» Материалы за 06.12.2021

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 
 
 

Атқарылған жұмыстарға анықтама

Автор: serkebaev147896 от 6-12-2021, 06:51, посмотрело: 129

0

«Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар С.Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының   2021-2022 оқу жылына арналған жұмыстың атқарылуы жайлы

                                                   АНЫҚТАМА  

 « Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар С.Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының іс-шарасы мектебімізде жасалынып бекітілді.Жоспарға сәйкес «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері 

9-11 сыныптар арасында төмендегідей құрылды: 

11 сынып оқушысы  Өжек Елдана

11 сынып оқушысы  Бірлік Бағдат

11 сынып оқушысы Өмірғали Дания

11 сынып  оқушысы Мақсатұлы Дамир

11 сынып оқушысы Серікбайқызы Шынар

10 сынып оқушысы Мұхай Мирас

10 сынып оқушысы  Ердесбай Мұстафа

10 сынып оқушысы Алмабек Айшагүл

9 сынып оқушысы Талғатұлы Бекзат

9 сынып оқушысы Оралбек Нұртөре

      Мектеп кітапханамызда осы жоспарға сәйкес «Парасатты азамат» бұрышы ұйымдастырылды. Бұрыштың басты мақсаты азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті,адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы,сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін,еңбексүйгіштікке,оқуға,еңбекке,өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.Осыған сәйкес 2021-2022 оқу жылының әр айына түрлі тақырыпта шаралар қойылады. Мысалға: «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастыру, «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында ата-аналар арасында жиналыстар, «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» тақырыбында қызметкерлермен кездесу, «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында сурет көрмесі, мектебімізде балаларға арналған ар-ұят,абырой,жауапкершілік,адалдық,әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын театрланған қойылымдар ұйымдастырылды. «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» атты  5-11 сыныптар арасында шығарма байқаулары мектеп оқушыларын әділдікке, отансүйгіштікке баулу барысында іске асырылды. Өскелең ұрпақтың арасында мемлекеттік қызметті елдің мақсаттары мен даму басымдылығын іске асыруға, әрбір азаматтың мүддесі үшін адал қызмет ету және күнделікті қажеттілігін қанағаттандыруға тәрбиелеу.


                   Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:            Қ.Абжанбаев    

Категория: