» » Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмыстарына анықтама

 
 
 

Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмыстарына анықтама

Автор: admin от 5-07-2023, 17:34, посмотрело: 58

0

«С.Серкебаев атындағы  мектеп-гимназия» КММ бойынша әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмыстарына

Анықтама 

Қыркүйек айында сынып жетекшілермен бірлесе отырып, сыныптың әлеуметтік паспорты жасалды. Сыныптың әлеуметтік паспортынан мектептің әлеуметтік паспортын жасадық. Нәтижесінде: Аз  қамтылған отбасы –  35, Жартылай жетім – 43,Толық емес отбасы – 49,Жетім –  1, Өгей ата – анамен тұратын оқушылар – 7,«Д» есеп – 12, Үйінде мүгедегі бар – 16, Көп балалы – 335 оқушы анықталды.  Жоспар бойынша қыркүйек айында сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жөнінде мәліметтер   жиналып, реттелді. Әлеуметтік қамқорлықтағы оқушылар толығымен оқулықпен қамтамасыз етілді. 1-11 сыныптардың әлеуметтік төлқұжаттары жасалынды. Аз қамсыздандырылған отбасы балаларына мемлекет тарапынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Мектеп асханасында ыстық тамақпен қамту жұмыстары ұйымдастырылып, асхана жұмысын бақылау жауапкершілігі  жүктелген  мектеп қызметкері бұйрықпен тағайындалды.

Қазан айында сынып жетекшілерден әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата- аналармен байланыс жасалды. Анықталғаны 9 «ә» сыныбынан Халықұлы Нұржан, 4 «ә» сыныбынан Ақылбек Алихан, 5 «ә» сыныбы Ахметқали Ақжан, Айдосқызы Нұрай 6 «в»,Айдосұлы Айтөре, Ахметқали Ақжол, Тыныбай Ақжан 1 «ә» сынып оқушылары,  Нұрдаулетұлы Ибрахим 1 «а»,  Текесбай Әлібек 3 «б», Тоқтақын Сезім 4 «а» оқушылары анықталды. 

Аз қамтылған отбасы Шаюпов Рустам 10 «б», Шаюпова Нигара 7 «в», Шаюпов Руслан 3 «б» оқушыларына «Мектепке жол акциясы » аясында жеке кәсіпкерлердің қолдауымен  азық – түлікпен, оқу құралдарымен, киім – кешекпен көмек көрсетілді. 

   Үйден оқытылатын оқушылар: Құрманжан Гүлім, Оңғарбекова Жансая, 

Болат Нұрасыл, Нұрбатырқызы Талшын, Ерсары Бірлік.

Құрманжан Гүлім денсаулығына байланысты ауруханада уақытша ем алатынын білдік. Үйі салқын, от жақпаған. Баланың мінез-құлқынан агрессия байқалады. Оңалту орталығына бардық. Ол жақта баланың сабаққа мүлдем келмей жүргені анықталды. Ұжымның айтуынша анасы баласының ол жерде білім алуына қарсы.

Нұрбатырқызы Талшын қазіргі сәтте оңалту орталығында білім алуда. Талшын оңалту орталығына күнделікті барады. Денсаулығында еш өзгеріс жоқ. Бір қалыпты дейді тәрбиешілер.

Болат Нұрасылдың үйіне барып, баланың жағдайын білдік. Нұрасылдың жағдайы қалыпты. Анасы баласының тез ұмытып қалатындығын айтты. Сабақтың уақытылы өтетінін айтты. Үйлері жыл, тамақтары бар. 


Аз қамтылған отбасы Шаюпов Рустам 10 «б», Шаюпова Нигара 7 «в», Шаюпов Руслан 3 «б» оқушыларына «Мектепке жол акциясы » аясында жеке кәсіпкерлердің қолдауымен  азық – түлікпен, оқу құралдарымен, киім – кешекпен көмек көрсетілді. 

Аз қамтылған, ана қамқорлығындағы 8 «ә» сынып оқушысы Сәкен Жарқынның үйіне бардық. Зерттеу актісін жасадық. Анасынан және өзінен сауалнамалар алдық.

Жартылай жетім 7 “в” сынып оқушысы Санақ Маржанның үйіне барып, тұрмыстық жағдайымен таныстық. Апасымен сөйлесіп, зерттеу актісін жасадық.   

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» атты мектебімізде жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге мектебіміздің барлық ұстаздары, оқушылар ат салысты. Барлық сатылған заттардың бағасы өте қол жетімді бағада болды.   Барлығы 37000 қаражат жиналды. Жиналған қаражатқа  көп балалы   отбасынан 6 «б» сынып оқушысы Бекмұрат Бегасыл және  4 «ә» сынып оқушысы Бекмұрат Сұлтанға қыстық аяқ киім алып бердік. 10500 тенгеден 21000 тенгеге аяқ киім алдық. 

Қалған қаражатқа мектебіміздің кітапханасы балалар отырып керек мәліметтерін іздегенге, кітап оқығанға жылы болсын деп 2 жылытқыш  7000 тенгеден 15000 мын тенгеге және 2000 тенгеге ұзартқыш алдық. 

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Катиетова Жанардың демеушілігімен мектебіміздегі аз қамтылған отбасы балаларына және сәтсіз отбасыларға, жартылай жетім оқушыларға 25 сыйлық таратылды.

Аудан әкімінің ұйымдастыруымен өткен жаңа жылдық шыршаға мектебіміздің 6 «б» сынып оқушысы Оңғарбекова Жансая қатысты.

Қаңтар айында сынып жетекшілермен бірлесе отырып жетім және ата –ана қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, толық емес отбасылар тізімі қайта жасалды.   Жаңа оқу жылында мектеп асханасынан ЖББҚ, арендатор есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылар анықталып, тізімі жасалынған болатын, 1 жартыжылдық бітіп, 2 жартыжылдық басталғандықтан 270 баланың тізімін қайта тексеріп шықтық. 1 және 2 кезең бойынша оқушылар толыққанды ыстық тамаққа барып жүр. 

Өгей ата-анамен тұратын   6 оқушының үйін араладық. Олар: Мапаева Асылай, Болатжан Елина, Камалжан Әбдіхамит, Әбдінасыров Нұрәділ, Желдібай Алихан. Отбасының әлеуметтік паспорты,  материалдық- тұрмыстық жағдайы мен отбасының моральдық- психологиялық ахуалын зерттеу актісі толтырылды.

Сәтсіз отбасылар: Бахтияр Абылай, Құрманжан Гүлім, Құрманжан Шыңғыс, Төленді Альфия, Еркінұлы Елнар. Зерттеу актісі толтырылды. Қыс мезгілі болғандықтан үйлері қоңыр салқын. 

Толымсыз отбасына жататын Қаржау Қарақат, Қаржау Мөлдір,  Омархан Каусар, Омархан Медина. Үйлерін аралау барысында акт толтырылды. Тұрмыстық жағдайлары орташа. Қыстық көмірлері бар. 

Сәтсіз отбасы Төленді Альфия, Еркінұлы Елнардың үйлерін аралап, зерттеу актілері жасалды. 

Аз қамтылған оқушыларың үйлерін аралап зерттеу актілері толтырылды. 

2 в сыныбы Болатжан Ұланның,  4 ә сынып оқушысы Сайлаубай Мұстафаның, 1б сынып оқушысы Сайлаубай Хабибулланың, 4а сынып оқушысы Жеңіс Еркеназдың, 3а сынып оқушысы Алибаев Ақжүректің 3ә сынып оқушысы Айдарұлы Ернар, 2ә сынып оқушысы Құдыс Аянның, 6а сынып оқушысы Құдыс Лязза, 4а сынып оқушысы Құдыс Айқынның  үйіне барып, зерттеу актісі толтырылды.

Жеке кәсіпкердің атынан мектебіміздегі әлеуметтік санаттағы балаларға аяқ киімдер берілді. 

“Кикілжің және оның шешу жолдары ” тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен тренинг өткізілді.

Бала құқығы – адам құқығы тақырыбында оқушылармен жұмыстар                  жүргізілді, сауалнамалар алынды

Үйден оқитын оқушылардың үйлерін аралап зерттеу актілерін толтырдық.

“Зорлық – зомбылыққа жол жоқ ” тақырыбында “Қарқара ” газетіне мақаламыз жарық көрді





Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.