Бос лауазымға конкурс жариялау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ
Конкурс жариялаған білім беру ұйымының толық атауы: «С.Серкебаев атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтің бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған бос лауазымның атауы: Орыс сыныптарыныңорыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Конкурс жарияланған күн: 23.12.2022 ж
Орналасқан жері: Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, М.Лебаев көшесі № 40
Электрондық пошта мекенжайы: kegen_shool2@mail.ru
Телефон номері: 8 (727) 7721664
Лауазымдық міндеттері
- Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады,
- Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
- Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
- Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларын жасайды.
- Электронды журналды толтырады.
- Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
- Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
- Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
- Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
- Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті арттырады.
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
- Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
- Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
- Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
- Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
- Білім алушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттін сақтап, алдын алады.
Білуге міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
- Педагогика мен психологияны,
- Пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,
- Оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды,
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалары
Лауазымдық жалақы мөлшері:
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:
- Тиісті бейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық, қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. Нысан бойынша өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары);
4. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
7. Психоневрологиялық ұйымынан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымынан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік болған жағдайда)
10. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны:
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Алматы облысы білім басқармасының «Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С.Серкебаев атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 04.01.2023 ж
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8 (727) 7721664,
электрондық пошта мекенжайы: kegen_shool2@mail.ru