» » "Өзін-өзі басқару" ұйымының 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысына анықтама

 
 
 

"Өзін-өзі басқару" ұйымының 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысына анықтама

Автор: admin от 5-07-2023, 16:46, посмотрело: 117

0

1 слайд

 Өзін-өзі басқару ұйымы  2022 жылдың қыркүйектің 17 жұлдызында біз Болашақ өзін өзі басқару ұйымының мүшелері атандық.Парламент мүшелері:

Мектеп президентіБарманқұл Әділет

Вице-президент: Жұмабек Айым 

Премьер министр: Қанатқызы Айя

Еңбек министрлары: Жеңіс Сабина, Жансерікқызы Сымбат

Білім министрлары: Нұрболат Ғазиза, Бейсенбай Аяжан

Мәдениет министрлары: Қайратқызы Алтынай, Ақай Аяла

Ақпарат министрлары: Қайсарқызы Анель, Қазыбек Ақнұр

Тәрбие министрлары: Қырғызжанқызы Нұрай, Құсайын Нұршат

Қыздар ұйымының жетекшілері: Жумалиева Іңкәр, Нұрақын Медина

Ұлдар ұйымының жетекшілері: Оразхан Заңғар, Ауталып Ерзат 

Спорт министрі: Сабыр Хасболат


2 слайд

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ :


3 слайд

Ұйым жетекшілері әр апта сайын 1-11 сыныптар арасында тексеру жұмыстарын жүргізіп отырды. Мақсаты: 

  1. Мектеп оқушыларының мектеп формасын қадағалау;
  2. Мектеп мүлкінің сақталуын қадағалау, кабинеттердің тазалығы;
  3. Оқулықтардың дұрыс күтілуін қадағалау, күнделіктердің толтырылуын қадағалау.

4 слайд 

11 қарашада әлеуметтік педагогтар ұсынысымен,мектеп әкімшілігінің қолдауымен «Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.Жәрмеңкеге 9-10 сынып оқушылары атсалысты.Жәрмеңкенің басты мақсаты: әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларымызға қол ұшын созу. 

5 слайд

25 қараша химия-биология апталығында «Жаратылыстану ғылымы 21 ғасыр төрінде» атты интеллектуалды ойын өтті. Ойынға 8-9 сынып оқушылары қатысып, 8 «ә» сынып оқушылары жеңіске жетті. 

6 слайд

25 қазан «Еркеназ» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен және Болашақ өзін- өзі басқару ұйымының атсалысуымен «Өнерліге өріс кең» атты тақырыпта 6-9 сыныптар арасында Би жарысы өтті. 


Байқау нәтижесі:Бас жүлдені 9-сынып қыздары “Қазақ биі”

 Бірінші орын :7”ә”сынып қыздары “орыс,хорезм”биі 

Екінші орын:8-сынып “Испан биі” 

Үшінші орын: 7-сынып “қазақ биі” 

6”в “-сыныбы “Жас бишілер”номинациясын 

6”а”-сыныбы “Ең үздік өнер” номинациясын 

6”б”-сыныбы “Үздік хореография” 

6”ә”-сыныбы “Ең үздік костюм”номинациясын иеленді.  


7 слайд

29 қараша жоғарғы сынып оқушыларының сұранысымен  «Әртүрлі кейіпкерлер»  тақырыбында би кеші өткізілді.


8 слайд 

 «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінің қолдауымен мектепшілік үйірмелер ашылды. 

9 слайд 

Нактырақ айтсақ: «Эрудит»-білімділер үйірмесі,жетекшісі:мектеп президенті Барманкул Адилет 

10 слайд

«Қызықты кітап» үйірмесі, жетекшілері: білім министрлері Бейсенбай Аяжан, Нұрболат Ғазиза 

11 слайд

«Адал ұрпақ»- еріктілер үйірмесі, жетекшілері: еңбек министрлері Жансерікқызы Сымбат, Жеңіс Сабина 

12 слайд

«Шабыт»-театр үйірмесі, жетекшісі: вице-президент Жұмабек Айым 

13 -14 слайд 

Мектеп ішінде «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы құрылған, жетекшісі – Әділбеков Тілекжан. «Жаңа Қазақстан  – жаңа жастар» тақырыбында ұйымдастырылған аудандық Жайдарман ойындарында «Шағала» жайдарман тобы 2 орын иеленді, сонымен қатар С.Серкебаев атындағы мектеп-гимназия директорының кубогы ойнатылып 1-ші орынға 11 сынып «Өзіміз ғой» жайдарман тобы, 2-ші орынға  10 сынып «F4» жайдарман тобы, 3-ші орынға 7 сынып «Шағала» жайдарман тобы ие болды.

15 слайд

«SS» интеллектуалды пікірталас клубы жұмыс атқарады, жетекшілері – Жұмаш Сұлтан, Қызайбай Әйгерім.

Облыстық «Ұлттық пікірталас» ойындарына қатысып, «Мағжан сенген жастар» фракциясы ұлттық нақыштағы үздік топ атанып, «Эрудит» фракциясы 1/8 финалға өтті.




16 слайд 

5 желтоқсан Еңбек министрлерінің бастауымен «Жылы жүрек-жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымдылық акциясына 10 сынып оқушылары атсалысты. 

17 слайд

14 желтоқсан ФИМ, яғни физика, информатика, математика онкүндігінің жабылу салтанатына орай вице-президенті,білім министрлері және информатика пәнінің мұғалімі- Әділбеков Тілекжанның ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында «Қызық екен!» интеллектуалды ойыны өтіп, 9 «а» сынып оқушылары жеңіске жетті. 

18 слайд

15 желтоқсан Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай «Біз - Тәуелсіздік ұландарымыз!» атты мерекелік кеш өтті. 

19 слайд

26-29 желтоқсан аралығында жалпы 0-5 сыныптар арасында жаңа жылдық қойылым, 6-11 арасында би кеші ұйымдастырылды.

20-21 слайд

Кеген ауданының бас имамы – Сығаев Асқар, Кеген аудандық маслихат хатшысы – Нұғыманов Алмасбек, Кеген жастар ресурстық орталығының бас маманы – Чукенов Әділеттің ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өткізіліп, мектеп оқушылары өздерін толғандырған сұрақтарымен бөлісіп, жауаптарын алды.

Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровпен 10-11 сынып оқушылары арасында Аудандық мәдениет үйінде кездесу өтті.

Кеген Аудандық полиция бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция лейтенанты Бейсенов Руслан Қызайбайұлымен 10-11 сынып ұлдарымен «Өз қауіпсіздігім бәрінен жоғары!» тақырыбында кездесу өткізілді.

22 слайд

Мектепшілік «Жігіт сұлтаны – 2023» байқауы өткізіліп, нәтижелері төмендегідей:

Бас жүлде Желдібай Алихан

1-інші орын Кеңесжан Дінмұхаммед

2-нші орын Елтікбай Мейіржан

3-інші орын Нұрахмет Бекзат




23 слайд 

 6-9 сыныптар арасында Мектеп аруы – 2023 байқауы өткізіліп, нәтижелері төмендегідей:

1-інші орын 9 сынып оқушысы Баймолда Айым 

2-нші орын 8 сынып оқушысы Сәлім Баян

3-інші орын 9 сынып оқушысы Қуатбекқызы Ақбота

24 слайд

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына орай «Дариға жүрек» атты ақынды еске алу кеші өтті. Бұл кешке мектебіміздің өнерлі де, талантты оқушылары қатысып, өнерлерімен көрермендерді тамсандырды.

25-26 слайд

Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы аяулы ұстаздарымызбен ардақты аналарымыздың да мерекелерін ескерусіз қалдырмады. 10-11 сынып оқушылары өздерінің жылы лебіздерімен, ізгі ниеттерімен ұстаздарымызды құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.




Категория: ,

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.