» » Әдістеме ісі бойынша 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар жайлы анықтама

 
 
 

Әдістеме ісі бойынша 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар жайлы анықтама

Автор: admin от 5-07-2023, 13:48, посмотрело: 79

0

Әдістеме ісі бойынша 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар жайлы анықтама

2022-2023 оқу жылында мектебімізде 96 мұғалім жұмыс жасап бастады. Оның ішінде 27зерттеуші,19 сарапшы,27 модератор және санатсыз 23 мұғалім жұмыс жасауда. Оқу жылының басында 9 пән бірлестігі құрылды.  Қыркүйек айында  бірлестіктер бойынша жетекшілер тағайындалып, бұйрық шығарылды. Бірлестік жетекшілердің жылдық жоспарлары жасалынып,бекітілді. Бірлестік отырыстары өткізіліп, 2022-2023 оқу жылындағы өзгерістермен таныстырылып, нұсқаухат бойынша әр пәннің ерекшеліктерімен  таныстырылды. 

  ҚР Білім және ғылым 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сүйене отырып,жас мамандарды жұмысқа қабылдадық. Конкурсқа 3 мұғалім түсіп,2 мұғалім жұмысқа қабылданды.

Осы уақытқа дейін 4 рет әдістемелік кеңес өткізіліп,курстан өтіп келген Намазбаева А, Сейдахметова А, Досымханов Н,Сейіткожаева А,Құдайберген Ә,Қамырхан А сияқты мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісті  және сабақты зерттеуді жүзеге асыру жолдарымен таныстырылды.Сонымен қатар мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді.22 қыркүйек күні «Ашық есік» күні өткізіліп,мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасты. Кешкі сағат 17:00де қорытындысы шығарылып 20 мұғалімнің үштен,төрттен сабақтарға қатысқаны анықталды. Қыркүйек айында Ыдырыс Айдана, Дәулетхан Назерке,Жүніс Алтынай,Қаңлыбай Рауан, Мұқанбек Саят,Алиасқарбекқызы Аийда  пәндік құзіреттілік бойынша білімдерін жетілдіру курстарына жіберілді.

 0-3 жыл өтілі бар мұғалімдерден жас мамандар ұйымы құрылып,жетекшісі Досымханов Нұрбек  болып тағайындалды. Биылғы жылы келген жас мамандар  Құрманжан Алтынайға- педагог-зерттеуші,Кайынбаева Жазира, Төкен Элмираға-педагог-зерттеуші Сейдахметова Арман, Жұмаш Сұлтанға-педагог –сарапшы Тлеулиев Азамат тәлімгер болып тағайындалып,жұмыстарын бастап кетті.  26 қыркүйектен бастауыш пән бірлестігінң онкүндігі басталды. Онкүндік жоспары бекітілді.Әр айдың  26,27,28 күндеріне кезектен тыс бірлестік отырыстары өттіп, сол айда атқарылған жұмыстар қорытындыланып отырды. Күн тәртібінде әкімшілік бақылау жұмыстарының қорытындысы қаралады. Сонымен қатар баяндамалар түрлі тақырыптардағы баяндамалар оқылды. 

Жыл ішінде өтетін онкүндіктер мен түрлі шаралардың  кестелері жасалынды.


 Бірлестік атауы

мерзімі

жауапты

Қайда қаралады

1

Бастауыш және МАД     бірлестігі онкүндігі

26.09-06.10.22

23.01.-01.02.23

Аралбекова Айгерім

ӘО

2

Тарих,құқық,география бірлестік онкүндігі

10.-20.10.2022

01-10.02.2023

Тлеулиев Азамат

ӘО

3

Химия,биология бірлестігі онкүндігі

21.10-01.11.22

10-20.02.2023

Нурахметова Гулнур

ӘО

4

Дене  мәдениеті, көркем еңбек ,АӘжТД  бірлестігінің онкүндігі

14.11-24.11.22

21.02.-03.03.23

Смагулов Жандос

Мақсұтқанқызы Манар

ӘО

5

Физика, математика, информатика  бірлестігінің онкүндігі

02.-13.12.2022

04-17.03.2023


Нуркалиева Жансая

ӘО

6

Қазақ ,орыс ,ағылшын тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі

14.-27.12.2022

03-13.04.2023

Кайынбаева Жазира

Алипбаева Бинур

Маматаева Айсұлу

ӘО

7

Жас мамандар апталығы

17-22.04.2023

Досымханов Нұрбек

ӘО

8

Шығармашылық топ мүшелерінің  ашық сабақтар тізбесі

Кесте бойынша

Мұқаева Жадыра



№ 1 әдістемелік  кеңес отырысы

Тақырыбы:2021-2022 оқу жылындағы мектептің ҒӘК жұмысын талдау.

Жұмыс мәселелері:

1.2022-2023 оқу жылына арналған нұсқау хатты талдау

2.ӘБ-ның жаңа 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарларын бекіту.

3. Жас мамандар тобының жоспарын бекіту. Жас мамандарға тәлімгерлер бекіту

4.2022-2023 оқу жылында әкімшілік бақылау жұмыстарын,кесінділерді,тестілерді жүргізу кестесін қарау және бекіту.

 5.Пәндік онкүндік кестесін бекіту.



№2 әдістемелік кеңес отырысы

Тақырыбы: Дарынды балалармен жұмыс жасаудың біртұтас жүйесін құру:

Олимпиадаларға,жобаларға конкурстарға дайындық.Дарынды балалар мен мұғалімдердің жұмысының нәтижесі ретінде оқушылардың олимпиадалар мен конкурстарға қатысуының   нәтижелілігі.Мұғалімнің жұмыс   тәжірибесін жинақтау.

Жұмыс мәселелері:

1.«Оқушылардың  білім сапасын арттыру  бойынша мұғалімнің жұмыс жүйесі,үлгерімі нашар оқушы мен мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру»тақырыбында пәндік әдістемелік онкүндік өткізу бойынша жұмысты дайындау және ұйымдастыру.

2. Мұғалімдердің өзара сабаққа қатысу дәптерлерін тексеру қорытындысы

3. «Lesson Study тәсілі бойынша  зерттеу жұмыстарының нәтижесі жайлы

4. Аттестаттаудан өтетін мұғалімдерді тестілеуге жіберу, жұмыс жүйесін талдау

№3 әдістемелік кеңес отырысы

Тақырыбы: «Оқушылардың жетістіктері үшін   ынталандыру деңгейін арттыру жолдары»

1. Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің І жартыжылдық бойынша істелінген іс-шаралардың қорытындысы

2.Жас мамандармен жүргізілген жұмыстарға талдау

3. Өткізілген апталықтардың қорытындысын талдау

№4 әдістемелік кеңес отырысы

  1.«Үш ұрпақ кездесуі» дөңгелек үстелі.Әр сабақ, әр сабақтың әр минуты оқушы үшін  сәттілік жағдайын жасайды және дамытады.

2. «Lesson Study» тәсілі бойынша  сыныптарын зерттеу қорытындысы.




№ 5 әдістемелік кеңес отырысы

  1. Әдістемелік бірлестіктер жетекшілерінің жас мамандармен істелінген жұмыстары туралы есебі
  2. Пән апталықтары мен кабинеттер байқауының қорытындысы
  3. Жылдық жұмыстың мониторингісі
  4. Аттестатциялық тестілеуден өткен мұғалімдердің жұмыстарына талдау және қорытындылау.




Ашық есік күндері

Жұмыстың мазмұны

Уақыты

Жауапты

1

Ашық есік күні

22 қыркүйек

Мектеп әкімшілігі

2

Ашық есік күні

4-27 қазан

Мектеп әкімшілігі

3

Ашық есік күні

7-29 қараша

Мектеп әкімшілігі

4

Ашық есік күні

5-26 желтоқсан

Мектеп әкімшілігі

5

Ашық есік күні

10-30 қаңтар

Мектеп әкімшілігі

6

Ашық есік күні

6-24 ақпан

Мектеп әкімшілігі

7

Ашық есік күні

3-16 наурыз

Мектеп әкімшілігі

8

Ашық есік күні

4-26 сәуір

Мектеп әкімшілігі

9

Ашық есік күні

12-22 мамыр

Мектеп әкімшілігі










                                               Байқаулар,сайыстар

Жұмыстың мазмұны

Өткізу формасы 

мерзімі

жауапты

1.

«Жыл мұғалімі»     байқауын ұйымдастыру

1-тур

2-тур

Желтоқсан

Мамыр

Мұқаева Ж.М

2.

«Үзік бірлестік»байқауын ұйымдастыру

1-тур

2-тур

Желтоқсан

Мамыр

Мұқаева Ж.М

3.

«Озық жабдықталған оқу кабинеті» байқауын ұйымдастыру

1-тур

2-тур

Қаңтар

Мамыр

Нүсіпкожаева Л

Мұқаева Ж.М


 Мектептің   оқу әдістеме   бағыты   бойынша  жасалынған  жылдық жоспарына сәйкес,  26.09-06.10   аралығы  бастауыш  сыныптар «Ақжелкен»  пән   бірлестігінің  онкүндігінің  жұмыс   жоспары  жасалынып  бекітілді. Онкүндік  барысында   бастауыш  сынып  мұғалімдері   түгелдей  дерлік  өткізілетін   ашық  сабақтары  мен   тәрбие  іс-шараларының  тақырыбын   анықтап, онкүндіктің   өткізілуіне  бір кісідей  ат салысты.

      28 қыркүйек  Куккузова  Р.Ж   өзі  жетекшілік ететін  4 «а»   сыныбымен математика  пәнінен  «Көптаңбалы   сандарды  бір  таңбалы   санға  көбейту  және   бөлу»   тақырыбында  ашық   сабақ  өткізді.  Сабақ   жоғары деңгейде  өтті,  мақсатына   жетті. Сынып  бөлмесі  тақырыпқа   сай  ресурстармен  жабдықталған.   Білім  алушылар  тақырыпты   толық  меңгеріп,  берілген   тапсырмаларды  өз  уақытында   орындап үлгеріп  отырды.  Ашық   сабаққа  мектебіміздің  жас   ұстаздары  мен  бастауыш   сынып  мұғалімдері  қатысып   тәжірибе  алмасты.

       Ыдырыс  А.Б  2 «в»   сыныбымен  әдебиеттік  оқу   пәнінен  «Абайдың  шаңырағы»   тақырыбында  ашық  сабақ   өткізді.  Сабақтың  мақсаты   ұлы ақын  Абай  Құнанбаевтың   шаңырағы  және  тұтынған   заттарымен  таныстыру. Сабақ  тақырыбына   сәйкес  АКТ  қолданды.   Заманауи тіршілік пен   көшпелі  қазақ  халқының   тұрмыс  тіршілігін  салыстыру   мақсатында  дәптермен  жұмыс   орындалды.  Білім  алушылар   жаңа  тақырыпты  орта деңгейде   меңгеріп  шықты.  Тәжірибе   алмасуға  жас  мамандар қатысты.

        28 қыркүйек   2 «ә»  сынып   білім алушыларымен  Ракимова Ж.Р.  қазақ тілінен   «Ю  әрпінің  жазылуы»   тақырыбында  ашық  сабақ   өткізді.  Сынып  бөлмесі   сабақ  тақырыбына  сәйкес   ресурстармен  жабдықталған.  Сабақ   мақсатына  жетті.  Білім   алушылар  жаңа  сөздермен  танысты,   сабаққа  белсене  қатысып   отырды.  Тақырыпты  толық   меңгерді.

         29 қыркүйек  Тоқтасынова Д.М.  өзі   жетекшілік  ететін  2 «а» сыныбымен  қазақ   тілі  пәнінен  «Ю әрпінің   жазылуы»  тақырыбында  ашық   сабақ  өткізді.  Сынып   бөлмесі  тақырыпқа  сай   ресурстармен  безендірілген. Тәжірибе  алмасу  мақсатында   бастауыш  сынып  мұғалімдері   мен  жас  мамандар   қатысты.  Сабақ  жоғары деңгейде  өтті.   Білім алушылар тақырыпты   толық  меңгеріп,  сабаққа   белсене  қатысып  отырды.   Сабақ  соңында  мұғалім   мен  білім  алушы   арасында  кері  байланыс   жоғары  деңгейде  жүзеге   асты.  

   30 қыркүйек  жас   маман  Төкен Э.Н4 «в»  орыс сыныбымен  дүниетану   пәнінен  «Наш  семейный   бюджет»  тақырыбында  ашық   сабақ  өткізді.  Сабақ   мақсаты  жүйелі  құрылған, білім алушылар  материалды   толық  меңгеріп  белсене   қатысып  отырды. Әр  тапсырма   сайын  қалыптастырушы  бағалау   орындалып  отырды.  Тәжірибе   алмасуға  жас  мамандар,   тәжірибелі  ұстаздар  қатысып,   өз  ұсыныстарын  жеткізді.

     30 қыркүйек  даярлық  орыс   сыныбымен  Жуматаева Г.Е.  «Разноцветные   осень»  тақырыбында ашық  сабақ   өткізді.  Сынып  бөлмесі   оқушылардың  жас  ерекшелігіне,   тақырыпқа  сәйкес  безендірілген. Білім  алушылар   «Күз ,  күздің  кереметі,   күздің  ерекшелігі,  жеміс-   жидектер,  көкөністер»  туралы мәліметтер  алды.   Беліген  тапсырмаларды  бояп, жемістер мен  көкөністерді   ажыратуға  үйренді. Тәжірибе  алмасуға   бастауыш  сынып  ұстаздары   қатысты.

       3қазан  4 «б» сыныбының  жетекшісі   Садвакасова М.С.  математика   пәнінен  «Умножение  и деление   на  10,100,1000»  тақырыбында   ашық  сабақ  берді. Сынып   тақырыпқа  сәйкес  ресурстармен   жабдықталған.  Интерактивті  тақтамен   жұмыс  жүргізілді. Сабақ  жоғары   деңгейде  өтті, мақсатына  жетті,   білім алушылар  тақырыпты  толық   меңгерді. Білім  алушылар  сабаққа   белсенді  қатысып  отырды,   әр  тапсырма  соңында   қалыптасытрушы  бағалау  жүргізіліп   отырды.         

     3 қазан   Аралбекова  А.Т.  өзі   жетекшілік  ететін  1 «а»   сыныбымен  математика  пәнінен   «9 саны  және  цифры»   тақырыбында  ашық  сабақ   өткізді.  Сынып  бөлмесі   сабақ  тақырыбына  сәйкес   ресурстармен  жабдықталған. Сабақ  барысында  білім алушылар  8   санының  құрамын  еске   түсірді,  жаңа  цифр 9   санының  жазылуын  меңгерді. 9 саны  сандық  сәуледе   қай  саннан  кейін   тұратынын  білді.  9   санына  сәйкес  қосындылар мен  айырмаларды   есептеп,  мәндерін  тапты.   Білім  алуышылар  әр тапсырма   соңында  бағаланып  отырды.   Тәжірибе  алмасуға  жас   ұстаздар мен  бастауыш  сынып   мұғалімдері қатысты. 

        3  қазан  1   сынып  жетекшілерінің  ұйымдастыруымен    «Жол   тәртібін  білейік,  Аман-есен   жүрейік!»  тақырыбында кең  көлемде ашық   тәрбие  сағаты  өткізілді.   Тәрбие  сағаты  барысында   1  сынып  оқушылары жол   ережелері  және  жол   белгілерімен  таныстырылды.  Жоғары   сынып  оқушыларының  қатысуымен   «жаяу  жүргінші  өткелінен»   өту  ережесі,   сақтық   шалаларына  қатысты  қойылым   дайындалып  көрсетілді. 

       4 қазан  3 «а»  сыныбымен   Берикова Н.Т.  әдебиеттік   оқу  пәнінен  «Жақсы   деген  немене,  жаман   деген  немене»  тақырыбында   ашық сабақ  өткізді.  Сынып   бөлмесі  сабақ  тақырыбына   сай  ресурстармен  қамтылған.   Білім алушылар  жаңа  тақырыпты   толық  меңгерді.  Мәтін   мазмұнына  сәйкес  мақал-   мәтел  сайысы  ұйымдастырылды.  Оқушылар   жұптық  және  топтық   жұмыс  жүргізуге  жақсы   қалыптасқан,  белсенді  қатысып   отырды.  Сабақ  жоғары   деңгейде  бағаланды.  Жас мамандар тәжірибе  алмасты.   

      4 қазан  1   «в»  орыс  сыныбымен   Асанова А.Р.   әліппе  пәнінен   «Буква Н»  тақырыбында  ашық   сабақ  өткізді.  Білім   алушылар  орыс  тілінде   сөйлеуге  дағдыланған.  Мұғалім   орыс тілінде  сұрақ  қоюға   және  білім алушылар орыс  тілінде   толық  жауап  беруге   қалыптасқан.  Сынып  бөлмесі    тақырыпқа  сай  ресурстармен   қамтылған.  Тақырыпты  толық   ашу  үшін  бейнесабақ   көру  ұсынылды.  Білім   алушылар  бейнесабақ  мазмұнын   түсініп, кері  байланыс  жасап   отырды.  Тапсырмаларды  орындау   барысында  белсенділік жоғары  болды.   Сабақ  жоғары  бағаланды. Тәжірибе  алмасуға   1  сынып  ұстаздары мен   жас  мамандар  қатысты. 

        Дәл осы  күні,  2   сынып  жетекшілерінің  ұйымдастыруымен  2-4   сыныптар  арасында  «Үлгілі   дәптер»  көрмесі  қойылды. Көрмеге  әр   сыныптан  жазуы  көркем   оқушылардың  дәптерлері  іріктеліп   алынды. Көрме  6  қазанға   дейін  жалғасын  тапты.    Көрме  соңында  ең   үздік  деп  танылған   «Көркем  жазу»  иелері   мектеп  директорының  мақтау   қағазымен  марапатталды.  Көрменің   басты  мақсаты  оқушыларды   әдемі,  көркем,  сауатты   жазуға  ынталандыру, қызығушылықтарын  арттыру.   

      5қазан  күні  1 «б»   сыныбымен  Сейтқожаева  А.Т   математика  пәнінен  «10 саны»   тақырбында  ашық сабақ  өткізді.   Сабақ  барысында  оқушылар   10 ға  дейінгі  сандарды   тура  және  кері   санау  арқылы  1 таңбалы   сандарды  меңгергенін  байқатты. 10   ға  дейінгі  сандарды   қосу  және  азайтуды   орындады.  Сынып  бөлмесі   тақырыпқа  сай  ресурстармен   қамтылған.  Тапсырмаларды  орындау   барысында оқушылардың   белсенділігі  жоғары  болды.   Тәжірибе алмасуға  бастауыш  сынып   ұстаздары  қатысты.

       5 қазан  күні  3   сынып  жетекшілерінің  ұйымдастыруымен  «Денсаулық-зор  байлық»   тақырыбында  2-4  сыныптар   арасында  ашық  тәрбие   сағатын  өткізіп,  мектеп   мейірбикесімен  кездесу  өткізді.   Тәрбие  іс-шарасының  негізгі   мақсаты  оқушылар  арасында   жеке  бас  гигиенасының   дұрыс  сақталуы,    жеке   гигиеналық  заттар,  оларды   дұрыс қолдану,тазалық  ережелерінің  дұрыс   орындалуы,   оқушылардың  киім   үлгісі,  сынып  бөлмесі   мен  мектеп  тазалығына   көңіл  бөлуге  ат салысу,   үлесін  қосу.  Сонымен   бірге  спорттық  шараларға,   үйірмелерге қатысу

     6 қазан  күні  1 «ә»  сынып  оқушыларымен   Данияр  А.М  «10 саны»  тақырбында   ашық  сабақ  өткізді. Сынып  бөлмесі   жас  ерекшеліктерін  ескере   отырып,  сабақ  тақырыбына   сәйкес  ресурстармен  әсем  жабдықталған.   Сабақ   мақсаты  айқын,  жоспар   бойынша  жүзеге  асты. Өткен   тақырыпты  еске  түсіру   барысында    білім  алушымен   жеке  тапсырмалар  арқылы   пысықтау  жүргізді.  Әр   тапсырма  соңында  қалыптастырушы  бағалау   жүзеге  асырылды.  Білім   алушылар  10 ға  дейінгі   1 таңбалы  сандарды  қосуды , азайтуды  толық   меңгерген,  тапсырмаларды  уақытылы   орындап  отырды. Сабақ  соңында   кері  байланыс  жүзеге   асты,  білім  алушылар   жақсы  қалыптасқан.  Сабақ   жоғары  бағаланды.

         6 қазан  Касенова  Э.М.  өзі   жетекшілік  ететін  3 «ә»   сыныбымен  қазақ  тілі   пәнінен  «Қыстырма  сөз»   тақырыбында  ашық  сабақ   өткізді.  Сынып  бөлмесі   жақсы  жабдықталған,  ресурстар   сабақ  тақырыбына  сайкес   дайындалған.  Білім  алушылар   сабаққа  белсенді,  тақырыпты   толық  меңгерді.  Кері   байланыс  әр  тапсырма   соңында жүзеге  асып  отырды.   Сабақ  жақсы деп  бағаланды.

      6қазан  4 «ә»  сыныбымен    Асқарова Р.Ж.  қазақ  тілі   пәнінен  «Мәтін  және   оның  түрлері»  тақырыбында   ашық  сабақ  өткізді.   Сынып  бөлмесін  сабақ   тықырыбына  сәйкес  ресурстармен   жабдықтаған.  Оқушылар  жаңа   тақырыпты  жақсы  меңгерді.   Тапсырмаларды  жоғары  дәрежеде   толық  орындады,  мұғалім тарапынан  білім   алушыларға  кері  байланыс   беріліп  отырды.Білім  алушылар   топпен,  жұппен  жұмыс   істеуді  жақсы  меңгерген.   Сабақ  соңында  кері   байланыс  жүзеге  асырылды. Тәжірибе  алмасуға   жас  мамандар мен  бастауыш   сныпы  ұстаздары  қатысты. Сабақ  жоғары   бағаланды.

     6 қазан   даярлық  қазақ   сыныбымен  Абдраимова Л.О  «Бақшадағы   алмалар»  тақырыбында  ашық   сабақ  өткізді.  Сынып   бөлмесі  жақсы  жабдықталған,   тақырыпқа  сәйкес  ресурстармен   қамтылған.  Балалардың  жас   ерекшелігін  ескерте  отырып   бақша  жемістерінің  түрлері,   ерекшеліктері  туралы  мәлімет   берілді.  Ресурстарды  пайдалана   отырып  алма  туралы   түсініктерін  кеңейтті.  Тапсырма   соңында  мақтау-мадақтау  жүргізіліп   отырды.  Балалар  сабаққа   белсен  қатысып,  кері   байланыс  жасап  отырды. Сабақ   жақсы  деп  бағаланды.

      6 қазан  күні  4 сынып   жетекшілерінің  ұйымдастыруымен «Оқуға  құштар   мектеп»  жобасын  басшылыққа   ала отырып  2-4  сынып   оқушылары  «Мектеп  кітапханасына   саяхат»  жасады.  Саяхат   барысында  4 сынып  оқушыларының   қатысуымен  «Бес қарындаш»  ертегісі   сахналанып,  білім  алушылар   ертегі  мазмұнымен  танысты.   Саяхатты  ұйымдастырудағы  негізгі   мақсат-  оқушыларды  кітап   оқуға,  білімдерін  арттыруға, балалар әдебиеті ақын –жазушылардың  шығармаларымен  сусындауға   шақыру,  бағыт-бағдар  беру.  

7 қазан   бастауыш  сынып  мұғалімдері   мен  білім  алушылардың   қатысуымен  «Ақжелкен»  пән   бірлестігі  онкүндігінің «Ертегілер  әлемінде» тақырыбындағы  қорытынды   кеші  өткізілді.  Қорытынды   кештің  басты  мақсаты    «Оқуға  құштар  мектеп»   жобасын  жүзеге  асыру,   білім алушыларға  бағыт-бағдар  беру.   Онкүндік  барысында  ұстаздар   мен  білім  алушылардың   арасындағы  тығыз қарым-қатынас,  ауызбіршілік,   еңбекқорлық,  шығармашылық  байланыстың   жоғары  деңгейде  екенін,   оқушылардың  жан-жақты, білімді екенін көрсету.  4  сынып   оқушыларының қатысуымен «Бес   қарындаш»  ертегісі  сахналанды, ертегі  мазмұнынан   рухани байлық пен білімді   бойымызға  дарыту.  2 «б» сынып   оқушылары ән-би тарту етті.   Қорытынды  кештің  соңы бастауыш   сынып  ұстаздарының  қатысуымен   «Үйшік»  ертегісі  сахналанды.   Ертегінің  мақсаты  ұстаздарды   ауызбіршілікке,   кішіпейілділікке,   ұйымшылдыққа  шақыру.  


Осы онкүндіктің өту барысында бастауыш сынып мұғалімі Тоқтасынова Дәмештің «Білім бастауы-бастауыш»тақырыбында мақаласы аудандық «Қарқара» газетінде жарық көрді.

Әдістемелік отырыстың жоспарына сәйкес 08 қараша мен 18 қараша аралығында химия-биология пән бірлестігінің апталығы болып өтті.

  Онкүндіктің мақсаты: Оқушыларды жаратылыстану  ғылымдары әлемінің тұңғиық сырларына бойлауға, химия- биология  пәндері бойынша білімдерін тереңдетуге және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Білімдерінің аясын кеңейту мақсатында қызықты шаралар мен ашық сабақтар өткізу, сыныптан тыс шаралар  ұйымдастыру.

   Апталықтың жоспары жасалып бекітілді. Жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды: Намазбаева Айжамал «Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар» 7»а» сыныбымен, Шаймухаева Ләйля »Заттар қай кезде қайнайды және балқиды?» 6»б» сыныбымен, Нурахметова Гулнур »Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар» 9»б» сыныбымен, Жаксыбаева Ғалия 7»в» сыныбымен «Строение корня» Әлдибек Маржан «Нефронның құрылысы мен қызметі»   9 «а» сыныбымен ,Сейдахметова Арман »Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері» 7»а» сыныбымен, Иркитбаева Айгерім

 « Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу шаралары» 8 »а» сыныбымен ашық сабақтар өткізіп әріптестер өз пікірлерін білдіріп, кері байланыстар берілді.

   Апталықтың ашылуына байланысты лездемеде 10 сынып оқушыларының ұйымдастырылуымен  мектеп оқушыларына слайд арқылы, қосымша биология, химия пәндерінің қыр-сыры туралы, жалпы тіршілік туралы қызықты мәліметтер берілді.

    Мектеп психологы  Оспан Айзада   8»ә» сыныбымен «Өмір – баға жетпес құндылық» атты тренинг өткізді. Әріптестер ашық сабақтарға қатыса отырып, өзара тәжірибе алмасып кері байланыс берілді.

    Жоспар бойынша мына төмендегі тақырыптарда сыныптан тыс жұмыстар «Қызықты биология»,»Тіршілік  таңғажайыптары» тақырыптарында 9-11 сыныптар арасында биология пәнінің мұғалімдері ойын сабақтарын өткізді.Ал, химия пәнінің мұғалімі Намазбаева Айжамал «Химия әлемінде» атты  7-8 сыныптар арасында химиялық танымдық ойын өткізді.

 Қорытынды кеште «Жаратылыстану ғылымы– XXI ғасыр төрінде» атты бұрыш ұйымдастырылды, 10-11 сынып оқушылары белсене атсалысты.

Желтоқсан   айының  2-12   күндер аралығында  мектепте математика, информатика және физика пәндер апталығы өткізілді. Апталықтың жоспары  әдістемелік бірлестігінің отырысында  қаралып,  талданды   және бекітілді. 

Математика,  информатика   және  физика  пәндер   онкүндігінің  мақсаты:

Математика,   информатика  және  физика   сабақтарында   және  сабақтан   тыс  іс-шараларда  оқытудың   заманауи  тәсілдерін  қолдана   отырып  оқушылардың  білім   алуға  қызығушылығын  арттыру,   ой-өрісі мен  таным  белсенділіктерін  жан-жақты   жетілдіру.

Апта ағымында келесі іс-шаралар  өткізілді:                                                                                            2 желтоқсан    –  Математика,   физика  және  информатика     апталығының  ашылуына  лездеме   өткізілді.

05 желтоқсан-  информатика   пәнінің  мұғалімі  Әділбеков   Тілекжан  6 «в»  сыныбымен «Создание   конуса,  цилиндра  и сферы»   тақырыбында  ашық  сабақ   өткізді.  Мұғалімнің  сабағы   жақсы  деп  бағаланды.   Сабағында  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  пайдаланып   оқушыларға  тапсырмалар  орындатты.

07  желтоқсан- информатика пәнінің  мұғалімі   Тұрсынжанқызы  Бұлбұл  9 «б»   сыныбымен   «Деректерді  сұрыпта   мен  сүзгілеу»  тақырыбында   ашық  сабақ  өткізді.   Сабақ  жақсы  деп   бағаланды.  Сабақта  оқушылар мен   жеке  жұмыстар  жүргізілді.   

07 желтоқсан   -информатика  пәнінің  мұғалімі   Нұрқалиева  Жансая  7 «а»   сыныбымен  «Шартты форматтау»  тақырыбында   ашық  сабақ  өткізді. Сабақта  әртүрлі   әдіс  -тәсілдерді  пайдаланып,   оқушылармен  жеке  жұмыс   жүргізді.

07  желтоқсан-   математика  пәнінің  мұғалімі   Қыстықбаева  Салтанат  5 «а»   сыныбымен  «Жәй бөлшектерді  және   аралас  сандарды  көбейту   өзара  кері  сандар»   тақырыбында  ашық  сабақ   өткізді.  Сабақта  оқушылармен жұптық  жұмыс   жүргізілді.  Сабақ  жақсы   деңгейде  өтті.

08  желтоқсан- физика   пәнінің  мұғалімі  Әлдибекова   Сауле  7 «в»  сыныбымен   «Явление  тяготения  и сила   тяжести. Вес»  тақырыбында  ашық   сабақ  өткізді. Сабақта  оқушыларға   көптеген  мағмұматтар  берілді. Оқушыларға  есеп   шығаруға  уақыт  жеткіліксіз   болды.

08  желтоқсан   -математика  пәнінің  мұғалімі   Кеңес  Индира  9 «б»   сыныбымен  «Арифметикалық  және   геометриялық  прогрессия»  тақырыбында   ашық  сабақ  өткізді. 

09  желтоқсан - математика   пәнінің  мұғалімі  Мұқамбек   Саят  6 «б»  сыныбымен   «Жақшаларды  ашу.  Коэффицент.   Ұқсас  қосылғыштар. Ұқсас  қосылғыштарды   біріктіру»  тақырыбында  ашық   сабақ  өткізді. 

09  желтоқсан  -физика   пәнінің  мұғалімі  Акпар   Ақерке 7  «а»  сыныбымен   «Деформация.Серпімділік   күші»  тақырыбында  ашық   сабақ  өткізді. 

Онкүндікті  қорытындылау  мақсатында   аймақтық  семинар  өтті. Семинарға серіктес мектептердің математика,физика,информатика пәнінің мұғалімдері қатысып, өзара пікір алмасты.


«Білімді  ұлт»   сапалы  білім  беру»   ұлттық  жобасына  үлес   қосу  мақсатындағы  семинардың   тақырыбы: «Оқытудың  жаңа  технологиялары  мен  техника  жетістіктерін   пайдалану  арқылы   нәтижелі   білім  беру,  біліктілігін   жетілдіру»

Мақсаты«Оқушылардың  қазіргі   қоғам  талабына  сай   білім  мен  дағдысын   жүйелеу,  оқушының  жеке   интеллектуалдық  қасиеттерін  жетілдіру,   өз  бетінше  шешімін   қабылдауға,  зерттей  білуге   үйрету»

Міндеттері

  • Білім  беруде   жаңа  инновациялық  технологияларды  қолдану;
  • Қоғамға  пайдалы   азаматтарды  тәрбиелеу;
  • Жаңа  ақпараттық   технологияны  пайдалана отырып, сапалы  білім  беру.

13 желтоқсан -информатика   пәніннің  мұғалімі  Мұхатай Гаухар  7 «а» сыныбымен  «Шартты   форматтау»  тақырыбында семинарда  ашық  сабақ   өткізді.

13 желтоқсан   -математика  пәнінің  мұғалімі   Калиева  Асемгуль  9 «а»   сыныбымен  «Арифметикалық  және   геометриялық  прогрессия»  тақырыбында   семинарда ашық  сабақ  өткізді.

13  желтоқсан - физика   пәнінің  мұғалімі  Жүніс   Алтынай 11 «а»  сыныбымен  «Геометриялық  оптика   заңдары»  тақырыбында семинарда  ашық  сабақ   өткізді.  

13  желтоқсан - математика  пәнінің  мұғалімі   Есімбаева  Ләззат «Шебер  мұғалім-білімді,  әрі   саналы  ұрпаққа  негіз   болмақ» тақырыбында  мұғалімдермен коучинг  өткізді.

13  желтоқсан-  информатика  пәнінің   мұғалімі  Әділбеков  Тілекжан   9  сыныптар  арасында    «Қызық  екен!» тақырыбында  семинарда   интеллектуалды  ойын  өткізді.   

Іс - шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін,  логика   мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын  көрсетіп, қосымша да білім алды.  Барлық іс-шаралар  жақсы   деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсеңді тақтаны  пайдаланды.



Жаратылыстану пән бірлестігінің онкүндік пән апталығы  мектеп жоспарына сәйкес 10.10.-20.10.2022 ж  белгіленген. Онкүндік пән аталығының негізгі мақсаты мұғалімдердің іс – тәжірибесімен таныса отырып, оқушылардың сабақ процесіндегі іс – әрекеттерін, сапа деңгейін бақылау болып табылады. 10.10.2022ж  онкүндік апталығының ашылуы жайлы екі ауысымның оқушыларына  лездемеде хабарлама жасалынды. Пән апталығының жоспары мектеп директорымен бекітіліп, дайындық жұмыстар жүргізілді. Ашық сабақтар жоспарға сәйкес өткізілді. Қазіргі заман талабына сай ақпараттандыру тәсілдерін қолданып, пәннің мазмұндылығын арттыру және білім беруді ақпараттандыру бағытында дидактикалық және оқыту құралдары, компьютерлер, электронды оқулық құралдарын пайдаланып оқытудың әдіс-тәсілдерін түрлендіре отырып жақсы көрсеткіштерге  жеткен сабақтар болды. Осы айлық кезінде төмендегі мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, сабақтары талқыланып бағаланды. Атап айтқанда: 18.10.2022 ж тарих пәні мұғалімі Тукмулдаева Г.Б. 9 «ә» сыныбында дүниежүзі   тарихы пәнінен «Соғыстан кейінгі еуропалық интеграцияның себептері қандай» атты ашық сабағын өткізді. Мұғалімнің өткізген сабағы жақсы болды. Сабағына АКТ-ны, карта түрлері, видеоролик, презентация пайдаланды.  

18.10.2022 ж география пәні мұғалімі  Зақан Е  7 «а» сыныбында «Литосфералық катаклизмдер» атты ашық сабағын өткізді. Мұғалімнің өткізген сабағы жақсы болды. Сабағына АКТ-ны, карта түрлері, видеоролик, презентация пайдаланды. 

19.10.2022 ж тарих пәні мұғалімі Нуғыманова Бибігүл  7 «а» сыныбында Қазақстан тарихынан «Қазақстанның Ресейге қосыла бастауы» атты ашық сабағын өткізді. Сабағында оқушылардың белсендігі тартымды болды. АКТ-ны, карта түрлері, видеоролик, презентацияны пайдаланып, сабағына жақсы деген баға берілді. 

19.10.2022ж тарих пәні мұғалімі Абжанбаев Қ.Б. 5 «а» сыныбында Қазақстан тарихынан «Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер» атты ашық сабағын өткізді. Сабағында оқушылардың өздерінің іс – әрекеттеріне көп көңіл бөлгені өте тартымды болды. АКТ – ны, карта, видеоролик, презентацияны  кең түрде пайдаланып, сабағына «жақсы» деген баға берілді. 

17.10.2022 ж  география пәні мұғалімі Молдахынов Д.Т.  7 «б» сыныбында  география пәнінен «Литосфералық катаклизмдер»  атты ашық сабағын өткізді. Мұғалімнің өткізген сабағы өте жақсы болды. Сабағына АКТ-ны, карта түрлері, видеоролик, презентацияны  пайдаланды. Сабағына «жақсы» деген баға берілді. 

22.10.2021ж  Тлеулиев А.Б. 6 «а» сыныбында география пәнінен «Феодалдық экономика ерекшеліктері неде» атты ашық сабағын өткізді. Өз кезегінде ол АКТ – ны, видеоролик, презентация пайдалана отырып, сабағын өткізді. 

25.10.2021 ж тарих пәні мұғалімі Медетхан М.Т. 6 «б» сыныбында Қазақстан тарихынан «Письменность древних тюрков» атты ашық сабағын өткізді. Өз кезегінде ол АКТ – ны, видеоролик, презентация пайдалана отырып, сабағын өткізді. 

Осы аталған мұғалімдердің сабақтарына қатысушылар, мектеп басшылары тарапынан талданып, бағаланды. Осы өткізілген онкүндік  барысында оқушылардан тест, бақылау жұмыстары алынып, тексеріліп, анализ жасалынды. 

Сонымен қатар 21 желтоқсан күні мұғалімдер арасында  мектепішілік «Жыл пән мұғалімі» өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімі Жұмаш Сұлтан бас жүлдені иеленіп, 15000 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болса, бастауыш сынып мұғалімі Төкен Элмира 1-орынды алып 10000 теңге алды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Керімова Гаухар мен физика пәнінің мұғалімі Акпар Акерке екінші орын алып,8000 мың теңге ақшалай сыйлықты иемденді.Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Үсенова Гүлзира,дене мәдениеті пәнінің мұғалімі Сымағұлов Жандос,ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тәкен Жанар  3-орынды иеленіп,5000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

  Райымбек ауданында өткен облыстық семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құрақбаева Әсемнің іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылды.

 Тәлімгерлер және бірлестік жетекшілерімен бірлесе отырып жас маманадардың сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек беріліп отырады. «Қосымша білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс әдістемесі»жас мамандарға көмек беру мақсатында семинар-тренинг өткізілді. Жас мамандар мен мектеп психологтарымен кездесу  өтіп, «Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.І жарты жылдық бойынша тәлімгерлердің есептері тыңдалып, жас мамандардың жұмысын жандандыру қолға алынды.

2023 жылдың 3- тоқсанның көрсеткіші бойынша төменгі сапа көрсеткен 8ә, 5б,  6б сыныптарға білім сапасындағы олқылықтарды жою мақсатында зерттеу жұмыстары  ұйымдастырылды.



Категория: ,

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.