» » Кітапханашының 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмыстарына анықтама

 
 
 

Кітапханашының 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмыстарына анықтама

Автор: admin от 5-07-2023, 17:57, посмотрело: 57

0

Кітапхана жылдық анықтама

     Білім беру  сапасының  басты   көріністерінің  бірі  білім   беру  нәтижелері, оған  қол жеткізу- баланың, отбасының, мұғалімдердің  және  жалпы   білім беру  жүйесінің  бірлескен   күш  жігерінің  нәтижесі .

 Республикалық «Оқуға  құштар мектеп» жобасы  жалғасын   табуда. 

     Бұл  жоба  жаңа   кітаптың  тұсаукесері-  ұсыныстары, балалар мен  олардың   ата- аналарына арналған   Google  нысандарындағы  кітаптар   бойынша   онлайн –викториналар, театрландырылған  онлайн –көрсетілімдер,  квест  ойындары, интерактивті  ойындар, онлайн  шоулар, медиа- журналдар , туған жерлерге  онлайн   экскурсиялар  және  кітапхана, «Қалам  сынағы»-   оқушылардың  әдеби   шығармашылығын  әдеби   кейіпкелермен  арт- кездесу , кітапханада  20 минуттық  кітап   оқу  тағы басқалар  жүргізіліп   келеді. Мобильді  көрмелер  (QR-   код  арқылы  кітап   оқу) мектеп  буккроссингтері  жұмыс   істейді. «Кітапханаға  сыйлық» акциялары  өткізіледі,  бұл   мектеп  кітапханаларының  қорын    көркем  және  танымдық   әдебиеттермен  толықтырылған   мүмкіндік   береді. Президент ұсынған міндетті 100 кітаптің  52-сі бар, оқушылар алып пайдаланып отыр. Мектеп кітапханасы   бөлімінде биылғы жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейін оқырмандар саны

     Биылға 2022-2023 оқу жылында «Алматы», «Атамұра», «Мектеп»,  «Express publishing Oxfond» баспаларынан қабылдадық. Оқушылар түгелдей оқулықтармен қамтылды. Жетіспеген оқулықтарды, Жаңабаев,  Бейсембетов, А.Нүрпейісов мектептерінен әкелдік.

   Кітапханаға  оқырмандар  есебінде мектептің барлық  оқушылары, мұғалімдері, ата- аналары  тартылды. 

Мектеп кітапханамызда 5,5 әдеби кітап қоры бар.115 –ке  артты. 

       Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына орай  «Мен өмірі  жырлау   үшін келгенмін» тақырыбында кітап көрмесі.

     1 наурыз Алғыс айту күніне орай бұрыш   және кітап көрмесі жасалынды.

      8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ана» деген тіршіліктің тірегі» атты кітап көрмесі.

     22 наурыз Ұлыстың үлы күні мерекесіне арнап «Наурыз-берекем, Наурыз- мерекем» атты кітап көрмесі мен арнайы бұрыш жасалынды.

      12 сәуір Ғарышкерлер күніне  орай «Ғарышқа жол салған қыран қазақ» тақырыбында кітап көрмесі қойылған. 

      7 мамыр- Отан қорғаушылар күні мен қатар келген 9-мамыр Жеңіс күніне 78   жыл толуына байланысты дөңгелек стол жүргізілді.

      1-11 сынып бойынша оқулықтардың күтіміне, тазалығына рейд жүргізілді. 25  мамырдан бастап кітаптарды жинап өткізу туралы сынып жетекшілеріне ескертілді.

       Жаңа түскен газет- журналдарды  жинақпен тізіп отыру, библиографиялық жұмыстар оқырман формуляры бойынша жұмыс оқырмандар өткізген кітапты қабылдау, сөреге қою, сонымен қатар 1-5 сыныптар бойынша   оқулық күтіміне, тазалығына рейдтер жүргізіп отырылады. Бүгінгі  күні алдағы   2023-2024 жаңа оқу жылына әр сынып жетекшілерінен сұраныс  қабылдануда.



Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.