» Материалы за 19.12.2022

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы. 19-23 ЖЕЛТОҚСАН

Автор: admin от 19-12-2022, 15:35, посмотрело: 41

0

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы

Мектепалды даярлық 

Балалардың жасы5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 19 – 23   желтоқсан  2022-2023 оқу жылы


Күн тәртібі

Дүйсенбі

19-желтоқсан

Сейсенбі

20-желтоқсан

Сәрсенбі

21-желтоқсан

Бейсенбі

22-желтоқсан

Жұма

23-желтоқсан

Балаларды қабылдау

«Түсті табу» дидактикалық ойыны

Мақсаты: белгілі бір түсті киімдерді табу және атау дағдыларын бекіту

«Ауа-райы қандай?» дидактикалық ойын

Мақсаты: «Ауа-райы» (қарлы, аязды, суық, күншуақты, желді) сөзінің анықтамасын таңдауға үйрету

«Жақсы-жаман» дидактикалық ойыны

Мақсаты: балаларды табиғаттағы қайшылықтарды, құбылыстардың екіұштылығын, тірі мен жансыз арасындағы байланысты көруге үйрету; сөйлеуді дамыту.

Жұмбақты тап» дидактикалық ойыны

Мақсаты: күздің аяғында жансыз табиғат туралы білімді бекіту; ойлау, шығармашылық қиялды дамыту

«Шуылдақ» деген не?» дидактикалық ойын

Мақсаты: шығармашылық дағдыларды қалыптастыру, заттарды шығармашылық түрлендіруді жүзеге асыру мүмкіндігі







Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру


Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.


Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме:     «Дұрыс тамақтануға баулу»








Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Лото» дидактикалық ойыны

Мақсаты: үлгі бойынша бірдей пәндерді тауып, оларды айту

«Болады-болмайды» доп ойыны

Мақсаты: есте сақтау, ойлау, реакция жылдамдығын дамыту

«Сол формадағы затты тап» дидактикалық ойыны

Мақсаты: пәндер формасы туралы түсінікті нақтылау

«Маймылдар» ойыны

Мақсаты: шеңбер бойымен жүруге жаттығу, қозғалыстарды мәтінмен үйлестіру

«Ұқсас - ұқсас емес» дидактикалық ойыны

Мақсаты: заттарды салыстыруға үйрету; олардан айырмашылықтың белгілерін табу; ұқсастық, сипаттама бойынша заттарды тану

Таңертеңгі жаттығу


Таңғы жаттығу кешені № 8

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

«Табиғи тісті одан әрі сақтау үшін саған...керек» ойын жағдайлары


Түспен-эмоциямен «Менің көңіл-күйімді тап» дидактикалық ойыны

Мақсаты: балаларды өз мінездерімен күресуге үйретуді жалғастыру

Табиғаттағы мінез-құлық ережелері туралы альбом қарау

«Қауіпсіз сөздер» дидактикалық ойыны

Мақсаты: үш тілде сөз тіркестерін құруды үйрету

«Кір-қожалақ қыз» драма-ойын

Мақсаты: ойын бейнелерінің қимыл мәнерлілігін дамыту

«Дені сау болу – бұл оңай»     сурет салу

Мақсаты: салауатты өмір салтының алғышарттарын қалыптастыру




Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет


                                                                      1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

1.Сөйлеуді дамыту

Сөз,сөйлем деген не түсіндіру.Ажарлы қыс үлгі суреті бойынша әңгіме құрауға үйрету.

Далада қар борайды.

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады,қатады.

Жып-жылтыр боп жатады.Қыс мезгілі туралы әңгіме. Сөйлем дегеніміз – тиянақты жинақталған бір ой. Сөйлемдер сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем болып бөлінеді. Әр сөйлемнің өзінің тыныс белгілері бар. Хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады. Қуанышты, көңіл күйді білдіретін сөзддерге леп белгісі қойылады, сұраулы сөйлемнен кейін сұрақ белгісі қойылады.

Демонстрациялық материалмен жұмыс.


1.Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау жасауды дамыту Сөздегі дыбыс санын анықтай алуға үйрету.

Дидактикалық ойын-жаттығулары «Жалауша»Дыбыстар айтылады, егер дыбыс дауысты болса, балалар қызыл жалаушаны,егер дыбыс дауыссыз болса, көк жалаушаны желбіретеді.«Тиісті белгіні көтер» жаттығуы.Жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды араластырып айтады, балалар жуан

дауысты дыбысты айтқанда, қара түсті дөңгелекті, жіңішке дауысты дыбыстарды айтқанда,қызыл дөңгелекті көтереді.

«Кім көп сөз ойлап айтады» ойыны

– Н дыбысынан басталатын сөздер ойлаңдар.– Нан, нар, ну, нарын, немене, не, неге, нағыз, Нұрлан, Нұргүл, неке, нақ, неліктен.

– Р дыбысынан басталатын сөз ойлаңдар.

– Радио, раушан, рас, рет, резеңке, рең. Қолдарыншапалақтап, сөздерді буынға бөледі, сонан соң буындары ретімен айтады.Дəптермен жұмыс Дыбыстық талдау жаса.

Суреттерді штрихта.

Үзік сызықтарды бастыр. 



1.Математика негіздері

10 көлемінде тура және кері санау дағдысын қалыптастыру. Келесі санды  1-ді қосу арқылы және 1-ді азайту арқылы алу тәсілімен таныстыру.

Сандық кесіндіден 1-діқосу және 1-діазайту арқылы мысалдар шығару ұғымдарын қалыптастыру. 1-ді қосу және азайтуды үйрету. 10-ға дейін тура және кері санаудыжүргізу. Талдау, салыстыру, қарапайымтұжырымдар жасауды үйрету. Карточкамен жұмыс демонстрациялық материалмен жұмыс Топтан екі баланы шақырады, олар цифрды тез және дұрыс қояды, тура және кері санайды.Бір бала санауды бастайды,екіншісі жалғастырады деген тәсілді пайдаланамыз.



1.Сауат ашу негіздері

Төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауды түсініктерін

қалыптастыру.

Дауыссыз, дауысты дыбыстарды ажыратуға жаттығулар жасату.

Дыбыстармен жұмыс Балаларға дыбыстарды, буындарды сөздерді, кезектестіріп айтады, балалар «у»дыбысын естісе, жалаушаны көтереді.Мысалы: а, п, м, т, и, у, м, с, ч, я, ю, у, ж, а, у, ц, и, у, р, т, л, у... Дидактикалық жаттығулар «Дауыссыз дыбыстан басталатын сөз жалға» балаларға суреттер көрсетеді, балалар сол суреттің мағынасына келетін,

дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер жалғаулары керек.

Мысалы: қызанақ ... (қызыл), қияр ...

(жасыл), балмұздақ ... (тəтті), кітап ... (қызық),

шалбар ... (қалың), су ... (суық), домбыра ... (кішкентай), арба ... (жалпақ), керует ... (жіңішке) «Сөзді аяқта» жаттығуы.Балаларға соңғы буынын айтпай сөздер айтамын, сендер буынды қосып, сөзді

айтасыңдар.Мысалы: кү...шік, көбе...лек, ба...нан, алжап...қыш, жұлдыз...ша,жылқы..

.шы,шах...мат, ине...лік, жолба...рыс, жас...тық, ағаш..тар, бақта..шы, береке...лі, күлкі...лі, Дəптермен жұмыс 

 «кілт» сөзінедыбыстық талдау жаса. Үзік сызықтарды бастыр



1.Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау жасауды жетілдіру. Дауыссыз, дауысты дыбыстарды ажыратуға жаттығулар жасатуға жаттықтыру.

 «Не өзгерді?» ойын-жаттығуы.Балаларға

 сөздер айтылды, балалар сөздердің қандай айырмашылығы, қандай

ұқсастықтары бар екенін, не өзгергенін ойланып айтады. Мысалы: тар, тер, тор; бар, бер, бор; кел, көл; доп, дөп; жар, жер, жыр; дем,жем, кем; қар, қор, қыр; бала, бөле, биле т.б.

Дидактикалық жаттығу: Кім зейінді?

– Балалар, алдарыңа көк түсті төртбұрыш, үшбұрыш, көк, сары жəне қызыл дөңгелектерді 

алып. қатаң дауыссыз  дыбысты айтса, көк төртбұрышты,үнді

 дауыссыз дыбысты айтса, көк үшбұрышты, ұяң дауыссыз дыбысты айтса, көк, жуан дауысты 

дыбысты айтсам сары, жіңішке дауысты дыбысты айтса, қызыл дөңгелекті

көтереді. Мысалы: «а-, -й-, -ц-, -у-, -к-, -е-, -н-, -г-, -ш-, -щ-, -з-, -х-, -ф-, -ы-, -в-, -а-, -п-,-р-, -о-, -л-, -д-, -ж-, -э-, -я-, -ч-, -с-, -м-, -и-, -т-, -б-, -ю т.б.» «Не артық?» дидактикалық ойыны

 бір топқа жататын сөздерге тез-тез бір бөгде сөзді қоса айтады. Балалар сол артық сөзді табуы керек.Мысалы: нан, шай, май, тай – ...(тай)

Қызыл, жасыл, ақ, тақ, көк – ... (тақ)

Алма, шие, бөрік, өрік – ... (бөрік)

Екі, үш, төрт, бес, кес – ... (кес)Дəптермен жұмыс Екі бағандағы қатаң, үнді, ұяң дауыссыз дыбыстардан басталатын заттардың

суреттерін сəйкестендір.

 Р дыбысы бар заттарды қорша. Жануарларды ата. Буынға бөл, неше буыннан тұратынын айт. Дыбыстық талдау жаса. (графикалық жұмыс) Нүктелерді үзбей бастыр.Үзік сызықтарды бастыр.


                                                                                                                                     Үзіліс  :   

Сюжетті - рөлді ойын: «Тігінші»

Мақсаты:Балалардың тіл байлығын дамыту, сурет бойынша әңгімелей білуге дағдыландыру. Балалардың коммунактивті дағдыларын арттыру, бір - бірімен диалог арқылы сөйлесуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өзіне сенімді болуға, үлкендердің еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу.
 
Көрнекіліктер: Киімдер, бас киімдер, тігіншіге керек заттар(ине, метр, қайшы, жіп), іс машинасы, киім үлгілері, маталар.
 
 
Ойын     барысы:
 Ұйымдастыру кезеңі.
 Өнерім қол ұшында,
 Боламын мен тігінші
 Тігіншінің ішінде,
 Бас бармақтай бірінші.
 
Ойын: «Дұрысын тап»
 
Мақсаты: Мамандықтарға байланысты киім үлгілерін бір - біріне үйлестіру.
 
Тәрбиеші: Балалар әр мамандық иелері өздеріне сай киім киеді. Дәрігерлер ақ қалпақ пен халат кисе, ал құрылысшылар каска мен үстеріне арнайы халат киеді. Суреттегі киім үлгісі кімге лайықты екенін табыңдар.
 Балалар өздері ойлап, белгілей бастайды, сызады.
 Тәрбиеші: Балалар аспазшы не киеді?
 Шаштараз не киеді?
 Балалар белгілеп береді.
 - Ендеше, сендер түсінген боларсыңдар. Бұл - ойынды біз не үшін ойнағанымызды түсіндіріңдер. Бүгін біз қандай ойын ойнайтынымызды білдіңдер.
 
Ойын:«Тігінші»
 
Тәрбиеші: Балалар тігіншілер не істейді? (киім тігеді)
 Бірінші киім тігу үшін киініп алуымыз керек.
 Балалар рөлдерді өздері бөліп алады. Бірі тігінші, бірі киім өлшеуші, бірі үтіктеуші болып бөлінеді. Айсара өзінің көйлегін қысқартып беруін сұрайды. Диляра қайшысын алып қиып, тігіп береді. Ал Сәния болса көйлекті үтіктеп береді. Келесі бала шалбар әкеледі. Одан қуыршаққа желетке тігеді. Ұшы жоқ қайшы болуы керек. Ойынды балалар өз қиялдары мен қалаулары бойынша әрі қарай жалғастырады. Бір - бірімен рөлдерді бөлісіп, ұйымшылдықпен ойнайды. Тәрбиеші әр уақытта балаларға көмек көрсетуі тиіс.

   





Артикуляциялық жаттығулар:

Ойын:« Часы» «Сағат»

Мақсаты: Тілдерінде артикуляциялық кемістігі бар балалармен үзбей күнделікті жасау арқылы біз алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз. Сабақ үстінде, ойын кезінде қадағалап балалардың тілін дұрыс дамуына бағыт беру.

Ата – аналармен бірлесе қарым – қатынас жасай отырып ортақ мақсатымызға жетеміз.
 
• «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15 - 20 рет қайталау керек.
 
• «Саңырауқұлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
 
«Дәмді тосап»
 
Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.
 
Қысқаша сипаттамасы: Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап, ауыз қуысына кіргізу.
 
Әдістемелік нұсқау. 

1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере. 

2. Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.

 3. Тіл оңға - солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.

 4. Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя - пя - пя» жаттығуына оралу қажет. Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.

 


 

 

 


Саусақ ойыны:  « Тасбақа» 

Мақсаты: Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді.

саусақтардың көмегі арқылы қандай да бір ұйқастырылған тарихты, тақпақтарды, ертегілерді сахналау, қолмен орындау.

1.Тасбақа

Тасбақа, тасбақа,

Тас астында тұрады.

Басын баяу шығарып,

Тиіссең кері тығады.


 

Жұдырықты түйіп, бас бармақты шығарады да, тасбақаны бейнелейді.. Өлең мазмұнына қарай саусақты кері жасырады. Осы тектес келесі өлеңдерге де қимыл жасауға болады.

Фонетикалық жаттығулар 

Мақсаты: Фонетикалық жаттығуды орындау барысындағы басты міндетіміз баланың нақты дыбыстарды дыбыстауы барысында дұрыс тыныс алуын және артикуляциясын қадағалау болып табылады.1

.Баудағы кім? Ара болсаң, ызыңда 

З-з-з, ж-ж-ж, з- з-з, ж-ж-ж

Жұмыс істе, тығылма.

- Ара қалай дыбыстайды?

(з- з-з) - қатты\жай



2.Жыланның ысылы.

Жылан қалай дыбыстайды?     Ыс-с—ыс-сссс....


 

3.Шалқан. Шалқан үлкен болып өсіп қалған екен. Оны көрген атай: «О...о...о!» деп таң қалды.

  



 







2 - ұйымдастырылған іс-әрекет


2.Қоршаған орта таныстыру

Жайлау,киіз үйдің құрылысы және оның ішкі жиhаздары тура

лы мәлімет беру.

Тақиятастамақойыны.

Балалар дөңгенеле отырады.Бір бала тақияныалып,балаларды айналып жүреді.

Балалар ойынсөздерін айтып отырады.Ойым бар,бір ойынбастамақ,

Аты оның тастамақ.

Ақырын,ақырын бастаймын.,Бірінің тұсына келгенде,

сездірмей тақия тастаймын!Бала тақияны бір баланың тұсына келіп,тастап қашады.Ол бала тақияны ала салып,

қуады,егер қуып жетпесе,қашқан бала бос орынға отырып алады,қуып жете алмаған бала айыппұл төлейді.Балалардың сұрауы бойынша өлең,тақпақ айтады,

жан-жануардың дауысын салады.

Қ.Баянбай Киіз үй өлеңін оқу.Жайлау тақырыбында демонстрациялық материалдардағы суретпен жұмыс.

Жайлау жазғы қоныс.

Киіз үй сәулеттік құрылыс.Кереге,шаңырақ,уық,сырқырауық-киіз үйдің негізгі бөлшектері.Ұлттық ою түрлері:Балта,

қызғалдақ,қошқармү

йіз,тарақ.Үй жиhаз

дары:кебеже,текемет,

сырмақ.Ұлттық

киімдер:камзол,мәсі,

сәукеле,шапан,тақия.Қай топ көп сөз

айтадыойыны.Дәптермен жұмыс.Киіз үй жабдықтары.Сандық

ты өрнектермен әсем

деп боя.Қоржынды асықпен толтырайық ойыны.


2.Математика негіздері

10 көлемінде тура және кері санау

дағдысын қалыптас

тыру. Келесі санды  1-ді қосу арқылы және 1-ді азайту арқылы алу тәсілімен таныстыру.

Сандық кесіндіден 1-діқосу және 1-діазайту арқылы мысалдар шығару ұғымдарын қалыптастыру. 1-ді қосу және азайтуды үйрету. 10-ға дейін тура және керісанауды

жүргізу. Талдау, салыстыру, қарапайым

тұжырымдар жасауды үйрету. Карточкамен жұмыс демонстрация

лық материалмен жұмыс Топтан екі баланы шақырады, олар цифрды тез және дұрыс қояды, тура және кері санайды.Бір бала санауды

бастайды,екіншісі жалғастырады деген тәсілді пайдаланамыз. Дәптермен жұмыс істеу. Қандай вагондар

дың нөмірі жоқ? Ойын жаттығуы: «Жазбаны шеш». Балалар карточка

лардың көмегімен үстелде және тақтада математикалық жазбалар жасайды жұппен орындауды ұсынады,балалар суретте не бейнелен

генін санайды және атайды. Мысалдар құрастырып, оларды шығарады.Вагондар

ды бояйды. Әр қатарға неше вагон боядың?Әр қатарда неше вагоннан болды?«Математика

лық жазулар» дәптері

мен жұмыс. 16-ші беттегі № 21-ші тапсырманы орындауға ұсынады.
















2.Көркем әдебиет 

Әңгіменің мағынасын интонациямен мазмұндауға жетелеу. Көркем тілдік дағдыларды қолдана білуін бекіту.  Əңгіме – əдеби жанрдың бір түрі. Əңгіменің басқа жанрлардан ерекшелігі – болған оқиғаны қысқа баяндайды.  Максим Зверевтің «Орман емшілері» əңгімесімен танысамыз.   Əңгіме мазмұны бойынша сұрақтар: Авторы кім?

Əңгіме не туралы? Тоқылдақ ағашта не істеді? Ағаштың қабығынан не төгілді? Ойыңды ортаға сал. Орман шымшықтары не істеді? Шымшықтар тоқылдаққа қандай көмек көрсетті? Орманды зиянды жəндіктерден не қорғайды? Дəптермен жұмыс: 

Жұмбақты шешСуретте қай құс жасырынған? Боя. Ұйқасын тап. 



2.Қоршаған ортамен таныстыру

Жайлау,киіз үйдің құрылысы және оның ішкі жиhаздары туралы мәлімет беру.Тақия тастамақ 

ойыны.Балалар дөңгенеле отырады.Бір бала тақияны алып,балаларды айналып жүреді.Балалар ойын

сөздерін айтып отырады.

Ойым бар,бір ойын

бастамақ,Аты оның тастамақ.Ақырын,ақырын бастаймын.,Бірінің тұсына келгенде,сездірмей тақия тастаймын!Бала тақияны бір баланың тұсына келіп,тастап қашады.Ол бала тақияны ала салып,

қуады,егер қуып жетпесе,

қашқан бала бос орынға отырып алады,қуып жете алмаған бала айыппұл төлейді.Балалардың сұрауы бойынша өлең,тақпақ 

айтады,жан-жануардың дауысын салады.Қ.Баянбай Киіз үй өлеңін оқу.Жайлау тақырыбында демонс

трациялық материал

дардағы суретпен жұмыс.

Жайлау жазғы қоныс.

Киіз үй сәулеттікқұрылыс.

Кереге,шаңырақ,уық,сырқырауық-киіз үйдің негізгі бөлшектері.Ұлттық ою түрлері:Балта,қызғалдақ,

қошқармүйіз,тарақ.

Үй жиhаздары:кебеже,

текемет,сырмақ.

Ұлттық киімдер:камзол,

мәсі,сәукеле,шапан,тақия.

Қай топ көп сөз айтады

ойыны.Дәптерменжұмыс.

Киіз үй жабдықтары.

Сандықты өрнектермен

 әсемдеп боя.Қоржынды асықпен толтырайық ойыны.

2.Көркем әдебиет

Сюжеттік бірізділікті сақтап, көңіл күймен, қисынды мазмұндауға дағдыландыру Əңгіменің тілдік бейнелілігін сезінуге баулу.                                                            Қазақстанның жері кең-байтақ, табиғаты бай, егемен мемлекет. Қазақстанның  астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан (картадан көрсету). Біз – Қазақстан азаматы екендігімізді мақтан етеміз. Қазақстан – біздің Отанымыз Əлия Дəулеткелдінің «Тəуелсіздігіміз мəңгілік» атты əңгімесімен танысамыз. Əңгіме мазмұны бойынша сұрақтарƏңгіме қалай аталады?  Саған əңгіме ұнады ма? 

Авторы кім? Əңгіме не туралы? Бұл қандай мереке? Қазақстан халқы бұл мерекені қалай тойлайды?Тəуелсіздік мерекесін сен қалай сезінесің?Дидактикалық ойын: «Кім жылдам». Ойын шарты: Мақалдың басы айтылады, балаларжалғастырадыТуған жерге туыңды ... (тік). Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса ... (жер ырысы). Дəптермен жұмыс: Суретті аяқтап, сал. Боя. 


Үзіліс:   

Қол     маторикасын  дамытуға  арналған     санамақ

Ойын:Жүретін саусақтар.

Мақсаты:Саусақтарын жүргізе отырып,саусақты шынықтыру және заттарды атау үшін логикалық есін ұлғайту.

Керекті құралдар: Суреттері бар кітапшалар.

Шарты: Суреті бар кітапшаны алып,ішін ашып,ішінде балалар білетін деген суреттерді парақ бетінде саусақтарды  жүргізе отырып (2 саусақпен),суретті нұсқап оның атын сұрайды.балалар жауап береді.Сол ереже бойынша қайталанады.

 

Үстел үстінде ойналатын ойындар.

Ойын: «Сарбаздарға не керек?»(5-10 мин)

Мақсаты: Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Керекті құралдар:ойынға керек ресурстар.

Мазмұны: Ортаға 1 қатысушы шақырылады. Маңдайына сурет қойылады. Бұл суретті қарама – қарсы отырған бала  мимика арқылы қатысушыға көрсетіп, түсіндіреді. Ал ойынға қатысушы оны табу керек болады.





3     - ұйымдастырылған     іс-әрекет              


3.Математика негіздері

«артық», «кем», «тең» ұғымдарын қалыптастыру.

Балаларды«=» белгісімен, оның мәнімен таныстыру; саны бойынша бірдей бөліктердің арасындағы өзара бір мәнді сәйкестікті анықтау;санау, салыстыру,санды цифрмен белгілеу біліктілігін бекіту. Мөлдір дорбаны немесе тақтаның жоғарғы бөлігінде араластырылып бекітілген пішіндер жиынын көрсете отырып,сұрақ қойылады: бізде қандай печеньелер бар?Печеньенің пішінін анықтайды: дөңгелек,үшбұрыш,шаршы және сопақша.

3.Қазақ тілі

Шағын мәтіндер құрауды үйретуді жалғастыру.Шаттық шеңбері.Қол алысып,

кәне,біз.Достасайық бәріміз.Айтарым бар сендерге,Тезтұрыңдар шеңберге.Қандай жақсы біртұру,Қандай 

жақсы дос болу.

Ғажайып сәт.Қонаққа қуыршақтар келеді.

Ойын:Алтын сақа.

Әсем қала-Алматы тақырыпты қайталау.

Жаңа сөздермен таныстыру.Демонс

трациялық материал

дағы суретпен жұмыс.

Дыбыстық жаттығу.

Тақпақ жаттау.Қыста қармен ойнаймыз,

Қызыққа біз тоймай

мыз.Таудан төмен сыр

ғанап,Шаңғы,шана тебеміз.Жаңылтпаш.

Тұз-мұздай,Мұз-тұз

дай.Дәптерменжұмыс.Айдармасын айт     дидактикалық ойыны


3.Сөйлеуді дамыту

Сөз,сөйлем деген не түсіндіру.Ажарлы қыс үлгі суреті бойынша әңгіме құрауға үйрету.

Далада қар борайды.

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады,қатады.

Жып-жылтыр боп жатады.Қыс мезгілі туралы әңгіме. Сөйлем дегеніміз – тиянақты жинақталған бір ой. Сөйлемдер сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем болып бөлінеді. Әр сөйлемнің өзінің тыныс белгілері бар. Хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады. Қуанышты, көңіл күйді білдіретін сөзддерге леп белгісі қойылады, сұраулы сөйлемнен кейін сұрақ белгісі қойылады.

Демонстрациялық материалмен жұмыс.

3.Қазақ тілі

Ертегіні сахналау,

диалогке қатысуға үйрету.Шаттық шеңбері.Аспан болсын көгілдір,Жайнай берсін бұл өмір.Ақ мамық қар жауып,біз аққала жасаймыз.Қима материалмен жұмыс.

Суреттер бойынша Қыс қызығы тақыры

бындағы суреттерді көрсету,балалар

атайды,сөйлем құрастырады.Суреттің көмегімен Қолғап ертегісін айту.Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар.Ертегі кейіп

керлері:Қолғап,тыш

қан,бақа,аю.Ертегіні сахналау.Бетперделе

рін тағып ойнайды.

Дәптермен жұмыс.

Сыңарын тап,

сызықпен қос.


3.Шығармашылық іс-әрекет

Елестету бойынша бірнеше бөліктерден зат жасау дағдыларын қалыптастыру.

Домбыра туралы әңгіме,

домбыра түрлері.Домбыра құрылысы.Домбыра жасаудың жолдары мен техникасын түсіндіру.

Қошқармүйіз оюы.Балалар шығармашылығы.

Үзіліс:  .

Психологиялық ойын:

Ойын: «Тыныштықты жақсы көретін патша»

Мақсаты: Өзін - өзі одан әрі ашу, өзін - өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Ойын шарты: 

Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл - күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.
 Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш - ш - ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш - ш - ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.
 "Қисық сурет" атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.

   






Аз қимылды ойын:

 Ойын: «Қуғыншыдан құтқару»

Мақсаты:балаларға тез бұлтарып жүгіру тәсілдерін меңгерту. 

Ойын шарты: 
 
Мазмұны: Алаңда үлкен шеңбер немесе төртбұрыш сызылып, ойнайтын жер алдын ала дайындалады. Ойыншылардың арасынан санамақ арқылы бір «қуғыншы» сайланады. Ойын алаңнан шықпай, ішінде жүріп ойналады. 
 Мұғалімнің «Қуғыншы табылды!» деген белгісінен кейін сайланған бала қолын жоғары көтеріп: «Мен қуңыншы»! – деп айқайлайды да, балаларды қуа жөнеледі. 
 Қуғыншының қолы тиген ойыншы қолын жоғары көтеріп , қуғыншы болғанын білдіреді де, ойынды әрі қарай жалғастырады. 
 Бірақ ойыншылар қуғыншыдан бір-бірін құтқаруларына болады. Ол үшін : қашып келе жатқан ойыншы мен қуғыншы екеуінің арасынан кесіп жүгіріп өтсе; 
 Қашып келе жатқан ойыншыға қол тигізсе; 
 Қашып келе жатқан ойыншымен қол алысса, онда қуғыншы сол ойыншыны қуады. 
 
Ойынның ережесі:
 1. Қуғыншы қолын көтеріп: «Мен қуғыншы» деп басқаларға ескерткеннен кейін ғана ойыншыларды ұстауына болады. 
 2. Ойын алаңынан шығып кеткен ойыншы ойыннан шығады. 
 Әдістемелік нұсқаулар. 
 Бүл ойынды ұйымдастыру үшін алаңды дұрыс таңдаған жөн. Ойыншылар жүгірген кезде бір-біріне немесе басқа заттарға соғылып қалмау үшін қадағалау керек. 
 Ойын қызықты өтуі үшін ойынныі мазмұнына әртүрлі қосымша тапсырмалар енгізуге болады. 
 Бір ойында бір қуғыншы ғана емес, бірнеше қуғыншы сайлауға болады. 
 Ойынның педагогикалық маңызы. 
 Ойынның педагогикалық маңызы өте зор. Ойыншылар жолдастықты іс жүзінде көрсете алады. Достары көп болғанның пайдасын көреді.Қауіптен қорықпай, қиыншылыққа қарсы тұруға дағдыланады. 
 Ойын барысында ойыншылар жүгіру жаттығуларын орындау тәсілдерін жетілдіреді. Өз қимыл –қозғалысын өзгелермен үйлестіруге үіренеді. Шапшаң, епті қимылдауға жаттығады

 
 

  



4     - ұйымдастырылған іс-әрекет


4.Дене шынықтыру

Міндеті:  Бір-бірінің жанына және бір-бірінің артынан сапқа тұру

Мақсаты:  Қимыл әрекеттің дұрыс басталуының кепілі болатын бастапқы қалыпқа дұрыс келуге, шайбаны ілгері бағытта ұш

Мерген имек ағаш». (3 рет)

Алаңқайдың ортасында текше тұр. Оны имек ағашпен бір ойыншы қорғайды. Қалған ойыншылар текшеге шайбаны имек ағаштарымен атып, тигізуге тырысады.

Имек ағаштың қыры толық мұзды жататындай етіп ұстауын қадағалайды.


Ойыншылар санын біртіндеп арттыра отырып, заттардың арасымен жүгіру. (5 рет) Арақашықтығы 1м 5 конусты алаңның ортасына қояды. Конустарды аралап жүгіретін ойыншы саны қима қағаздарға жазылған сандар арқылы анықталады.

Әр команданың ойыншылары конустардың арасымен педагог белгісі бойынша жүгіре бастайды.ыруға үйрету


4.Музыка

Міндеті:  - Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке ән айту дағдыларын дамыту

-Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке ән айту дағдыларын дамыту 

(кірікт.16.12)

Мақсаты Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулардан қиын емес әуендерді 2–3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету

Музыка тыңдау:

«Жаңа жыл» (Қ. Шілдебаев)

Ән айту:

Ақша қар» (Е. Өміров)

«Шырша әні» (К. Қуатбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Сағат» (Е. Андосов)

Билер:

«Ұлпақарлар биі»

(«Вальс» П. Чайковский үнтаспада,

«Билеп үйренейік» жинағынан)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Полька» (А. Филиппенко)

4.Дене шынықтыру

Міндеті: -Орнында айналу, оңға, солға бұрылу, сап түзеп, бір және екі, үш қатармен қайта тұру 

Мақсаты - 3 м арақашықтағы көлбеу қойылған нысанаға заттарды лақтыруға үйрету.


Қимыл-қозғалыс ойыны: «Асық алу».

Шашырап жүреді, жүгіреді, педагогтің бұйрығымен жерден асықтарды алады.

«Асық лақтыру» – дұрыс бастапқы қалыпта тұрып, көлбеу қойылған нысанаға асықтарды лақтыру (арақашықтығы – 3 метр)

Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінен сәл ашық қойылады, оң аяқты арт жаққа жіберу, оң қол шынтақтан бүгіліп, кеуде тұсында. Асықты лақтырғанда оң қол төмен түсіріліп, төмен, артқа жіберіледі. Асықты қолды алдыға созып, сонан соң жоғары көтеріп лақтырады

4.Музыка

 Міндеті:      - Музыканың және оның бөліктерінің сипатындағы өзгерістерге сәйкес қимылдарды өзгертуге үйрету 

Мақсаты  Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулардан қиын емес әуендерді 2–3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету 


Музыка тыңдау:

«Жаңа жыл» (Қ. Шілдебаев)

Ән айту:

Ақша қар» (Е. Өміров)

«Шырша әні» (К. Қуатбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Сағат» (Е. Андосов)

Билер:

«Ұлпақарлар биі»

(«Вальс» П. Чайковский үнтаспада,

«Билеп үйренейік» жинағынан)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Полька» (А. Филиппенко)



4.Дене шынықтыру

Міндеті: - Таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем және ырғақты орындау

Мақсаты -  Әртүрлі бағытта бір аяқпен секіре білу шеберліктерін (машықтарын)

жетілдіру, табанның алдыңғы жағымен таянып итерілулерін бекіту.

«Терек» (Қырғыз халқының ойыны).

Жүргізуші сайлайды. Ол – «терек». Жүргізуші шеңбер ортасында тұрады. Ойыншылар шеңбер бойында тұрып, түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. «Терек!» дегенде, жылдам орындарын ауыстырады. Жүргізуші бос орынның біреуіне жылдам тұруға тырысады. Орынсыз қалған бала жүргізуші болады. Ойында бірде-бір рет орнын бермеген бала жеңімпаз атанады.


«Ырғып секіру» (Татар халқының ойыны) (3 рет)

Әртүрлі бағытта бір аяқпен секіру. Ойыншылар шеңбер бойына тұрады. Жүргізуші шеңбердің ортасында тұрады. Жүргізуші: «Ырғып секір!» дегенде, ойыншылар жылдам бір аяқтарымен секіріп, орындарын ауыстырады. Жүргізуші де бір аяғымен секіріп, олардың біреуінің орнына тұрып алуға тырысады.














Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.



Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 




Серуен

Қар жауып тұрған құбылысты бақылау

Мақсаты: қардың жауып тұрғанын бақылау, ауа райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар жеңіл болады, олар ауада би билегендей, жылырақ күнде қар ауырлау тартады,- қалықтап жерге түседі, суық күнде қар ұшқындары жеделдеп жауады. 

Тақпақ :

Есік алды тайғанақ жата берсін. 

Біз оған теуіп жүрміз сырғанақ, 

Шыға беріп жалтақтай, 

Ұшып түсті қалпақтай. 

Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар» 

Мақсаты: жылжымалы лақтырған нысанға затты тигізу, жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру. 

Жеке жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру. 

Жұмбақ: Құм сияқты ұсақ болғанымен, жер бетін жауып үлгереді. (қар) Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады.

Қырауды бақылау

Мақсаты: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарында, бұтақтарында, басқа заттарда қатып, қырауға айналған. Қырау әдетте күннің ашығында пайда болады. 

Болжам: 

Ағашқа қырау түссе, аяз болады. 

Тұман болса, күн жылынады. 

Егерде түнде қырау түссе, күндіз қар жаумайды. 

Жұмбақ:

Қант сияқты ақ, 

Ұлпа боп жерде жатады. (қар)

Қимылды ойын: «Суықторғайлар» 

Мақсаты: қимылды жаттығуларды жасауды үйрету, тапқырлық таныта білу. 

Еңбек: бір біріне кедергі жасамай, жұмыс істеуге үйрету.

Мұз сүңгісін бақылау

Мақсаты: балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру. Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға беріп, қортынды жасай білуге үйрету. 

 Сұрақтар:

Сүмелек мұз жөнінде не айтуға болады? 

Ол қандай? (Сәбіз сияқты)

Сүмелек мұз қай жерде, пайда болады?

Күнгей жақта ма, әлде  көлеңке  жақта ма? 

Тақпақ :

Көл бетінде жатыр айдын – мұзойнақ, 

Қыстың өзі жасағандай бізді ойлап, 

Шаңғы теуіп жарысамыз желменен, 

Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап.        Мұзафар Әлімбаев 

Қимылды ойын: «Үйсіз қалған қоян» 

Мақсаты: ойынның тәртібін сақтай отырып, секіріп алға жүгіру. 

Еңбек: «Мұз  жерлерге құм  себу»

Қайың ағашын бақылау

Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылау. 

Балаларды табиғаттың қорғаушысы болуға тәрбиелеу. 

Тапсырма:ағаш туралы суреттер бойынша шығармашылық әңгіме құрастыру. Әр балаға  ағаш  суреттері      таратылады. 

Тақпақ:

Ағаштар тұр жүдеп, 

Жапырақ сәні енеді. 

Соғады жел үдеп, 

Қыстың кеп сәлемі.

Жұмбақ: Жазда жатсаң көлеңкесіне алады, 

Қыста жақсаң, жаның рахат  табады. (Ағаш)

Қимылды ойын: «Апандағы аю» 

Мақсаты: зеректікке, ептілікке баулу.

Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау.

Терезедегі өрнектерді бақылау

Мақсаты: балаларға құбылысты түсіндіру. Олардың ойын толықтыру. Терезедегі өрнектердің қалай пайда болғаны жайында түсінік беру.

Тапсырма: трафареттің көмегімен «Аяз атаның терезеге салған келемежді суреттері» атты ұжымдық жұмыс жасау. 

Тақпақ:

Бір топ бала сырғанап, 

Барады әне жарысып. 

Қалды артта атырап

Іздерінен қар ұшып

Жеке жұмыс: қар атжалына секіріп шығу және одан жерге түсуге үйрету. 

Жорамал: қыс  аязды болса – жаз ыстық болады. 

Жұмбақ: 

Отта жанбайды 

Суда батпайды.        ( Мұз) 

Қимылды ойын: «Айлакер түлкі» 

Мақсаты: оңды – солды жалтақтап   қарай жүгіруге жаттығу. 

Еңбек: қардан бекініс жасауды үйрету.

Балаларды үйге қайтару

 Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 

     Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 

Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.


Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 
 


Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.















































Категория: