» » Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы. ҚАҢТАР

 
 
 

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы. ҚАҢТАР

Автор: admin от 9-01-2023, 15:22, посмотрело: 57

0

Тәрбиелеу- білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  

Сынып: мектепалды даярлық 

Балалардың жасы: 5 жас 

Жоспардың кезеңі : 9-13 қаңтар айы 2023ж


Күн тәртібі

Дүйсенбі

9-қаңтар

Сейсенбі

10-қаңтар

Сәрсенбі

11-қаңтар


Бейсенбі

12-қаңтар

Жұма

13-қаңтар

Балаларды қабылдау

Мұғалімнің     балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

«Дұрыс көрсет, ажырат»

Мақсаты: Балалардың тағамдар мен ыдыстар туралы біледі, олардың атауларын айта алады.

«Өзім және отбасым»

Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы айта алады бақытты жанұяның қандай болу керектігін кеңінен түсінеді

«Мамандықтың  бәрі     жақсы»

Мақсаты:  балалар әр     түрлі  мамандық иелерін біледі.

«Бұны қай кезде киеді?»

Мақсаты:  әр жыл мезгілінде қандай киімдер киетінін баяндай алады

Бақша да ма,бау да ма?

Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажырата алады

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру


Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.


Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме:  «Дұрыс тамақтануға баулу»








Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Шарикті үрлеу».

(үстел үсті ойыны)

«Гүлді құрастыру»Топтық ойын

Жапырақ гүлін жасау

Фантикті жинау


Қағазды бүктеу,жазу  

Таңертеңгі жаттығу


Таңғы  жаттығу кешені № 5

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Шаттанамын, күлемін,

Бақытты боп жүремін.

Қатар тұрар шеңберде

Досым көбін білемін

Шаттанамын, күлемін,

Бақытты боп жүремін.

Қатар тұрар шеңберде

Досым көбін білемін

Шаттанамын, күлемін,

Бақытты боп жүремін.

Қатар тұрар шеңберде

Досым көбін білемін

Шаттанамын, күлемін,

Бақытты боп жүремін.

Қатар тұрар шеңберде

Досым көбін білемін

Шаттанамын, күлемін,

Бақытты боп жүремін.

Қатар тұрар шеңберде

Досым көбін білемін



Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет


                                                                      1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

1.Сөйлеуді дамыту

 «Л» – «Р» дыбыстарының дұрыс артикуляциясы мынадай: ерін, тіл сәл ашылып, тілдің ұшы үстіңгі тістің түбіне тиеді. «Л» дыбысын айтқанда тілдің ұшы жоғары көтеріліп, тістің түбіне тиеді. Ал тілдің артқы жағы көтеріңкі, ортасы ашық болып, екі жағы тіске тимей, дем осы тілдің ортасынан шығады.

«Л» – дауыссыз дыбыс.

"Л" дыбысының буын арасында кездесуі.

Ла-Ла-Лақ

Лә-Лә-Ләззат

Да-Да-Дала

До-До-Долана

Құ-лақ

Құ-лан

«Бір сөзбен айт»

Ойынның барысы: Заттарды танып бір сөзбен айтуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: Ыдыстардың, ойыншықтардың, жануарлардың суреттері.

Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі суреттер беріледі,сол суреттің ішінен бірдей заттарды тауып бір сөзбен атайды мысалы: ыдыстар, ойыншықтар, жануарлар


1.Сауат ашу негіздері 

 «Жалпы атауын ата» ойыны 

1. Құлпынай, таңқурай, қарақат – ... (жидектер)

2. Түймедақ, қызғалдақ, раушан – ... (гүлдер)

3. Көбелек, қоңыз, маса, құмырсқа – ... (жəндіктер)

4. Сиыр, ешкі, қой, жылқы – ... (малдар)

5. Күн, түн, таңертең, кеш – ... (күн уақыты) 

«Тиісті түсті көрсет» дидактикалық ойыны

Балаларға  дыбыстарды айтады: а, б, у, о, и,с, п, р, л, д, ф, ж. Балалар тиісті түсті көтереді,егер дыбыс дауысты болса, қызыл, ал дыбыс дауыссыз болса, көк фишканы көтеру керек. 

«Сөз айт, тез айт» дидактикалық ойыны Балаларды үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа дауысты дыбыстардан басталатын сөздер, 

екінші топқа қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын, үшінші топқа ұяң жəне үнді

дыбыстардан басталатын сөздер айтуға тапсырма беріледі. Сөз айтқан командаға жалауша беріп отырады. Ойын соңында жеңімпаз команда анықталады.Мысалы: дауысты дыбыстардан басталатын сөздер: алма, ана, арна, ай, алқа, ауыз,

орындық, от, Омар, он, оң, ол, ыдыс, ымырт,ірімшік, ілгіш, үтік, үй, үйшік, үлкен, өрмекші,

өшіргіш, уық, уыз т.б. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер: қаймақ, қалта, қазан, қоңыз, қора, қап,қатық, құй, қасқыр, қоқыс, таң, ферма, шаш, сабын, хат, циркуль, щетка, картоп, парта,

сағыз т.б.

Ұяң жəне үнді дыбыстардан басталатын сөздер: бақа, вагон, гараж, ғарыш, доп,

жаңбыр, зəкір, лақ, мақта, нағашы, радио, суық, гүл, балық, май, литр, жұлдызқұрт,

жұдырық, жұмыртқа, дақ, Дана т.б. 

«Сөйлемді жалғастыр» дидактикалық ойыны

Ойын шарты: Балалар сөйлемнің басын айтады,  балалар сөйлемді аяқтау керек.Мысалы:

Балалар бақта жүгірді.

Атам шалғымен шөп шапты.

Анам сиыр сауды.

Ағаштың түбі – қалың қар.

Аю қыста ұйықтайды.

Малдар жайлауда жайылды.

Балалар доп ойнады.

Үсен мəшинені жуды.

Дəптермен жұмыс

1. Суреттерді қара. Əр сурет бойынша сөйлем құра. Сызбасын сыз.

2. С дыбысының орнын анықта. Сөздің басында болса – бірінші

бөлікті, ортасында болса – екінші бөлікті, соңында болса – үшінші бөлікті көк түспен боя.




1.Математика негіздері

Дәптермен жұмыс 

1тапсырма.Суретті қарайды,есеп құрастырады,

шығарады.Есеп құрастырудың үлгісін көрсетеді:аквариумда қызғылт сары түсті 3 балық және күлгін түсті 2 балық жүзіпжүрді.Аквариумда қанша балық жүзіп жүр? Балалар үлгіге сүйене отырып,қалған суреттердегі тапсырмаларды құрастырады,шешеді, жауабын атайды

Демонстрациялық материалмен жұмыс 

«Сонша жина» дидактикалық ойыны

Балалар топқа бөлінеді.Әр топтың үстелінде біртекті заттар жиынтығы бар (текшелер,«Лего»бөлшектері,геометриялық фигуралар,

бұршақтар,қыстырғыш немесе басқа материалдар)

Балаларға  1-ден 10-ға дейінгі сан жазылған карточканы көрсетеді, балалар сол санға байланысты  заттарды жинайды

Дәптермен жұмыс 

2,3 тапсырмаларды орындау


«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. 

18-беттегі № 26 тапсырманы орындау







1.Қазақ тілі

Дидактикалық ойын: 

«Не артық?». 

Тақтадағы суреттерді атап, ондағы артық суретті табады. (Жануарлар және көйлек суреттері).


Дидактикалық ойын «Қайтала, көрсет». 

Балаларға киімдердің атауларын жекеше, көпше түрде және олардың түр-түстерін атайды. Балалар сөздерді қайталап, сөзге сәйкес суретті көрсетеді. 

Мысалы: көйлек, көйлектер, сары көйлек, қысқа жең жейде.


Дидактикалық ойын

«Керісінше айт»

Ойынның мақсаты: Антоним сөздерді дұрыс айтуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: доп

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады да допты лақтырып кез келген сөзді айтады. Балалар сол сөзге керісінше сөзді айтады. Мысалы: ақырын-жылдам, суық-ыстық...


Дәптермен жұмыс

1.Киімдерді ата. Атауында қазақ тіліне тән Ұ дыбысы бар киімдерді қызыл, І дыбысы бар киімдерді көк қарындаштармен белгіле.




1.Сауат ашу негіздері

Дидактикалық ойын

«Мамандықты тап»

1. Науқасты кім емдейді? (Дəрігер)

2. Шашты кім қияды? (Шаштараз)

3. Үйлерді кім салады? (Құрылысшы)

4. Көмірді кім табады? (Шахтер)

5. Кітапты кім жазады? (Жазушы)

Дидактикалық ойын

«Буынға буын қос»

Ойын барысы:Балаларға суреттерді көрсетіп,бірінші буыны айтылады балалар сөзді жалғастырып соңғы буынды табады.

Мысалы: ал...ма, бақта...шы, қар...быз, қа...уын, қала...қай, қыза...нақ, қор...жын,

дəп...тер, қа...лам, қай...шы, жыл...қы, бе...сік, бал...та, көр...пе, сə...біз, бара...бан, қо...зы,

құмырс...қа, шы...бын, қо...ян, ал...мұрт, май..мыл,

Дидактикалық жаттығу «Сөздегі дыбыстың орнын дұрыс анықта»

Ойын барысы:Балаларға қандай да бір дыбыстан сөздер айтылады,балалар дыбыс сөздің басында болса, қызыл жалаушаны 

желбіретесіңдер, соңында болса, көк жалаушаны, ортасында болса, екі

жалаушаны да желбіретесіңдер.

-р- (ара, арман, арық, рақмет, қарбыз, қырық, рахат, рауғаш, ару, Ардақ, көзілдірік,көрік, көмір, күрес, күрек, рухани, қару, қарыз, қорық, қар, қарақат, қора, сиыр, сырмақ,

қоңыр, қарға, қарлығаш, қарт, қырғыз, қырыққабат т.б.);

-ə- ( əтеш, əткеншек, əңгіме, кəрі, əтір, күнə, Күлəш, бəтеңке, бəліш, əріп, Мəлік,

Əлімжан, Əмір, тəтті, тəкəпар, тəрелке т.б.);

-м- (мақта, мал, мамық, қамыр, монша, моншақ, Əмина, қамзол, қаймақ, тамыр, тамыз,

көмір, комбайн, мата, мысық, том, əмір, темір, жемір т.б.).

Дәптермен жұмыс 

1.Дыбыстық талдау жаса:

Кесе сөзінде 2 буын, 4 дыбыс, 2 дауысты дыбыс, 2 дауыссыз дыбыс бар.

К – қатаң дауыссыз дыбыс.

Е – жіңішке дауысты дыбыс.

С – қатаң дауыссыз дыбыс.

Е – жіңішке дауысты дыбыс.

Асық сөзінде-2 буын, 4 дыбыс, 2 дауысты дыбыс, 2 дауыссыз дыбыс.

А – жуан дауысты дыбыс.

С – қатаң дауыссыз дыбыс.

Ы – жуан дауысты дыбыс.

Қ – қатаң, дауыссыз дыбыс.

2.Суретті штрихта

3.Бастыр

                                                    Үзіліс  :   Жүгіруге арналған ойындар «Аюдың апанында»  

Тілді жаттықтыратын жаттығулар...

1. « Айнаға қарап жаттығу жасау»  

2. Бағынбайтын тілді жазала.

Мақсаты: Тіл еттерін бағынышты етіп, кең түрде жалпийтып ұстауға үйрету;

Бейнелеуі : Ауызды кішкене ашып, тілді астынғы ерінге салу керек. Ерінді еппен қимылдатып, мынадай дыбысты шығару керек: «пя-пя-пя». Жалпақ тілді қалыпты жағдайда ұстай отырып, ауызды ашып, 1-10 дейін санау.

Әдістемелік нұсқау :

Төменгі ерінді бұрап, астынғы тістерге тартпау керек;

Тіл жалпақ болып , қырлары ауыздың бұрыштарына тимеу керек;

Тілді ерінмен бірнеше рет, бір дем шығаруда шапалақтау керек. Бала демді бөгемеу керек. Жаттығудын орындауын былай бақылауға болады: мақтаны баланың аузына қарай әкеліп ұстау. Бала жаттығуды дұрыс істеп отырса, мақта ауытқып кетеді. Бұл жаттығу басқасымен қатар, бағытталған ауа ағынын істеп шығаруына мұмкіндік жасайды. 

 


 

Ойын: « Аюдың апанында»
 
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.
 Ойынның шарты: 
Бір жақта аюдың апаны болады. Екінші жақта балалар тұратын үй болады.Тәрбиеші аюды балалардың ішінен біреуін тағайындайды.Тәрбиеші: «Балалар қыдырып келіңдер»,- дегенде балалар үйлерінен шығып, саңырауқұлақ теріп, көбелек ұстап,орман қыдырады /еңкееді, түзеледі, басқа қозғалыс жасайды/. Олар дауыстап айтады:

-Біз аюдың қасында

Жеміс- жидек тереміз,

Аю ұйықтамайды,

Аю ырылдайды.

«Ырылдайды»,- деген сөзден кейін аю үйлеріне қашып бара жатқан балаларды ұстай бастайды. Аюдың қолы тиген балалар акюдың апанында қалады. Бірнеше рет ұсталғаннан кейін аюдың рөліне басқа бала тағайындалады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
 Ұсыныс: 
Ойынның басқа нұсқасы болуы мүмкін- екі аюмен ойнауға болады.

 

 

 

 



2 - ұйымдастырылған іс-әрекет


2.Математика негіздері

«Жанды апта». Ойынға 7 бала қатыстырылады. Олардың қолына аптаның күндері жазылған түрлі түсті шеңберлер ұстатамыз. Содан соң балалар апта күндерінің реті бойынша қатарға тұруы тиіс. Кейін ойынды қиындатуға болады. Мысалы, балалар аптаның кез келген күнінен бастап қатарға тұруы тиіс. 

Балаларға шаршылар, дөңгелектер,сопақшалар, тіктөртбұрыш геометриялық фигуралар таратылады.Одан кейін тақтаға геометриялық пішіндердіңбөлшектерінен құрастырылған жапсырманы іледі.Балалар жапсырманы талдап,пішін бөліктерінің атауымен танысады. 

 


«Дөңгелекті құрастыр» ойыны (практика жүзінде) 

Балаларға шаршының бөліктерін түсіндіру 1.Шаршының жиектерін сәйкестендіріп екіге бүктейді,бұл «жарты»

2.Шаршының     жиектерін сәйкестендіріп төртке бүктейді,бұл «ширек»

3.Шаршыны теңдей екіге кессе,бұл «тіктөртбұрыш»

Осыдан кейін тақтаға 

бүтін және жарты шаршының суреті 

ілініп,


балалар жарты көппе әлде бүтін көппе сұрағын талқылайды.


Дәптермен жұмыс:

1,2,3,4 тапсырмаларды орындау. Фигураларды теңестіріп, суреттерді аяқтап бояу.


«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. 

17-ші беттегі № 23-ші тапсырманы орындау


2.Қазақ тілі

Дидактикалық ойын: «Біздің  көңіл - күйіміз» 

Мақсаты:     балаларды  суреттегі  бет- әлпет     

бойынша  ым  мен     мимикаға  байланысты  көңіл     күйді  ажырата білуге  үйрету. 

Көңіл  күйді  білдіретін     сөздерді  дұрыс  айтқызу. Шарты:  бет- әлпеттің  мимикасына     қарап,  көңіл күйді  білдіретін     сөздерді  бөліп  айтады. Сөйлем  құрайды,     әр  түрлі  көңіл     күйді  білдіретін  сәттерді     салу. 

Күліп     тұрған  бала 

Ренжіп     тұрған  бала 

Аузын  ашып  тұрған     бала. Аузын  томпайтып  тұрған     бала т,б  суреттер

Дәптермен жұмыс

Суретке қара. Қай жыл мезгілі бейнеленген? Жануарларды ата. Тиін қайда отыр?


2.Көркем әдебиет

Жаңа жыл келді  

Жаңа жыл да келеді  

Бізге қарай жылыстап. Өлең де əзір, əн де əзір, Ойын да əзір, бəрі əзір. 

Кел, Жаңа жыл, біздерге, 

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл! 

Дидактикалық ойын: «Нені жақсы көреді?»

Мақсаты: Байланыстыра сөйлеуге үйрету, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.

Шарты: қамқорлық, жануарларын қоректендіруге көмектесу Ойында Магнитті тақтада ойнайды. Балалар жануардың біреуін алып атайды оның не жақсы көретінін айтып суретін жанына орналастырады


Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» 

Ойын шарты: екі шырша қойылады. Балалар екі топқа бөлінеді. Шыршаны өздері жасаған ойыншықтармен, қағаз қолшаммен (фонарик) безендіру. Жылдам безендірген топ жеңімпаз атанады

Дəптермен жұмыс: 

  1. Суретте балалар не істеп жатыр? 

    Əр балаға ат қой, олардың немен айналысқанын əңгімеле. 

    Жаңа жыл мерекесі қалай тойланады? 

  1. Жұмбақты шеш. 
  2. Жасыл ине киімім, Жайлаймын тау биігін. 

     Жаңа жылды тойласаң, 

     Төріндемін үйіңнің.         (Шырша) 






2.Қоршаған ортамен танысу

Топтық жұмыс. 

Балалар санамақпен  екі топқа бөлінеді. 1-топқа үнтаспадағы əуендерді табу тапсырмасын беріледі. 

Ұсынылатын шығармалар үзінділері: 

1.Құрманғазынің «Сарыарқа» күйі; 

2.Орыс халқының «Во поле березка стояла» əні; 

3.Ұйғыр халқының «Аппақ қошақандар» əні. 

Балалар əуендерді тыңдап, білгендерінше қай ұлт өкілдерінің туындылары екенін табуға тырысады. 

2-топқа ұлттық музыкалық аспаптарды атауға тапсырма беріледі. Ұлттық аспаптарды көрсетіп, қай ұлт өкілдеріне тиісті екенін табуды ұсынады (домбыра, балалайка, дутар). Балалар аспаптардың қай ұлт өкілдеріне тиесілі екенін ажыратып, қандай үн шығаратынын тамашалап, ұстап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. 

Дидактикалық

«Кім? Не?» (зат есімдер) 

Ойынның мақсаты: Жанды жансыз 

заттарды ажырата алады. 

Ойынның мазмұны:Балаларға суреттер беріледі. Балалар ол суреттерде не бейнеленгенін және оның жанды не жансыз 

екенін айтады. Жанды болса кім?,жансыз болса не? Сұрағы қойылады. 


  


Дидактикалық ойын: «Ойлан да аяқта» 

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, сөйлеу барысында қолдануларын қалыптастыру. 

Тілдің грамматикасын дұрыс сақтауын қалыптастыру, сөйлеу іскерліктері мен сөздік 

қорын байыту.  

Шарты: Берілген сурет бойынша тәрбиеші сөздерді айтады, ал  балалар аяқтайды. 

Қарға  ұшады,ал ат ...(шабады) 

Ит үреді, ал қарға...(қарқылдайды) 

Жылан жорғалайды, ал балық...(жүзеді) 

Қасқыр ұлиды, ал қой...(маңырайды) 

Түйе боздайды, ал жылқы...(кісінейді) 

Лимон қышқыл, ал қант...(тәтті) 


Дəптермен жұмыс  

1.Ұлттық киімдерді əшекейле. Ою-өрнектерді боя



2.Көркем әдебиет


Жақсы мен жаман  

Жақсы бала ол анық, Істемейді шалалық.

 Тап-таза боп жуынып, Жүреді ол таранып.


Дəптермен жұмыс: 

1.Суретте не бейнеленген? Қай баланың ісі дұрыс? Қай баланың ісі дұрыс емес?  Дұрысын – жасыл, дұрыс емесін қызыл түспен белгіле. 


Дидактикалық ойын: «Біздің  көңіл - күйіміз» 

Мақсаты:     балаларды  суреттегі  бет- әлпет     бойынша  ым  мен     мимикаға  байланысты  көңіл     күйді  ажырата білуге  үйрету. 

Көңіл  күйді  білдіретін     сөздерді  дұрыс  айтқызу. 

Шарты:  бет- әлпеттің  мимикасына  қарап,     көңіл күйді  білдіретін  сөздерді     бөліп  айтады. Сөйлем  құрайды,     әр  түрлі  көңіл     күйді  білдіретін  сәттерді     салу. 

Күліп     тұрған  бала 

Ренжіп     тұрған  бала 

Аузын  ашып  тұрған     бала 

Аузын     томпайтып  тұрған  бала т,б     суреттер 


«Сиқырлы қапшық»
 Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. 
 Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. 
 Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады. 




Үзіліс:   Затты лақтыру мен қағып алуға арналған ойындар 

« Дөңгелекті лақтыру » 

Тіл ұстарту жаттығуы

1) Ша-ша-ша
     Жап жасыл  шырша.
 2) Ар-ар-ар
     Қандай аппақ қар.
 3) Ыс-ыс-ыс
     Келіп қалды қыс.
 4) Лар-лар-лар
     Далада ойнаиды балалар.

 

Ойын: « Дөңгелекті лақтыру»

Мақсаты:  Балаларды белгіленген бағыты көздей білуге,ептілікке,шапшаңдыққа үйрету. 
 Ойынның шарты: Ойын дөңгелектерді көздеп лақтырудан түрады,доңгелектің диаметрі 15-20см. Ал таяқшаның ұзындығы 30-40см. 
 Балалар қатарға түрып 1,5-2метр ара қашықтықта дөңгелектерді таяқшаға дәлдеп лақтырып кіргізу керек.Балалар ойынды бірін кейін бірі жалғастырып ойнай береді.














3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет              


3.Қоршаған ортамен танысу

Топтық жұмыс. 

Балалар санамақпен  екі топқа бөлінеді. 1-топқа үнтаспадағы əуендерді табу тапсырмасын беріледі. Ұсынылатын шығармалар үзінділері: 

1.Құрманғазынің «Сарыарқа» күйі; 

2.Орыс халқының «Во поле березка стояла» əні; 

3.Ұйғыр халқының «Аппақ қошақандар» əні. 

Балалар əуендерді тыңдап, білгендерінше қай ұлт өкілдерінің туындылары екенін табуға тырысады. 

2-топқа ұлттық музыкалық аспаптарды атауға тапсырма беріледі. Ұлттық аспаптарды көрсетіп, қай ұлт өкілдеріне тиісті екенін табуды ұсынады (домбыра, балалайка, дутар). Балалар аспаптардың қай ұлт өкілдеріне тиесілі екенін ажыратып, қандай үн шығаратынын тамашалап, ұстап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.

Дидактикалық

«Кім? Не?» (зат есімдер) 

Ойынның мақсаты: Жанды жансыз 

заттарды ажырата алады. Ойынның мазмұны:Балаларға суреттер беріледі. Балалар ол суреттерде не бейнеленгенін және оның жанды не жансыз 

екенін айтады. Жанды болса кім?,жансыз болса не? Сұрағы қойылады. 


  

Дидактикалық ойын: «Ойлан да аяқта» Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, сөйлеу барысында қолдануларын қалыптастыру. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтауын қалыптастыру, сөйлеу іскерліктері мен сөздік 

қорын байыту.  

Шарты: Берілген сурет бойынша тәрбиеші сөздерді айтады, ал  балалар аяқтайды. 

Қарға  ұшады,ал ат ...(шабады) 

Ит үреді, ал қарға...(қарқылдайды) 

Жылан жорғалайды, ал балық...(жүзеді) 

Қасқыр ұлиды, ал қой...(маңырайды) 

Түйе боздайды, ал жылқы...(кісінейді) 

Лимон қышқыл, ал қант...(тәтті) 

Дəптермен жұмыс  1.Ұлттық киімдерді əшекейле. Ою-өрнектерді боя


3.Математика негіздері

Дәптермен жұмыс 

1тапсырма.Суретті қарайды,есеп құрастырады,

шығарады. Есеп құрастырудың үлгісін көрсету:аквариумда қызғылт сары түсті 3 балық және күлгін түсті 2 балық жүзіпжүрді.Аквариумда қанша балық жүзіп жүр? Балалар үлгіге сүйене отырып,қалған суреттердегі тапсырмаларды құрастырады,шешеді, жауабын атайды

Демонстрациялық материалмен жұмыс 

«Сонша жина» дидактикалық ойыны

Балалар топқа бөлінеді.Әр топтың үстелінде біртекті заттар жиынтығы бар (текшелер,«Лего»бөлшектері,геометриялық фигуралар,

бұршақтар,қыстырғыш немесе басқа материалдар)

Балаларға  1-ден 10-ға дейінгі сан жазылған карточканы көрсетеді, балалар сол санға байланысты  заттарды жинайды

Дәптермен жұмыс 

2,3 тапсырмаларды орындау

«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. 

18-беттегі № 26 тапсырманы орындау


3.Сөйлеуді дамыту   

«Л» – «Р» дыбыстарының дұрыс артикуляциясы мынадай: ерін, тіл сәл ашылып, тілдің ұшы үстіңгі тістің түбіне тиеді. «Л» дыбысын айтқанда тілдің ұшы жоғары көтеріліп, тістің түбіне тиеді. Ал тілдің артқы жағы көтеріңкі, ортасы ашық болып, екі жағы тіске тимей, дем осы тілдің ортасынан шығады.

«Л» – дауыссыз дыбыс.

"Л" дыбысының буын арасында кездесуі.

Ла-Ла-Лақ

Лә-Лә-Ләззат

Да-Да-Дала

До-До-Долана

Құ-лақ

Құ-лан


«Бір сөзбен айт»

Ойынның барысы: Заттарды танып бір сөзбен айтуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: Ыдыстардың, ойыншықтардың, жануарлардың суреттері.

Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі суреттер беріледі,сол суреттің ішінен бірдей заттарды тауып бір сөзбен атайды мысалы: ыдыстар, ойыншықтар, жануарлар





3.Сауат ашу негіздері

Дидактикалық ойын

«Бөлшектерін тап»

Ойын барысы: бір заттың

бөлшектерін тізіп айтады. Балалар ненің бөлшегі екенін тез табу керек.

1.Терезе, шатыр, қабырға – ...(үй)

2. Жапырақ, діңгек, бұтақ – ...(ағаш)

3. Дөңгелек, кузов, кабина, руль – ...(көлік)

4. Бас, аяқ, ауыз, өркеш – ...(түйе)

Дидактикалық ойын

«Сөз қос»

Ойынның мақсаты: сөзге сөз қосып,сөйлем құрастырту арқылы баланың зейінін,шапшаң ойлауын дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: Шар, алма ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: балаларды екі топқа бөліп өткізуге болады. Тәрбиеші сөз айтады, балалар сөзге сөз қосып, сөйлем құрайды.

Дидактикалық ойын «Көңілді доп»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін одан ары қарай жетілдіру. Сөзден байланыстырып сөйлем құрастыруға үйрету.

Шарты: Тәрбиеші допты лақтырады, допты ұстап алған бала маманның іс-әркетін айтады

Дәрігер--- емдейді

Аспасшы-- пісіреді

Шаштаразшы- қиады

Тігінші- тігеді

Құрылысшы- үй салады

Жүргізуші- машина жүргізеді

Сатушы- сатады

Дəптермен жұмыс

1. Суреттегі көліктерді ата. Дауыссыз дыбыстардан басталатын көліктер туралы

сөйлем құра. Сызбасын сыз. 

2. Үзік сызықтарды бастыр.




3.Шығармашылық іс-әрекет

Дидактикалық ойын: “Қандай пішін жетіспейді?” 

Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.  

Шарты: Түрлі суреттер беріледі. Ол суреттердің жетіспейтін  жерлерін  толықтырып, сәйкес пішіндерді 

түстері бойынша тауып орналастыру. 

 


«Қысқы спорт түрлерін ата» 

Мақсаты:қыс мезгіліндегі спорт түрлері туралы білімдерін қалыптасады 

Шарты: жасырынған суреттердің қандай спорт түрі екенін айтады. 


 


 


Балалар шығармашылығы



Үзіліс: Кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар 

«Оң жақта» . 

Саусақ гимнастикасы

Саусақ ойындарын ойнату үшін алдымен балаларға қарапайым саусақ жаттығуларын жасату қажет. Саусақтары жаттыққан бала сөзді немесе өлеңді ойын қимылдарын тез орындап үйренеді.

1. «Кір жуамыз». Балалар жұдырығын қысып, «кір жуамыз» дегенде екі жұдырығын бір-біріне тигізбей қарама-қарсы қозғалтады.

2. Тары мен күрішті жинау. Балаға кішкене кесеге араластырылып салынған тары мен күріш беріледі. Тарыны бір кесеге, күрішті екінші кесеге салу тапсырылады.

3Қуыршақтың белбеуін байла. Балаға қуыршақ және үш өрімді белбеу беріліп, «қуыршақтың белбеуін байла» деп тапсырма беріледі. Алғашында қиынсынса көмектесу керек. Біртіндеп жаттығу күрделенеді. Әрі қарай баланың өзі де қуыршақтың, кейін өзінің белбеуін, аяқ киімінің бауын еркін байлайтын болады.

 


 

Ойын: «Оң жақта»
 
Мақсаты:  кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру.
 
Ойын барысы:  балалар кілемді жағалай отырады. Кілемнің барлық жағында 5-6 ойыншықтан орналасқан.

1 нұсқа: педагог балалардың оң қолдарын көрсетуін өтінеді. Кейін бір балаға ортаға шығып оң жағында қандай ойыншықтар тұрғанын атауын сұрайды. Ойын барысында келесі балалар да ойыншықтарды атайды, бірақ әр бала өз бағыттарын өзгертіп тұрады.

2 нұсқа: педагог не бала бір қатарда тұрған ойыншықтарды атап шығады да, кілемнің ортасында тұрған баладан оның оң жағында қандай ойыншықтар барын атауын өтінеді.

3 нұсқа: педагог бір баладан өзі атаған қатардағы ойыншықтардың (ойыншықтар атауын атайды) оң жағында орналасындай тұруын өтінеді.

Қажетті заттар:әртүрлі ойыншықтар.

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет


4.Дене шынықтыру

1.Бір, екі тізбекпен жүру; кең және қысқа адыммен, қолдарын сермеп, бір бүйірмен жүру. У-шу кешені бойынша тыныс алуларын қалпына келтіру.Сапқа тұрып, бірінші-екінші санағы бойынша санайды. Тізбекпен жүреді, залдың

ортасында екі тізбек құрып жүреді. Педагогтің бұйрығына сәйкес бір іс-әрекеттен екінші іс- әрекетке көшеді. Қолмен аяқты үйлестіріп қозғайды. Баяу қарқынмен жүгіру.


2.Топтарға бөлініп, негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды. Нөмірлері бойынша топ болып сапқа тұрады.30 см биік заттар арқылы кезекпен секіруге үйретуді жалғастыру. Нұсқау – екі аяқпен ширақ серпіліп, қолды алға шығарады.Заттардың жанында екі тізбекке тұрады. Топтарға ат қояды. Поролон текшелерден секіріп, құрсауды айналып өтіп, таяқшаны келесі балаға алып келіп, өзі тізбектің соңына тұрады. Келесі жолы топ болып секіріп барып, қайтарда жүгіріп қайтып келеді. Екі аяқпен ширақ серпіліп, қолды алға шығарады. 

Ойын жаттығуы 

«Қатып қал»

Ойын барысы: Шашырап жүру, жүгіру. «Қатып қал!» бұйрығы бойынша бір орындарында қатып қалады.

«Ержүректілікке жаттықтыру»

«Бұлтқа қол жеткізу»

Гимнастикалық қабырғада қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіріп өрмелеуге жаттықтыруды жалғастыру. Тапсырмаларды бұлжытпай орындап, өздерін ержүрек екендіктерін көрсетуге тырысады.

Тепе-теңдік:

Гимнастикалық орындық үстінде бір аяқпен отырып, ал екінші аяқты орындықтың бір қырымен алып жүру шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыру.Орындықтан түскенде жерге аяқтарының ұшымен түседі.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Кім шапшаң?»

Төрт бастаушыны таңдап, оларға  түрлі жұлдызшалар береді.Төрт тізбекке тұрады. Бастаушы – командир. Көздерін жұмып тұрады. Осы кезде бастаушылар көрсетілген жерге барып тұрады. Белгі бойынша көздерін ашып, орындарын жылдам табуға тырысады,қалғандары бастаушының артына тізбекке тұрады.



4.Музыка

. Әуеннің ырғақтық бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке немесе кішігірім топпен ойнау.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Аюлар биі» (Е. Тиличеева). Балалар музыкаға ілесіп, қорбаңдап, аюлардың жүрісін салады.

Ауыр қимылдап отырып-тұрады, отырғанда аяқтарын кезек-кезек созады, айналады.


Музыка тыңдау. «Вальс» (С. Майкапар).


Ән айту«Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев).


Билер: «Испан биі» («Билеп үйренейік» жинағынан).

Балалар биге жұптасып қатысады.


«Қай аспапта ойнаймын?» ойыны

Мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптарының (ішекті,ұрмалы,үрлеме

лі) өзіндік тембрлік дыбысталуымен таныстыру, ажырата білуге үйрету. Аспаптарда ойнауға     машықтандыру, қызығушылықтарын арттыру.



4.Дене шынықтыру

1.Бір-бірден тізбекке тұру. Қолдарды ауыстырып, жартылай отырып, тапсырмаларды орындау. Бір тізбекке сап құрып жүру. Қолдарын еркін ұстап, ырғақпен қимылдауға тырысады.Үш-үштен тізбекке қайта тұру.


2.Түзету жаттығуларын орындау:«Көз – қол»

«Пілді бейнелеу»

Пілдің отырысындай отыру, немесе тұру. Аяқтарын аздап бүгу, басын иығына қисайту, қолдарын алдыға созып, үлкен қылқаламмен салғандай бір нәрсені бейнелеу. Сосын екінші қолмен сол қимылдарды қайталау.

3.Сол қолмен оң қолдың білезігін ұстап, уқалау. Оң қолмен сол қимылдарды қайталау. 4.Қолдарын көздің деңгейіне дейін көтеріп, түйістіру. Мұрнымен бір қолдың алақанынан бастап, бойымен жүргізе отырып, иығына дейін сызық салу. Сосын көз алдына шеңбер сызып, келесі қолмен осы қимылдарды қайталау.


«Дегелек» жаттығуы.

Тізелерін аздап бүгіп, иығын аздап алдыға еңкейтіп, қолдарын төмен салбыратып, алдыға қарап тұру.Тізесін бүккен бір аяғын көтереді де, шаңғыны көлденең ұстап, кідіріс жасайды.


Шаңғы жолымен сырғыта аттап, бірінің артынан бірі жүру.

Шаңғымен қозғалыста жылдамдық дұрыс қадам аттағаны мен қадамдар жиілігіне тікелей байланысты екендігіне басты назар аударту.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Алшақ бас!».

Ойын барысы: алшақ адымдар тек аяғымен жақсы итерілу, қолын екпінмен дұрыс сермеу, аздап бүгілген аяқпен барынша ұзаққа сырғығанда ғана мүмкін болатынына басты назар аудару керек.15 метр қашықтықты ойыншылар қанша қадам жасап жүріп өтетінін есептеп байқау. Ойыншылар шаңғы жолымен 15 метр жүріп өтеді. Әр аяғымен мүмкіндігінше алысқа сырғуға тырысады.

Қайтадан орнына жай жүріп қайтады.

4.Музыка

Әуеннің ырғақтық бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке немесе кішігірім топпен ойнау.


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Аюлар биі» (Е. Тиличеева). Балалар музыкаға ілесіп, қорбаңдап, аюлардың жүрісін салады.

Ауыр қимылдап отырып-тұрады, отырғанда аяқтарын кезек-кезек созады, айналады.


Музыка тыңдау. «Вальс» (С. Майкапар).


Ән айту«Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев).


Билер: «Испан биі» («Билеп үйренейік» жинағынан).

Балалар биге жұптасып қатысады.


«Қай аспапта ойнаймын?» ойыны

Мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптарының (ішекті,ұрмалы,үрлемелі) өзіндік тембрлік дыбысталуымен таныстыру, ажырата білуге үйрету. Аспаптарда ойнауға     машықтандыру, қызығушылықтарын арттыру.



4.Дене шынықтыру


Қимыл-қозғалыс ойыны     «Кім зейінді?» «Ғарышкерлердің» әрқайсысы зымырандағы өз орнын есте сақтап алуы керек.Басқарушылардың артынан төрт тізбекке тұрады. белгі берілгенде көздерін жұмады. Бастаушылар көрсетілген жерге барып орналасады да жалауды көтереді. Ойыншылар өз командирлерін тез тауып, зымыранға отырып үлгеруі керек. Командир қолына батареялы ойыншық рөлді алады. Балалар «паровоз» жасап, төрт тізбекке бес-бестен тұрып, залмен командирлерінің артынан шеңбер бойымен түрлі бағытта жүре бастайды.


Ойын жаттығуы: «Зымыранның ұшуы».

Ойны барысы: Бастушынын артынан ұшу

Зымырандарды басқару тетігін қосу, «1-2-3 – кеттік!» сигналы


Қимыл-қозғалыс ойыны «Музыкалық ғаламшар»

Ойын барысы: Біркелкі тыныс алып, ырғақтық гимнастика жасау. Жаттығуларды дұрыс, басқалармен бірдей жасауға тырысады.

«Секектегіш» ғаламшары.

Бұл ғаламшарда балалар секіріп жүреді. Екі аяқтап биіктігі 20-30см заттардан аттап секіру.

«Түрлі түсті ғаламшар» – бұл ғаламшардың тұрғындары түрлі түсті доптарды жақсы көреді. Допты еденге бір қолмен соғып, алақан жайып қайта саусақтың басымен қарсы алып, қайтарып, аяқтың жанына қарай еденге соғу.Себеттен түрлі доптарды алып, қалауынша тұра қалады. Допты еденге бір қолмен соғып, алақан жайып, саусақтың басымен қарсы алып, қайта қайтарып аяқтың жанына қарай еденге соғуға тырысады.

Допты соққанда күш мөлшерін есептеп, дұрыс пайдалануға тырысады

«Жорғалаушылар ғаламшары» – бұл ғаламшардың тұрғындары тек еңбектеп, жорғалап қозғалады. Модульдерден аттап шынтақтап, тізерлеп, еңбектеп жүруге жаттығу.Шынтақтап, тізерлеп, еңбектеп залдың келесі жағына модульдерден асып өтеді.Қолдары мен аяқтарының жұмысын үйлестіруге, бағытын сақтап қозғалуға, басқа балаларға соғылмауға тырысады.

«Сиқырлы ғаламшар» – бұл ғаламшардың тұрғындары алыптардан қортықтарға айнала алады.

Залға шашырап бытырыңқы жүрісті орындайды. Әртүрлі музыка әуенімен сәйкес қимылдар жасайды: шапшаң әуенге үлкен адымдап, қолын жоғары көтеріп жүреді. Баяу әуенге кішкентай қадамдар жасап, қолдарын беліне қойып жүреді















Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.



Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 




Серуен


Бақылау: Шықты бақылау. 

Мақсаты: Күз ерекшеліктерін көрсете түсіндіру, шықтың пайда болу жолы. 

Еңбек : Ағаш бұтақтарын жинау. 

Мақсаты: Балалардың бірлесіп жұмыс жасауға баулу, бастаған істерін аяғына дейін тыңғылықты жасауға үйрету. 

Жеке жұмыс: « Менің Отаным » өлеңін жаттату. 

Отан – менің ата-анам, 

Отан-досым , бауырым. 

Отан-өлкем, астанам, 

Отан-туған ауылым. 

Мақсаты: Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру. 

Ойын: « Қояндар секіреді » . 

Мақсаты: Қос аяқпен секіруге үйрету.Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. 

Қимылдық ойын: « Қаздар мен бақташы » . 

Ойын барысы: Ойыншылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдап алады.Басқа балалар болады.Ортадан бір сызық созылады.Ол-қаздардың үйі болады.Бақташы қаздарды жайып шығады.Олар далада жайылып жүреді. 

Бақташы: Қаздар, қаздар!? 

Қаздар: га,га,га 

Бақташы:тамақ жейсіңдер ме? 

Қаздар: иә, иә, иә. 

Бақташы: Ендеше ұшыңдар. 

Қаздар:жоқ , аш қасқыр бар 

Жібермейді ол жолда 

Бақташы: тез ұшыңдар қалайда ! 

Осы кезде қаздар қанаттарын қағып ұшып бақташыға қарай жүгіреді. 

Қасқыр ұстағандарын жинап қояды. Екі рет оянғандарында ауысып басқа балаларға кезек береді. 

Еркін ойындар. 

Тренинг: « Қаздар болып ұшайық » . 


Бақылау: Өткінші жаңбырды бақылау. 

Мақсаты: Өткінші жаңбыр туралы түсінік беру. Жаңбырдың пайдасы , жаңбыр жауғанына қарап егістікті, бау бақшаны , саяжайдағы көкөніс, жеміс – жидек бәрін қолдан жауындатып суарудың пайдасын ашып түсіндіру. 

Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту. 

Мақсаты: Ағаш түптерін қопсыту арқылы балаларға өсімдіктерге тыңайтқыш заттар топырақ арқылы баратындығын түсіндіру. 

Жеке жұмыс: « Еңбекпен ел көгерер, 

Жаңбырмен жер көгерер » . 

Мақсаты: Мақал үйрету арқылы балаларға өсімдіктерге тыңайтқыш заттар топырақ арқылы баратындығын түсіндіру. 

Қимылдық ойын : « Допты қуып жет » . 

Балаларды тез жүгіруге үйрету, шапшаңдыққа , ептілікке тәрбиелеу. 

Қимылдық ойын: « Кім тезірек? » 

Мақсаты: Секіргішпен секіруге үйрету, секіру қабілетін дамыту, ептілікке тәрбиелеу. 

Ойын барысы: Балалар қолдарындағы секіргішпен алаңның бір жағына, бір-біріне бөгет жасамай сапқа тұрады.Олардан 15-20 қадам қашықтықта сызық сызылады немесе жалаушалар байланған жіп тартылады. 

Балалар келісілген сигнал бойынша бір мезгілде сызыққа бағыттала секіреді.Тәрбиеші сызықтың үстіне түскен баланы белгілеп алады. 

Тренинг: « Қолшатыр » .

Бақылау: Күздегі өсімдіктердің түсін бақылау. 

Мақсаты: Күзде өлі табиғатта болатын құбылыс өсімдіктерге деәсер ететіндігін түсіндіру. 

Еңбек : Біздің ойын алаңы 

Мақсаты: Ойын алаңындағы сарғайып түскен жапырақтарды жинау.Еңбекқорлыққа баулу. 

Жеке жұмыс : Жел тынымсыз гуілдеп, 

Болып кетті тым бұзық 

Шуылдайды тал терек, 

Жапырағын жұлғызып. 

Мақсаты: Тақпақ үйрету арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлігін сезінуге үйрету.. 

Қимылдық ойын: « Айгөлек-ау, айгөлек » . 

Мақсаты: Қимыл-қозғалысын дамыта отырып, шапшаңдыққа, ептілікке баулу. 

Қимылдық ойын: « Фигура жасап шық » 

Ойын барысы : Ойнаушылардың арасынан бастаушы таңдалынып алынады.Ол шеткірек тұрады. Балалардың қалғандары жүгіреді , бір аяғымен екінші аяғын шалыс баса ( ирек жүріспен) алаң бойы секіреді. Тәрбиешінің сигналынан, дабыл қағу немесе « тоқта » деген сөзден кейін барлығын орындарына барып қозғалмай тұрады.Басқарушы барлық « фигураларды » айналып шығып , ең ұнайтынын таңдап алады. Енді басқарушы бала беруші болып саналады да, ал алдыңғы басқарушы қалған балаларға қосылады да , ойын қайталанады. 

Балалардың өз бетімен ойын ұйымдастыру: 

Қуаласпақ. 

Тығылыспақ. 

Тренинг: « Киіз үй » .

Бақылау: Ауа-райын бақылау. 

Мақсаты: Күннің қанша градусқа төмендегенін бақылау. Күзгі табиғат құбылыстарын түсіндіру. 

Еңбек : Гүл тұқымдарын жинау. 

Мақсаты: Гүлдің тұқымнан өсетінін түсіндіру, көктемде тұқымды гүлзарларға себетіндігіміз, тұқымнан гүл өсетіндігін түсіндіру. 

Жеке жұмыс: Сипап өткен самалға, 

Тербеледі сары алма. 

Көз салып едім бақшаға, 

Қауын біткен сары ала. 

Дидактикалық ойын: « Жемістер мен көкөністер » . 

Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажырату.Олардың адам ағзасына тигізер пайдасын түсіндіру. 

Қимылдық ойын: « Тышқан мен мысық » 

Мақсаты: Балаларды тату ойнауға үйрету .Тез жүгіруге , ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. 

Қимылдық ойын: . « Доппен ұрып алу » . 

Ойын барысы: Балалар дөңгеленіп тұрады.Тәрбиеші жүргізушіні таңдап алады да , допты береді. « Бір, екі , үш » дегенде балалар жан- жаққа қашады. 

Жүргізуші доппен ұрады.Кімге тисе сол ойыннан шығады:Ойын осылай жалғасады. 

Еркін ойын: 

« Қуыршақты киіндіреміз » . « Отбасы » 

Тренинг: « Біз көңілді балалар » .

Бақылау: Көгершінді бақылау. 

Мақсаты: Балаларға көгершінің немен қоректенетіні, қайда мекендейтіні , тұмсығы дене пішіні түсі, қалай дыбыстайтынын үйретіп , оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. 

Еңбек : Ауладағы құстарға жем беру. 

Мақсаты: . Табиғатты аялай білуге , құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. 

Жеке жұмыс: Жылы жаққа ұшпайтын 

Біздің жақта қыстайтын 

Құстар жүрсе жуықта, 

Жем шашуды ұмытпа! 

Мақсаты: Балаларға тақпақ жаттата отырып , есте сақтау қабілеттерін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуге мүмкіндік туғызу. 

Ойын: « Шымшық доп » . 

Мақсаты: Допты қатты тебуге, оны ұстап алуға үйрету.Ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу. 

Қимылдық ойын: « Ұстаушы, лентаны ал » . 

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа , тапқырлыққа , жылдам шешім қабылдауға үйрету. 

Ойын барысы: Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады, ұстаушыны таңдап алады.Ұстаушыдан басқасы түсті матаның немесе лентаның қиындысын алады да, оны мойынынан айқара айналдыра байлайды. 

Ұстаушы шеңбердің ортасында тұрады.Тәрбиешінің « Жүгір » деген сигналы бойынша балалар бет-бетімен алаңға кетеді.Ұстаушы ойнаушылардың соңынан жүгіріп, біреуінің лентасын суырып алуға тырысады.Лентасынан айрылғандар уақытша бір жаққа шығып тұрады.Тәрбиешінің: « Бір, екі, үш, тездете шеңберге жүгір! » деген сигналы бойынша балалар шеңбер құрып тұрады. Ұстаушышы алынған ленталардың санын есептеп, оны балаларға қайтып береді.Ойывн жаңадан ұстаушы тағайындаудан басталып , қайталанады. 

Тренинг: « Құс болып ұшайық » 


Балаларды үйге қайтару

 Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 

Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 

Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.


Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 
 


Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.












































Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.