» Материалы за 21.11.2022

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы. 21-25 ҚАРАША

Автор: admin от 21-11-2022, 15:37, посмотрело: 36

0

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы 

Білім беру ұйымы

Топ:Мектепалды даярлық

Балалардың жасы: 5-6 жас

Жоспардың құрылу кезеңі:  21-25 қараша  2022жыл


Күн тәртібі

Дүйсенбі

21-Қараша

Сейсенбі

22-Қараша

Сәрсенбі

23-Қараша

Бейсенбі

24-Қараша

Жұма

25-Қараша

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі күймен қарсы алу.Балалар үшін жайлы жағдай жасау.Балаларға тәрбиешінің толық аты-жөнін атап сәлемдесуді үйрету.Баланың бүгінгі көңіл күйі туралы сұрау.



Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру 


Балалардың көңіл-күйі,денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.



Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалар арасында достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру,үстел үсті ойындары.

Өнер орталығында сурет салу,суретті кітапшаларды бояу.

Құрастыру материалдарымен ұрастыру ойындары,кітаптар қарау.

Табиғат бұрышындағы еңбек.

Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау.

Балалармен жеке жұмыс.


Таңертеңгі жаттығу

Қараша  айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені.Жалпы дамытушы жаттығулар,қимыл белсенділігі,ойын әрекеті. 

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық






Балалардың сезінген әсерлерімен бөлісу,жаңалықтарды білу,бірлескен жоспарларды,мәселелерді талқылау,қызығушылықтары

 бойынша әрекет түрін таңдау,ережелер туралы келісу және т.б.

Ұйымдастырылған іс-әрекет


1.Сөйлеуді дамыту

Дыбыстарды дұрыс айтып,қандай дыбыс екенін анықтай білу қабілеттеріндамыту.

Әңгіме мазмұнын өз сөзімен жеткізе

білуге,сюжеттік суреттер бойынша әңгіме құрауға

үйрету.Демонстра

циялық жұмыс.

Бақта,бақшада адамдар жемістер мен көкөністерді жинап жатқан суреттерді көрсету.

Адамдардың да қысқа дайындалып жатқаны туралы айту.М.Зверевтің Су торғайы әңгімесін еске түсіру.Енді Қысқа дайындық әңгімесімен танысу.

Мәнерлеп оқу.

Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар.

Сөздік жұмыс.

Мақал-мәтел жаттау

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.Еңбек түбі-береке,Көптің түбі-мереке.Бейнетсіз рахат жоқ.Мағына

сынтүсіндіру.

Дидактикалық ойын.Қандай дыбыс екенін анықта.

Ойыншарты:

дыбысты айту:Ал балалар дыбыстың дауысты,дауыссыз екенін анықтайды.

Дәптермен жұмыс.

Тапсырмаларды орындау.

2.Математика негіздері

Уақыт туралы ұғымдарды қалып

тастыру жұмысын жалғастыру,сандық және реттік санау дағдыларын жетіл

діру.Ойын сәті.Апта күндері атауларын үйрету.Апта күндері өлеңі.Дүйсенбіде доп ойнадық алаңда.

Сейсенбіде серуен құрдық далада,

Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп.

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні жидек тердік ағаштан.

Сенбі күні кино көрдік театрдан.

Жексенбіде үйде болдық демалдық.

Осылайша өте шықты бір апта.

Суретпен жұмыс.

Апта күндерін жаттау.Ойын жаттығуы :Дұрыс ата.Дәптермен жұмыс.1-2 тапсыр

маларды орындау.

Ойын-жаттығуы Ұқыпты бол.

Жаңбыр жауып,

басылды.Аспан шәйдай ашылды.

Қызыл,сары,жасыл

ды.Көк темірзат асылды.Кемпірқосақтың жеті түсін ажырат.3-4тапсыр

маларды орындау.

Келесі апта күнін ата доппен дидак

тикалық ойыны.

Математикалық жазулар дәптерімен жұмыс.

3.Қоршаған орта таныстыру

Жаяу жүргіншілер ережесін меңгертуді жалғастыру.Жол белгілерінің қауіпсіздік сақтаудағы маңызды екенін әңгімелеу.Көшедегі тәртіп ережесін қатаң сақтауға,жолда зейінді болуға дағдыландыру.

Бұзба көше тәртібін.

Ұрынарсың апатқа.

Ұқыпты болсын әр күнің,Жақын болма шатаққа!Жұмбақ жасыру.Өзі сөйлей білмейді,Бірақтоқта,

жүр дейді.Бағдаршам ойыны.Демонстрациялық материалмен жұмыс.Жол белгілері.

Сөздік жұмыс:

жаяужол.Жолдан өту ойыны.Шарты:әрбір іс-әрекетті сөзбен жеткізу.Солға қараймыз,оңға қараймыз. Топтық жұмыс.Жол белгі

лерін табу ойыны.

Әр топ жол белгілерін табады.Жағдаятты шешу.Көшеден қалай өту керектігін түсіндіру.Ұшқыштар мен тапқырларойыны.

Автокөліктің неше дөңгелегі бар?Жаяу жолда кім жүреді?

Көлікті кімбасқарады?

Екі жолдың қиылысы?

Бағдаршамныңүштүсі.

Дәптермен жұмыс.

Жол белгілерін есіңе сақта.Суретпенжұмыс


4.Дене шынықтыру

Допты оң және сол қолдың саусақ ұштарымен еденге кезекпен ұруға

үйрету.Гимнастика

лық қабырғаның жоғарғы жағына дейін біраттас тәсілмен өрмелеуге үйрету,қол мен аяқ қозғалыстарының үйлесімділігін дамыту.Бірқұрсау

дан екінші құрсауға бір және екі аяқпен секірулерін

жетілдіру.Қимыл-қозғалыс ойыны.Өз түсіңді тап!Жұп

болып екі тізбекке тұру.тізбекте жүру,

жүгіру.Ырғақты гимнастика.Классиктер:Бір құрсаудан екінші құрсауға бір және екі аяқпен секірулерін жетілді ру.Қимыл-қозғалыс ойыны.:Дәл беру.

Жұп болып,бір-біріне қарама-қарсы тұрады.Арақашық

тықтары -3м.

Серіктесіне допты табанымен домала

тып әкеледі.Көңіл-күй рефлексиясы.

1.Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдауды меңгертуді жалғас

тыру.Қатаң,ұяң,үнді дауыссыз дыбыстар

ды ажыратуды жетілдіру.Бір-біріне жақсы сөздер

айтады. Сұрақ-жауап әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау.Тіл ұстарту ба-ба-ба,бақылдай

ды бақа.ыс-ыс-ыс,

Келді міне,қыс.Оп-оп-оп,Балалар ойна

ды доп.Жау-жау-жау.Желбіреп тұр жалау.Ой-ой-ой,

Қорада тұр қой.Ай-ай-ай,Ұшып кетті торғай.Ға-ға-ға,

Ұшып кетті қарға.

Кім зерек дидакти

калық ойыны.Қатаң дыбыстар,ұяң дыбыстар,үнді дыбыстар.Жалауша дидактикалықойыныДәптермен жұмыс.

Дыбыстық талдау.

Лақ,гүл сөздерінің сызбасы.Оңға,оңға түзу тұр,солға,солға түзу тұр.Артқақарай бір адым,алға қарай бір адым.Жоғары-төменқарайық,Орнымызды табайық.

Дәптермен жұмыс.

Графикалық жұмыс.

Үзік сызықтарды бастыр.Саусақ жаттығуы.Кіп-кішкентайсаусақтар.

Шаршамайды,тын

байды.Себебі бұл саусақтар.Жаттығу

лар жасайды.

2.Математика негіздері

Уақыт туралы ұғымдарды қалып

тастыру жұмысын жалғастыру,сандық және реттік санау дағдыларын жетіл

діру.Ойын сәті.Апта күндері атауларын үйрету.Апта күндері өлеңі.Дүйсенбіде доп ойнадық алаңда.

Сейсенбіде серуен құрдық далада,

Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп.

Бейсенбіде би биледік әндетіп.Жұма күні жидек тердік ағаштан.

Сенбі күні кино көрдік театрдан.

Жексенбіде үйде болдық демалдық.

Осылайша өте шықты бір апта.Суретпен жұмыс.Апта күндерін жаттау.Ойын жаттығуы :Дұрыс ата.Дәптермен жұмыс.

1-2 тапсырмаларды орындау.Ойын-жаттығуы Ұқыпты бол.Жаңбыр жауып,

басылды.Аспан шәйдай ашылды.

Қызыл,сары,жасыл

ды.Көк темірзат

асылды.Кемпірқосақ

тың жеті түсінажырат.

3-4тапсырмаларды орындау.Келесі апта күнін ата доппен дидактикалық ойыны.

Математикалық жазулар дәптерімен жұмыс.

3.Қазақ тілі

Шағын мәтін құрас

тыруға жаттықтыру.

Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру,

ретін сақтай отырып сөйлем құрауға жат

тығуды жалғастыру.

Қонақта қуыршақтар.

Ойын:қандай сөз артық? Мнемокесте арқылы әр бала қайда тұратынын айтады.

Суретпен жұмыс.

Бөлмеде нелер бар?

Бөлме қандай?Мынау не?Сенің бөлмең барма?Дөңгелене тұрайық,Керегені құрайық.Уық болып иіліп,Шаңыраққа киіліп,Киіз үйді құрайық.Дәптермен жұмыс.Тапсырмалар

ды орындау.

4.Музыка

Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру,

оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту.Қазақ халқының музыкасын қабылдау.

Әннің сипатын қабылдау,дауысын дұрыс келтіріп орындау,ырғақтық бейнесі мен динамаикасын дәл беру, әннің кіріспесін,

басын,қайырмасын ажырату.Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау.

Халық биін үйрену арқылыкөркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру.Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға үйрету. «Жаса Қазақстан» әнін орындау.Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

Көңілді балалар.

Балалар жұптасып соң тұрады.Бірінен-соң бірі тұрады,тізені көтеріп жеңіл

секіріп,серіппе жасап,

шапалақтап,топылда

тып,екеуі екі жаққа қарап айналады.Литва халық әуені.Музыка тыңдау:Туған ел.

Дауыс жаттығуы.

Ән айту:Жомарт елім.

Астана әнін қайталау.

Билер:Қара бала биі;

Асатаяқ биі.Ойындар,

хороводтар:Ноталар

ды орналастыр.

Музыкалық аспапта ойнау:Илигай.


1.Математика негіздері

Ай атауларын жыл мезгілдері бойынша рет-ретімен атауға үйрету және табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын бекіту.

Ойын сәті.Әлия мен Сырым Бұл қашан болады?Жұмбақ өлеңі.Жыл мезгілдері туралы өлең.

Демонстрациялық материалмен жұмыс.Жыл мезгілдерінің, айлардың атауларын бекіту.

Қуыршақты жыл мезгіл

деріне сай киіндіру.

Үлестірмелі материалмен жұмыс.Табиғи құбылыс

тарды,жыл мезгілдеріндегі  адамдар киімдерін таңдай

ды.Дәптермен жұмыс.Жыл мезгіліне сәйкес ағаштарды

таңдап,жапсыру.Доппен ойын:Жыл бойы.3-4 тапсырмалар.Графикалық жұмыс. Математикалық жазулар дәптерімен жұмыс

2.Сөйлеуді дамыту

Дыбыстарды дұрыс айтып,қандай дыбыс екенін анықтай білу қабілеттерін дамыту.

Әңгіме мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуге,

сюжеттік суреттер бойынша әңгіме құрауға

үйрету.Демонстрациялық жұмыс.Бақта,бақшада адамдар жемістер мен көкөністерді жинап жатқан суреттерді көрсету.Адамдардың да қысқа дайындалып жатқаны туралы айту.

М.Зверевтің Су торғайы әңгімесін еске түсіру.Енді Қысқа дайындық әңгімесімен танысу.

Мәнерлеп оқу.Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар.Сөздік жұмыс.

Мақал-мәтел жаттау

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Еңбек түбі-береке,Көптің түбі-мереке.Бейнетсіз рахат жоқ.Мағынасын түсіндіру.Дидактикалық ойын.Қандай дыбыс екенін анықта.Ойын

шарты:дыбысты айту:Ал балалар дыбыстың дауысты,дауыссыз екенін анықтайды.Дәптермен жұмыс.Тапсырмаларды орындау.Балаларды кейіпкерлер –Ара,Тиін және Сарышұнақтың еңбекқорлығынан үлгі алуға шақыру.

3.Көркем әдебиет

Өлеңді жаттату арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сурет бойынша әңгімелеуде теңеуді қолдануға үйрету.

Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.Көңілді амандасу.Әдемі күліп,әркім өзінің атын атап

амандасыңдар.

Әдептілік туралы әңгіме.Әдептілік деп үлкенді сыйлау,кішіге қамқорболу,тазалықты сүю,достарын ренжітпей ойнау,қиын кезде көмектесу.

Е.Өтетілеуұлы Әдептілік әлемі өлеңін мәнерлеп оқу.Сөздік жұмыс.

Өлең мазмұны бойынша сұрақтар.

Көшелерден біз өткен.

Ата көрсем,жақын кеп.Сәлем берем ізетпенАмансызба ата деп.Мнемокестедегі суреттер бойынша тақпақты жаттау.

Дәптермен жұмыс.

Әдепті бала туралы әңгіме құрау.

Мақалды жаттау.

Әдепті бала көрікті.

Дидактикалық ойын.Не істеу керек?

Ойын шарты:

Сұрақтарға жауап алу арқылы балаларды әдептілікке жетелеу.

4.Дене шынықтыру

Балаларды хоккей ойынымен таныстыру,

қозғалысқа дұрыс бастама болатын бастапқы қалыпқа дұрыс тұруды үйрету.

Шайбаны ілгері бағытта алып жүруге үйрету.Жұппен қозғалу,қозғалыс кезінде  аяқ қолдың қимылдарынүйлестіру

Мұзшалар,жел мен аяз қимыл-қозғалыс ойыны.Алаңқайды толық пайдаланып,

бір-біріне соғылмай қозғалу керек.

Ойыншылар екі шеңбер құрып тұрады.

Бір шеңбер ақ қаршаның төңірегнде,

екінші шеңбер көк қаршаның төңірегіне құрылады..Балалар шеңбер бойымен жәй жүреді.Жарқырап

ақша қар,Сылдырлап ұшады!Дың,дың,дың! Шеңберде жүреді.Жел дегенде,шашырап жүгіре жөнеледі.

Аяз!дегенде,қайта жүгіріп келіп өз шеңберін қайта құруы керек.Бірінші болып тұра қалған команда ұпай алады.

1.Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдауды меңгертуді жалғас

тыру.Қатаң,ұяң,үнді дауыссыз дыбыстар

ды ажыратуды жетіл

діру.Артығын тап ойыны.1.Ара,өрмекші,маса,көбелек,аю.

2.Тауық,әтеш,үйрек,

қаз,сауысқан.

2.Мысық,түлкі,аю,қасқыр.4.Қолғап,көйлек,шалбар,етік.5.Май,

шай,нан,қант,қасық.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Дәптермен жұмыс.

Штрихта.Үзік сызықтарды бастыр,

жалғастыр.Саусақ жаттығуы.Партадағы саусақтар.Адымдайдыжүреді.Өнерлі бұл саусақтар.Сурет сала біледі.

2.Қазақ тілі

Шағын мәтін құрас

тырудыдағдыландыруОтан туралы тақпақ үйрету.Қазақ тіліндегі сөздер менсөйлем

дерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Жоғары қараймыз,

Шаңырақты көреміз.

Төмен қараймыз.

Жерді көреміз.Оңға бұрылып,солға бұры

лып.Егеменді елді көреміз.Ойын:

Кім көп біледі? Менің бөлмем тақырыбында қайталау.Суретпен жұмыс:МеніңОтаным.Жаңа сөздерментаныс

тыру.Тақпақ жаттау.

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың,бауырың,

Отан-өлкең,астанаң,

Отан-аудан,ауылың.

Е.Ө.дәптерменжұмыс.

Тапсырмаларды орындау.

3.Қоршаған ортамен таныстыру

Балаларға өздері тұратын туған ауыл,мектеп орналасқан көше туралы түсіндіру.Балалардың нақты мекен-жайын,

тұрғылықты жерін атай білу дағдыларын қалыптастыру.Баспана ойыны.Е.Елубаев өлеңі бойынша.Тышқандікі-би.Түлкінікі-ым.Қойдікі-қора.Аранікі-ұя.Бақанікі-көл.Өрмекшінікі-тор.

Тауықтікі-күркешік.

Күшіктікі-үйшік.Ойын арқылы әр жануардың баспанасы қалай аталатынын білдік.Мекен-жай туралы сұрақтар.Әр бала өзі тұратын мекен-жайын айтады.Ғажайып жағдаят.Қуыршақ

Ақжарқын.Мекенжай туралы әңгіме.Сөздік жұмысы.Айгөлек әнін айту.Дәптермен жұмыс.

Айсұлу үйін схема бойынша сызып көрсет.

4.Музыка

 Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау,жоғарғы регистр,

аспаптың дыбысталу тембрін ажырату.Әннің сипатын қабылдау,

дауысын дұрыс келтіріп орындау,ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру,әннің кіріспесін,

басын,қайырмасын ажырату.Халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру.Қазақтың ұлттық аспабының дыбысталуымен таныс

тыру.Жаса,Қазақстан әнін орындау.Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Көңілді балалар литва халық әуені.Музыка тыңдау:Қазақстан жалауы.

Еліміздің рәміздері туралы әңгіме.Дауыс жаттығуы.Ән айту:

Тәуелсіздік таңы.Жомарт елім.Билер:Қара бала биі.

Музыкалық аспапта ойнау:Илигай.

1.Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдауды меңгертуді жалғастыру.

Берілген дыбысқа сөз құрау.Шаттық шеңбері.

Мектебіміз-базарлы үй.

Ауылдағы ажарлы үй.

Шаттығы бар шуақты үй,

Өз үйіміз сияқты.Сұрақ-жауап әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау.

Артикуляциялық жаттығу жасау.Дыбыстарменжұмыс.

Дидактикалық ойын.Кім білгіш?Ж дыбысы бар сөз айт ойын-жаттығуы.

Дауысты дыбысты сөзге қос дидактикалық ойыны. Дәптермен жұмыс.

Дыбыстық талдау жасау.

Саусақ жаттығуы.

Алақанды ысқылап,

Қыздырайық балақай.

Алақаның ысыды.

Қараңдаршы,алақай.

2.Көркем әдебиет 

Қоршаған орта,табиғат туралы түсінігін қалыптастыру.Ертегі мазмұнын айту арқылы театр мәдениетіне баулу.

Тілдік ойлау қабілетін дамыту,сөздік қорын байыту.Сөздік жұмыс.

Ойын жағдаяты.Ертегілер әлеміне саяхат.Ертегілер

дің суреттері.Жұмбақ жасыру.Жол бойында жортқан,Сыбызғысын тартқан.Қасқыр.Қандай аң?Ақымақ қасқыр ертегісімен танысу.Ертегі-әдеби жанрлардың бір түрі.Ертегінің басқа жанрдан айырмашылығы –ертегіні ойдан,қиялдан құрастырады.Ертегіні оқып,мазмұнын ашу.

Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар.Қасқыр түссе қораға,Ұстамаса бола ма?

Қасқыр қақпан құрайық,

Біздің қақпан болаттай.

Қасқыр,қасқыр келіп көр,

Қақпан,қақпан берік бол!

Дәптермен жұмыс.Диалог құру.Ертегі жүйесін сурет бойынша айу.Үй жануарларын ата.Ұйқасын тап.Моп-момақан өзі,Сүп-сүйкімді қозы.Дидактика

лық ойын.Жануардың даусын сал.Ертегіні рөлдерге бөліп сахналау.


3.Шығармашылық іс-әрекет

Шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.

 Бірнеше бөліктерден заттар жасау жапсыру,құрастыру, суретін салу,мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Үлестірмелі материалдар

мен жұмыс.

Басбармақты бассам егер.

Ботакөз боп шығады.

Алақанды ашсам егер.

Бестаңба боп шығады.

Егер жұмсам алақанды,

Тарақ оюы шығады.

Оюларды білетін,

Біз қазақтың баласы.

Кесе,шыны,пиала,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді.

Олардың атын не дейді? Ыдыс-аяқ.Қайсысы неден жасалғанын тауып,суреттер

ді қос. Дидактикалық ойыны.Саусаққа арналған:

Жұдырық,тақтай,алақан     ойын-жаттығу.

Балалар шығармашылығы.

Көрме.


4.Дене шынықтыру

Балалар арасында достық қарым-қатынасты орнатуға және ұжымның ұйымшыл болуына жағдай жасау.

Допты оң және сол қолмен еденге кезекпен ұруды жаттықтыруды жалғастыру.

Бұл мен, бұлар менің достарым ойыны.Қимыл-қозғалыс ойыны:Жұбыңды тап! Түрлі-түсті қол

орамалдарын алып,

орамалдардың түстеріне сәйкес жұп болып тұрады.

Белгі бойынша шашырап жүреді.1,2,3-Өз түсіңді тап деген бұйрық бойынша жұп болып екі тізбекке жылдам тұрады. Жүруді жүгірумен алмастыру. Тізбекке екі-екіден тұрады.Жүру,жүгіру.

Ырғақты гимнастика.


Тілді жаттықтыратын жаттығулар...

1. « Айнаға қарап жаттығу жасау»  

2. Бағынбайтын тілді жазала.

Мақсаты: Тіл еттерін бағынышты етіп, кең түрде жалпийтып ұстауға үйрету;

Бейнелеуі : Ауызды кішкене ашып, тілді астынғы ерінге салу керек. Ерінді еппен қимылдатып, мынадай дыбысты шығару керек: «пя-пя-пя». Жалпақ тілді қалыпты жағдайда ұстай отырып, ауызды ашып, 1-10 дейін санау.

Әдістемелік нұсқау :

Төменгі ерінді бұрап, астынғы тістерге тартпау керек;

Тіл жалпақ болып , қырлары ауыздың бұрыштарына тимеу керек;

Тілді ерінмен бірнеше рет, бір дем шығаруда шапалақтау керек. Бала демді бөгемеу керек. Жаттығудын орындауын былай бақылауға болады: мақтаны баланың аузына қарай әкеліп ұстау. Бала жаттығуды дұрыс істеп отырса, мақта ауытқып кетеді. Бұл жаттығу басқасымен қатар, бағытталған ауа ағынын істеп шығаруына мұмкіндік жасайды.








Балалармен жеке жұмыс



Серуен



Балалардың үйге қайтуы












.



 Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.
 Ойынның шарты: 
Бір жақта аюдың апаны болады. Екінші жақта балалар тұратын үй болады.Тәрбиеші аюды балалардың ішінен біреуін тағайындайды.Тәрбиеші: «Балалар қыдырып келіңдер»,- дегенде балалар үйлерінен шығып, саңырауқұлақ теріп, көбелек ұстап,орман қыдырады /еңкееді, түзеледі, басқа қозғалыс жасайды/. Олар дауыстап айтады:

-Біз аюдың қасында

Жеміс- жидек тереміз,

Аю ұйықтамайды,

Аю ырылдайды.

«Ырылдайды»,- деген сөзден кейін аю үйлеріне қашып бара жатқан балаларды ұстай бастайды. Аюдың қолы тиген балалар акюдың апанында қалады. Бірнеше рет ұсталғаннан кейін аюдың рөліне басқа бала тағайындалады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
 Ұсыныс: 
Ойынның басқа нұсқасы болуы мүмкін- екі аюмен ойнауға болады.

 

 


Балалармен жеке жұмыс.Жеке картаға сәйкес:әңгімелесу,дидактикалық ойындар,сөйлеудің дыбыстық мәдениеті,байланыстырып сөйлеу,бейнелеу әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау,спорттық-ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу.Серуенге қызығушылықтарын арттыру.Балаларды реттілікпен киінуі,серуенге шығу,топтық ережелерді қайталау,өзіне-өзі қызмет ету дағдылары,ірі және ұсақ моториканы дамыту тақырыбына жеке әңгімелер өткізу.

Серуен картатекасы №1,№2,№3,№4,№5 Ауа-райы құбылыстары мен табиғат обьектілерін бақылау,әңгімелесу,көркем сөз,

спорттық,қимылды және ұлттық ойындар,еңбек әрекеті.

Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу,ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша сұрақтарына жауап беру,кеңес беру













Категория: