» » Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы «Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалауының қорытынды АНЫҚТАМАСЫ

 
 
 

Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы «Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалауының қорытынды АНЫҚТАМАСЫ

Автор: admin от 5-07-2023, 11:26, посмотрело: 79

0

Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы

«С. Серкебаев атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалауының қорытынды

АНЫҚТАМАСЫ


Бақылау түрі: өзін-өзі бағалау.

Өзін-өзі бағалау жүргізуге негіз: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығы  "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" 

Өзін-өзі бағалау комиссиясы мектеп директорының  2023  жылғы 13 маусымдағы № 95 бұйрықпен  комиссия құрамы  бекітілді.


Комиссия құрамы:

Нусипкожаева Лара Нуралиевна        -мектеп гимназия директоры                                    

Умбетжанова Жазира Дуйсенбаевна  - мектеп   директорының оқу ісі   жөніндегі  орынбасары;

Абжанбаев Қызыр Байбалаевич         -мектеп   директорының тәрбие ісі   жөніндегі  орынбасары;

Есимбаева Ляззат  Нуракыновна        -бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, математика пәні мұғалімі,педагог-зерттеуші

Адилбек Маржан Жақыпбекқызы     -биология пәні мұғалімі,педагог-зерттеуші


Өзін-өзі бағалау барысында төмендегі мәселелер зерделеніп сарапталды, олар:


1) білім беру ұйымының мақсаты, міндеттері мен құндылықтары;

2) оқу және оқыту;

3) білікті қызметкерлердің болуы,даму бағдарламасына сәйкес білімдерін жетілдіріп отыру;

4) қолжетімді білім беру үшін жағдай жасау;

5) білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапалы білім беру;

6) тиімді оқытуға ықпал ететін материалдық-техникалық база.


«С.Серкебаев атындағы мектеп гимназия»  коммуналдық мемлекеттік  мекемесіне   жалпы сипаттама.


     Білім беру мекемесінің толық атауы: «Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы «С.Серкебаев атындағы мектеп –гимназия » коммуналдық   мемлекеттік мекемесі.

  БСН 910640000169 заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі 2022 жылдың 17 қарашада берілген. Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні 1991жыл 29 маусым.

Заңды мекен-жайы: , Қазақстан Республикасы  Алматы облысы   Кеген ауданы  041400 Кеген ауылы М.Лебаев көшесі 40  үй. Электрондық мекен-жайы: kegen_shool2@mail.ru, Телефон, факс: 8 (72777) 2-16-64

       Мектептің техникалық паспорты :Қабат саны-3, құрылыс ауданы-2040,  ғимараттың ауқымы-14914, жалпы алаң-3250, салынған жылы-1976 жыл (көшірме қосымша ұсынылады).

       «С.Серкебаев атындағы мектеп –гимназия»   коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2022 жылғы 17 қарашада тіркеліп, Алматы облысының әкімдігінің 2022жылғы 3 қараша №348 қаулысымен бекітілген   (көшірме қосымша ұсынылады); тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі (жер учаскесінің алаңы 2,1900 га) кадастрлық номері: № 03-050-119-100(көшірме қосымша ұсынылады).

Мектептің білім беру қызметі ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің нормативті құжаттарына, ҚР БжҒМ нұсқаулық хаттары мен бұйрықтарына, ҚР орта жалпы білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары қызметінің типтік Ережелеріне, Мектеп Жарғысына сәйкес жүзеге асырылуда.

       Жалпы негізгі білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін мемлекеттік лицензия: 02 желтоқсан 2022 жылғы  №KZ78LAA00032844, мерзімі– шектелмеген (көшірме қосымша ұсынылады).

Мектеп профилактикалық бақылаудан 2021 жылы өтті.

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңының 5-бабының 34-1 тармақшасы негізінде «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Заңының 5-бабы 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы»№190 бұйрығын орындау мақсатында мектепте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес құрамы құрылды. Кеңес құрамы хатшыны есептемегенде 7 адамнан тұрады.



Өзін-өзі бағалау зерделеу парағы:


13. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар:

      1) Білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарының болуы және МЖМБС талаптарында айқындалған жалпы орта білім берудің базалық құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

       Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқару және ұйымдастыру оқу жылдарына арналған жұмыс жоспарларымен  анықталған. Жұмыс жоспарлары  тамыз айындағы үкен педагогикалық кеңесте талданып, бекітілген.

 2022-2023   оқу жылы бойынша:

Мектепішілік бақылау жоспары,оқу- тәрбие жоспары, даму жоспары  « Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығы негізінде , "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы , 

  « 2022-2023  ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»   әдістемелік нұсқау хат  т.б нормативті-құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып жасалынды.



Категория: Бір жабдықтаушыны таңдау

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.