. Осы қуанышта атасы: Ал ақ тілек, ақ тілек .Атқа тоқым сал білек. Атта жақсы шаба біл, Өнеге, өнер таба біл, Аймағыңа жаға біл. Атқа міндің, ақ жол болсын!»-деп бата береді.Балалар хормен Е. Өтетілеуұлының «Тəй-тəй» өлеңін айтады. Дəптермен жұмыс   


Үзіліс:

Дидактикалық ойын: «Кім болғым келеді?»

Мақсаты: Мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.Олар қандай заттармен қолданатыны жайлы түсінік беру.

Ойынның шарты:Тәрбиеші картиналарды көрсете отырып,былай деп сұрайды, «Дәрігер не істейді? Жүргізуші не істейді? Мұғалім не істейді? Тігінші не істейді?» Балалар қай мамандық иесі екенін қандай құралдармен жұмыс істейтін жайлы айтады.

Ықтимал күрделендіру:тез ойла

Ойынның нұсқаулары:Балаларға мамандық иелерінің суреттері таратылып беріледі.


Ойын: «Оюларды құрастыр»

Мақсаты: Қазақ халқының қолданбалы сәндік өнері туралы балаларға түсінік беру. Ою-өрнектің түрлерімен таныстыру, ою-өрнектерді құрастыра білуге, түстердің үйлесілімділігін үйрету.Танымдық қабілеттерін арттыруБалалар өз елін, халқын сүюге қазақ өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.Ұлттық мақтаныш сезіміз ояту.Эстетикалық талғамын ұштау.

Қолданатын көрнекіліктер: Оюлардың қиылған суреттері

Ойын шарты: Қазақтың ұлтық әр түрлі оюлармен сәндей білу,оюларды құрастырып аттарын атау.



3     - ұйымдастырылған  іс-әрекет


3.Қоршаған орта таныстыру

Қазақ халқының салт-дəстүрлері туралы білімдерін кеңейту.Сурет арқылы «Бесікке бөлеу», Тұсаукесер»,  «Ашамайға отырғызу» рəсімдері  туралы əңгімелесу. Қазақ халқында ата-бабалары

мыз бала тəрбиесіне көп мəн берген. Кішкентай балалар өнегелі, тəрбиелі болып өсуі үшін, ұлттық салт-дəстүрді қалыптастырып, мұра ретінде келешек ұрпаққа қалдырып отырған. Салт-дəстүр дегеніміз – белгілі бір рəсім, əртүрлі жағдайларға арналған ұлттық мағынадағы елеулі кезеңдер. Сөздік жұмыс: ұрпақ, ата-баба. Ұрпақ – тұқым, нəсіл, келешек ұрпақ. Ата-баба –бұрынғы өткен əкелер.Демонстрациялық материалдармен жұмысСуреттерге назар аудару және суретте не бейнеленгенін баяндау. «Бесікке бөлеу» ойыны бесікке қуыршақты жатқызып, бөлейді, тербетеді. Бесік жырын айтады: Əй-əй бөпем, əй бөпем, Əн айтайын бал бөпем. «Бесікке бөлеу» кішкентай бала үшін өте маңызды. Баланың сымбатты, денесі түзу болып өсуі үшін, ата-бабаларымыз баланы бесікке бөлеген.«Тұсау

кесер» дəстүрі Бесікте жатқан бала өсті, қаз-қаз басып жүре бастады. «Енді көп құламай тез жүріп кетсін», –  деп, баланың тұсауын кеседі. «Адал, шыншыл бала болсын», – деп, тұсауын «ала жіппен» кеседі. Қазақ халқында «Біреудің ала жібін аттама» деген мəтел бар. Ол «Ешқашан өтірік айтпай, ұрлық жасамай, үлгілі, өнегелі азамат болып өссін»     дегенді  білдіреді. «Ашамай».  Жаңағы кішкентай бала өсіп, 5–6 жасқа келді. Үлкендер оған жеке тай атап, ашамай (тайға арналған кішкентай ер-тоқым) істетіп, қамшы өріп, «Сен азамат болдың» деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға əсем ашамай ерттеп, баланы тайға мінгізіп, жүргізеді. Осы қуанышта атасы: Ал ақ тілек, ақ тілек .Атқа тоқым сал білек. Атта жақсы шаба біл, Өнеге, өнер таба біл, Аймағыңа жаға біл. Атқа міндің, ақ жол болсын!»-деп бата береді.

Балалар хормен Е.Өтетілеу

ұлының «Тəй-тəй» өлеңін айтады. Дəптермен жұмыс .  



2.Математика негіздері

«бүтін және бөлік» туралы ұғым қалыптастыру.Бөлік

терден бүтінді құрастыруға және бүтінді бөліктерге бөлуге үйрету. «+», « – » таңбасы мен таныстыру.

Қызғылтсары шеңберді алып екіге бөлеміз.Әлия апельсин

ді екіге бөлді. Әр бөлікті

қалай атауға болады?

(жарты)Ал егер біз екі жартыны бір-біріне біріктірсек, не болады? (Бүтін апельсин    болады.)

Пицца немесетәтті(пирог)

 нанды жарты немесе төрт бөлікке кесуге ұсынады. Бөліктерден бүтінді қалай жасауға болады?

(Біріктіру арқылы.)

бөліктерден бүтінді  алу үшін бөліктерді біріктіру немесе қосу қажет.

Дәптермен жұмыс:1,2,3,4 тапсырамалардыорындау.

Дидактикалық ойын: «Қай сан жоғалды?». «Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. 33-беттегі № 51 тапсырманы орындау


3.Сөйлеуді дамыту

«М» – «Н» дыбыстарын салыстыру.Кейбір дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажырата білуге баулу.Бұл екі дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар.«М» дыбысының дұрыс артикуляциясы: Ерін бір-біріне қатты тиеді, кішкене тіл төмен түсіп, демнің мұрын арқылы шығуынан жасалады.Ма-ма-ма – қыс деген бұл шалма. Ма-ма –ма – апорт тәтті алма. «Н»дыбысының дұрыс артикуляциясы:Ерін сәл ашылып, жіңішкерген тіл үстіңгі тістердің түбіне тиеді.«Н» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар айту.Дидактика

лық ойын:«Суретті жалғастыр». Дәптермен жұмыс.





3.Қазақ тілі

Алматы қаласы туралы білімдерін кеңейту. қорларын жаңа сөздермен толықтыру, жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру. қала – город, әсем красивый, саябақ – парк, метро – метро,мұзайдын – каток.

Алматы қаласымен таныстыру. Дыбыстық жаттығу. Ө-ө-ө-ө – көөөк-төбе- көктөбе.Ә-ә-ә-ә - әсем- әсем. Сергітусәті: 

Күннің шыққаны жақсы ма? Жақсы! (Күнді бейнелейді). Желдің соққаны жақсы ма? Жақсы! (Қолдарын көтеріп тербеледі). Достарыңмен жүрген жақсы ма? Жақсы! 

(Алға қарай адымдайды). 

Туған өлкеде жақсы ма? Жақсы! (Құшақтарын жаяды). Балабақша жақсы ма? Жақсы! (Басбармақтарын көрсетіп, қол соғады). Ойын: «Жалғастыр». Сөздерді, сөйлемдерді бекітіп, қайталау. Қа...(қала) Кө... (көше) Сая.. (саябақ) Алматы... (Алматы – әдемі, әсем қала) Жұмыс дәптерімен жұмыс. 



Үзіліс:  

Сюжеттік ойын: 

Тақырыбы: «Сән ательесі»

Мақсаты: Балаларға суреттен көрген киімдердің аттарын атап,киімдер мен ұлтық киімдерді ажыратып топтастыруға баулу, мата түрлерін ажырата алуға үйрету,қайсынан қандай киім тігеді жайлы түсіндіру.

Көрнекілік:жаңаша киімдер,ұлттық киімдер

Ойын барысы :бірнеше матаның қиықтары алып,қайсысынан қандай киім тігуге болатындығын тауып,суретке бейнеленген киімнің тұсына қоюды ұсынады.





Сюжеттік ойын: 

Тақырыбы: «Азық - түлік дүкені»

Мақсаты: Балаларды еңбекке, еңбекті құрметтей білуге, сыпайыгершілікке, ізгілікке, адалдыққа баулу.

Қажетті атрибуттар: ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, папье-машеден жасалынған тағам түрлері, ақ халат, қалпақ, есеп шот, қағаздан жасалған дөңгелектер.

Ойын шарты. Бұл ойынды әуелі жеке-жеке ойнатып, әбден жаттыққаннан кейін үш дүкенді қатар ашып ойынды күрделендіру.

Балаларды рөлдерге бөлу: 2 бала сатушы, 1 бала кассир, қалғандары тұтынушылар.

Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді. Ереже бойынша сатушылар да, тұтынушылар да бір-бірімен сыпайы сөйлеседі. Бір затты сатып алған соң, рахмет айтуды ұмытпауы керек. Сатушыда өз кезегінде «Тағы да келіп тұрыңыз», - деп ілтипат білдіреді.

Бірінші ойыншық дүкенін ұйымдастыру. Ойыншық сөресінің жанына үстел қойылып сөреде «Дүкен» деген жазу ілулі тұрады. Кассирдің алдында есепшот, ақша салатын қорап, ақ қағаз, қарындаш. Ойыншық алғысы келген балалар ең әуелі кассирге ақшасын төлейді. Не алғысы келетінін айтады. Кассир чек жазып береді. Чекті алып сатушыға береді. Сатушы «тағы да келіп тұрыңыз» - дейді.

Тәрбиеші ойынға жалпы басшылық жасайды.


4     - ұйымдастырылған іс-әрекет


4.Дене шынықтыру

Баланың кинестикалық қабілеттерін дамыту.Қарда жүргіш машина.Біртізбекпен

 жүреді.Орман тұрғындары жаттығулары:тізбекпен қоян,

қасқыр,түлкінің жүрістерін салып жүреді.ЖДЖ ойын түрінде.Орман алаңқайында жылынамыз.Артымнан қайтала.Тыныс алу гимнас

тикасы.Жел.Негізгі қимыл қозғалыстарды орындау.

Қимыл қозғалыс ойыны:

Қасқыр мен лақтар.Ойын шарты:Қарама-қарсы жаққа тек белгіден кейін жүгіреді.

Залдың бір шетінде тұрады.

Зал ортасында қасқыр

тұрады.Бөрте,бөрте,бөрте лақ,Бөрте лақ тым ерке-ақ.

Кетесің кейде секеңдеп,

Байламаса көкем кеп.Лақтар жүгіреді,қасқыр оларды ұстап алуға тырысады.

Релаксация. Орман музыкасын тыңдау.


4.Музыка

Әннің сипатын қабылдау,

дауысын дұрыс келтіріп орындау,ырғақтық бейнесі 

мен динамикасын дәл беру.Би қимылдарын орындау.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:Айна орыс халық әуені.Музыка тыңдау:

Желтоқсан.Қысқы орман туралы әңгіме.Дауыс жаттығуы.

Ән айту:Шырша әні.Қазақтың жері.Билер:Еркебұлан биі.

Ойындар,хороводтар:Айналмалы дөңгелек.Ойын шарты:

Орындалған әндерді тыңдап,

әннің мазмұнына сәйкес суретті көрсету.Музыкалық аспапта ойнау:Илигай.


4.Дене шынықтыру

Нақты қимыл қозғалыстар жасай білу қабілеттерінтқалыптас

тыруды жалғастыру.

Құмырсқалар соқпақпен келеді.

Шеңбер бойымен тізбектеле бағытты өзгертіп жүру және жүгіру .Бір тізбекпен жүру,

орташа қарқынмен жүгіру.

Артқа бұрыл бұйрығы бойынша бағыттарын өзгертіп жүгіреді.Заттар арасымен және заттарды аттап жүру және жүгіру.Бұлшық еттерді жаттық

тырамыз.ЖДЖ текшемен орындау.Негізгі қимыл қозғалыстарды орындау.

Құмырсқаға үй тұрғызу.

Демалыс жаттығуы.


4.Музыка

Әннің сипатын қабылдау,

дауысын дұрыс келтіріп орындау,ырғақтық

бейнесі мен динамикасын дәл беру.Би қимылдарын орындау.Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

Айна орыс халық әуені.

Музыкатыңдау:Желтоқсан.Қысқы орман туралы әңгіме.Дауыс жаттығуы.

Ән айту:Шырша әні.

Қазақтың жері.Билер:

Еркебұлан биі.Ойындар,

хороводтар:Айналмалы дөңгелек.Ойын шарты:

Орындалған әндерді тыңдап,әннің мазмұнына сәйкес суретті көрсету.

Музыкалық аспапта ойнау:Илигай.


Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.


Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.


Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.


Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.



Серуен


Судың  қатқанын бақылау

Мақсаты: судың құрамымен таныстыру,табиғатта пайда болатын құбылыстар туралы түсінік беру.

Тәрбиеші қатқақ суға  балалардың  назарын аударады. Олар қайдан пайда болды? 

 Болжамдар: желтоқсанда қар көп болса- сол  жылы  егін мол болады.

Тақпақ:

Қар жатыр аппақ

Ойнауға жақсы-ақ

Осындай шақта

Кім үйде жатпақ?

Жұмбақ:Қолы жоқ сурет салады,

Аузы жоқ тістеп алады.               (Аяз)

Қозғалмалы ойын: «Кімдікі алыс».

Мақсаты: Икемділігін, күшін дамыту.

 Еңбек: есік алдын сыпырушы ағайға көмек көрсету мұз жолдың үстіне құм себу.

Тоғайларды бақылау

Мақсаты: Қыстағы өсімдіктердің тіршілігін, келбетін бақылауға, сипаттауға үйрету. Ағаштардың айырмашылығын, ұқсастықтарын ажырата білуге, көлеңкесіне қарап тоғайларды ажыратуды  үйрету; 

Тоғайлар мен бұтарларға қараңдаршы. Ең әдемі тоғай немесе бұтаны тауып, оны сипаттайық. Қыста тоғайлар тыныштық күйде болады, яғни ұйықтайды. Тоғайдың түбіне, бұтақтарына, құрылысына, түсіне     қарап, бақылау жүргізу.

Болжам:  қар ағашқа жабысса – жылы болады.

Мақал- мәтел:  «Бір тал     кессең – он тал ек»

Тақпақ:

Қазақ жері –сәніміз

Мәуесі мол бағымыз

Саясында жетілер

Балдай бала шағымыз.

Қозғалмалы ойындар:  «Қояндар мен аю»

Еңбек: Тоғайларды қармен жабу.

Қар үстіндегі іздерді бақылау

Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айырып, білуге үйрету. Балаларды байқағыш, ойлау қаситтерін қалыптастырып, толықтыра түсу. 

Қар үстіндегі іздерге назар аударып, оны анықтай білуге көңіл қою. Ауа райының қай кезінде іздер жақсы көрінеді? 

Тақпақ:

Ақ киімді денелі, ақ сақалды, 

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды, 

Үсті – басы ақ қырау түсі суық, 

Басқан жері сықырлап келіп қалды.          (Абай) 

Мақал: Жемберсең қыста құсқа- сауабы тиер оның жазда. 

Қимылды ойын: «Ақ қоян» 

Мақсаты: балаларды ептілікке баулу. 

Жеке жұмыс: бір құстың лабиринттен шығу жолы туралы ертегіні ойластыру. 

Еңбек: құстар үшін жемсалғыш жасап, оны ағашқа іліп қою, жем салу

Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу

Мақсаты: балаларды қар ұшқындарының қалай пайда болатынын, олардың құрлысымен таныстыру, сонымен бірге балаларды байқағыштыққа тәрбиелеу. 

Балаларға қар ұлпасын қағып алып, зейін қойып, анықтауды ұсыну. Қар ұшқыны алты қанаттан тұрады, олар бір—біріне өте ұқсас келеді. 

Қар ұшқыны жаңбыр сияқты, бұлтта жаратылады. Су буы өте жоғары көтеріледі, жоғарыда ауаның температурасы өте төмен болғандықтан, су буларынан кішкентай ғана мұз қиыршықтары пайда болады. Алты қырлы мұз түйіршіктері өсіп кішкентай жұлдызшаларға айналады, сөйтіп қар ұшқындары жерге түседі. 

Тақпақ: 

Жазда көлге мұз қатты, 

Табанымды мұздатты. 

Мұз ойылып кетті тез, 

Күліп едік, біз қатты. 

Қимылды ойын «Ортаға түспек» 

Мақсаты: тез жүгіріп секіруге, ептілікке үйрету. 

Еңбек: қар атжалдарын жасауға балаларды үйрету.

Балаларды үйге қайтару

 Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке     келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз


     Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз

Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.













Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.