» » Міндетті білім беру саласының 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары

 
 
 

Міндетті білім беру саласының 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары

Автор: admin от 29-08-2022, 10:09, посмотрело: 43

0

01.11.2021 жылғы педагогикалық кеңестің № 3 хаттамасы негізінде

ҚР БЖҒМ 06.04.2020 жылғы №130 бұйрығы

27.08.2022 жылы № 382 бұйрығы болып өзгеруіне байланысты

жылдық жоспарға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді

 «Бекітемін»

Мектеп директоры                           Л. Нусипкожаева

Мектеп   жасындағы  балаларды  жалпыға    бірдей  міндетті  оқумен   қамту  жұмыстары

 Мақсаты: Сапалы білім беру арқылы– ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп  өмір сүруге бейім, өзіндік ой - талғамы бар,   адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Міндеттері

  1. Білім сапасын диагностикалау; 
  2. Оқытудың әдістемелік жүйесін жақсарту; 
  3. Білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік формасын енгізу; 
  4. Білім сапасына мектептің күллі қызметкерлерін жұмылдыру; 
  5. Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялар қолдану; 
  6. Ұлттық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру;
  7. Кабинеттерді оқу-әдістемелік және ақпараттық - техникалық құралдармен жабдықтау, жаңа үлгіде жасақтау
  8. Дарынды оқушылардың жұмысын жолға қою, әрбір оқушыны дарындылыққа жетелеу;
  9. Сабақ үрдісінде жаңа технологиялар қолдану


  -  Мөлтек   ауданы  бойынша   оқушыларды    есепке  алу, жазғы  қозғалысты   анықтау,  мөлтек  аудан бойынша   0-18 жас есебін анықтау.

-Мектепке  дейін   даярлық  сыныбының  жұмысын   ұйымдастыру; оқу- тәрбие   жоспарын  құру,  тәрбиелік   шаралар  белгілеу,  ата- аналармен  жұмыс,   материалдық   жағдайларын  толықтыру.

- Мектеп   бойынша    контингентін  анықтау,  оқу- тәрбие   шараларды  белгілеу, жергілікті  басқарушы   орындармен   байланыста  болу.

 - Мектепте   оқушылар,  мұғалімдер,  ата-   аналар  арасында   психологиялық   қызметтің  жүргізілуін  қамтамасыз   ету, контингент  арасында   дұрыс психологиялық  қарым- қатынас  орнату.

- Диспансерлік   есепте   тұратын   оқушылардың  денсаулығын,  оқу   процессіне қатысуын  үнемі  назарда    ұстау.

Денсаулығына   байланысты  жеңілдетілген және оқуы үйден тегін ұйымдастырылған     оқушылардың   мектептің  оқу- тәрбие  өміріне   араласуына  ықпал  ету, сабаққа қатысуын қадағалау, ата-аналарымен үнемі байланысты болу, мүгедек   оқушылардың  есебін  жүргізіп   отыру.

   -  Шет мемлекеттен келген оқушылардың   есебін,  олардың  оқуға   деген   ынта-жігерін,  мүмкіншілігін   күнделікті  назарда  ұстау.   Әр  тоқсан  сайын   оқу  пәндері  бойынша   тестілер   алып,  тиісті   қорытындылар  жасап  отыру,   ұсыныстар  беру.

   - Оқу   пәндері  бойынша  үлгерімі   ерекше білімді қажет ететін білім алушылардың есебін алу,  олардың   білімдерінде жіберілген олқылықтарды жою, орнын толықтыру мақсатында жұмыстар ұйымдастыру,  осы  жұмыс   бойынша  пән  иелерінің,   сынып  жетекшілерінің  есептерін   тыңдап  отыру.

   -  9-10-11  сыныптарда   мемлекеттік қорытынды аттестаттауға, ҰБТ- ға  даярлық   жұмыстарын  үнемі  жүргізіп   отыру:  Оқушылар  мен   ата-  аналар  арасында    түсінік- насихат  жұмыстары,  пәндік   сараптамалар   жасап  отыру,   қосымша  сабақтар  ұйымдастыру.


































1/ 1 Міндетті білім саласы бойынша күнделікті  бақылауда   тұратын   мәселелердің  циклограммасы


Жұмыстың     мазмұны

Жауапты  адам

Тексеру  циклі


1

Мөлтек  ауданы     бойынша оқушылардың      қозғалысын  анықтау , есепке  алу

Ж. Умбетжанова

Жылына 2 рет

25-27.08.2022 ж

05-10.01.2023 ж

2

 Үйден оқытылатын, жеңілдетілген бағдарламамен оқитын балалардың оқумен қамтылуын бақылау 

 Ж. Умбетжанова

Ә. Бәзілжан

Айына  1 рет

3

Диспансерлік   есепте     тұратын оқушылардың   денсаулығын, оқу  процессіне     қатысуын  бақылау

 Мектеп мейірбикесі


Күнделікті

4

Оқушылардың  оқулықпен     қамтылуын, оқулықтың     ұсталуын  бақылау



Аптасына 1 рет

5

Мектеп  тазалығын, санитарлық  гигиеналық     талапқа  сай  болуын     бақылау. Шектеу шаралары кезеңінде     сыныптарда барлық санитарлық талаптардың орындалуын қадағалау

Д. Буремтаев

Ж. Умбетжанова

Қ. Абжанбаев

Күнделікті

6

-Келген-кеткен баланы анықтап, есебін жүргізіп отыру

-Алфавиттік кітаппен жұмыс

Ж. Умбетжанова

Күнделікті

7

Мектепке  дейінгі     шағын  орталықтың  жұмысын (тамақтануын, тазалығын балалардың  тартылуын)     бақылау

Н. Чимигенова 

Л. Шаймухаева

2 аптада 1 рет

8

Сабақ процессінің жүргізілуін қадағалап отыру:

- оқушылардың сабаққа қатысуын

-мұғалімдердің уақтылы сабақ өткізуін

-ҚМЖ-ның күнделікті оқушының     жас ерекшелігін ескере отырып жазғаны, бекіттіруі

-қашықтық оқу барысында білім ресурстары мен платформаларды пайдалануын

Ж. Умбетжанова 

Күнделікті


Жалпыға   міндетті  білім  беру   ісі бойынша атқарылатын жылдық жоспары

2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы  басшылыққа алынып жасалынды

Негізгі жұмыс бағыттары

Атқарылатын іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Жауаптылар


1

Ұйымдастыру бағыты

Мөлтек аудан жұмыс бағыты

Балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 

  1. Мөлтек аудан бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру
  2. 2-6, 3-6 жасқа дейінгі балалардың есебін  анықтау
  3. 0-17 жас  есебін  анықтау, аудандық білім бөліміне есеп беру.
  4. Мөлтек аудан бойынша оқуға тартылуға тиіс оқушыларды анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастыру

10-25.08.2022 ж

Л. Нүсіпқожаева

Ж. Умбетжанова


2

 Сыныптарды оқытуды ұйымдастыру бағыты

  1. 1-11 сыныптарды  оқытуды ұйымдастыру. Кабинеттерді реттеу, барлық санитарлық норманы сақтай отырып, баланың отыратын орнын даярлау. 
  2. Сыныптардың оқу кестесін, келу уақытын, сынып тізімдерін сынып бұрыштарына орналастыру.

16-31.08.2022 ж

 Ж. Умбетжанова


3

Білім алушыларды үлгілік қағиданы басшылыққа ала отырып қабылдау

№382 бұйрығына сәйкес Білім алушының жеке іс-қағазымен жұмыс бағыты

10 сыныпқа қабылданған білім алушылардың жеке іс- қағаздарын жүргізу

  1. Туу туралы куәліктің көшірмесі
  2. 2 дана 3х4 көлеміндегі фотосуреті
  3. Медициналық карта
  4. Негізгі білім беру аттестаттың көшірмесі
  5. Сынып табелдерін орналастыру, жинақталуын қадағалау
  6. 2-11 сынып оқушыларының жеке іс қағазын толтыру

23-30.08.2022 ж

Ж. Умбетжанова

Сынып жетекшілер

4


10 сынып оқушыларын таңдау пәндеріне қарай бағытқа бөлу, өтініштерін жинақтау. Таңдау пәндерінің уақтылы өтілуін қадағалау

Тамыз, қыркүйек                  2022 жыл

Л. Нүсіпқожаева 

Ж. Үмбетжанова

М. Әлдибек 

5


1.1„Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және     оқуға қабылдау“ ҚР Білім және ғылым министрінің  2020 жылғы 24 маусымдағы                   № 264 бұйрығымен бекітілген үлгілік қағиданы басшылыққа ала     отырып құжаттарды қабылдау

1.2 1 сыныпқа келетін білім алушыларды электронды және қағаз түрінде қабылдау

01.04-

01.09.2022 ж

Л.Нүсіпқожаева

Ж. Умбетжанова

Б. Тұрсынжанқызы


6

№ 382 бұйрық,   келген-кеткен оқушыларды есепке алу жұмыс бағыты

Даярлық  сыныптарға      оқушыларды

қабылдау, тізімдерін анықтау.

Оқушы қозғалысы

01.08-01.09.2022 ж


Жыл ішінде

-*-

-*-

7

№ 382 бұйрық Орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушылар дың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабын жүргізу


Орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабын жүргізу

1-11 сынып білім алушылардың оқу үлгерімі туралы табельдерін электронды түрде шығартып, сақтап отыруоқу жылының басында 1-11 сынып оқушыларына табель номерін беру, жыл ішінде жаңа келген     оқушыларға табель номерін беру

01-05  қыркүйек

25.05              2022-2023 ж

Ж. Умбетжанова











8

Педагог-мамандармен жұмыс бағыты

ЖОО-мен тығыз байланысты күшейте отырып, мектепке білікті мұғалімдерді тарту

Тамыз 

Мамыр

Мектеп әкімшілігі

9


Педагог кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында педагог мамандарды курстарға, семинар-кеңестерге қатыстыру



10


12 жылдық оқытуға кезең-кезеңімен көшуіне орай, дайындық жұмыстарын жүргізу. Педагог мамандарға жаңартылған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер туралы мағлұматтар беру.

Жыл ішінде

Ж. Умбетжанова

11


 "Әліппе" пәні Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде 1-сыныпта латын графикасы негізінде оқытылуына орай бастауыш сынып мұғалімдеріне семинар-кеңестерге қатысу, талқылау жұмыстарына ат салысу.


Желтоқсан-наурыз

Ж. Умбетжанова

12


 Педагог мамандармен білім алушыларға латын графикасына көшу барысында жұмыстар ұйымдастыру


Қаңтар   2022 ж

Мектеп әкімшілігі

13

Жеке оқушымен жұмыс бағыты

Оқуы үйден ұйымдастырылған балалармен жұмыс


Денсаулығына  байланысты     оқуы үйден ұйымдастырылатын балаларға Облыстық психологиялық-медициналық педагогтік консультациясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тұжырымдамаларының негізінде аудандық білім бөліміне сұраныс беріп, бұйрық негізінде есепке алу,  арнайы оқу жоспарына сәйкес сағаттар бөліп, мұғалімдер  белгілеу, сабақ  кестесін     жасау.

01-05.09. 2022 ж

Ж. Умбетжанова

14

Жеңілдетілген бағдарламамен оқитын баламен жұмыс

Денсаулығына байланысты   мектепке келіп, бірақ жеңілдетілген бағдарламамен  оқитын балаларға Облыстық психологиялық-медициналық педагогтік консультациясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тұжырымдамаларының негізінде құжаттар жинақтау, ерекше көңіл бөлу

01-05.09.2022 ж

Ж. Умбетжанова

15


Үлгерімі  төмен     және  сабақты                         10 күннен аса   қалдыратын     оқушылар  есебін  алу     (форма № 2 жұмыс  ұйымдастыру. Ай сайын аудандық білім бөліміне және полиция бөлімшесіне тапсырып отыру

Айдың                 25 күні

Ж. Умбетжанова

16

Білім беру сапасын арттыру бағыты


5 жылға арналған дамыту жоспарын жасау

  1. Жылдар бойынша оқушылар контингентінің өзгеруі
  2. Оқу кезеңдері бойынша 5 жылға білім сапасының көрсеткіштері
  3. 5 жыл ішінде пәндер бойынша оқу сапасына салыстырмалы талдау
  4. Қорытынды аттестаттау нәтижесі 9,11 сыныптар бойынша пәндер рейтингісі
  5. Білім алушылардың пәндік олимпиадаға, ғылыми зерттеу жобаларына, халықаралық, республикалық, облыстық байқауларына қатысуы

Қыркүйек айы                   2022 жыл

Ж. Умбетжанова

17

Функционал дық сауаттылық ты дамыту барысындағы жұмыс бағыты

Негізгі құзыреттілік ретінде үш тілде білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Мектептерде педагог кадрлардың дайындығына қарай және оқушылар мен ата-аналардың қалауын ескере отырып, жекелеген пәндерді үш тілде оқытуға байланысты мұғалімдерді біліктілігін арттыру курсына жіберу. "Ағылшын тілі" пәні бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру, оқушыларды үйірме сағаттарына тарту, пәндік олимпиада өткізу

Жыл ішінде

Қазан-сәуір

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері

18


Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты күшейту шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жазғы айларында мектепалды даярлық мазмұнында  оқу сауаттылығы және математикаға оқытуды ұйымдастыру. «Жазғы мектеп» бағдарламасы аясында   

Мамыр-маусым

Бастауыш сынып мұғалімдері

19


Мемлекеттік тілді     дамыту барысында қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту. Аталған пәндерден жүргізілетін гимназия компоненттерін қадағалау


Жыл ішінде

Ж. Умбетжанова

Қазақ тілі пән мұғалімдері

20


Функционалдық сауаттылықты бағалаудың басымдықтары математикалық, жаратылыстану-ғылыми, оқырман және компьютерлік сауаттылықты дамыту. «Робототехника» курстарын ұйымдастыру


Қыркүйек

Сәуір

Ж. Умбетжанова

21

Білім алушылардың жыл сайын PISA-based Test for Schools қатысуына орай білім алушыларды және пән мұғалімдерін ақпаратпен таныстыру жұмыс бағыты

ҚР Білім білім беруді және ғылымды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде қазақстандық білім алушылардың жыл сайын PISA-based Test for Schools қатысуына орай білім алушыларды және пән мұғалімдерін ақпаратпен таныстыру жұмыс бағыты

Жыл ішінде

Ж. Умбетжанова

22


PISA-халықаралық зерттеуі  туралы ата-аналарға ақпарат беру,   «PISA Халықаралық зерттеуіне  дайындалу жүйесі» атты тақырыпта семинар өткізу (ата-аналар жиналысын өткізу)

Ақпан


23


Білім алушылардан  математикалық, оқу және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру мақсатында сынама тест жұмыстарын алып, жүргізу

Ақпан, наурыз


24


Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушының ерекше қабілетін ашу, балаларды танып, әрі қарай оқушының жеке тұлғасын дамыту үшін  ғылыми жұмыс, түрлі қызықты тәжірибелер жасауды іске асыру;  сабақтарда  сегізінші сыныптан бастап  оқуға  деген қабілеті, бейімі және икемділігі бар оқушыларды сабақ барысында жеке өзіндік жұмыстар және түрлі логикалық сұрақтары бар тестер, эксперименттік тапсырмаларды орындату арқылы жұмыс жүргізу

ақпан


25


Сабақтарда оқушылардың оқу сауаттылықтарын тексеру, олардың оқу техникасын немесе мәтiннің мазмұнын айтып беруін талап ету,  оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білуін үйрету,  PISA халықаралық зерттеуiнде мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары мен меңгеру деңгейлері анықтап жұмыс жүргізу 

Жыл ішінде

Ж. Умбетжанова

Сынып   жетекшілері


26

№ 382 бұйрығына сәйкес алфавиттік кітаппен жұмыс бағыты

Алфавиттік жазба кітабына жаңа қабылданған оқушыларды толықтыру. Оқушылардың тегі, оның оқитын сыныбына қарамастан алфавиттік ретпен енгізу.

Жыл ішінде

Ж. Умбетжанова


227

Білім алушыларды интеллектуалды жағынан деңгейін дамытуға арналған жұмыс бағыты 

Мектеп бойынша   бастауыш     және  жоғарғы  сыныптардан     дарынды балаларды  анықтау және олармен жұмыс ұйымдастыру. Пәндік байқаулар мен олимпиадалар өткізу

1.Білім көшбасшысы

2. Жылына 2 кезең 1-4 сыныптар арасында пәндік олимпиадалар

3. Жылына 2 кезең 5-11 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиадалар



03-16 мамыр    03-10 сәуір 

2022-2023 жж

                                                       05-15.12.2022 ж             


10-20-05.2023 ж

Ж.Умбетжанова 

М. Әлдибек

Б. Тұрсынжанқызы

128

Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындық жұмыс бағыты

Орта білім беру сапасын бағалаудың тиімділігін арттыру үшін ҰБТ екі кезеңге бөлінді: мектептегі қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орнына түсу емтихан ережелерімен таныстыру; 2022 ЖОО-ға түсу үшін жылына 4 рет өткізілетін ақылы  ҰБТ-дің ережелерімен таныстыру; жоғары білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етудің балама тетігі ретінде негізгі немесе қайта тестілеу нәтижелері бойынша шекті деңгейден өтпеген талапкерлер үшін енгізілетін ЖОО-ға "шартты түрде қабылдау" жүйесімен таныстыру.

Жыл ішінде

Ж. Умбетжанова

Б. Тұрсынжанқызы

 29


ҰБТ тапсыру тәртібі электронды форматқа     көшірілуіне байланысты мектеп бітірушілерін  грант түрлерімен, жоғары білімнің қолжетімділігі мен ашықтығы туралы ақпараттармен таныстыру 



 30


9-11 сынып білім алушыларымен мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарын жүргізу, аттестаттау түрлерімен, балдық шкаламен таныстыру.  Қосымша сабақ кестесін жасап, бекіттіру. Сабақтың өтілу деңгейін бақылау

26.05-10.06.        2022 ж

Қаңтар-мамыр 

Ж. Умбетжанова

 31 


11 сынып оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындау, таңдау пәндерін анықтау. Тест тапсырушы түлектерді базаға тіркеу. Дайындық орталықтарымен байланыс жасай отырып, дайындықтарын күшейту

 26.05-20.06.2022 ж

Ж. Умбетжанова

Б. Тұрсынжанқызы

 32


 "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" "Серпін" жобасымен таныстыру, іске асыру. 


Б. Тұрсынжанқызы

333

Білім сапасын диагностика лау бағыты

Тоқсанына 1 рет білім сапасын анықтау; әр сыныптың сапасын мониторингілеу, жоғары және төмен сапа берген сыныптарды ерекше бақылау; пән иелерінің есебін тыңдап отыру

Тоқсанына 1 рет 

март

Ж. Умбетжанова

 34 

Білім алушыларды еңбекке орналасуын ұйымдастыру бағыты

9,11 сынып  бітірушілердің  еңбекке     орналасуын  анықтау  

 Тамыз                2023 жыл

Ж.Умбетжанова               Д. Молдахынов

Б. Тұрсынжанқызы

М. Әлдибек

Сынып жетекшілер

 35

№382 бұйрығына сәйкес 9,11 негізгі, жалпы орта мектепті бітіргендігі туралы есепке алу кітабымен жұмыс бағыты

Негізгі орта және жалпы орта мектепті бітіру туралы аттестаттарды тіркеу және беру кітабын жүргізіп отыру

01-15.06.2023 ж

Ж. Умбетжанова

 36

№382 бұйрығына сәйкес Босатылған және ауыстырыл ған сабақтарды өткізуді ұйымдастыру бағыты

Босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналын жұргізіп отыру

Жыл ішінде

Ж. Умбетжанова

 37

ҰБДҚ толтыру  

ҰБДҚ /Ұлттық білім беру деректер қоры/ мәліметтерін толтыру

Мектеп сайты және әлеуметтік желілермен жұмыс

Жыл ішінде

Б. Тұрсынжанқызы

 38

№382 бұйрығына сәйкес МАД, 1-4, 5-11 сыныптардың сынып журналы мен үйден оқитын, факультативтік сабақтарға арналған журналдар мен жұмыс «Kundelik.kz»-электронды журналмен жұмыс бағыты

«Kundelik.kz» байланысты сабақ кестесін енгізу, оқушылардың мәліметін енгізу, жыл ішінде төмендегі параметрлердің уақтылы толтырылуын  қадағалау:

  1. Жоспарлауды жүргізу
  2. Үй тапсырмасының толтырылуы
  3. Тақырыптарды толтыру
  4. Журналды жүргізу

Жыл ішінде

Ж. Умбетжанова               М. Нұрғали

О. Қырғызжан


 39

Мектепалды    даярлық сыныптары мен жұмыс бағыты

Мөлтек аудан бойынша 5-6 жасар балалардың тізімін алу, анықтау жұмыстары

16-30.08.2022  ж

Мөлтек ауданға жауапты мұғалімдер

 40


Мектепалды  даярлық     тобы  ата- аналарымен әңгімелер  өткізу,  ұсыныс- пікір  ұйымдастыру.

02-06. 09.2022

Л.Нүсіпқожаева 

Ж. Умбетжанова

 41 


ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы                      № 557 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастыру

29-30.08.2022

Ж. Умбетжанова

Л. Абдрайымова


 42


Мектепалды даярлық тобының жұмысын ұйымдастыру шарасын жасау, орындау: жұмыс уақытын белгілеу, сабақ кестесін жасау.

23-27. 08.2022

МАД мұғалімдері

 43


Ұйымдастыру-педагогикалық шараларды белгілеп, орындау

-әдістемелік құралдар әзірлеу

-оқу бұрышын ұйымдастыру

Алынатын тест жиынтығын даярлау.

22-29.08.2022

Ж. Үмбетжанова


 44


Топ оқушыларын дәрігерлік тексеруден өткізіп алу, «Д“ есептегі оқушыларды анықтау.

02-05.09.2022

Сынып жетекшілер

Мейірбике

 45


Мектепалды тобындағы оқу-тәрбие процесін бақылап отыру, талдау жасау, тәрбиешілердің есептерін тыңдап отыру

Тоқсан сайын

 Ж. Умбетжанова

 46 


Мектепалды даярлық тобының жұмысы туралы педагогикалық іс-тәжірбе алмасу/, кездесулер ұйымдастыру, семинарға қатынасу.

Жылына 3 рет

Ж.Үмбетжанова 

Л. Абдрайымова

 47

Білім алушылар дың білімдерінде жіберілген олқылықты жою, орнын толықтыру мақсатында атқарылатын жұмыс бағыты

Өткен оқу жылындағы ерекше білімді қажет ететін  және білімдері орташа деңгейде болған оқушылардың контингентін анықтау, жұмыс шарасын белгілеу.

Жыл ішінде

 Ж. Умбетжанова 

Сынып жетекшілері

 48


Ата-аналардың сабаққа қатынасу кестесін жасау және жұмыс шарасын белгілеу.

02-17.09.2022 ж

Қ. Абжанбаев 

Сынып жетекшілері

 49


Оқу пәндері бойынша ерекше білімді қажет ететін оқушылармен өткізілетін қосымша сабақтың кестесін жасау, бекіту.

Тоқсан сайын

Бірлестік жетекшілері

 50


Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың сабақтарына қатынасу, ұсыныстар беру, ұйымдар арқылы көмек көрсету.

Үнемі 

Мектеп әкімшілігі Сынып жетекші

 51


Ерекше білімді қажет ететін  және білімдері орташа деңгейде болған оқушылардың ата-аналарымен педконсилиумдер өткізу.

Қараша 

Ақпан 

Қ. Абжанбаев

Д. Бегімбетов

Сынып жетекшілері

 52 


Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықты анықтау барысында іс-шара жоспарын анықтап жұмысты ұйымдастыру

Жылына 

2 рет

Қ. Абжанбаев

Д. Бегімбетов

Сынып жетекшілері

 53


Денсаулықтарына байланысты тиісті оқушыларды медико-педагогикалық, психологиялық тексеруден өткізу

Ұсыныс бойынша



554

«Қаникулдық мектеп» жобасын іске асыру бағыты

Жыл ішінде демалыс /күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы/ кезеңдерінде сыныптар арасында «Каникулдық мектеп» жобасын іске асыру, қосымша сабақтар кестесін бекіттіру, түрлі шаралар ұйымдастыру

Пән мұғалімдеріне арнайы мақсатпен  жұмыс жүргізу:

  1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне

Бастауыш мектепте оқу сауаттылығы дағдылары мен жазу каллиграфиясын  қалыптастыру

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне

Оқу мақсаттарын жүйелі талдау, эссе жаздыру, мәтін түрлері, оқу сауаттылығы және грамматиканы оқыту

  1. Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне

Мәтіндерді салыстырмалы талдау, құрылымдық ерекшеліктерін талдау жолдары

  1. Ағылшын тілі пән мұғалімдеріне

Тіл байлығы мен лексико-грамматикалық құрылымдардың даму ерекшеліктері

  1. Тарих пән мұғалімдеріне

Оқытуда тұжырымдамалық және зерттеушілік тәсілдерге негізделген тарихи ойлау дағдыларын дамыту ерекшеліктері

  1. Математика пән мұғалімдеріне

Мәтін және  қолданбалы есептерді шешу жолдары, жоғары дәрежелі теңдеулерді шешу ерекшеліктерін меңгерту

  1. Физика пән мұғалімдеріне

Физика сабағында графикалық есептерді шығару 

  1. Химия пән мұғалімдеріне

Жоғарғы сыныптарда есептеу тапсырмаларын оқыту әдістемесімен жұмыс

  1. Биология пән мұғалімдеріне

Биология сабақтарында зертханалық және практикалық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру

  1. Информатика пән мұғалімдеріне

Оқушыларға офистік бағдарламаларды меңгерту барысында жұмыс жүргізу

  1. География пән мұғалімдеріне

Географиялық карталарды, сарамандық жұмыстарды жүргізу жолдары

  1. Эстетикалық пән мұғалімдеріне

Оқушылар шығармашылығынан көрме ұйымдастыру, музыка пәнінен көркемөнерпаздар тобын құру


Жыл ішінде

Ж. Умбетжанова

 55

Шет мемлекеттен келген  оқушылармен жұмыс бағыты

1.1 ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі    № 160 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және  жалпы орта білім алу» ережесінің 2 тармағына сәйкес шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғаларды оқу мекемелеріне қабылдау тәртібінің                                4 тармағын негізге ала отырып  шет мемлекеттен келген балаларды қабылдау

1.2 Білімдерін саралап сыныпқа белгілеу үшін     комиссия құрамын құру

Жыл ішінде

Ж. Умбетжанова

 56


Мөлтек аудан бойынша оралман оқушылардың есебін алу, жағдайларын анықтау.

16.08-03.09.2022

Бөлінген мұғалімдері

 57


Әр сынып бойынша оралман оқушылардың есебін алу, олардың мектептің, сыныптың оқу-тәрбие процесіне, қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал ету.

01-03.09.2022

Қ.Абжанбаев

Сынып жетекшілері

 58


Жеке пәндер бойынша оралман оқушылардың оқуға ынтасын, пәнге бейімділігін анықтау, пән иелерімен осы мәселе бойынша тығыз байланыста болу.

06-17.09.2022

Сынып жетекшілері

59 


Сынып жетекшілерінің осы мәселе бойынша мектеп әкімшілігі алдында есеп беріп отыру.

әр тоқсан сайын

 Сынып жетекшілері

 60


Оралман оқушылар арасынан әр пәндер бойынша дарынды, бейімді оқушыларды анықтау, оларды пәндік олимпиадаларға басқа да білім жарыстарына қатысуына ықпал ету.

Үнемі

Сынып жетекшілері

Пән иелері





 61


Оралман оқушылардың жергілікті жерге, мектеп өміріне толығымен араласуына психологиялық көмек көрсету, ықпал ету.

Үнемі

Мектеп психологы

662

ҚРБЖҒМ №382 бұйрығына сәйкес  сағат сандарын бекіту                            мұғалімдердің тақырыптық-күнтізбелік жоспарлары, ҚМЖ /қысқа мерзімді жоспар/

Күнделікті сабаққа арналған пән мұғалімдердің жоспарларын тексеру, жылына 2 рет тақырыптық-күнтізбелік жоспарларды тексеру, сағат сандарын салыстыру, мейрам күндеріне келген сағаттарын мектепішілік бұйрыққа сәйкес кіріктіруді ұйымдастыру

Жыл ішінде

Ж. Умбетжанова



Мектеп   директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары                   Ж. Умбетжанова


Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.