«Бекітемін»
Мектеп-гимназия директоры
_________________ Л.Н.Нусипкожаева
«Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар С.Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназия» КММ әлеуметтік педагог жұмысы бойынша
2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспары
472 – бұйрық негізінде
Мақсаты: мектеп оқушыларымен, ата-аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, көпбалалы отбасы балаларын, жартылай жетім және оралман оқушылармен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар тәртібінде ауытқушылығы бар және қиын, құқықбұзуға бейім балалармен әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Әлеуметтік педагог жылдық жұмыс жасай отырып, медбикемен, сынып жетекшілермен, педагог-психологпен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасармен, КТБІЖ қызметкерлерімен, «Қамқоршылық» кеңесінің жұмысымен жылдық жоспар жасайды.
№ р/с | Іс-шаралар | Орындау мерзімдері | Жауаптылар | Есеп беру нысандары | |||
І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу | |||||||
2021-2022 оқу жылына арналған әлеуметтік педагогтің жоспарын талдау, бекіту | Тамыз | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Жоспар | ||||
Әлеуметтік педагогтың іс- қағаздары және нормативтік құқықтық актілермен жұмыс | Тамыз | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Мектептің әлеуметтік паспортын құру | 29.08-06.09.2022 | Әлеуметтік педагог | Паспорт | ||||
Сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жөнінде мәліметтер жинау | 29.08-10.09.2022 | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||||
Әлеуметтік қамқорлықтағы оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету | Тамыз | Әлеуметтік педагог Кітапханашы | Мәлімет | ||||
Мектеп асханасынан ЖББҚ,арендатор есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушыларды анықтау және тізімін жасау | 31.08-03.09.22 | МДОІЖО Әлеуметтік педагог | Тізім | ||||
Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасын және картотекасын жасау | 31.08-03.09.22 | Әлеуметтік педагог | Тізім | ||||
Жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар тізімі | 31.08-03.09.22 | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Тізім | ||||
Көп балалы отбасы балалар тізімі | 31.08-03.09.22 | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Тізім | ||||
Үйде оқытылатын және мүгедек оқушылар тізімі | 31.08-03.09.22 | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Тізім | ||||
Сәтсіз отбасындағы оқушылар тізімі | 31.08-03.09.22 | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Тізім | ||||
Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының тізімі | 31.08-03.09.22 | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Тізім | ||||
Толық емес отбасындағы оқушылар тізімі | 31.08-03.09.22 | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Тізім | ||||
ЮПТБ-есепте тұратын оқушылар тізімі | 31.08-03.09.22 | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Тізім | ||||
Мектепшілік есепте тұратын оқушылар тізімі | 31.08-03.09.22 | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Тізім | ||||
Өгей әкемен ұл бала, қыз бала тізімі | 31.08-03.09.22 | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Тізім | ||||
Өгей анамен ұл бала, қыз бала тізімі | 31.08-03.09.22 | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Тізім | ||||
Білім бөлімінің бас мамандарына тізімдерді тапсыру | 05.09.2022 | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың жеке іс-қағаздарын реттеу, оқушылардың жеке қызығушылығын бақылау, есепке алу журналы | 01-03.09.2022 | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||||
«29 қазан – Қамқоршылар күні» іс-шара ұйымдастыру | 29.10.2022 | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Сынып жетекшілермен бірлесе әлеуметтік көмек қажет ететін оқушыларға «Қайырымдылық» акциялар ұйымдастыру, бірлескен іс-шаралар жүргізу | Қажет еткенде | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||||
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік тұрмыс үй жағдайымен танысу, үй-тұрмыс актісін жүргізу | Қыркүйек Қаңтар | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет АКТ | ||||
Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға және қиын және құқықбұзуға бейім оқушылардың отбасымен және тұрғын жайымен танысуға акт жүргізу | Қажет еткенде | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||||
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға «Қамқорлық» Республикалық науқаны кезінде сыйлықтар ұйымдастыру, әлеуметтік-материалдық көмектер көрсету | Қыркүйек Қаңтар | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||||
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың үй-мүлкінің сақталуын қадағалау | Үнемі | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||||
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың жазғы лагерьге баруын қамтамасыз ету | Маусым Шілде Тамыз | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
II. Балалық құқығын қорғау жұмысы | |||||||
Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2021 жылға арналған кешенді жоспарының орындалу жұмыстарын ұйымдастыру | Жоспар бойынша | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
«Бала қорғау бұрышын» ұйымдастыру, бала құқығын қорғау бойынша стендтерге хабарламалар ілу, оқушылар арасында «Бала құқығы – адам құқығы» атты плакаттар көрмесін ұйымдастыру | 24.10-24.11.2021 | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Қазастан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2022 жылға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | Жыл бойы | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс | |||||||
АІІБ ЮПТ есебін, сәтсіз, мектепішілік есепте, қауіпті топтағы оқушыларды анықтап және әлеуметтік жұмыстармен тұрғын үй тұрмыс актісін жасау | Әр айдың 5-не дейін | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Құқық бұзушылықтың, қаңғыбастық пен тіленшіліктің алдын алу, ата-ананың қамқорынсыз қалғандарды анықтау, түнгі уақытта ата-анасыз және заңды өкілдерісіз жүрген балаларды анықтау мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шаралар | Мектепішілік кестеге сәйкес | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Қадағалаусыз және қараусыз қалған балаларды анықтау бойынша «Кеш», «Жасөспірім», «Түнгі қала» т.б рейд жұмыстарын жүргізу | Ай сайын | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру | Жоспар бойынша | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Сәтсіз, мектепішілік, ЮПТБ есебінде тұрған оқушылармен жұмыс | Жыл бойы | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
7-8 сынып оқушыларының әлеуметтік қызығушылығын анықтауға әлеуметтік диагностика жұмыстарын жүргізу | 13-16.02.2023 | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы | |||||||
Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру | Қажет еткенде | Әлеуметтік педагог Психолог | Мәлімет | ||||
Оқушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізу және кеңестер беру | Үнемі | Әлеуметтік педагог Психолог | Мәлімет | ||||
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, отбасында қиын жағдай орнаған оқушылардың ата-аналарына, оқушыға және қиын оқушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізу | Жоспар бойынша | Әлеуметтік педагог Психолог | Мәлімет | ||||
Үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарымен кездесу және әлеуметтік педагогикалық жұмыстар атқару | 19-23.09.2022 | Әлеуметтік педагог Психолог | Мәлімет | ||||
«Мектеп-отбасы-бала» мониторингін құру | 10-16.10.2021 | Әлеуметтік педагог Психолог | Мониторинг | ||||
Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен әлеуметтік педагогикалық және психологиялық жұмыстар жүргізу. | Жоспар бойынша | Әлеуметтік педагог Психолог | Мәлімет | ||||
Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды мектеп жанындағы, «Өнер» мектебіне, спорттық кешен жанынан құрылған үйірмелерге тарту | Қыркүйек-мамыр | Әлеуметтік педагог Пән мұғалімдері | Тізім | ||||
Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, отбасынан шыққан оқушыларды қала сыртындағы және мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерлеріне қамтылуын қадағалау | Маусым Шілде Тамыз | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау мақсатында кездесулер ұйымдастыру | Тоқсанда бір рет | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың денсаулығын профилактикалық-медициналық бақылаудан өткізу | Қыркүйек | Әлеуметтік педагог Медбике | Мәлімет | ||||
Мектеп медбикесімен бірге мектепте санбекет құрып, оқушылардың жалпы денсаулығын қадағалау және санбекет бойынша жұмыстар жүргізу | Қыркүйек | Әлеуметтік педагог Медбике | Мәлімет | ||||
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға «Дұрыс тамақтану қағидалары» тақырыбында мектеп оқушыларын түсіндірме жұмыстарын жүргізу | Үнемі | Әлеуметтік педагог Медбике | Мәлімет | ||||
V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмыс | |||||||
Әлеуметтік қамқорлықтағы балалардың тұрғын-жайын зерттеу актілерін жүргізу | Үнемі | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||||
Ата-аналар жиналыстарына қатысу | Жоспар бойынша | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Сынып жетекшілерінің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланысын қадағалау | Үнемі | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Жаңа жылдық шыршаға әлеуметтік қамқорлықтағы оқушыларды қатыстыру, сыйлықпен қамтамасыз ету | 19-30.12.2022 | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Ата-аналар жиналыстарында насихат жұмыстарын жүргізу, есірткі, алкоголизм, токсикомания, шылым шегу т.б зиянды әдеттердің алдын алу мәселелерін талқылау | Жоспар бойынша | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Ата-аналар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және балалар құқығын қорғау жөнінде құқық органдары қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру | Жоспар бойынша | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Ата-аналарға әлеуметтік психологиялық көмек көрсету | Қажет еткенде | Әлеуметтік педагог Психолог | Мәлімет | ||||
Ата-аналар жиналысына қатысу | Жоспар бойынша | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Ата-аналармен жеке әңгіме өткізу | Қажет еткенде | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
VI. Диагностикалау-талдау қызметі | |||||||
5-6 сынып оқушыларының әлеуметтік қызығушылығын анықтауға әлеуметтік диагностика жұмыстарын жүргізу | 05-09.12.2022 | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Оқушылардың әлеуметтік картасын толтыру үшін сынып жетекшілерінің материал жинауына көмек көрсету | Тамыз Қаңтар | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||||
Әлеуметтік педагог Е. Мөңкебай
Г.Мұхатай