» Материалы за Сентябрь 2022 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 
 
 
 
 

Көгалдандыру схемасы

Автор: admin от 5-09-2022, 09:57, посмотрело: 24

0

Категория:

 

Көгалдандыру жоспары

Автор: admin от 2-09-2022, 09:58, посмотрело: 180

0

«Бекітемін» 

Мектеп-гимназия директоры:                    Л. Н. Нусипкожаева

                   

«Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар С.Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназия» КММ 2022- 2023 оқу жылындағы мектеп алаңын көгалдандыру жұмыс жоспары



Жұмыс түрлері

Орындау мерзімі

1

Мектеп аймағын тиімді пайдалану, абаттандыру жұмысын іске асыру

ақпан

2

Алаңдарға сыныптарды бекітілуі.

наурыз

3

Бөлінген  алаң  ережелерімен таныстыру.

наурыз

4

« Мектептің аумағының абаттандыруына» айлығы

сәуір

5

Өсімдік тұқымдарын сұрыптау

сәуір

6

Өсімдіктерді отырғызу әдістері

сәуір - мамыр

7

Гүлденген алаңды арам шөптен тазарту, суару.

мамыр - тамыз

8

Өсімдіктердің өсу процесін қадағалау

мамыр - шілде

9

Талдарды түптеу және әктеу.

қыркұйек

10

«Ең әсем гүлденген жер»  атты сайысы.

қыркүйек

11

Жеміс пен гүл шоқтарының тұқымын отырғызуға дайындық жасау

қыркүйек

12

Көшет отырғызу топырағын дайындау

қазан

13

Мектептің аумағының санитарлық күйі

жыл бойы







Мақсаты:

Мектеп ауласын гүлдендіру арқылы оқушыларды еңбекке баулу, жас өспірімдердің экологиялық  қарым-қатынастарын, жауапкершілігін, табиғатты тиімді пайдалануды, табиғи жағдайларды сақтауды түсіндіру.Оқушылардың эко мәдениетін, салауаттылығын қалыптастыра отырып, дамыту.

Міндеттері:

- балалардың экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, экологияны оқыту  кезінде пәнаралық байланысты пайдалана білу;

- негізгі табиғат қорғау дағдысын, алған теориялық білімін практикада қолдана білу қабілетін қалыптастыру;

- қоршаған орта жағдайы үшін өзіне жауапкершілік ала білуі және өз елінің экологиялық мәселелерін шеше білуі.

- оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен қарым-қатынасын тәрбиелеу және экологиялық білімін көтеру мақсатында өткізілген жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі.


                  МЕКТЕП АУЛАСЫН КӨГАЛДАНДЫРУ


 Мектеп ауласы төрт мезгіл бойы гүлденіп тұрса, бұның оқушыларға маңызы зор. Баланың денсаулығына да пайдасын тигізеді. Мектеп ауласын көгалдандыру бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезде мектеп ауласына егілген ағаштар мен бұтақтар оқушыларға қызмет жасауы тиіс. Аулаға отырғызылған бір ағаштың қоршаған ортаға маңыздылығы зор. Сонымен қатар, ағаштардың егу тәртібі мен олардың бір бірінен арақашықтығы да көгалдандыру заңдылығына сәйкес келу керек. Мектеп ауласына егілетін гүлдер, көбінесе жаз айында егілетін гүлдер. Көбінесе, жаз айларында гүлдейтін бір – екі түрі мен раушан гүлі егіледі. Гүл көркемділікпен қатар эстетикалық тәрбие береді.

Мектеп ауласына төрт мезгіл бойы түсін жоғалтпай оқушылардың көңіл күйін көтеретін, ауаны тазалайтын қылқанжапырақты ағаштар егілуі тиіс және олардың егілу заңдылықтары сақталғаны жөн. Қылқанжапырақты ағаштардың қатарына жататын- арша (juniperus),бозариса(thuja), қарағай(pinus),шырша (picae), тсуга(tsuga), тис (taxus) ағаштарын еккен дұрыс. Биік ағаштар мектеп ғимаратынан 10-12 м қашықтықта егілуі тиіс. Жақын жерге егілген

ағаш сынып бөлмелеріне күн сәулесінің түсуіне кедергі келтіреді. Ала көлеңкелі сынып оқушылардың көңіл күйіне әсер етеді, көру қабілетін нашарлатады. Сонымен қатар, өсіп тұрған ағашқа байланысты арнайы мағлұмат беретін, паспорт-ағаштың қасына тақтайша түрінде қағылуы керек. Тақтайшада ағаштың қазақ, латын және орыс тіліндегі атаулары. Отаны және негізгі биологиялық қасиеттері қамтылуы керек. Гүлзарға келер болсақ, мектеп ауласына ерте көктемде және қоңыр күзде гүлдейтін көпжылдық гүлдер егілуі керек. Ерте көктемде гүлдеп, шуақты көктемнің келгенін білдіретін көпжылдық гүлдер- наурызгүл (primula), сәуір айында гүлдейтін – қызғалдақ (tulipa), нәркес

(narcissum), мамыр айында гүлдейтін – құртқашаш (iris) гүлдері топтап немесе шахмат тақтасы тәріздес егілсе, мектеп ауласы көктем басталғаннан оқушылар демалысқа шыққанға дейін әдемі гүлдермен көмкерілер еді. Ал қоңыр күзде кезегімен гүлдейтін алтыншар (rudbeckia), күздік қашқаргүл (aster) , бақытгүл (chryzanthemun) гүлдері оқу басталғаннан алғашқы қар жауғанша дейін мектеп ауласын әсемдікке бөлейді. Егер осы заңдылықпен гүлзарды көгалдандыратын

болсақ, оқушыларға жасыл аула сыйлаумен қатар, мектеп кезінен бастап, гүл мәдениетін олардың бойына сіңіріп, қоршаған ортаны сүюге баулимыз. Мектеп қоршауында әртүрлі гүлдермен безендіруге болады. Ол үшін қоршауға ерте

көктемде гүлдейтін бұтақты гүлдерді егу керек. Наурыз, сәуір айларында гүлдейтін- форзиция (forsythia), жапон бежесі (chenomeles japonica), мамыр, маусым айларында гүлдейтін- бөртегүл(syringa), тобылға(spiraea) , вейгела (weigela) сияқты бұтақтылар нағыз қоршауға егілетін гүлдер. Оқушыларды ауладағы ағаштар мен гүлдерді суғаруға, баптап күтуге үйрету арқылы өсімдіктер әлемнің қыр – сырын ұғындыра түсумен қатар, еңбекке баулуға да мол мүмкіндік

береді. Жапонияда бірінші сыныптан бастап гүл өсіру мен көгалдандыру пәндік сабақ ретінде өткізіледі. Көгалдандыру орта жағдайын жақсартуда негізгі орын алады. Көгалдандыру ісін мектептен бастауымыздың себебі , біріншіден денсаулығы мықты, білімді азамат тәрбиелеу , әрбір оқушыға гүл мәдениетін үйрету, қоршаған ортаны сүюге баулау

және жаны сұлу, әдемілікке бойы құмар, елінің ертеңгі көгалдануына өз үлесін қосатын патриот ұрпақ қалыптастыру.

Мектеп ауласы мен балабақша ауласын көгалдандырудың айырмашылығы бар. Мектеп оқушысы күздің алғашқы күнінен бастап тоғыз ай оқитындықтан, мектеп ауласында өсірілетін ерте көктем мен күзде гүлдейтін гүлдері ғана қамтылады. Ал, балабақшада бүлдіршіндер 12 ай бойы тәрбиеленеді. Сондықтан, балабақша ауласы жылдың төрт мезгілінде де өсімдіктермен молынан көмкеріліп тұруды қажет етеді. Балабақша ауласының дизайнын да үлкен талғаммен жасау керек. Жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлінетін бүлдіршіндер аулада әртүрлі ойындар ойнап, айналамен танысады. Әр топ өз жерін мекендейді, олардың араларын көп жағдайда тақтайшадан жасалған қоршаулармен бөліп қояды. Егер осындай тақтайшалардың орнына бұтақты өсімдіктерден тобылғы (spiraea) , жәмшит тағы басқаларынан, жасалған жасыл қоршауды пайдаланатын болсақ , олар аулаға әдемілік сыйлаумен қатар, бүлдіршіндердің танымдық қабілетіне жақсы әсер етеді. Мұндай жасыл қоршауларға мезгілімен қырқу жұмыстарын жүргізіп, бүлдіршіндердің бойынан асып түсетіндей биіктікке ұстау керек. Сонымен бірге, жасыл қоршау ағаштан, темірден жасалған қоршауларға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз. Аулада биік болып өсетін ағаштардың сәнағаш (catalpa) тағы басқа төменгі бұтақтарын кесіп отырса, жоғарғы бөлік бұтақтарының жапырағы жайқалып, аулада ойнайтын бүлдіршіндерге көленке түсіп тұрады. Ағаштарды ересек адамның бойымен шамалас биіктікте (h=180см) кесу керек. Мұндай тәртіппен кесілген ағаштар ауланы кең көрсетеді. Балабақшаның сыртқы қоршауында гүлдейтін көпжылдық бұтақты өсімдіктермен көмкерудің маңызы зор. Себебі, қоршаудағы өсімдік көшедегі шаң мен шуға тосқауыл болуымен

қатар, аулада таза ауа қалыптастырады. Бұтақты гүлдейтін өсімдіктерді форсайтия (forsythia),бөлтегүл (syringa), қынаағаш (ligustrum), вейгела (weigela) топтап отырғызсаңыз, ерте көктемнен қоңыр күзге дейін балабақша ауласы әдемі болып табылады. Бірақ, мұндай бұтақты өсімдіктерді тек жасыл қоршау ретінде ауланың ішінде еккен абзал. Себебі, ауланың орта тұсына егілген бұтақты өсімдік биіктігімен қоса, көлденеңінен де жайыла өсіп, ортаны тарылтып жібереді

және ауладағы бүлдіршіндердің ойнауына кедергі келтіреді. Балабақша ауласын көгалдандыруда аулаға орнатылған үйшіктерді де ерекше ескеру керек. Мүсіндер ауладағы үйшіктер мен дизайнға ғана үйлесіп қоймауы керек. Бұтақты өсімдіктер мен ағаштардың қасына елік, тауешкі, арқар сияқты мүсіндерді, көлшік, сарқырама, үйрек, қаз, аққу секілді құстардың бейнесін орнатсаңыз, олар жасалған дизайнға табиғи көрініс береді. Ыңғайына қарай, аулаға бүлдіршіндердің аңыз, ертегілердегі сүйікті кейіпкерлерін де орнатуыңызға болады. Балабақша ауласындағы ойын алаңдарына орнатылған үйшіктерді, әткеншектерді де өсімдіктермен көмкеруге болады. Шырмалып өсетін кампсис (campsis), қызжүзім (parthenocіssus) , кирказон(aristolochia), үшқат (lonicera), жебілген (clematis), шығысгүлі (hydrangea) өсімдіктері

әдемі жапырақтарымен қатар, келген жерде жайлы өсіп тұрады. Балабақшада егілетін гүлдердің де өзіндік ерекшеліктері бар. Балабақша ауласында гүлдерден жасалған гүлзарлар жасыл қоршаумен бөлінген алаңқайларға қарағанда кішігірім болуы шарт, гүлзарларда бір сұрыптағы гүлдің бірнеше түсі емес , керісінше, гүлдердің түрлері көп болғаны абзал.

Себебі, бүлдіршін сол балабақша өмірінен бастап гүлдердің түрлерін, олардың негізгі қасиеттерін, қазақ, латын, орыс тілдерінде аттарымен танысуы тиіс. Сонымен қатар, онда егілетін гүлдер ерте көктемнен бастап, алғашқы қар жауғанға дейін кезегімен гүлдейтіндей тәртіпте егілуі керек.


Категория: