» Материалы за Декабрь 2019 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қамқоршылық кеңесінің жұмысы

Автор: serkebaev147896 от 20-12-2019, 15:56, посмотрело: 472

0 «Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бұйрық №
Кеген ауылы 04.09.2019 жыл

Қамқоршылық кеңесінің құрылуы жайлы
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде 2019-2020 оқу жылына қамқоршылық кеңесі құрылып,комиссия құрамы төмендегідей бекітілсін:
1.З. Нұрмұханқызы - комиссия төрайымы.
2. М. Уржигитова - хатшы
3.С.Тұманшиев - мүшесі
4.Г. Көбенова - мүшесі
5.С. Досымбеков- мүшесі
6.Э. Оңғарбекова - мүшесі
7.И. Ахметова - мүшесі
8.Б. Асқаров - мүшесі
9. Н. Дүзбаева - мүшесі
2. Қамқоршылық кеңесінің жұмысына бақылау басшылық жасау тәрбие ісінің орынбасары Қ. Абжанбаевқа міндеттелінсін.


Мектеп-гимназия директоры Л. Н. Нусипкожаева



















« Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019-2020 оқу жылындағы қорғаншылық кеңесінің жұмыс жоспары
№ Жүргізілетін жұмыстың мазмұны Мерзімі Жауапты адам
1 Сынып жетекшілердің зерттеу жұмыстары бойынша сыныптағы жетім, жартылай жетім,көп балалы,аз қамтылған отбасы балаларын анықтап, тізімдерге алуын қадағалау 09.09.2019 ж Кеңес мүшелері
3 «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру Жылына екі рет Кеңес мүшелері
4 Аз қамтылған отбасы балаларының үйлерін аралап,жағдайларымен танысу. Жылына бір рет Кеңес мүшелері
5 Жетім,жартылай жетім балаларды әр түрлі шараларға қатыстыру;
Жазғы сауықтыру шараларына тарту Жыл бойы Кеңес мүшелері
7 Міндетті оқу қорынан бөлінген қаражаттан аз қамтылған отбасының балаларын киімдермен қамтамасыз етуін қадағалау Жылына бір рет Кеңес мүшелері
8 83 оқушыны мектеп жанындағы асханадан тегін тамақтануын қадағалау. Айына бір рет Кеңес мүшелері
9 Жазғы сауықтыру кезінде 4 оқушыға тегін тынықтыруды ұйымдастыру Маусым Кеңес мүшелері
12 Мектептің материалдық техникалық базасын жаңартуға демеушілер тарту. Жылына екі рет Кеңес төрайымы және мүшелері
13 Қарттар күніне орай ұйымдастырылатын
«Біз қасындамыз!» акциясына қатысу.
-Қамқоршылар күніне ұйымдастырылатын іс
шараларға қатысу.
-Құқық бұзушылықтың алдын алу
жұмыстарының кеңесі отырысына қатысу. ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылатын іс- шараларға қатысу
Үнемі
Кеңес мүшелерінің отырысын өткізу Тоқсанына бір рет Кеңес төрайымы және мүшелері


Қамқоршылық кеңесінің төрайымы З. Нұрмұханқызы
Хаттама №1
« Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
03.09.2019ж
«Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесінің ата-аналар комитетінің жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиіс: 39
Қатысқаны: 29
Күн тәртібінде:
1.Мектепте қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің құрылуы жайлы
Қ.Абжанбаев
2. Қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің құрамын сайлау.
Д.Молдахынов
Тыңдалды:
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша , яғни мектептегі қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің құрылуы жайлы осы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Абжанбаев сөз алды. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде мектепте міндетті түрде қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің құрылуы туралы керектігін атап айтты. Құрылған кеңестің негізгі жұмысы мектептегі аз қамтылған отбасының балаларына қажетті көмектермен қамтамасыз ету керектігін көрсетті. Кеңестің негізгі мақсаты - міндетті білім қорынан бөлінген қаржыға аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларға көмек көрсету және ата-аналар тарапынан мектептің материалдық базасын нығайтуға демеушілер тарту екенін атап айтты.
2.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Молдахынов білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің жалпы ережелеріне сәйкес кеңес құрамы ең кемі тоғыз адамнан болады.Сонымен қатар олар мынандай адамдар болуы шарт кеңес мүшелерінің саны тақ ,бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ болуы керек. Менің ұсынысым мына төмендегідей ата-аналардан құрылсын.
1.З.Нұрмұханқызы
2.Н.Дүзбаева
3.С.Тұманшиев
4.Г.Көбенова
5.С.Досымбеков
6.Э.Оңғарбекова
7.И.Ахметова
8.Б.Асқаров
9.М.Уржигитова
Сөйлеушілер: 3 «г» сыныбының ата-аналар комитетінің төрайымы Э.Нұртаева сөз алып, мектепте қамқоршылық кеңес жүйелі түрде жұмыс атқаруы тиіс. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде , білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің жалпы ережелеріне сәйкес кеңес құрамы ең кемі тоғыз адамнан болады.Менің ұсынысым аттары аталған кеңес мүшелері сайлансын.
8 «б» сыныбының ата-аналар комитетінің төрайымы Д.Ескермесова сөз алып менің айтайын дегенім, мектептің материалдық техникалық базасын жаңартуға да, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына жиналған қаражат есебінен көмек көрсету. Менің ұсынысым аттары аталған кеңес мүшелері сайлансын.
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап талқылай келе ата-аналар комитеті жиналысы қаулы етеді.
Қаулы:
1.1 2019-2020 оқу жылына мектепте қамқоршылық кеңесі құрылсын.
1.2 Қамқоршылық кеңесінің жұмысын жандандыру, мектепке демеушілер тарту кеңес мүшелеріне міндеттелінсін.
1.1 Мектепте 2019-2020 оқу жылына жаңа құраммен кеңес 9 адамнан құрылсын.
1.2 Кеңеске жоғарыдағы ата-аналар енгізілсін.

Хатшы М. Уржигитова

















Хаттама №2
« Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
04.09.2019ж
«Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесінің жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиіс: 9
Қатысқаны: 9
Күн тәртібінде:
2. Қамқоршылық кеңесінің міндеттерін айқындау.
Қ.Абжанбаев
2. Мектепте қамқоршылық кеңесінің төрайымын және хатшысын сайлау.
Д.Молдахынов

Тыңдалды:
1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша , яғни мектептегі қамқоршылық кеңесінің құрылуы жайлы осы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Абжанбаев сөз алды. Сөз барысында мектепте қамқоршылық кеңесінің құрылғандығы жайлы және оның міндеттері туралы айтты. Құрылған кеңес мектептегі аз қамтылған отбасының балаларына қажетті көмектермен қамтамасыз ету керектігін көрсетті. Кеңестің негізгі мақсаты - міндетті білім қорынан бөлінген қаржыға аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларға көмек көрсету және ата-аналар тарапынан мектептің материалдық базасын нығайтуға демеушілер тарту екенін атап айтты.
2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Молдахынов мектепте қамқоршылық кеңес жүйелі түрде жұмыс атқаруы тиіс. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде , білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің жалпы ережелеріне сәйкес қамқоршылық кеңесінің құрамы төмендегідей болып ұсынылды:
1. З.Нұрмұханқызы- комиссия төрайымы
2. М.Уржигитова – қамқоршылық кеңесінің хатшысы.

Сөйлеушілер:
Кеңес мүшесі Э.Оңғарбекова сөз алып, осы кеңестің атқаратын жұмыстарына жоспар жасап, құжаттарды ережеге сәйкес ретке келтіру керектігін айтып өтті. « Қазақ халқы қашанда жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халық. Сондықтан бүгін құрылып отырған кеңестің мақсаты мектептегі оқушыларды зерттеп, жетім, жартылай жетіп, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға және мектептің материалдық базасын нығайтуға мектеп тарапынан, демеушілер тарапынан көмек көрсету. Міндетті білім беру қорынан бөлінген қаражатқа керекті киім – кешек алып тарату және тоқсанына 1 рет қайырымдылық акциясын ұйымдастырып оқушыларды қамтамасыз ету. Сонымен қатар кеңес мүшелері демеушілік жасайтын адамдар санын ұлғайту керек, қамқоршылық кеңесінің ұсынылып отырған төрайымы мен хатшысының өз орындарына лайықты екеніне келісемін деді кеңес мүшесі.
Кеңес мүшелері атынан С.Досымбеков сөз алып, құрылған кеңестің жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта да демеушілеріміздің көбейіп, аз қамтылған, жетім , жартылай жетім оқушылардың санын азайту керектігін айтты. Қамқоршылық кеңесінің құрамына келісетіндігін айтып өтті.
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап талқылай келе қамқоршылық кеңесінің жиналысы қаулы етеді.

Қаулы:
2. Мектептегі қамқоршылық кеңесінің төрайымы З.Нұрмұханқызы, және қамқоршылық кеңесінің хатшысы болып М.Уржигитоваға берілген ұсыныс ескерілсін.
3. Жұмыс жоспарын іске асыруда, барлық ұйымдастыру жұмыстарын алға қою кеңес мүшелеріне және қамқоршылық кеңесінің төрайымына тапсырылсын.

Хатшы: М. Уржигитова



















Мен _________________________________________________________«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде С.Серкебаев атындағы орта мектебінде құрылған қамқоршылық кеңеске мүше болуға өз келісімімді беремін.

Күні________________ Қолы____________


































« Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі қамқоршылық кеңесінің сапалық құрамы

№ Аты-жөні Туылған жылы,айы,күні Жұмыс орны Байланыс телефондары
1 З.Нұрмұханқызы - комиссия төрайымы 13.04.1957 ж Зейнеткер ұстаз 87778118990
2 М.Уржигитова - хатшы
31.10.1983 ж Аудандық мұражай қызметкері 87006851883
3 С.Тұманшиев - мүшесі 14.03.1965 ж Жұмыссыз 87714705473
4 Г.Капенова - мүшесі 07.11.1971 ж Кәсіпкер 87753384231
5 С.Досымбеков- мүшесі 02.02.1951 ж Зейнеткер 2-24-45
6 Э.Оңғарбекова - мүшесі 08.10.1971 ж Кәсіпкер 2-12-81
7 И.Ахметова - мүшесі 18.01.1978 ж Аудандық кітапхана басшысы 87056002080
8 Б.Асқаров - мүшесі 12.07.1974 ж Кәсіпкер 87770267455
9 Н.Дүзбаева - мүшесі 01.06.1980 ж Кәсіпкер 87758814789





















Хаттама №
« Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кеген ауылы 12.11.2019ж
«Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназия » мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесінің жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиіс: 9
Қатысқаны: 9
Күн тәртібінде:
1.Мектеп директорының 2019-2020 оқу жылындағы бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға есебі.
Л.Н.Нусипкожаева
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры төмендегі атқарылған жұмыстарға тоқталды. 2019-2020 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды. 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қол жетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.Мемлекеттік даму бағдарламасында көрсетілген индикатор бойынша мектебімізді үстіміздегі жылдың қорытынды білім сапасы 60,5 % және 2019-2020 оқу жылында 70% көрсетуі керек. Біз межелеген мақсатқа жету үшін әлі де біраз бірлескен жұмыстар атқаруымыз тиіс. Мемлекеттік даму бағдарламасын орындау мақсатында мектебімізде үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыстар жасалып, мектепішілік бақылау жоспары бойынша әрдайым білім сапасы назарға алынып, мониторинг жасалуда. Осы оқу жылында тарих пәнінің мұғалімі Нұғыманова Бибігул «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың білім беру үдерісіндегі идеяларын жүзеге асыру» атты облыстық семинарда шығармашылығымен көзге түскені үшін Алматы облысының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының грамотасымен марапатталды. Оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың Республикалық конкурсына 5 «б» сынып оқушысы Бейсенбай Азамат қатысып, конкурс жеңімпазы атанды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құдайберген Әсемнің дайындаған 9 «ә»сынып оқушысы Аллажар Меруерт «Жыр жауһар» атты облыстық байқауда 1-орын алып,80000 ақшалай сыйлықпен марапатталды. Пән иесі «Алғыс хат»иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маматаева Айсұлу «Өлең сөздің патшасы» атты АБАЙ шығармашылығымен байланысты Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Дарынды балаларды анықтау мен оларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Республикалық ғылыми –практикалық «Дарын» орталығының аудандық ғылыми жоба жарысына 8 -11 сыныптар арасында, «Зерде» ғылыми жоба жарысына 2 – 7 сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде 6 сынып оқушысы Ілік Алуа «орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша 1 –ші орын (жетекшісі Маратова Әлия), «информатика» секциясы бойынша 8 сынып оқушысы Жандосұлы Саин (жетекшісі Мұқамбек Саят) 1 –ші жүлделі орындарға ие болып, облыстық байқауға қатысуға жолдама алса, «орыс тілі мен әдебиеті» секциясынан 10 сынып оқушысы Жұмабекқызы Шұғыла 2 –ші орын (жетекшісі Кайынбаева Жазира), «биомедицина» секциясы бойынша 10 сынып оқушысы Жақыпбекова Айзере 3-ші орынға иеленді (жетекшісі Жақсыбаева Ғалия). 06.12.2019 ж. жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық пәндік олимпиадасына мектеп –гимназиядан 19 оқушы қатысып, 9 оқушы 1-ші жүлделі орындарға ие болып, облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды:Химия пәнінен – Нұрбосын Ақниет 9 сынып, жетекшісі Намазбаева А. Химия пәнінен - Орынбек Әдемі 10 сынып, жетекшісі Бекмухамбетова А. Биологиядан - Оралбек Шұғыла 11 сынып, жетекшісі Нұрахмет Г.Биология пәнінен – Тумархан Гульфайруз 9 сынып, жетекшісі Жақсыбаева Ғ. География – Құрманғали Жансая 10 сынып, жетекшісі Захан Э. География – Сарсембай Жанерке 11 сынып, жетекшісі Тлеулиев А. Қазақ тілі мен әдебиеті – Кауен Ұлпан 10 сынып, жетекшісі Сүлейменова Г. Ағылшын тілі пәнінен – Шафхат Аружан 9 сынып, жетекшісі Мукатаева Ә. Қазақстан тарихынан – Серікқызы Диана 11 сынып, жетекшісі Нұғыманова Б.Мектебіміз бойынша 05 шілде -30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу барысы бойынша іс-шарасы жасалып ұжымға, ата-аналарға ,оқушыларға таныстырылып бекітілді. Мектепке әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына толық қайта есеп тізбесі жасалды. Мектепте 2 жетім оқушы бар. Жартылай жетім - 46 оқушы. Толымсыз отбасы баласы -49 оқушы. Аз қамтылған отбасы балалары 60 оқушы, 217 көп балалы оқушылар тізімі жасалды. Шекаралық аумақ бойынша мектеп мұғалімдері бөлінген үгітшілер 22 көше . Көше бойынша оқушылар есепке алынуда. Жағдайы келмейтін, қанғыбастыққа салынған оқушы жоқ. Барлық оқушының жағдайы анықталып тексерілуде. Акция барысында оқушыларға керекті оқу құралдары, мектеп формасымен қамту кәсіпкерлер және мұғалімдердің көмегімен ұйымдастырылды . Мөлтек аудан бойынша рейд ұйымдастырылып, рейд барысында қоғамдық орындар,малды ауылдар,базар маңдарында тексеру жүргізілді, дәлелсіз себептермен мектепке тартылмай қалған балалар анықталған жоқ. 26 тамыз күні «Мектепке жол» акциясы негізінде «Жүректен-жүрекке» ұранымен қайырымдылық акциясы өтілді. Мектеп ұжымы қаржылай көмек жинады. Жетім, жартылай жетім, аз қамтылған 35 оқушыға -190000 теңгеге мектеп формасы мен оқу құралдары берілді. «Жерұйық-Кеген жастары» қайырымдылық қоры 20 оқушыға оқу құралдарын тарту етті. Мектеп ұжымы 15 оқушыға қаржылай көмек көрсетті.Игі іс-шара қыркүйек айының аяғына дейін жалғасын табады.
Сөйлеушілер: Кеңес мүшесі Асқаров Бақтияр сөз алып, мектеп директорының есебіне қанағаттанатынын айтып өтіп, кейбір мәселелерге өз пікірін білдірді.Жетім, жартылай жетіп, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға барынша көмек көрсету және мектептің материалдық базасын нығайтуға демеушілер тарту керектігін айтып өтті.
Кеңес мүшелері атынан Н.Дүзбаева сөз алып, мектеп директорының есебіне қанағаттанатынын айтып өтіп,құрылған кеңестің жұмысын алдағы уақытта мектепке демеушілерді көптеп тарту керек екенің айтты.
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап талқылай келе қамқоршылық кеңесінің жиналысы қаулы етеді.
Қаулы:
1.Мектеп директоры Л.Н.Нусипкожаеваның 2019-2020 оқу жылындағы
1-ші жарты жылдықта атқарылған жұмыстарға жасаған есебі ескерілсін.
2 Қамқоршылық кеңес мүшелерінің талап тілектерін ескеру директор мен орынбасарларына тапсырылсын.

3 Жұмыс жоспарын іске асыруда, барлық ұйымдастыру жұмыстарын жолға қою кеңес мүшелеріне және қамқоршылық кеңесінің төрайымына тапсырылсын.

Хатшы: М. Уржигитова








Категория: