» » 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі

 
 
 

2022-2023 оқу жылындағы тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі

Автор: admin от 5-07-2023, 21:11, посмотрело: 62

0

«С.Серкебаев  атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі  бойынша  2022-2023 оқу жылындағы тәрбие саласы бойынша  атқарылған жұмыстардың есебі


    Мектептің жылдық тәрбие жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығы және 2022-2023 оқу жылының әдістемелік нұсқау хаты негізінде жасалынды.

Мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты: 

Еліміздің жас жеткіншегін   елжанды, білімді,   өзіне - өзі сенімді,  өмірі мен іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын тәрбиел, бойына ұлттық құндылық қасиеті қалыптасқан  патриотты тұлға қалыптастыру.

Мектептегі тәрбие жұмысының міндеттері: 

Өзіне және айналасындағыларға деген оң көзқарастың қалыптасуы мен дамуына ықпал ету, өзін-өзі тану және иеліктен кету сезімдерін жеңу, мазасыздық пен агрессияны жою, оқуға және өз денсаулығына деген жағымды қатынасты қалыптастыруға ықпал ету; 

Оқу мен тәрбиенің   жағымды мотивациясы мен  ұлттық құндылықтарға негізделген   оқу-тәрбие   қызметінің оң динамикасын құру,  тұлғаның  танымдық қызығушылықтарының  дамуын қамтамасыз ету; 

Әр оқушыға әлеуметтік-психологиялық қорғаныс беру; 

- психологиялық тұрғыдан қолайлы орта құру; - жетістікке жағдай жасау;

Мектептің тәрбие жұмысы сегіз бағыт бойынша жүзеге асады сонымен қатар төмендегі жұмыстарда қамтылған 

сынып жетекшілермен жұмыс

 -ата-аналармен жұмыс

-«Тәлімді тәрбиелер» мектептері

- мектеп инспекторларымен жұмыс

-құндылықтарды насихаттау жұмыстары

-тәрбие бағыттарындағы жобалармен жұмыс

-дәстүрлі тәрбиелік шаралар

-тәрбие бағыттары бойынша жұмыстар

-суицид, құқықбұзушылыққа қатысты жұмыстар

- мектеп парламентімен бірлескен жұмыс

-мектепішілік ұйымдармен жұмыс

    Жылдың басында жоспарға сәйкес алғашқы қоңыраудың іс-шара жоспары жасалынып   ұжымға, оқушыларға таныстырылды.          Мектепте «1 қыркүйек «Білім күні» атты салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара өтілетін алаң алдын-ала талапқа сай түрлі –түсті шарлармен, баннерлер, жалаушалар ілініп безендірілді. 1-11 сынып оқушыларына кабинеттерде «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

 «Алғашқы   қоңырау»   салтанатты жиыны өтілуі туралы  іс-шара жоспары жасалынып ұжымға , оқушыларға таныстырылды.

  «Алғашқы қоңырау» салтанатынан кейін оқушылардың тұрғылықты  жерлерінен сыртқа экскурсияға, серуенге және т.б. жерлерге шығуына,    тауға, өзенге баруына қатаң тиым салынып, ата-аналар және оқушылар қауіпсіздік шарасымен таныстырылды.

                  2022 ж 13 қыркүйекте «Отбасы-бақыт мекені» республикалық акциясы барысында мектебімізде «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер туралы  1-11 сынып оқушыларына тәрбие сағаттары сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 40 сыныпта өткізілді. 1-5 сынып оқушылары арасында «Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. 1-11 сынып оқушылары және ата – аналар қатысуымен «Менің отбасымның отбасылық дәстүрлері» челленджі ұйымдастырылды. МАД тобы, 1-5 сынып оқушылары арасында «Бақытты балалық шақ» отбасымен ұлттық ойындар ойнау ұйымдастырылды. 1-11 оқушылар арасында «Менің отбасым», «Мен отбасымды мақтан тұтамын», «Ата-ананы құрметтеу–әрбір адамның қасиетті борышы» тақырыптарда фотоконкурс ұйымдастырылды. Ата - аналар, оқушылар арасында «Қолөнершілер отбасы» отбасымен мүшелерімен бірге қолөнер бұйымын жасау жұмыстары жүргізілді. Тәрбие сағаттарында қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау,отбасын ,ата-анасын,туыстары мен жақындарын бағалау,құрмет сезімдерін кеңейту,отбасындағы қарым - қатынастың беріктілігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту жөнінде мәселелер насихатталды. «Отбасы сағаты» республикалық акциясын насихаттауға арналған тақырыптық бейнероликтер мен бейнесюжеттер әлеуметтік желілерге орналастырылды. 

2022-2023 оқу жылында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Алматы облысы білім басқармасының 20.09.2022 жылғы № 908 –н  бұйрығы «Алматы облысы білім басқармасының  Кеген ауданы  бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 20.09.2022 жыл №128 бұйрығын басшылыққа ала отырып іс-шара жоспары жасалынып ұжымға, оқушыларға, ата-аналарға таныстырылды. Даярлық 1-11 сынып оқушылардың қайтар жолдағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша ата-аналар жиналысын өткізіліп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды.

Даярлық 1-11 сынып оқушыларына жол қауіпсіздік ережелері туралы   Кеген аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары полиция капитаны Молданиязов Самат, полиция аға лейтенанты  Дайынбеков Марат  қызметкерлерімен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оқу жаттығуға полиция көмегімен Әзімжанов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағымен өту ережелерін таныстырды қосымша Ескерту  белгілері жолдың қауіпті  бөлігінің жақындағанын хабарлайды.Ол айналасы қызыл жолақпен  көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы ұш бұрыш түрінде жасалынып   ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілері салынады.Басымдылық  белгілері көше қиылыстарын,жолдың жіңішкерген бөлігін,кесіп өту  кезектілігін белгілейді .Олар пішіндері мен түстері әр түрлі   тоғыз жол белгілерімен тұрады.Тиым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізуді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жоюды олардың пішіні дөңгелек болады,шеті қызыл жолақпен көмкеріліп ақ түсті  ортасында тиым салынатын шартты белгілер көрсетіледі, - деп айтып өтті. 

 «ЖПК» тобымен мектепішілік лездеме өткізілді. Түсіндіру барысында бағдаршам қашан қайда пайда болғанын, кім ойлап тапқанын және жол ережелерін қатаң сақтап, жолда абайлап жүруді таныстырдық.Таныстыру максатында оқушылар толығымен  жолда жүру ережесін түсінді.  Сонымен қатар әр сынып жетекшілермен байланыс жасап  тәрбие сағаттарында  жолда жүру ережесіне байланысты міндеттерімен таныстырып «Аман жүрейік »   тақырыптарында  тәрбие сағаттары өтілді.

Қазақстан Республикасының халықтарының Тілдер мерекесіне орай онкүндікке арналған  жоспар құрылды.  Онкүндікқыркүйектің 14-22 аралығында өткізілді.  Онкүндікте  төмендегідей іс-шаралар өз уақытында өтікізіліп отырды.«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты тақырыпта ашылу салтанатын әр сынып жетекші өздеріне тиімді платформамен,қашықтықтан өткізді. Келесі кезекте,  «Латын әліпбиіне көшуге өз үлесіңді қалай қосар едің»5-7 сыныптар арасында , «Үш тұғырлы тіл заман талабы» 8-9 сыныптар арасында, «Тіл-өлшеусіз қазына,кең әлем» 10-11 сыныптар арасында жазба жұмыстар (шығарма,эссе)сайыстары болып өтті.Қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі пән мұғалімдері және сынып жетекшілері қадағалап жеңімпаз балаларды мақтап,құттықтауларын жолдады. «Абайды оқы таңырқа» атты 2-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары болып өтті.Өздеріне ыңғайлы платформамен әр сынып жетекші өткізіп   отырды. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» 5-11 сыныптар арасында жазба жұмыстары, «Бала тілі- бал» үш тілде   мәнерлеп оқу сайысы (сынып ішінде) 5-11 сыныптар арасында, «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» қол өнер,сурет байқауы 5-10 сыныптар арасында, «Мемлекеттік нышандар» сабақтан тыс шаралар, «22 сентября-день языков народа Казахстана» орыс тілі пән мұғалімдері арасында сынып сағаты болып өтті. Онкүндікке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері,. ағылшын тілінің мұғалімдері, орыс тілі пәнінің мұғалімдері ат салысып,араласып,өз пәндерінде қамтып отырды. Белсене қатысқан оқушылардан мақтау,мадақтауларын аямады. Оқушылар арасында тіл мәртебесі, яғни қазақ тілі Қазақстан елінің мемлекеттік тілінің  қаншалықты дәрежеге көтерілгені жөнінде әңгімелер жүргізілді. Тіл апталығының қорытындысы «Тілі басқа тілегі бір,жүзі басқа жүрегі бір» атты қорытынды сынып сағаттары 5-11 сынып арасында болып өтті.Сынып жетекшілір тағы да өздеріне тиімді платформалармен жүргізіп,тәрбие завучтарына жіберіп отырды. 


16.09.2022 күні мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?» тақырыбында оқырмандар сайысы 5-10 сыныптар арасында өткізілді.


22.09.2022 ж «Табиғат тамашалары» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.

27.09.2022 ж күні «Дұрыс тамақтану-үздік білім алудың жолы!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

30.09.2022 ж күні «NO SMOKING DAY» шылым шегуге қарсы! – тақырыбында түсіндірме  жұмыстары өтті.

Оқушыларға қатысты орын алатын зорлық-зомбылық, бопсалау, ерте жүктілік, жыныстық тиіспеушілік, қатігездіктің алдын-алу және болдырмау жұмысын жандандыру мақсатында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқарамасының «Қос қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігінен мамандарымыз келіп 9, 10. 11 – сыныптық қыздарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ең алдымен сөзді «Қос қанат Жетісу» бірлестігінен келген маман Сырлыбаева Анель Хамитовна алды. Ол қыздарға адам баласының денсаулығына әсер ететін 3 факторды атап өтті. Олар зиянды әдеттер, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және ерте тұрмыс құру. Зиянды әдеттерге ішімдік, темекі, есірткі болса жыныстық жолмен берілетін инфекциялар вич т.с.с  аурулар бар екендігі туралы қыздарымызбен ой бөлісті. Одан кейінгі сөзді Кеген аудандық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері Азимжанова Шырын Ержановна мен мектеп мейірбикесі Дүйсен Альбина Үсенқызы алды. Ол қыздарға жеке бас гигиенасын қалай сақтау керектігін сонымен қатар ерте жүктіліктің зияны жөнінде қыздарға тереңінен мағлұмат берді. Қыздарымыздың бірнеше сұрағына жауап беріп, өз кеңесімен сөзін қорытындылады. Кейіннен мектеп психологтары Шаймухаева Ләйля мен Оспанжан Айзада қыздарымызға құрбыларына немесе аналарына айта алмаған ойларын психологтарымызға келіп бөлісулеріне болатынын ескертті.  Соңында «Эффект бабочки» әдісі арқылы қыздарымыз өз ойлары мен сұрақтарын қойып, ой қорытындылады.

1 қазан   Халықаралық қарттар күніне орай  іс –шаралар жоспары жасалынып, бекіттіріліп ұжымға, оқушыларға таныстырылды.     М.Тыныбек, А.Қызайбайлардың ұйымдастыруымен 9-10 сыныптар арасында   5–қазан күні мектебімізде «Өз жүрегіңмен жылыту» атты қайырымдылық жәрмеңкесі  өткізілді. Сурет сызу пәнінің мұғалімдері Г.Шоранова , Е.Нұрғожаев 1 – 4 сыныптарда  «Қарттықты түсіне біліңдер» тақырыбы  бойынша  сынып сағаттар және сурет сайысын өткізді. 5 – 7 сыныптарда «Қарты бардың қазынасы бар», тақырыбы бойынша ашық сынып сағаттар өтті. 8 – 11 сыныптарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ж.Смағұлов, Ә.Сатаев «Спорт жасқа қарамайды»  тақырыбында волейболдан жарыс  өткізді.          01 қазан күні «1-қазан-Халықаралық қарттар күні»   түрінде «Қарттарым асыл қазынам» 8- сыныптарда тәрбие сағаты сынып жетекшісі Г.Керімова, Ә.Маратова,«Аман жүрші, қарттарым!11 сыныптар кездесу сынып жетекшісі А.Нмазбаева ұйымдастыруларымен өткізілді.

01.10-5.10 қазан аралығында «Қалдырған ізің мәңгілік», «Ұстаз-мектептің  жүрегі», «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік», «Ұлылықтың   басында  ұстаз тұрар» т.б   тақырыптарында  1-10 сыныптар ашық тәрбие  сағаттары  өткізілді,«Ұстаз-ұлы тұлға»  бейнебаяны түсірілді. 11 сыныптардың ұйымдастыруымен «Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» ұстаздарымызға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. 

7.10.2022 ж күні Р.Бағланованың туғанына 100 жылдығына орай  «Даламды әнмен тербедім»  тақырыбында ән челленджі ұйымдастырылды.

11.10.2022 ж күні «Туған елге тағзым» тақырыбында саяхат сабағы өткізілді. 7 сыныппен география пәні мұғалімі А.Тілеулиевтің ұйымдастыруымен.

13.10.2022 ж күні   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында   «Бір отбасы – бір кітап» тақырыбында бейне түсірілім байқауы өткізілді. 

   «Қылмыссыз балалық шақ!»  20 қазан-20 қараша аралығында айлықтың            іс-шара жоспары жасалынып ұжымға , оқушыларға таныстырылды. Сынып жетекшілер Нұрахметова Г,Захан Е, А. Барманқұловалар «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» 10 сыныптар арасында челлендж өткізді.АӘД пәнінің мұғалімі Е.Аубакиров «Түнгі ауладағы бала», «Көше», «Жасөспірім» рейідтің кестесін жасап ұжымға таныстырып, кесте бойынша түнгі кезекшілік рейттері өткізілуде үнемі. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау, оларға қажетті психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету бағытында жүргізілетін «Сенім жәшігі», Сенім телефоны» жұмысы жандануда. Даярлық 1-11 сыныптар арасында күзгі оқушылардың демалысын ұйымдастыру мақсатында оқушылардың қауіпсіздік ережелерімен таныстырып ата-аналар жиналыстары өткізіліп оқушылардың қауіпсіздік ережесімен таныстырылды. Ағылшын пәнінің мұғалімі  А .Ыбырай «Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары»  9-11 сыныптар арасында дебат өткізді. Президент ұсынған 30 кітап  «Оқуға құштар» 1-11 сыныптар, ата-аналар арасында   үздік оқулық күнін ұйымдастырылуда. 

25 қазан Республика күніне орай онкүндіктің іс-шара жоспары жасалыныпұжымға, оқушыларға  лездемеде таныстырылды. 

Даярлық 1-11 сыныптар арасында  Менің Отаным – Қазақстан», «Қазақстан Республикам менің»  тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

10 сыныптар арасында «Республика күні- ұлттық мереке» кітаптар көрмесін ұйымдастырылды.


«Атамекен» тақырыбында патриоттық диктант конкурсы өткізіліп, жақсы жазған оқушылар мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.

«Потриотизм даусы» Мемлекеттік гимнді даярлық 1-11 сынып оқушылары арасында  айтылды. Оқушылар арасында айтылған гимн әлеуметтік желіге жүктелді.


«Қазақстан- балалар көзімен», «туған елім», тірегім» атты жас суретшілер байқауы өткізілді.


28.10.2022 ж күні Тәуелсіздіктің 31 жылдығына байланысты 9 сыныптар арасында «Көшбасшы - 2022» зияткерлік байқауы өткізілді. 

 Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы, Алматы облысының прокуратурасының   21.10.2022 жылғы №2-04-22-16127 бұйрығын басшылыққа ала отырып мектепішілік іс-шара жоспары жасалынып оқушыларға, ата-аналарға, ұстаздарға таныстырылып бекітілді. 10.12.2022 жыл Қонаев қаласының   №5 мектептің  болған оқиғаға орай. Әлеуметтік желіде тараған  «Сабачий кайф»  қысқа мерзімді естен тану және эйфория жағдайын тудыру үшін миға   оттегінің кіруін әдейі блоктау және   жастар арасында бұл тұншығу ойын-сауық ретінде қабылданады. Осы тақырыптың алдын алу бойынша 5-10 сынып ата-аналар арасында жиналыс өткізіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Ата-аналарға және оқушыларға қысқа мерзімді тұншығу бақыланбайтын құлау немесе өлім кезінде  пайда болатын қауіп екені туралы ескертілді.

Ойын-сауықтың бұл түрі  балалар арасында танымал бола бастағанын ескере отырып, оның балалардың өмірі мен денсаулығына қауіптілігі туралы оқушылар арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

      Күзгі каникул кезінде балалардың демалысының «іс-шара жоспарын жасалынып ұжымға,оқушыларға таныстырылды.

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 442 баптың 2-ші бөлімі бойынша, яғни  кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 22.00 – ден таңғы 6.00-ге дейін қоғамдық орындарға баруына қатаң тыйым салу ержесімен таныстырылды. Демалыс күндеріне байланысты даярлық 1-11 сынып оқушыларынан, ата-аналарға  қауіпсіздік ережесімен таныстырып, қауіпсіздік журналына қол қойғызылды. Мектеп кітапханашысы Г.Ақжолова 7 -8 сыныптар арасында Рухани-адамгершілік бағыты бойынша  мектеп кітапханасында «Демалыста оқу», «Кітап баста», «Отбасымен оқу» тақырыбында белсенді түрде оқырмандар күнін ұйымдастырып жақсы ат салысқан оқушылар мектеп лездемесінде марапатталды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ж.Смағұлов, Ә.Сатаев, А.Төлебай, Ж.Жеңіс, Е.Маматаевтар біз салауатты өмір салтын сақтаймыз» 5-10 сыныптар арасында  футбол, волейболдан   жарысар   өткізіп жеңген сыныптар мақтау қағазымен марапатталды.

09.11.2022 ж «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында   мектептегі дебат клубының мүшелері пікір сайыс өткізді.

10.11.2022 ж күні Д.Қонаев -110 жыл «Ұлы даланың қайраткері»  тақырыбында 7-8 сыныптармен зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. 

11.11.2022 ж күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Біз оқитын 30 кітап» оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. 

11.11.2022 ж   5-7 сыныптар арасында "Жұлдызға жол" тақырыбында ән байқауы өткізілді.


15.11.2022 ж күні ұлттық валюта күніне орай 1-11 сыныптар арасында  «Ұлттық валютамыз –тәуелсіздігіміздің көрсеткіші» тәрбие сағаттары өткізілді. 17.11.2022ж күні 5-9 сыныптар арасында «Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. 19.11.2021 ж күні «Әкеге-ізет, анаға – құрмет» тақырыбында 3 сыныпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 11.11.2022жылы мектеп психологтары Оспанжан Айзада мен Шаймухаева Ләйля ата-аналармен тренинг өткізді. Тренингтің басы танысу жаттығуымен басталды. Ата-аналар өздерін мақтау арқылы бір-бірімен танысты.   Одан кейін шеңбер құру арқылы бір-бірінің арқасына өз отбасыларының суреттерін салып шықты. Ол сурет зерттеліп, қорытындысы шығарылды. Одан кейін «Ата-анағ кеңес» атты  бейнеролик көрсетіліп, пікірлер талқыланды, ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Соңында ата-аналарды сергітіп, бойларын жазу мақсатында «Джунглидағы жаңбыр» жаттығуы жасалынды. Ата-аналар мектеп психологтарынаөз алғыстарын білдірі алған сезімлерімен бөлісті. 

 «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел» бағыты бойынша 10 қарашада «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел» тақырыбында  ата-аналар комитетінің жиналысы болып өтті. Қатысқаны -40 ата-ана.

   «Құқығым бар» бағыты бойынша 16 қарашада 9-10 сынып оқушылары арасында «Құқығым бар» тақырыбы бойынша эссе байқауы өтті. 16 оқушы қатысты. I орынды эссе мазмұны, сауаттылығы жөінен 8-сынып оқушысы Кеңесжан Айару,   II орынды 11-сынып оқушысы Жандосұлы Сайын,  III орынды 9-сынып оқушысы Жұмаділ Ерке иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды. 

"Бала құқығы- адам құқығы" онкүндігі аясында зорлық-  зомбылықтың, қорқытудың,  кибербуллингтің алдын алу жөнінде Кеген АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция қызметкері Бейсенов Русланның қатысуымен кездесу өткізілді,   «Балалық шақты бірге қорғайық» бағыты бойынша 8-9 сынып оқушылары челлендж ұйымдастырды, 15 қарашада  «Бала құқығы туралы Конвенция» баптарымен түсініктеме жұмыстарын жүргізді, кездесу барысында мектеп психологтары бейнеролик  көрсетіп, тақырыпқа байланысты тренинг ұйымдастырылды.

   «Әр баланың құқығы бар» бағыты бойынша 1-4 сыныптарда «Бақытты балалық шақ» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. I –орынды 4-сынып оқушысы Мәулет Іңкәр, II-орынды 3-сынып оқушысы Марат Айбын,  III-орынды 2-сынып оқушысы Байболат Ансар иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды.

"Бала құқығы-адам құқығы " онкүндігі аясында балалардың құқықтары, отбасылық зорлық зомбылықтың, балалар қатігездігінің алдын алу  тақырыбында ақпараттық - білім беру материалдары (брошюралар) таратылып   насихатталды.

17.11.2022 ж " Бала құқығы- адам құқығы" онкүндігі аясында "Өзіңді қорға!" тақырыбында қатыгездік жағдайларын анықтау   мақсатында білім алушылар арасында   сауалнама алынды.

9-10 сынып оқушылары арасында БП мектеп оқушыларының ұялы телефон ұстауын қолдайды тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Мақсаты мектеп оқушылары арасында кибербуллингтің алдын алу бойынша өз ұстаным дарын ортаға салды.

 «Түнгі қаладағы балалар» бағытында 10 күндік бойы түнгі кезекшілік кестесі бойынша, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер арасында кешкі 20.00-ден 24.00-ге дейін түнгі рейд ұйымдастырылды.Тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ. 

Жоспарланған жұмыстар толығымен орындалып, әлеуметтік желілерде жарияланды. 

https://www.instagram.com/p/ClFko5-oFag/?igshid=YmMyMTA2M2Y

https://www.instagram.com/p/ClFkTgDIq8q/?igshid=YmMyMTA2M2Y

https://www.instagram.com/p/ClFkI6FoaGX/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/Ck-ndDLokzC/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/ClAmSNaoPVC/?igshid=YmMyMTA2M2Y

Мектеп директорының №265  бұйрығын басшылыққа ала отырып 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінің іс-шара жоспары жасалынып ұжымға, оқушыларға таныстырылып бекітілді.Сурет пәнінің мүғалімдері Шоранова Г, Е .Нұрғожаев   мектеп дәлізіне 8-10 сыныптарында «Байлығым –   Тәуелсіздігім, Бақытым –Тәуелсіздігім» тақырыбында  қол өнер көрмесі өткізілді.

«Тәуелсіздік тұғырым»,Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы», «Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи жаңғырулар» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді .1 «а» А.Аралбекова, 1 «б» А.Сейтқожаева, 5 «б» А.Қамырхан, 6 «б» А.Маматаев,  7 «б» М.Тыныбек,  9 «а» Ә.Қалиева, 


Мектеп кітапханашысы   Г. Ақжолова Тұғыры биік-Қазақстан»» тақырыбына  көрме өткізілді. 

«Бейбіт күннің батырлары» 10 сыныптар арасында 

«Тұғыры биік   тәуелсіздік» тақырыбында  спорттық жарыстар өткізілді /волейбол,  стол тенис, баскетбол, тоғызқұмалақтан дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А.Матчанова,А.Акпар,А.Абылай,А.Садуақас,А.Төлебай,Қ.Илияс,Ә.Сатаев, Е.Маматаевтар.

03.02.2023 ж күні «Құқықтық сауаттылық -  заман  талабы» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында әңгіме сұхбат жүргізілді. 

06.02.2023 ж күні «Жұлдызды сәт» тақырыбында салт дәстіріміз 8 сыныптарда насихатталды.

09.02.2023 ж күні15«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» 

15.02.2023 ж   күні  «Бақытты отбасы - зорлық зомбылықсыз әлем»  сыныптармен әңгіме кеңес өткізілді.

17.02.2023 ж күні   «Ізденіс,еңбек,талпыныс-жетістік кілті» тақырыбында 9-11 сыныптармен кездесу өткізілді.

21.02.2023 ж күні «Өзіңді тану-өмірді тану»    тақырыбына 9 сынып оқушыларымен пікірталас ұйымдастырылды. 23.02.2022 ж күні «Адам бойында бәрі де әдемі,сұлу болуға тиіс» 8-11 сынып қыздарына кеңес өткізілді.

27.02.2023 ж күні «Денсаулық – ең басты қажеттілік» тақырыбында 7-8 сыныптармен ойталқы ұйымдастырылды. 

   Қазақстан   Республикасы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармашылық арқылы оқушыларға рухани, адамгершілік, азаматтық- елжандылық тәрбие беру мақсатында Ақиық ақын М.Мақатаевтың   туғанына 92 жыл  толуына орай  2023 жылдың 7-17 ақпан аралығында ««Жырлайды жүрек » атты   он күндіктің іс-шара жоспары жасалынып ұжымға, оқушыларға таныстырылып бекіттірілді. 6 в ,5 «г» сыныптар арасында «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтіліп талқыланып жақсы деп бағаланды. «Жырлайды жүрек » атты  М.Мақатаевтың онкүндігіне орай  кездесулер, кештер, ән байқауларын өткізіп жеңген оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» тақырыбында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері А.Алиасқарқызы, А.Маматаевалар  5-6 сыныптар арасында ашық тәрбие сағатын өткізіп жақсы деп бағаланды. 

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ә.Құрақбаева «Мұқағали мұзбалақ ақын» 5-10 сыныптар арасында көркем сөз байқауы өткізіліп жақсы орындаған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ән-саз пәнінің мұғалімі М.Мақсұтқанқызының ұйымдастыруымен «Ән халықтың ажары»тақырыбында 1-4 сынып оқушылар арасында М.Мақатаевтың  сөзіне жазылған әндер байқауы өткізіліп жақсы  ән орындаған оқушылар марапатталды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  1 наурыз –Алғыс айту күні  мерекесін тойлау тұжырымдасы бойынша   1 наурыз –Алғыс айту күні  мерекелеу жаңа дәстүр «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идиясының,   Қазақстандық  бірегейлік пен ел  бірлігіне ортақ тарих және тарихи сана негізінде  нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде Қазақстан құндылықты бейнелей отырып     іс-шара жоспарын жасап ұжымға , оқушыларға таныстырылды. 1-11 сыныптар арасында   «Алғыс білдіремін» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Сыныптар арасында 1 наурыз –Алғыс айту күніне орай» , «Моя дорога в Казахстан», «Осы елде тамыр  жайдық біз» атты  бейнероликтер дайындап, көрсетімдер ұйымдастырылды.

2-4 сыныптар арасында «Қазақ еліне тағзым» атты тақырыпта   сурет байқаулары өткізілді. «Арамызда жүр жақсы адам»    тақырыбында   9 сыныптар арасында эссе байқауы өткізілді.

Қазақстан Республикасы «Қазақстан   Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №48 Заңының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңды басшылыққа ала отырып 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай іс-шара жоспары жасалынып ұжымға, оқушыларға, ата-аналарға таныстырылды. 9 сыныптар арасында «Сұлулықтың сыры неде?» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.

 1-11 сыныптар арасында «Ақылды ана, көркем қыз» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. «Ән-жырым, сенсің-арулар» 1-11сыныптар арасында онлайн түрінде әндер байқауы өткізіліп жеңген оқушылар мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.    9-11 сынып қыздар арасында  волейболдан жолдастық кездесу өткізіліп 11 «а» сынып  қыздары бірінші орын алып марапатталды. Мектебіміздегі ұлағатты ұстаздар Б.Нұғманова және Ж.Қайыңбаева оқушыларымыз кездесу өткізіп сыйлықтар табыс етілді.

 «8 наурыз. Құттықтаймыз»       11 сынып түлектерінің құттықтау эстафетасы өткізілді. 

«Алматы облысы білім  басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 21.02.2023 жыл №111  бұйрығын басшылыққа ала отырып  Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша  «Наурыз» мейрамын тойлау тұжырымдамасының орындалу мақсатында іс-шара жоспарын жасап ұжымға,оқушыларға таныстырылды. Мектепте «Көрісу-ұлттық дәстүр» атты танымдық сабақтары өткізілді.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері  Ж.Смағұлов , А.Матчанова,  Е.Маматаев ,Е.Ырысовтардың ұйымдастыруымен ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырып өткізілді /арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ, бестас/ ұлттық  ойындарда жеңген оқушылар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 1-4 сынып жетекшілері сыныптарымен «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» тақырыбында тарихи-танымдық сағаттары өткізілді.Өнер пән бірлестігінің ұйымдастыруымен мектеп дәлізіне «Өз елімнің тарихы» атты шығармалар байқауын, «Туған өлке-тұнған тарих» атты жас суретшілер байқауын  өткізіп жақсы атсалысқан сыныптар мақтау қағазымен марапатталды. «Қайырымдылық жасау-игі іс» акциясын ұйымдастыру. Жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, тұрмыс жағдай төмен отбасыларға т.б қайырымдылық көрсету, ауласына тазалық жасауға көмек көрсетілді. «Ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін біз құрамыз» атты тақырыпта 1-8 сынып жетекшілері   Ә.Қызайбай,   Э.Төкен, Н.Берикова,   Р.Көккозова,    А.Асанова танымдық сағаттар өткізіп сабақтары талданып «жақсы» деп бағаланды. «Менің сүйікті дәстүрім» 5-10 сыныптар арасында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Ә.Құдайберген,  Ә.Құрақбаева, Б.Әліпбаева,  Н.Досымханов, А.Қамырхан,  А.Маматаевалар  шығармалар байқауын ұйымдастырып жақсы шығарма жазған оқушылар марапатталды. 18-27 наурыз аралығында көктемгі демалыс шарасы жасалынып бекіттірілді.Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 442 баптың 2-ші бөлімі бойынша, яғни   кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 22.00 – ден таңғы 6.00-ге дейін қоғамдық орындарға баруына қатаң тыйым салынды. Демалыс күндері оқушылардың тұрғылықты жерлеріне сыртқы экскурсияға, серуенге, тауға, өзенге, бұзылған ғимараттарға т.б жерлерге шығуына,  баруына қатаң тиым салу, балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында даярлық, 1-11 сынып оқушыларынан ,ата-аналардан оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырып, қауіпсіздік журналына қол қойғызып сынып   жетекшілеріне қатаң тапсырылсын. «Отбасымыздың тамыры мен қанаты», «Отбасымыздың құндылықтары», «Біз үйде ойнаймыз» тақырыбында  ведиороликтар байқауын өткізіп жақсы үлгілі отбасылар марапатталды. 10 сыныптар арасында «Рухани –адамгершілік бағыты» бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдарға, жалғыз басты қарттарға, «Біз волонтерміз»,«Игі істер күні» тақырыптарында   еріктілер күніні өткізілді. Рухани-адамгершілік бағыты бойынша  мектеп кітапханасында 7 -8 сыныптар арасында «Демалыста оқу», «Кітап баста», «Отбасымен оқу» тақырыбында белсенді түрде оқырмандар күнін ұйымдастырылды.

05.04.2023 ж күні «Достық - көмекпен мықты» тақырыбында 5-9 сыныптар идеялар аукционын өткізді. Әр сынып тақырып аясында достық тілектерін арнады.

12.04.2023 ж күні ғарышкерлер күніне орай «Ғарышқа түрен салған Қазақ» тақырыбында 5-10 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өтті.

11-14.04.2023 ж аралығында «Ұлттық киім – ұрпаққа   мұра» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сән апталығы болып өтті.

14.04.2023 ж күні «Оқушы қауіпсіздігі» жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.

18.04.2023 ж күні «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында желтоқсаншы мектептің әдеп кеңесінің төрағасы Талипов Ерғали, республикаға танымал балуан Дүмбіров Азаматпен  кездесу болып өтті.

19.04.2023 ж күні «Табиғат тамашалары» тақырыбында 5-6 сыныптармен сурет байқауы ұйымдастырылды.

27.04.2023 ж күні «Тиімді әрі пайдалы тамақтану негізі» 8-9 сыныптардың ұйымдастыруымен лездемеде түсіндірме жұмыстары өткізілді.



Орындаған: Қ.Абжанбаев

Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.